Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-759359893.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.95 Mб
Скачать
  1. Ғ.Мұсабаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тіл білімінің лексикология саласы қарқынды дами бастайды. 1950 жылдарға дейін лексикология жеке пән ретінде оқытылмай‚ негізінен мақала көлемінде ғана сөз болып келсе‚ Ғ.Мұсабаев тұңғыш рет лексиканың ғыл. курсын жазды. 1950 — 60 жылдардан бастап лексиканың түрлі топтарының (синоним, омоним, архаизм, историзм, кірме, біріккен сөздер, т.б.) ерекшеліктерін анықтау жөнінде зерттеулер жүргізеді.

1954 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясынан «Қазіргі қазақ тілі» атты тұңғыш көлемді еңбек басылып шықты. 554 беттік кітаптың 94 беті алғаш рет таза лексикологияның мәселелеріне арналады. Еңбектің Ғ. Мұсабаев жазған «Сөз – лексикалық единица», «Лексиканың тараулары», «Лексиканы тарихи және стилистика жағынан зерттеу» тәрізді тараушалар мен одан кейінгі «Семасиология», «Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы», «Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні», «Фразеология», «Лексикография» тарауларында қазақ тіл біліміндегі кейінгі зерттеулер мен еңбектерге негіз болған алғашқы ғылыми тұжырымдар жасайды.

Қазақ әдеби тілінің басты проблемалары, атап айтқанда оның дамуы, арнасы, дәуірлерге бөлінуі, әдеби тілге қатысты нұсқалардың тілі жөніндегі мәселелер ХХ ғ. 60 жылдарынан зерттеудің арнайы нысанына алына бастады. Осы кезеңде жазылған Ғ.Мұсабаевтың «Становление и развитие казахского литературного языка и вопросы диалектологии» (1952) атты еңбегі қазақ әдеби тілі тарихының мәселелерін зерттеуге қосылған құнды үлес деп бағаланады.

Ғ.Мұсабаев жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды”,– дей келіп: ”Әдеби тіл ең әуелі–ақ жазуға сүйенеді. Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес”–дейді.

Қазақ әдеби тілінің даму барысын дәуірлерге бөлу мәселесінде де орныққан бірыңғай пікір жоқ екені белгілі. Ғ.Мұсабаев қазақ әдеби тілінің тарихын ертеден, көне түркі дәуірінен, хундар мемлекеті кезінен бастайды.

Ғ.Мұсабаев - Орхон-Енисей және көне ұйғыр ескерткіштері және орта ғасырдағы, әсіресе қыпшақ жазба мұралары тілі бойынша зерттеулердің авторы.

Ғ.Мұсабаев – бірнеше сөздіктер құрастыруға қатысқан ғалым. Ол 1942 жылы Ю. Цунвазо, К.Адайхановтармен бірге «Орысша-қазақша әскери сөздік» және 1978 жылы «Орысша-қазақша сөздік» жазып шығарады.

Соңғы кездерде тілші ғалымдардың зерттеулерін жинақтап, «Қазақ тіл білімінің антологиясы», «Қазақ тіл білімінің мәселелері» айдарында қайта бастыру жұмыстары жүргізілуде. Солардың қатарында Ғ. Мұсабаевтың еңберктері де Арсы баспасынан жарық көрді: Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері= Вопросы казахского языкознания / Ғ. Мұсабаев.- Алматы: Арыс, 2008. - 472 б. 

  1. Түркітанушы қазақ ғалымдары

Тіл тарихы және жазба ескерткіштер тілін зерттеу  қазақ тіл біліміндегі аса маңызды бағыттардың бірі саналады. Алтаистикалық және жалпытүркологиялық зерттеулермен сабақтасып, астарласып, тоғысып жататын бұл бағыттағы зерттеулерде көзделетін басты мүдде  қазақ тілінің басқа да туыстас, төркіндес тілдермен байланысы мен қарым-қатынасындағы, қазақтың жалпыхалықтық және әдеби тілінің қалыптасу, даму үдерісіндегі тарихи сабақтастықты анықтап, қазақ тілінің тарихын жан-жақты зерттеу.

Қазақтанушы лингвистердің бұл бағыттағы зерттеулерін мынадай тақырыптар аясында топтауға болады: 1) көне түркі жазба ескеркіштері (Орхон-Енисей және көне ұйғыр ескерткіштері) және ортағасырдағы, әсіресе қыпшақ жазба мұралары тілі бойынша ерттеулер (Ғ.Мұсабаев, Г.Айдаров, А.Аманжолов, А.Есенғұлов, А.Құрышжанов, А.Ибатов, Т.Қордабаев, М.Томанов, А.Махмутов, І.Кеңесбаев, Р.Сыздықова, Б.Сағындықов, Қ.Сартқожа, М.Ескеева, М.Сабыр, Р.Досжан т.б.); 2) революцияға дейінгі жазба деректер және фольклор тілі (Б.Әбілқасымов, Қ.Өмірәлиев, Н.Қарашева, Е.Жұбанов т.б.); 3) қазіргі қазақ әдеби жазба тілінің негізін қалаушы А.Құнанбаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов, І. Жансүгіров т.б. шығармаларының тілін зерттеу (Р.Сыздықова, Е.Жанпейсов және т.б.)

Қазақ халқының және қазақ тілінің өткен тарихына қатысы бар көне түркі жазба ескерткіштері Қазақстан, Монғолия, Шығыс Түркістан, Қытай, Сібір (Алтай, Хакас, Тува) жерінде мол сақталған, басқаша айтқанда Еуразияның шығысы  Хянган жотасынан, батысы  Қырым, Қытайдың солтүстік- шығысы  Аққорғаннан, түстігі  Лена өзенінен Алатау алқабына дейінгі ұлан-байтақ аймақты алып жатқан өңірге таралған.

Лингвистикалық түркітануда Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерiнің тiлi негізінен оғыздық, ұйғыр-оғыздық, қырғыз-қыпшақтық сипатта қарастырылады. Ескерткіштер тілінде қыпшақтық белгiлердiң молынан сақталуы, сол белгiлердiң қазiргi қыпшақ тобындағы түркi тiлдерiнде бірде әдеби, бірде диалектiлiк ерекшелiктер түрінде үнемi қайталанып отыруы көне жәдiгерлер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiнiң арасындағы тығыз байланысты бiлдiредi.

Зерттеушілер көне түркі руникалық жазба ескерткіштері тіліндегі өзгешеліктердің бірнеше себебін көрсетеді: арадағы уақыттың алшақтығы (ХІІІ ғасыр), сол кездегі мемлекет құрамындағы түркі ру-тайпалары (түркі, қарлұқ, түргеш, қырғыз, қыпшақ, оғыз, тардұш, тоғызоғұз, оноқ т.б.) тілдерінің бір орнында өзгермей тұрмауы; сол тілдердің өзара айырмашылықтарының болуы; ескерткіштер жазуы емлесі негізінен консонантты принципке сүйенуі; ескерткіштерді күні бүгінге дейін оқып-аударып келе жатқан зерттеушілердің өз тұсынан қосып, алғандарының аз еместігі.

Қазақ халқының және оның тілінің өткен тарихына тікелей қатысы бар салалардың бірі түркітанудың қыпшақтану саласы. Дамудың өзіндік тарихын басынан кешіріп «дербес тілі бар, дербес халықтар» деңгейіне көтерілген қыпшақ тобындағы 10 астам этностардың тілдерінің, салт-дәстүрлерінің, географиялық таралуы ареалының, этникалық тарихи қалыптасуының сан алуан проблемасын зерттеудің күн тәртібіне қоятын қыпшақтану саласында Б.Көмеков, М.Әбусейітова т.б. Қазақстандық тарихшы-ғалымдардың араб, парсы дереккөздері негізінде жазылған зерттеулерінің, қыпшақ тіліне қатысты жазба ескеркіштерді зерттеген А.Құрышжанов, А.Ибатов, Б.Сағындықов т.б. тілші-ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор.

Түркі тілдерінің жалпы саны кейінгі зерттеулерге қарағанда , диалектілерімен қоса есептегенде  450 -ден астам. Бұлардың ішінде жеке, дербес тіл болып саналатыны  60, олардың тірілерінің саны  35, өлісі 25. Бұлар іштей бірнеше топтарға бөлінеді. Қыпшақ тобына қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қарашай, балқар, қырымшақ, құмық, сондай-ақ жартылай  өзбек, қырғыз тәрізді 10-нан астам тіл енеді және олардың бәрі де бүгінде тірі тілдер, дербес халықтардың тілі. Демек, сан жағынан да, таралу ареалы жағынан да, қолданысының кеңдігі жағынан да бүгінгі түркі тілдері ішіндегі ең ірісі (шамамен, 40 млн.)  қыпшақ тобындағы тілдер. Л.Н.Гумилев көрсететін этникалық тұтастыққа қажет уақыт, кеңістік, контактылық факторларының нәтижесінде орта ғасырдың өінде-ақ еуразияның кең жазирасында, Дешт-й Қыпшақ даласында «қыпшақ» феномені ұйытқы болып, этногенетикалық, этнолингвистикалық, этногеографиялық, этносаяси зор қауым қалыптасты. Ол қауымды тілшілер «Қыпшақ тілі қауымы», «Қыпшақ тіл бірлестігі» (кыпчакская языковая общность) деп атайды. Бұл қауымның ауқымына түркі тілдері бірден емес, біртіндеп, бірінен кейін бірі, өзара іштей жақындасып барып кіргені белгілі. Мәселен, қыпшақ тобына жататын тілдердің көпшілігі түркі тілдері картасында Батыс хун тармағынан табылып, алдымен үш топқа  1) Қыпшақ - бұлғар (татар, башқұрт); 2)Қыпшақ-ноғай (қазақ, қарақалпақ, ноғай т.б.); 3) Қыпшақ -половец (қарашай, балқар,қарайым, қырымтатар, половец- «Кодекс Куманикус» ескерткіші тілі)  жіктеліп барып, кейін тілдік одақ құрғаны мәлім. Орта ғасырларда тарихи миссиясын тамаша атқарған «Қыпшақ тілдері қауымдастығына» тән ортақ заңдылықтар бүгінгі қыпшақ тобы тілдеінің қай-қайсысының да бойынан табылады, және олардыөзара жақындастыра түседі. Қазақ тілі де, қазақ халқының тарихы да қыпшақ әлемінің ірге тасының, бірегей бұтағының бірі ретінде «қыпшақтық» контексте жан-жақты, терең зерттеле түсуі қажет. Бұл проблемада қыпшақ тілі жалпытүркі тек тілінің бір бұтағы екенін, ал «түркі тілдерінің түп төркіні алтай тілдеріне» барып саятынын ескерсек, «қыпшақтанымдық» проблемалар алдымен жалпытүркологиялық, ал ол алтаистикалық мәселелермен сабақтасып жатады деуге болады.