Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-759359893.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.95 Mб
Скачать
  1. М.Балақаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі

Мәулен Балақайұлы Балақаев – қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы (1951), профессор (1952), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңерген ғылыми қайраткері (1963).

Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1933). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы журналистика институтының кафедра меңгерушісі (1937–41), Шет тілдері институтының директоры (1941–42). Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінде кеңесші-референт (1943–1945), Мемлекеттік терминология комиссиясының ғалым-хатшысы (1946–63), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1952–75), ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ғылым Академиясында (1945–59, 1975–87) бөлім меңгерушісі, ғылым кеңесші (1987–95) болды. Балақайұлытың ғылыми-зерттеген еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл мәдениеті, стилистика тәрізді өзекті мәселелеріне арналған. Балақайұлы орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене ат салысты. М. Балақайұлы 150-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 20-ға жуық кітаптар мен монографиялық зерттеулердің авторы.

М.Балақайұлы 1942 жылы «Қазақ тіліндегі көмекші сөздер» тақырыбында кандидаттық диссертация 1950 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.

М.Балақайұлының докторлық диссертациясы тіл білімі тарихындағы жаңалық ретінде жоғары бағаланды; әсіресе, «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы – синтаксистің салаларын ғылым тұрғыда жүйелеп, оның құрылымдық қызметін терең зерттеген еңбек. Балақайұлы «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің негізгі типтері» деген монографиясында синтаксистің дербес саласы ретінде сөз тіркесін алғаш зерттеді. Еңбектерінің бірқатары қазақ әдеби тілінің дамуы мен көркем әдебиет тілін зерттеу мәселелеріне арналған. «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» деген монографиясы үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986) атағы берілді.

Басты еңбектері:

  • Қазіргі қазақ тілі: лексика, фонетика, грамматика, А., 1954, 1966, 1971, 1996 (телавт.);

  • Современный казахский язык: Синтаксис словосочетания и простого предложения, А.-А., 1959;

  • Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері, А., 1965;

  • Қазақ тілінің стилистикасы, А., 1966 (телавт.);

  • Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. 2-том, А., 1967;

  • Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1968 (телавт.);

  • Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту, А., 1989;

  • Қазақ тіл білімінің мәселелері, А., 2008.

Өз еңбектерінде Балақаев қазақ тілінің синтаксисі, стилистикасы мәселелерімен айналысқан. Қазақ тіліндегі негізгі сөз тіркестері және қазақ әдеби тілінің тарихымен де шұғылданған. Алғашқылардың бірі болып қазақ көркем әдебиетінің тілін зерттеумен айналыса бастаған. Жоғары оқу орындарына арналған «Қазіргі қазақ тілі (Синтаксис)» оқулығының, «Қазақ әдеби тілінің тарихы» оқу құралының авторларының бірі болып табылады. Орта мектептерге арналған оқулықтарымен ол ерекше белгілі. Қазақ лексикографиясына да оның сіңірген еңбегі қомақты, ол 2 томдық Орыс-қазақ сөздігінің, «Орфографиялық сөздіктің» авторлары мен редакторларының бірі.