- •Қазақ тіл білімінің тарихын зерттеудің мақсат-міндеттері
- •Тіл білімі тарихнамасының зерттеу нысандары
- •Қазақ тіл білімі ғылымының даму ұстанымдары
- •Әлішер Науаидің лингвистикалық көзқарастары
- •В.В. Радловтың түркі тілдерінің зерттелуіне қосқан үлесі
- •Ш.Ш. Уәлихановтың лингвистикалық ойлары
- •Ы. Алтынсариннің лингвистикалық көзқарастары
- •Ресей ғалымдарының қазақ тілі жайлы зерттеулерінің маңызы
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тіл білімі жөніндегі зерттеулер
- •А.Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
- •А.Байтұрсыновтың еңбектеріндегі тіл біліміне қатысты терминдері
- •Хх ғасырдың басындағы қазақ тіл білімі
- •Хх ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
- •Қошке Кемеңгерұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Профессор с.А.Аманжоловтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Профессор қ. Жұбановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •С.С.Жиенбаевтың қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі
- •Академик ә.Қайдардың ғылымдағы ғұмыры
- •Қазақ тіл білімінің жеке салаларының Кеңестік дәуірдегі даму тарихы
- •Академик Нығмет Сауранбаевтың қазақ тілі жөніндегі зерттеулері
- •М.Балақаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Ы.Мамановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •С.Исаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •І.Кеңесбаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Ғ.Мұсабаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Түркітанушы қазақ ғалымдары
- •Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
- •Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының зерттелуі
- •Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері
- •Қазақ этнолингвистикалық мектебінің өкілдері
- •Қазақ лексикографиясының басты жетістіктері
- •Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімі
- •Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімінің басты жетістіктері
С.Исаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаев (1935 - 1999) Омбы облысы, Называй ауданы Күреңайғыр ауылында дүниеге келді. 1957 жылы педучилищені бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түседі. 1962 жылы университетті үздік бітіріп, Қазақ ССР Ғылым академиясы Tіл білімі институтына Kіші ғылыми қызметкер болып орналасты.
1966 жылы "1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілі" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1968 жылдың басынан педагогтік жұмысқа ауысады.
1989 жылдың қыркүйек айында профессор С.М.Исаев Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалып, өмірінің соңғы күндеріне дейін сонда қызмет етеді.
ҚР Жоғары мектеп ғылым академиясының және ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, фимлология ғылымының докторы Сейілбек Исаев - 200-ге тарта ғылыми, ғылыми әдістемелік, көпшілікке арналған еңбектердің авторы.
Ол қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы мәселесін зерттеп, оны кандидаттық деңгейге жеткізіп, қорғады. 80-жылдардың екінші жартысы мен 90-жылдарда жазылған еңбектерінде мемлекеттік тіліміздің жекелеген нақты мәселелеріне тереңдей талдау жасады.
С.Исаев әсіресе тілдің төркініне, этимологиялық сипатына тереңдеп, көптеген қазақ сөздерінің сырын ашты. «Төркін сөзінің төркіні», «Жаубүйрек сөзінің этимологиясы», «Шарбақ сөзінің шығу төркіні» және т.б. толып жатқан сөздердің сырын осы С. Исаев зерттеулері арқылы білеміз. Сондай-ақ, ол бұл жылдары әдеби тіл тарихы, тіл мәдениеті, әдеби тіл нормалары және қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар мәселесіне үңіледі. Ойға жетелейтін мазмұнды мақалаларын жазады.
Өмірзақ Айтбайұлы: «Сейілбек Мұхамеджарұлы тіліміздегі жекелеген сөздерді саралаумен ғана шектелмей, оның эстетикалық проблемаларына да бойлайды. Қазақ тілінің мақал-мәтелдері, тұрақты тіркестері, фразеологизмдері мен идиомалары тәрізді ең шұрайлы, бейнелі, сырлы да нұрлы сөздері жайында өзіндік шымыр талдамаларын ұсынады. Міне бұл болашақ әйгілі тіл маманының мемлекеттік тіліміздің кеңірек қанат жайып, өріс ашуына тигізген өзіндік қолғабысы болатын. Мұның бәрі сөз жоқ, әсіресе ғажайып тіліміздің қыр-сырын әлі біле қоймаған жас ұрпақ үшін өте қажетті материалдар болып тасқа басылып қалды», - деп бағалайды.
І.Кеңесбаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР Ғылым академиясының ірге тасын қаласқан, халқымызға аты әйгілі түрколог-ғалым Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев Қазақ педагогикалық институтында, Ленинградтағы шығыстану институтының түркология бөлімшесінде оқып, А.Н. Самойлович, В.В. Бартольд, С.Е. Малов, И.И. Мещаницов, Л.В. Щерба іспетті профессорлардан дәріс тыңдап, жалпы лингвистикалық, түркологиялық терең білім алады.
1939 ж. орыс мектебінің 8—10 кластарына арналған орыс тілінің оқулығы тақырыбында диссертация қорғап, филология ғылымының кандидаты деген ғылыми атақ алады. 1944 ж. «Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестер» деген тақырыпқа докторлық диссертация қорғайды.
І. Кеңесбаев қазақ әдеби тілін кемелдендіру, байыту жөнінде өзінше ой талғамы бар, аса бағалы пікірлер айтқан ғалым. Ғалым фонетика мен фонологияны зерттеуді сонау 30-жылдардың өзінде-ақ қолға ала бастаған-ды. І. Кеңесбаевтың фонетика жөніндегі зерттеулерінде қазақ тілі фонемаларының тек құрамы жайындағы мәселелер ғана емес, оның акцентуация, дауыстылар үндестігі, буын жігі, басқа да әр қилы, құбылыстары жайындағы бұрын зерттеуші назарынан қалыс келе жатқан күрделі мәселелері қамтылады.
Дыбыс жүйесінің келелі мәселелері жайындағы ғалымның әр жылдарда жүргізген зерттеулері «Қазіргі қазақ тілі» деген кітаптың «Фонетика» белімінде жаңадан қайта жинақталып, 1962 ж. жарык көрді. І.Кеңесбаевтың фразеология мен лексикографияны зерттеу саласындағы кызметі орасан зор. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев 10000 қазақ фразеологизмдерін жинап, талдау жасап, зор жауапты да, ауқымды енбекті бастан атқарды. Окымыстының бұл саладағы деректерді жүйеге келтіріп, зерттеуге ынтасының ауа бастағаны 1930 жылдардың аяқ шені болатын. Жергілікті халықтық ауызекі тілін тікелей бақылау әрі жазба нұсқаларға зер салу ғалымнық қазақ фразеологизмдерін сөз тіркестерінің өзге тобынан ажыратып бөлек қарастыруына себеп болды. Автордың бұл саладағы дамылсыз ізденістерінің нәтижесінде «Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері» деген еңбек жазылды да, ол кейін (1944 ж.) докторлық диссертациясына негіз болды. Бұл — фразеологизм туралы түркологиядағы алғашқы еңбек болатын. Бұл салада ғалымның, әсіресе, көп жылдық еңбегінің жемісі 1977 ж. басылып шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» ерекше атау қажет.
«Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» - тіл ғылымының ғана емес, жалпы мәдениетімізге қосылған күрделі үлес. Мамандардың көрсетуінше, мұндай сөздік бүкіл түркология көлемінде бұған дейін жасалмаған.
Автор фразеологизмдердің сипаттамасын нақтылы тұжырымдай келіп, олардың өзіне хас белгілері деп үш мәселені: магына тұтастығын, тіркес тұрақтылығын, қолдану тиянақтылығын айтады. Мұнан кейін тиянақты тіркес сөздер тұлғасына, мәніне қарай топқа жіктелген, фразалардың фонетикалық, лексикалық, синонимдік құбылулары, олардың жай сөздерден, мақал-мәтелдерден айырмашылығы, тіл жүйсіндегі қайталанбас қызметі көрсетілген.
Автор фразеологияны қазақ тіл білімінің дербес саласы идея танып, оған нанымды дәлел келтіреді. Зерттеушінің зор тәжірибесі, ана тіліне жетіктігі тіл қазынасының аса бір асыл інжу маржанын танып білуіне, оның эмоциялық, бейнелік қасиетін, халықтың рухын және материалдық мәдениеті мен байланысын, этностық ерекшелігін еркін түсінуіне көмектесті.
І. Кеңесбаев әр түрлі сөздіктерді құрастыруға, редакциялауға көп қатысты. Ол 1946 ж. жарық көрген екі томдық «Орысша-қазақша сөздіктің» құрастырушылары мен редакторларының бірі. Сондай-ақ түркология тарихындағы тұңғыш сөздік — екі томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» (1959—1961) шығуына басшылық етті. 1956 ж. ол Т. Жанұзақовпен бірлесіп, лингвистика терминдерінің орысша-қазақша сөздігін құрастырып бастырды. Ол 1966 ж. толық-тарылымға қайта басылып шықты. «Абай тілінің сөздігі» (1968), «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (10 томдық), екі томдық «Орысша-қазақша сөздік» (1978, 1981) сияқты лексикографиялық еңбектердің шығуына редакция алқасының мүшесі ретінде көп еңбек сіңірді. Қос сөздерді лексикологиялық және лексикографиялық тұрғыдан зерттеу де бұл кісінің назар аударып отырған мәселелерінің бірі.
Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев қазақ лексикографиясының теориялық талас мәселелерінің басын ашып, анықтауға да құлшына ат салысып жүрген адам. Теориялық жағынан тереңдік, тіл құбылыстарына деген нәзік сезімталдық, деректерінің молдығы міне I. К. Кеңесбаев еңбектеріне тән асыл қасиеттер осындай.
I.Кеңесбаев бастауыш, орта және жоғары мектеп игілігі үшін де дамылсыз қамқорлық етті. Бір көңіл аударарлық жай — өзінің ұстаздық алғашқы тәжірибесін сонау 30 жылдарда-ақ оқулықтар мен мектеп программаларын құрастырудан бастаған еді. I. Қеңесбаев — әліппенің, әрі қазақ мектебіне (5—6 кластарға), әрі орыс мектебіне (8—10 кластарға) арналған қазақ тілі оқулығының авторы. Сонымен қатар өзге авторлармен бірлесе отырып жоғары оқу орындарына арнап қазақ тілінің бірнеше оқулығы мен оқу құралын жазды.
