- •Қазақ тіл білімінің тарихын зерттеудің мақсат-міндеттері
- •Тіл білімі тарихнамасының зерттеу нысандары
- •Қазақ тіл білімі ғылымының даму ұстанымдары
- •Әлішер Науаидің лингвистикалық көзқарастары
- •В.В. Радловтың түркі тілдерінің зерттелуіне қосқан үлесі
- •Ш.Ш. Уәлихановтың лингвистикалық ойлары
- •Ы. Алтынсариннің лингвистикалық көзқарастары
- •Ресей ғалымдарының қазақ тілі жайлы зерттеулерінің маңызы
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тіл білімі жөніндегі зерттеулер
- •А.Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
- •А.Байтұрсыновтың еңбектеріндегі тіл біліміне қатысты терминдері
- •Хх ғасырдың басындағы қазақ тіл білімі
- •Хх ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
- •Қошке Кемеңгерұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Профессор с.А.Аманжоловтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Профессор қ. Жұбановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •С.С.Жиенбаевтың қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі
- •Академик ә.Қайдардың ғылымдағы ғұмыры
- •Қазақ тіл білімінің жеке салаларының Кеңестік дәуірдегі даму тарихы
- •Академик Нығмет Сауранбаевтың қазақ тілі жөніндегі зерттеулері
- •М.Балақаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Ы.Мамановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •С.Исаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •І.Кеңесбаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Ғ.Мұсабаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Түркітанушы қазақ ғалымдары
- •Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
- •Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының зерттелуі
- •Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері
- •Қазақ этнолингвистикалық мектебінің өкілдері
- •Қазақ лексикографиясының басты жетістіктері
- •Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімі
- •Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімінің басты жетістіктері
Қазақ тіл білімінің жеке салаларының Кеңестік дәуірдегі даму тарихы
Кеңістік кезеңде қазақ тіл білімінің негізі қаланып қана қойған жоқ, өте қысқа мерзімде Ресей түркологиясының озық дәстүрін жалғастырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді: Кеңестер Одағы түркітану ғылымының саласы ретінде ғылыми зерттеулерінің методологиясы мен методикасын жетілдірді, теориялық тұрғыдан байыды; қарастырған мәселелері байланысты тақырыптық тқрғыдан әртараптанды; жекелеген тілдік құбылыстардың ғылыми интерпретациясын тереңдетті; қазіргі қазақ әдеби тілінің құрылымдық-функционалдық жан-жақты дамуына әсер еткен сан түрлі факторларды обьективті тұрғыдан бағамдай білді.
Кеңес дәуіріндегі қазақ тілі бойынша зерттеулердің тематикасы қазан революциясынан кейін қоғамдық дамудың социалистік жолына қадам басқан қазақ халқының мәдени өміріндегі аса маңызды қажеттіктерге сай айқындалды. Осыған байланысты кеңес дәуіріндегі қазақ тіл білімі ғылымының қалыптасу, дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: бірінші кезең - 1920 жылдар, екінші кезең -1930 жылдар, үшінші кезең - 1940-1980 жылдар.
Ұлы Отан соғысы жылдары И.И.Мещанинов, С.Е.Малов және т.б. белгілі ғалымдардың Қазақстанда жұмыс істеуі және олардың білікті тілші-мамандарды дайындауға ат салысуы 40 жылдардағы тілтаным ғылымының дамуына белгілі дәрежеде ықпал етті. Лингвистика ғылымының қарқындап дамуын жетелдеткен фактордың бірі 1947 жылдан бастап, Қаз ССР ҒА-да түркі тілдері және әдебиеттері бойынша біріктірілген Ғылыми Кеңесте кандидаттық және докторлық диссертацияларды өткізудің жолға қойылуы болды. Бұл кезеңде қазақ тіліне арналған оқулықтардың сыртында ғылыми еңбектер жазылып (1943ж. Н.Сауранбаевтың «Көсемшенің синтаксистік қызметі»), диссертациялық жұмыстар қорғалып (1944 ж. Ж. Досқараев «Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері», 1947 ж. С.Аманжолов «Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары» тақырыбында), сөздіктер (Н.Сауранбаевтың 1942ж. «Орысша-қазақша әскери сөздік», 1944 ж. «Әскери терминология сөздігі») жарық көрді.
ХХ ғ. 50-90 жылдары аралығында қазақ тіл білімі дамудың сапалық жаңа деңгейіне көтеріліп, қазақ тіл білімінің дербес салалары қалыптасып, дамыды. Қазақ тіл білімі теориялық-методологиялық аса құнды зерттеулермен байып, практикалық-қолданбалы тұрғыдан көк жиегін кеңейтті. Қазақ тілінің морфологиясы мәселелеріне арналған А.Ысқақов, Т.Қордабаев, І. Хасенов, И.Ұйықбаев, И.Е.Маманов, А.Хасенова, Н.Оразбаева т.б., қазақ тілінің синтаксисінің мәселелері бойынша М.Балақаев, Н.Сауранбаев, А.Әбілқаев, О.Төлегенов, М.Томанов т.б., қазақ фонетикасына арналған І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Т.Тәлипов, А.Исенгельдина т.б., қазақ терминологиясына қатысты Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов, С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, Ө. Айтбаев т.б., қазақ фразеологиясы бойынша І.Кеңесбаев, Ә.Т.Қайдаров т.б., қазақ диалектологиясына қатысты Ш.Сарыбаев, Ж.Болатов, О.Нақысбеков, А.Нұрмағамбетов, С.Омарбеков т.б., қазақ ономастикасына қатысты Т.Жанұзақов, А.Әбдірахманов т.б., қазақ тілінің тарихына қатысты Ә.Қайдаров, Ғ. Айдаров, А.Аманжолов, М.Томанов, А.Құрышжанов, Ә.Ибатов, Б.Сағындықов т.б., қазақ әдеби тілінің тарихына және стилистика мәселелеріне арналған Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, Е. Жанпейісов, Б.Әбілқасымов, С. Исаев т.б. қазақ ғалымдарының іргелі зерттеулері, сондай-ақ қазақ лексикографиясы бойынша жарық көрген түсіндірме, екі тілді аударма, фразеологиялық, терминологиялық, диалектологиялық, этимологиялық, орфографиялық т.б. сипаттағы көптеген сөздіктер қазақ тіл білімінің осы тұстағы қол жеткізген табыстары ғана емес, советтік түркологияға қосылған аса құнды үлестер ретінде бағаланады.
ХХғ. 80-90 жылдары сөзжасам, морфология, синтаксис, экспериментальдық фонетика, лексикология және семасиология, лексикография, терминология, ономастика, тіл мәдениеті, қазақ тілінің тарихы, ономастика, диалектология, статолингвистика және лингвистикалық жұмыстарды автоматтандыру, қостілділік және көптілділік мәселелері бойынша зерттеулер жалғастырылды. Қазақ тілінің әр саласының теориялық-методологиялық проблемалары К.Хұсайынов, Б.Қалиев, Э.Сүлейменова, Б.Хасанов, Н.Уәлиев, Е.Қажыбеков, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Ф.Оразбаева, Е.Керімбаев т.б. ғалымдардың еңбектерінде тереңдетіле зерттеле түсті.
