Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-759359893.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.95 Mб
Скачать
  1. Профессор қ. Жұбановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі

Құдайберген Жұбанов  қазақ тілін зерттеуші тұңғыш маман-лингвист, қазақ тіл біліміндегі теориялық ізденістердің көшбасшысы, жалпы түркологиялық проблемаларға орыс ғалымдарымен терезесі тең тұрып, батыл аяқ басқан тұңғыш ұлт кадры. Ол 1929-1932 жылдары Ленинградта оқып, таза лингвистикалық білім алады. Әуелі Шығыстану институтының «Түркологиялық семинары», кейін Тіл және ойлау институтының «Яфитодологиялық семинары» бөлімдерінде атақты ғалымдар В.Бартольд, Н.Я.Марр, А.Н.Самойлович, В.А.Богородскийлердің дәрістерін тыңдайды, С.Е.Малов, И.И.Мещанин, Е.Д.Поливановтармен танысып, К.К.Юдахин, А.К.Боровковтармен қатар жүріп, сол кездегі ең озық лингвистикалық мектептерден тәрбие алып, терең білімді маман болып шығады. Ол 1932 жылдардан бастап Қаз ПИ-де профессор болып дәрістер оқыды, кафедра басқарды. Қазақ қоғамының мәдениеті мен рухани өмірінің барлық саласына аянбай қызмет етуді өзінің азаматтық борышы санаған ғалым ССРО ҒА Қазақ филиалының лингвистика секторының меңгерушісі, Қаз ССР Халық ағарту комиссариаты жанындағы Методика, программа, оқу құралдары секторының меңгерушісі, Мемлекеттік терминком председателі, Ұлттар мәдениеті институтының Ғылыми кеңесінің мүшесі сияқты жұмыстарды атқарды.

Құдайберген Жұбанов мектепке арналып жазылған қазақ тілі оқулықтарының авторы, жоғары оқу орынына арналған қазақ грамматикасының ғылыми курсын жазуға кіріскен тұңғыш теоретик ғалым. Қ.Жұбанов қазақ тіл білімінің барлық саласында құнды зерттеулер қалдырды. Құдайберген Жұбановтың қаламына ілінген мәселелер тақырып жағынан мынадай салаларды қамтиды:

  1. Фонетика;

  2. Қазақ тілі грамматикасы (морфологиясы мен синтаксисі);

  3. Жалпы тіл білімінің және түркологияның мәселелері;

  4. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің тарихы мен дамуы;

  5. Қазақ жазуы, орфографиясы, терминологиясы;

  6. Оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқыту әдістемелері;

  7. Мәдениет пен өнер мәселелері.

Қ.Жұбанов зерттеулеріне зер салатын болсақ, қазіргі күнде дүниежүзі лингвистика ғылымында көбірек назар аударылып жүрген «валенттілік теориясы», «деривация құбылысы», «функциональдық грамматика», «лингвистикалық статистика», «лингвомәдениеттану», «танымдық лингвистика» сияқтылардың қазақ тіл біліміндегі алғашқы негіздерін табуға болады.

Қазақ тілінің фонетикасы туралы құнды зерттеулер профессор ҚЖұбановтың атымен байланысты.

Профессор Қ.Жұбанов еңбектерін қазақ тілінің дыбыстық жүйесінен бастап, синтаксиске дейінге барлық салаларына арнады. Теориялық тұжырымдарды тіл фактілеріне негіздеп асаудың қажеттігін Қ.Жұбанов: «Қазақ тілін зерттеу деген сөз  дайын схемаға, белгілі ережелерге сай келетін жаңа мысалдар теріп жазу емес, материалдарды ұқыпты түрде жинап, соларды салыстырып, салғастырып отырып, сол талдаулардан қорытынды шығара білу. Тіл фактілерін сөйлете білу  бұл, тек зерттеушінің қабілеті мен шеберлігіне байланысты» деп көрсетті [14].

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі Қ. Жұбанов зерттеулерімен жаңа ғылыми дәрежеге көтерілді. Тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі; дыбыстардың өзгеру құбылыстары мен үндестік заңы, сөздің буын құрылысы мен құрамы жөнінде зерттеулер жүргізді. Ол фонетика  дыбыс, тіл дыбыстарының тілдік ұқсас қасиеттерін тексеретін ғылым» деп, ең алдымен нысанды жан-жақты талдап-түсіндіреді. Тіл дыбыстарының қасиетін әрі қарай тереңірек білу үшін дыбыстау мүшелерінің қызметін, дыбыстардың жасалу жолдарын жетік білу керек екені туралы пікірін Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығында айтады. Тілімізде жуан-жіңішкелі түрде қолданылатын и және у дыбыстары туралы Қ.Жубанов 1935 жылғы «Қосар ма, дара ма?» атты зерттеуінде и мен у дара дыбыс десе, ал 1936 жылы оқулығында қосынды дауыстылар бір дауысты, бір дауыссыз екі дыбыстан құралған деген шешімге келеді.

Араб алфавитінен латын графикасына көшетін тарихи кезеңмен Қ.Жұбановтың ғылыми-теориялық аппараты қалыптасқан кезі сәйкес келді. Қазақ тілінің табиғи ерекшелігін түйсіне отырып, оның жазуда өмір сүру формасын латын графикасының өңделген түрімен таңбалауға болатыңдығын дәлелдейді. Латын алфавитін тіліміздің қасиетін дәл танытуы үшін тілімізге бейімдеу керектігін айтады да, араб алфавитінің ережелері мен принциптері изафетті, асты-үстілі диафиттік таңбаларға негізделгендігін, араб графикасының жазуда пайдалану таңбалар жүйесінің қиындығымен қатар, түркі тілдерінің фонетикалық жүйесіне қолайлы еместігін дәлелдейді. Шынында да, түрік тілдері, негізінен алғанда, вокализм ыңғайымен жазуды тілейді. Ал араб тілінде дауысты дыбыстың таңбасы жоқгың қасы. Мұның ішінде, әсіресе, қазақ тілінің үндестік заңы дауысты дыбыстардың таңбасы болуын талап етеді.

Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы» (1935), «К постановке исслеования истории фонетики» (1935), «Из истории порядка слов в казахском предложении» (1936) , «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах», «Қазақ тілінің грамматикасы (жалпы морфология)» (1936), «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайында» (1937), «Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер» (1937) тәрізді жарық көрген еңбектері мен жазылып, бірақ көзі тірісінде жарияланбай қалған «О частях речи», «Двойные слова синонимического типа», «Возникновение фонематического различия глуких и звонких», «Подражательные слова, как особые формы словоупотребления», «Скотоводческие междометия казахов», «Элементы кинетической сигнализации в женской речи казахов», «Структура местоимении в казахском языке», «Материалы к научной грамматике казахского языка (1-том, Фонетика)», «Причины выпадения беглых гласных в казахском языке», «Еще раз о глагол де-» атты зерттеулері қазақ тіл білімінің ғылыми теориялық - методологиялық негізін қалыптастырған аса құнды зерттеулер болғаны сөзсіз.

Қазақ тілі мемлекеттік мәстебеге ие болып, оның қолданыс аясының кеңеюіне байланысты ХХғ. 90-жылдарынан бері қазақтың ғылыми тілін жетілдіру, терминдерді ұлттық негізге қарай икемдеу, ыңғайлау бағыты басымдық ала бастады. Осы орайда профессор Қ.Жұбановтың терминология бойынша зерттеулеріне қайта оралудың маңызы зор.

Қ.Жұбановтың қазақ терминологиясына қатысты «О специфике слов-терминов» (1935), «О терминологии казахского литературного языка» (1935), «Принципы терминологии казахского литературного языка, принимаемые государственной терминологической комиссией», «К пересмотру казахской орфографии » (1935) зерттеулерінің маңызы әлі де өз кұшінде деуге болады. Ғалым бұл еңбектерінде емле ережелерінің дұрыс түзілмеуінің салдарынан бірнеше жыл бойы қаншама терминнің сан түрлі үлгіде жазылып жүргеніне күйінеді. Сауатты жазудың тірегіне айналудын орнына, анархияны үдетіп отырған бұл жағдайдың себеп, салдарын зерттеп, одан шығудың жолдарын қарастырады, ғылыми термин сөздерге қойылар талаптың басты-басты шарттарын анықтап береді.

Термин сөздің тұңғыш рет ғылыми анықтамасын жасап, олардын лексиканың өзге қатпарларынан өзіндік ерекшелігін көрсетіп береді: "Термином называется специфический вид определенных словесных обозначений, передающих определенные понятия, установленные на данном этапе развития науки и революционной практики, причем передаваемые термином терминологическое понятие может не совпадать со словарным значением, которое присуще данной словесной величине в обыденной жизни" Қ. Жұбанов. Исследования по казахскому языку.-Алма-Ата: "Ғылым", 1966.- 273 б.

Қ.Жұбанов термин сөздердің эволюциялық даму ерекшелігін, өзіндік даму заңдылықтарын дұрыс болжайды. Терминжасамдағы қателіктің ең бастысы Жұбановша айтқанда, аударылмайтын сөздерді аударуға тырысудан, ал аудара қалғандай жағдайда терминнің өзін емес, оның лексикалық мағынасын аударудан туындайды. Мәселен, бұл сөздер бір қарағанда бір-біріне тепе-тең балама іспеттес боп көрінгенмен, белгілі бір кезеңнің сұранысына орай олар ғылыми ұғымға ие бола алмаса, терминге қойылар талап шартына жауап бере қоймағаны. Қараңыз, шынында, лошадь дегенді қазақтар "ат" деп те, кейде "жылқы" деп те айта береді. Ал қазақтың атын орыстар кей жағдайда "мерин" деп, екінші бір тұста "конь" деуі мүмкін. Сонда аударып, термин жасауға мәжбүр болып отырған маман сөздердің осы тектес құбылысты дәл басып саралай қолданбаса шатасуы әбден мүмкін. Сол сияқты "толстыйдың" қазақта "жуан" (жуан сабақ), "қалың" (қалың кағаз) боп, "мелкийдің", "ұсақ" (ұсақ тастар), тайыз (тайыз су - мелкая вода) болып құбылатыны жөнінде жасалған талдамалары терминтану іліміне қосылған үлкен үлес. Мұны ғалым қалыптасқан табиғи заңдылық қатарында сөз етеді. Оның ойынша «сөз дегеніміз тек зат, нәрсе атауы ғана емес, сонымен бірге санаға сіңген, қалыптанған заттардың да атауы. Қоғам дамуының ерекшелігіне сәйкес бұл танымдық құбылыс әр халық ұғымында әр алуан қалыптасуы ықтимал».

К. Жұбанов 1930-1935 жылдары терминология мәселесіне жиірек көңіл бөлді. Бұған негізгі себептің бірі жоғарыда айтылғандар болса, екіншіден, оның 1933 ж. мемлекеттік терминология комиссиясына төраға болуымен байланысты. Ол жазу мен терминология мәселесін нақты қадағалап бір орталықтан баскарып, ұйымдастырып отырмайынша нәтиже болмайтынын ерте түсінген. Сөйтіп жедел түрде мемлекеттік терминология комиссиясын ұйымдастырып қана қоймай, онда қаралған мәселелерді дер кезінде жұртшылыққа жеткізудің жолдарын қарастырып, бюллетень шығарды. Ғалым бюллетеннің 4 санында қазақ терминологиясының басты мәселелерін қозғап үлгерді. Сонымен бірге ғылымның әр саласында бой көрсетіп, әрі-сәрі қолданылып жүрген терминдердің дені (10 мыңдайын) мемтерминком мәжілісінде талқыланып, бекітіліп, бюллетенде жарияланды. Бұл терминдер кейін қазақ ғылымының қалыптасуына негіз болды деп айта аламыз.

Қазақ терминологиясының өзекті мәселесінің бірі  оның принциптерін қалыптастыру. Бұл жөніндегі өзінің ойларын Қ.Жұбанов әуелі 1935 ж. 20 мамырда Алматыда өткен мәдениет қайраткерлерінің бірінші құрылтайында баяндап береді. Ол съезде 11 принцип ұсынады. Өз сөзімізбен қысқартыңқырап айтқанда олардың жалпы мазмұны мынадай:

1. Көптеген әдеби тілдерде аударылмай қалыптасқан халықаралық терминдерді, қазақ тіліне аудармай сол қалпында алу (революция, совет, теория, практика, тенденция, хирургия, климат, абсолютный, конкретный т. т.);

2. Көптеген әдеби тілдер тәжірибесінде аударылып алынған халықаралық терминдер (производство, труд, деньги, корень, стебель, мышцы, деление, умножение т. т.) қазақ тіліне де аударылады, егер аударма термин мағынасын дәл бере алмай бұзатын болса, онда оларды (сословие, состав, клетка, слет т. т.) орыс тіліндегі қалпынша алу;

3. Әр қилы пәнде бір мағынада қолданылатын терминдерді бірегейлетіп алу, мысалы, форма-форма (философия, физика), материя-материя (физика, философия), корень - түбір (математика, ботаника, лингвистика), реакция - реакция (химия, биология, политика) т. т.

4. Білімнің әр саласында әр қилы мағына білдіретін терминдер (мануфактура, продукт, легенда) бір салада термин ретінде, басқасында жай сөз ретінде қолданылады. Мысалы: мануфактура экономикалық даму кезінде термин болады, бірақ тауар түріне жата алмайды.

5. Халықаралық сөздер түрінде қалыптасқан терминдер орыс тіліндегі үлгімен қабылданады (пролетариат, физика, биология);

6. Терминдерді түсініксіз етіп жіберетін жасанды сөзжасамға бармай-ақ, қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктерін де, атаудың ғылыми мәнін де толық қамтый алатын терминдердің баламасын табу; Мысалы: беріліс - передача, көпкіл - многоугольник, тоқыма - текстиль, тэжірибе -практика т. б.);

7. -изация, -ификация, -ация тәрізді формалды элементтермен (машинизация, электрофикация, объективация) келетін сөздерді қазақ тіліндегі материяландандыру, электрлендіру, объективтенулер түрінде қалыптастыруға келеді. Сол сияқты популярная книга - популяр кітап, абсолютная величина - абсолют шама, буржуазная идеология -буржуаз идеология, дифференциальное управление - дифференциал теңгерме түрінде қысқартып алу;

8. Қазақ тіліне халықаралық терминдермен ілесіп -ист, -изм қосымшалары және ре, син, де, суп, анти, контр тәрізді префикстер енгізіледі.

9. авто, аэро, авиа сияқты қысқартылған формаларға қазақ сөздері бірігіп (автожол, аэрошана, авиашана, автоқатынас) жазылады.

10. Қаркөмір (Карағанда уголь), Халкомжер (Нарком-зем) т.т. сияқтыларды қысқартып қолдану.

11. Бұрын терминологиялық қолданыстан шығып қалған диктатура, революция, совет, империя, практика, контрреволюция, милитаризм сияқты терминдері қазақ тіліне қайта енгізу.

Профессор Қ. Жұбанов ұсынған бұл принциптер съезде 10 пункте шақгалып, негізінен қабылданды. Сол кезеңдерде қазақ терминологиясын жасау ісінде орыс үлгісінің ықпалы яғни "орыстандыру" саясатының әсері айырықша болғанын аса сауатты лингвист  Қ. Жұбанов еңбектерінен де байқауға болады.