- •Қазақ тіл білімінің тарихын зерттеудің мақсат-міндеттері
- •Тіл білімі тарихнамасының зерттеу нысандары
- •Қазақ тіл білімі ғылымының даму ұстанымдары
- •Әлішер Науаидің лингвистикалық көзқарастары
- •В.В. Радловтың түркі тілдерінің зерттелуіне қосқан үлесі
- •Ш.Ш. Уәлихановтың лингвистикалық ойлары
- •Ы. Алтынсариннің лингвистикалық көзқарастары
- •Ресей ғалымдарының қазақ тілі жайлы зерттеулерінің маңызы
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тіл білімі жөніндегі зерттеулер
- •А.Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
- •А.Байтұрсыновтың еңбектеріндегі тіл біліміне қатысты терминдері
- •Хх ғасырдың басындағы қазақ тіл білімі
- •Хх ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
- •Қошке Кемеңгерұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Профессор с.А.Аманжоловтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Профессор қ. Жұбановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •С.С.Жиенбаевтың қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі
- •Академик ә.Қайдардың ғылымдағы ғұмыры
- •Қазақ тіл білімінің жеке салаларының Кеңестік дәуірдегі даму тарихы
- •Академик Нығмет Сауранбаевтың қазақ тілі жөніндегі зерттеулері
- •М.Балақаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Ы.Мамановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •С.Исаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •І.Кеңесбаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Ғ.Мұсабаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Түркітанушы қазақ ғалымдары
- •Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
- •Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының зерттелуі
- •Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері
- •Қазақ этнолингвистикалық мектебінің өкілдері
- •Қазақ лексикографиясының басты жетістіктері
- •Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімі
- •Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімінің басты жетістіктері
Қазақ тіл білімінің тарихын зерттеудің мақсат-міндеттері
Тіл білімі тарихнамасының зерттеу нысандары
«Қазақ тіл білімінің тарихы» пәні тіл білімі ілімдерінің тарихы - ғылым мен мәдениет тарихындағы тіл туралы білімнің дамуына, онын теориялық мәнін түсінуге, жалпы тіл туралы тілдің шығу тегіндегі теориялар мен тұжырымдарды, ағым-дәстүрлерді, бағыттар мен мектептерді талдауға арналған зерттеулерді қамтиды. «Қазақ тіл білімінің тарихы» пәні магистранттарды лингвистика саласындағы басты ғылыми мектептермен, көрнекті тілші ғалымдардың еңбектері мен көзқарастарымен, олардың басты ұстанымдары мен зерттеу тәсілдерінің сипаттамасымен, өткен және қазіргі кезеңдегі лингвистердің басты нақты жетістіктерімен таныстырады. Пән бойынша жүйелі теориялық білім алып, өзекті мәселелерді талдау нәтижесінде магистрант қазақ ғылыми лингивистикалық ой-пікірлерінің даму заңдылығын меңгеріп, әр кезеңдердегі тілші ғалымдардың жалпы тіл біліміне қосқан үлесін саралайды, олардың бүгінгі күнге дейін өзекті болып келе жатқан ой-пікірлерін айқындау мүмкіндігі болады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар қазақ тіл білімінің өткендегі тарихын саралап, бағамдай келе, оның болашақ даму бағдарын айқындай алуы тиіс.
Пәннің мақсаты:
Магистранттарды қазақ тіл білімінің тарихына байланысты зерттеулермен, әсіресе синхронды және диахронды зерттеулер негізіндегі еңбектермен таныстыру, сондай-ақ, магистранттардың тілдік біліктілігін дамыту.
Пәннің міндеттері:
Тіл білімінің тарихы туралы жүйелі теориялық білім алып, өзекті мәселелерді талдай алуға баулу.
Қазақ ғылыми лингивистикалық ой-пікірлерінің даму заңдылығын меңгерту;
Әр кезеңдердегі тілші ғалымдардың жалпы тіл біліміне қосқан үлесіне талдау жасап, бүгінгі күнге дейін өзекті болып келе жатқан ой-пікірлерін айқындау;
Қазақ тіл білімінің болашақ даму бағдарын айқындау.
«Қазақ тіл білімінің тарихы» пәнінің зерттеу нысандары:
- қазақ тіл білімінің тарихи даму кезеңдері;
- көрнекті тілші ғалымдардың еңбектері мен көзқарастары;
- тілші ғалымдардың басты ұстанымдары мен зерттеу тәсілдері;
- қазақ тіл білімінің өткен және қазіргі кезеңіндегі басты нақты жетістіктері;
- қазақ ғылыми лингивистикалық ой-пікірлерінің даму заңдылығы;
- қазақ тілші ғалымдарының жалпы тіл біліміне қосқан үлесі;
- қазақ тіл біліміндегі басты ғылыми мектептер;
- қазақ тіл білімінің болашақ даму бағдары.
Қазақ тіл білімі ғылымының даму ұстанымдары
Қазақ тіл білімінің сан салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күні тілдік зерттеулердің бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан олардың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік белгілерін сұрыптау, өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау өте маңызды.
Тілді диалектика-динамикалық құбылыс ретінде қарастыру, оның қоршаған әлеммен де, адамдық факторлармен де сабақтастығын зерделеу қазіргі қазақ лингвистикасының ұлттық сипатымен қатар, әлемдік лингвистика деңгейіне көтерілер биігін де айқындауға септігін тигізеді.
Тіл білімінің даму ұстанымдары кез келген басқа ғылымдар тәрізді ғылыми парадигмалардың ауысуымен айқындалып отырады. Ғылыми парадигма термині алғаш Т.Кунның «Структура научных революций» атты еңбегінде енгізілген болатын. Парадигма дегеніміз –«ғылыми қауымдастық толығымен мойындаған, белгілі бір уақыт аралығында өзекті мәселелер мен оларды шешудің моделін ұсынатын ғылыми жетістіктер».
Тіл білімі тарихында негізгі үш ғылыми парадигма бар – салыстырмалы-тарихи, жүйелі-құрылымдық және антропоөзектік. Қазақ тіл білімі де бүгінгі күнде осы аталған үш бағытта дамып келеді.
Лингвистикалық білімдердің ықпалдастығы мынадай ғылыми ұстанымдардың нәтижесінде пайда болады: әсер ету, антропоөзектік, түсіндіру, функционалдылық және танымдық ұстанымдар.
Әсер ету ұстанымы әртүрлі ғылымдардардың тіл ғылымына әсерінен көрінеді. Мысалы, тіл ғылымына философияның, логиканың, психологияның, тарих тағы басқа ғылымдардың әсер етуі орын алып келсе, соңғы кездері этнология, мәдениеттану, кибернетика, нейрофизиология тағы басқа ғылымдардың әсері күшейді. Осындай басқа ғылым салаларымен байланыс тіл ғылымының математикалық лингвистика, психолингвистика, компьютерлік лингвистика, когнитивті лингвистика сияқты жаңа салаларын өмірге әкелді.
Антропоөзектілік ұстанымы тілдің тек өзін емес, оны сол тілді тұтынушы адаммен байланыстырып зерттеуді талап етеді. Тілдің тек өзін зерттеу, «тілді тіл үшін зерттеу» тіл ғылымы тарихының өткен кезеңі болып қалды. Антропоөзектік ұстанымы бойынша, тіл – ойлаудың, мәдениеттің, тарихтың, дәстүрдің, менталитеттің бейнеленуі.
Антропоөзектілік ұстанымы тілді оның иесін (жалпы адамды, жеке адамды, белгілі бір этностың өкілін, әлеуметтік топты) ескере отырып зерттеуді керек етеді. Адамзат әлемінің қыры көп болуына байланысты оларды ескере отырып зерттейтін тілдік теориялардың әр алуан болуы да заңды. Сондықтан антропоөзектілік парадигманы құрайтын әртүрлі социолингвистикалық теориялар туындайды: этнолингвистикалық, социолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық т.б.
Түсіндіру ұстанымына сәйкес тілдік бірліктердің құрамы сол тілдің иесінің дүниені қалай көрумен анықталады, сонымен түсіндіріледі. Әр тіл болмысты соны бейнелейтін ұғым, концептілер жүйесі арқылы өзінше тұжырымдайды, дүниені түсінуде өзіне қажет жақтарына көңіл бөледі. Екінші жағынан, тілдік бірліктерді талдап түсіну шынайы болмысты біліп меңгеруге байланысты болады. Соған сәйкес салыстырмалы, салғастырмалы, салыстырмалы-тарихи, контрастивті тіл білімі теориялары туындайды.
Функционалдылық ұстанымы тілдің қолданбалылық сипатын айқындап, қатынас құралы ретінде қолданыс үстіндегі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшеліктерін зерттеуге бағытталады. Соған байланысты функционалды тіл білімі, коммуникативтік тіл білімі, әлеуметтік лингвистика, прагмалингвистика салалары қалыптасады.
Танымдық ұстаным адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын халықтық таным тұңғиығынан өрбіту, тіл тарихын адамның қабылдау, пайымдау, ойлау тарихымен ұштастыру, дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіруді көздейді. Нәтижесінде тіл біліміндегі когнитивті лингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану бағыттары қалыптасады.
Түркі ғалымдарының лингвистикалық еңбектері
Әбу Насыр әл-Фарабидің лингвистикалық көзқарастары
Әбу Әли ибн Синаның «Авиценнаның (фонетикалық трактаты)
М. Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігі»
Әлішер Науаидің лингвистикалық көзқарастары
Әбу Насыр әл-Фарабидің лингвистикалық көзқарастар
Әбу Әли ибн Синаның «Авиценнаның (фонетикалық трактаты)
М. Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігі»
ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің деректерін жинақтап, бірнеше түркі тілдері мен диалектілеріндегі гомогенді сөздердің тұлғалық-мағыналық ерекшеліктерін салыстыра отырып, олардың араб тіліндегі түсініктемелерін берген М.Қашқаридің «Диуани луғат ат-түрк» сөздігінде аударма сөздіктің де, салыстырмалы сөздіктің де, түсіндірме сөздіктің де, этимологиялық сөздіктің де, этнолингвистикалық сөздіктің де, диалектолгиялық сөздіктің де ұстанымдарының элементтері жинақталып қолданылған. Бұл алғашқы түркі сөздігінің әмбебаптық, кешенділік сипатын көрсетеді. «М.Қашқари өз сөздігін араб тілінің сөздік түзу принциптерінің негізінде жасап, түркі тілдерінің грамматикасын араб тілінің грамматикалық негіздеріне салып жүйелеген. М.Қашқари ұсынған сөздік түзу принципі мен түркі тілдерінің грамматикасы араб тіліндегі араб тіліндегі сөздік түзу принциптері мен араб тілінің грамматикасымен ұштасады».
ХІ ғасырда грамматикалық сипатта жазылған «Диуани лұғат-ит-түрк» тарихи салыстырмалы әдісті негізге ала отырып, түркі тілдері мен диалектілерінің негізгілерінен (оғыз, арғу, ненужек, қыпшақ, түрк, бұлғар, қарлұқ, шігіл, яғма, ябақу, тоғсы, жомул т.б.) мысалдар келтіреді. М.Қашқари түркі тілдеріндегі дыбыстың өзгерістердің аса көп еместігін айта отырып, 9 түрлі дыбыс сәйкестіктерін көрсетеді. Еңбектің түпнұсқасы сақталмаған, бізге жеткен жалғыз көшірмесі 1266 жылы жазылған, 3 кітаптан 8 тараудан тұрады. Әр тарауда бір кітап деп атаған зерттеуші әр кітабындағы талдауларын белгілі бір жүйе бойынша (алфавиттік, құрылымдық, дыбыстың жасалу жолын байланысты) жүргізген зерттеуші, 1-кітабын ﺍ (алиф) әрпінен басталатын, 2-кітабын ﺍ, و, ى (алиф, уау, йа) дыбыстары жоқ сөздерге, 3-кітабын бір дыбыс екі рет қайталанатын, 4-кітабын ى (йа) әрпінен басталатын, 5-кітабын үш әріптен тұратын, 6-кітабын төрт әріптен тұратын сөздерге, 7-кітабын мұрын жолымен айтылатын дыбыстар бар, 8-кітабын екі дауыссыз дыбысы бар сөздерге арнаған. Сөздікте жеке сөздермен қатар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер де кеңінен қамтылған. Тілдерді топтастыру мәселесі жөніндегі алғашқы деректерді де осы еңбектен кездестіреміз. Тілдерді топтастырғанда тіл тазалығына, басқа тілдердің ықпалының аз-көптігіне де мән береді. М.Қашқари 29 түрлі этнонимді атап, олардың географиялық мекенін, тіліндегі фонетикалық ерекшеліктерін көрсетеді.
Махмұд ибн-әл Хусаин ибн Мұхаммад әл Қашқари жазған бұл шығарма ерте орта ғасырдағы түркі тайпаларының лексикалық қорындағы әдебиет пен өнерге, этнографияға, әкімшілік басқару жүйесіне, туыстық қарым-қатынастарға, мединицинаға, түркілер мекендейтін аймақтардың географиясына, фаунасы мен флорасына т.б. қатысты тілдік материалдарды кешенді түрде қамтыған энциклопедиялық сөздік. ХІ ғасырда өмір сүрген филолог-түркітанушы М.Қашқаридың мұрасы жалпы түркітану ғылымының бастауы болуымен қатар лингвистикалық түркітанудың фонетика, морфология, лексикология, семасиология, лексикография сынды салалық бөлімдерінің де қайнар көзі болып табылады.
