Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.63 Кб
Скачать

Мазмұны

  [жасыру] 

  • 1Көтерілістің шығу себебі

  • 2Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық – зомбылығы

  • 3Көтерілістің Жетісудағы орталығы

  • 4Сыртқы сілтемелер

  • 5Дереккөздер

Көтерілістің шығу себебі

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғаймен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. ИмановӘ. ЖанкелдинТ. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (БокинНиязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. БөкейхановАхмет БайтұрсынұлыМ. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.

Көтерілістің аса ірі ошақтары ЖетісуТорғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісумен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйекқазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.

Торғай көтерілісі (басшылары А. ИмановӘ. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.

Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ–қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс–украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.

1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық–зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.

Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді.

Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.

Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды.

Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарама–қарсылық, бір–біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.

Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық – зомбылығы

1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық – түлік екі – үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте түсті.

Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты», ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25 – 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы болып болып жазылды.

Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразлығына тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым–салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашу–ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетеуі жиілей түсті.

Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарында ұлт–азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалстік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал – байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалыста еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда – Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтев, Жетісуда – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды.

Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол – 1916 жылы қазақ интелегенциясының көсемдері, яғни ұлт–азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне көрсете алмай, тағыда қырғыеға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны – халық көтерілісін тоқтату мүнкін болмады. «Қазақ» газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады.

Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды. Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жыл 27 ақпанда бас–аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей кейінгі зерттеушілер тарапынан болашақ « Алаш » партиямының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары жалған сөздер айтылды. Алашордалық көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді.

Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас – көз болып, кейін аман–есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары (оқытушылар, заңгер т.б. ) серіктерімен бірге майданға (реквизициаланғандармен) атанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігітерінің елге оралуыекі талай еді.

1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамында жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак – орыс шоғырлары кірді.

Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер»деген тактикасында кеңінен қолданады. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал–губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылуларудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды. Олар: Басқару органдарының (облыстық, ауылдық) қызметкерлері, жергілікті (бұратана) халықтың төменгі полицияда істеп жүргендері, имамдар, молдалар, медреседе істейтіндер, мекемелерде қаражат мәселесімен айналасатын бухгалтерлер мен есепшілер, мемлекеттік мекемелелерде қызмет істеп жүрген бұратана әкімшілігінің бұратана халықтың өкілдері, дворян және құрметті азаматтар әулетінен шыққан бұратана халықтық қозғалыстан бұратана әкімшілігінің, байлар мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобын бөліп алуға мүнкіндік берді.

Көтерілістің Жетісудағы орталығы

1916 жылғы ұлт–азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің генерал–губернаторы болып тағайындалды. Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық революциясының от–жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденнің 12–сінде Верный уезі Қорам болысының 68 жігіті А. Абдурасуловты, ал шілденің 16–сында көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді. Тамыздың 3 – інде Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2 мың адамнан тұратын отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдың отрядына шабуыл жасады . Тамыздың 6 – сында самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Тайторов, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық көтерілісші жігіттері жазалау торядын қоршап алды. Сол күні Самсы станасасы көтерісшілердің қолында болды,тамыздың 8 – нде Ақсу жайлауында қазақ – қырғыз сьезі өтті. Олар Қордай көтерілісшілерін қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерілісшілері көмекке өздерінің қарулы жігіттерінің жартысын жіберуге шешім қабылдады. Қазақ және қырғыз еңбекшілері қимылдары патша әкімшілігін мазасыздандырмай қоймайды.

Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық берді.

Өз кезеңінде Жетісу болысының генерал – губернаторы М.А. Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдасытру үшін казак станциаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткинің тамыздың 12 – сіндегі нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары қаруландырылды.

Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалаларында әскери дала соттары құрылды.

Азғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстықкөлге жаспарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. Көтерілісшілер Қастек тауы өңіріне, Үлкен және кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады.

Ресейдегі 1905 жылғы күздегі шаруалардың жаппай көтерілісінде жұмысшы табының беделі мен азаттық қозғалысындағы басшылық рөлі артты. Сондықтан,патша өкіметі жиі толқулар ошағы болған аймақтардан Қазақстанға 1907 - 1912 жылдары Еуропалық бөліктерінен 2 млн 400 мың адамды қоныстандырды. 1917 жылға дейін 45 млн. десятина ең құнарлы дейтін жерлерді қоныс аударшыларға жергілікті тұрғындардан тартып алынып, оларды таулар мен құнарсыз жерлерге ығыстырды. Суы жоқ, мал жаятын шабындықтың болмауынан қазақ - қырғыз халқының кедейленген тобыры пайда болды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтармен орыс - украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды одан әрі шиеліністіріп, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады. Сонымен қатар 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Одан әрі патша чиновниктері және жергілікті әкімдердің, байлардың зорлық - зомбылығы күшейіп, Қазақстанда отарлауды күшейте берді:

  • Жергілікті халықтан алынатын салық 3 - 4 есе көбейді;

  • Шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді;

  • Әскерлердің қажетін қамтамасыз ету үшін киіз алынды;

  • Жығып - құруға өте ыңғайлы киіз үй т.б;

  • Әскери салық ретінде әрбір отбасы 1 сом 84 мөлшерінде төлеуге міндетті болды.

Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 ж маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор - Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. 1916 ж қаңтар айында Верный, Семей қалаларында, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларында қанаушы мен қаналушы таптар арасындағы қарама - қарсылық бір - біріне қарсы шығу бұқаралық сипат алды. Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 - маусымдағы жарлығы “Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереженің” қабылдануы әлеуметтік жағдайы мүшкіл топтың наразылығын күшейтті. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан - 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстын басқармалар мен ауыл старшындары жас мөлшерінің асып кеткендігіне қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын “қара тізімге қосты”, ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын тапты. Сол кездегі Саратов губерниясының депутаты А.Ф Керенский 60 жастағы шалдардың 30 жаста болып жазылғандығын, ал байдың балаларының 25 - 30 жастағылары 50 - ден жазылғандығы орыс шенеуніктері мен жергілікті қазақ әкім сымақтарының парақорлығы деп шенейді. Осындай әділетсіздіктердің көрінісі болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым - салық қағаздарын т.б. жойып жіберу әрекеттері белең алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық қылышпен қаруланған ашынған топ, байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетуі жиілей түсті. Қазақстандағы қозғалыс ұлт - азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал - байларға қарсы бағытталды. Қазақ демократияшыл зиялыларының қызметі. Қазақ зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлініп, революцияшыл радикалды бағыттағы Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин, С. Меңдешев, Ә. Жангелдин сияқты тобы қарулы күрес жолын таңдады. Ал ұлттық - либералдын бағыттағы алаш зиялылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша өкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді, күрестің бейбіт саясы әдістерін жақтады. Себебі патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне, төтеп бере алатындай қазақ халқының қырғынға ұшырайтынын білді. Десе де, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас - көз болып, кейін аман - есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Ә. Бөкейхановтың өзі бастаған топ майданға аттанды. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге аман оралуы екі талай еді. Ұлт - азаттық көтерілістің басталуының себебі жоғарыда аталып өткендей қазақ жерін отарлау, қазақ жерін қоныс аударған орыс шаруаларына күшпен тартып әперу саясаты еді. Көшпелі тұрмыс жағдайында қазақтардың өмір сүруін қамтамасыз ететін жердің заңмен Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жариялануы, мал шарушылығының құлдырауы, егіншіліктің азаюы т.с.с. Бұл дағдарыстың айқын көрінісі Қазақстан және Орталық Азия халықтарының 1916 жылғы жалпы бұқаралық сипат алған ұлт - азаттық қозғалыс болды. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтыған қозғалыс барысында жалпыұлттық ұрандар көтерілді. Оның негізгі қозғаушы күші - қазақ ауылының еңбекші шаруалары, оған ішінара жұмысшы тобы өкілдері, байлар да, билерде, молдалар да, болыс басшылары да, зиялы қауымның әр түрлі топтары да белсене араласты. Көтеріліс ең алдымен отаршыл жүйеге қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді. Ал оның әлеуметтік мәні - өз билеушілеріне қарсы күрес екінші кезекке ысырылды. Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған үлкен қозғалысты - Жетісу облысында Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, С. Қанаев, Қ. Шорманов, Қ. Құдайбергенов, Т. Бокин, Б. Әшекеев; Торғай облысында Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдин; Ақмола облысында Ә. Майкөтов; Бөкей даласында С. Меңдешев; Ақтөбе облысында Б. Алманов; Сырдария облысында Т. Рысқұлов; Орал облысында Ә. Әйтиевтер басқарды. 1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі - Жетісу. 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент - Таранша болысының Городское елді аймағындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетулерден басталды. Сол жылғы 7, 8 шілденің алғашқы күндері Верныйдан шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректігі болыстардағы қазақ халқының өкілдері сьезге жиналды. Онда жігіттер әскерге жіберілмесін, жұрт таудан түспесін, әкімшілік тарапынан күштеу шарлары қолданылған ретте телеграф бұзылсын, окоп қазу жұмыстарына шақырылатын адамдардың тізімі жойылсын деген шешім қабылданды. Съезге қатысушылар “оқтың астына барғанша осында өлген артық” деген қаулы қабылдады. 1916 жылғы 7 - тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайторы болыстары қазақтарының Самса станциясы мақында біріккен бас көтеру басталды. Сөйтіп, көтеріліс Тоқмақ маңына ауысты. Верный - Қордай жолының бойындағы барлық пошта бекеттері өртелді. Тамыздың орта шенінде Жетісу облысының барлық болыстары дерлік толқыды. Жетісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі - Тоқаш Бокин. Ол халықтар арасындағы үгіт жұмысына басшылық етті, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді, феодал - байлар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шықырды. Түркістан генерал - губернаторы Куропаткин жергілікті әкімшілікке көтерілісшілерге қарсы күресу үшін, тұрғылықты халық арасындағы рулық және тайпалық қайшылықтарды пайдалануды ұсынды. Көтерілісшілерге қарсы зеңбіректермен, пулеметтермен жарақтандырылып арнайы жасақталған жазалаушы әскерлер жіберілді. Көпірлер мен темір жолдарды күзету күшейтілді, әскери - далалық соттар ұйымдастырылды. Түркістан өлкесінің басқа облыстарынан Жетісу облысына үш әскери жасақ, жеті атқыштар ротасы, қазақтардың бес жүзіндегі және 14 зеңбірек жеткізілді, майдандағы армиядан қазақ - орыс батареясы және екі пулемет командасы бар екі орыс - казак полкі әкелінді. Жазалаушылар соңғы ұрыс 1916 жылғы кыркүйектің аяғында Қапал уезіндегі Быжы өзенінің маңында жүрді. Көтерілісшілердің жасақтары жеңіліске ұшырап, қалғандары тауға қашты. Жетісудағы көтеріліс 1916 жылғы қазанда басып - жаншылды. Патша жендеттері көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт халықты да жазалады. 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар туған жерін тастап, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Көтерілістің басты жетекшісі Бекболат Әшекеевті дарға асып өлтірді. Көтерілістің ең бір күшті болған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерде: Торғай, Ырғыз, Актөбе, Қостанайды қамтыды. Торғай облысындағы қозғалысты басу үшін генерал Лаврентьев бастаған арнайы жазалау экспедициясы жасақталды. Оның құрамында Қостанай, Ақтөбе, Торғай, Ырғыз жасақтары мен қазақ жасақтары болды Кейіннен 1916 жылы 13 - қарашада әскери қимыл ауданына Қазан, Пермь, Орынбордан қосымша полктар тартылды. Ұшы - қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер жасақтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің, Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор - Ташкент темір жолының жұмысшылары қосылды. Торғай өңіріндегі бас сардар Амангелді Иманов халық көтерілісіне алғаш рет әскери тәртіп орнатты. Ол отрядтарын 10, 5, 100, 1000 адамнан құралған топтарға бөлді. Олардың басына онбасы, елу басы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. 1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20 - ға тарта көтерілісшілер отряды құрылды. 23 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Аменгелді бастаған көтерілісті басу үшін, патша өкіметі генерал А.Д. Лаврентьев басқарған 10 мың әскер жіберді. Лаврентьев әскерлерінің келе жатқаның естіп, көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге шегініп, Бетпаққараға жиналып, А. Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды. Торғай облысында А. Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымын қалыптастыруға зор ықпал жасаған Әліби Жангелдин болды. Патша жазалаушылары мен А. Имановтың көтерілісшілері арасындағы соғыс қимылдары 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық - демократиялық революциясынан кейін де жалғаса берді. Қозғалыстың жеңіліс табуының ең басты себептері: - бытыраңқылығы; - көтеріліс ошақтары арасындағы байланыстың жеткілікті болмауы; - патша өкіметінің қарулы жазалаушы күштерінің басымдылығы еді. Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір арқын белес болып табылады. Көтеріліс дүниежүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеу жағдайында өтті. Көтерілістің бірыңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да, Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды. Көтеріліс стихиялы түрде дамып, онда тұрақты, жеткілікті біріккен басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді. 1916 ж көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана - сезімін арттыруда зор рөл атқарды. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты. Ол империядағы саяси және әлеуметтік дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды, әскери - феодалдық және әскери отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты.

7)Бірінші дүниежүзілік соғыс және Алаш зиялыларының көзқарасы

1913 жылдан «Қазақ» газетінің төңірегіне біріге бастаған қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси айқындамасы империядағы, қазақ облыстарындағы нақты саяси жағдайға байланысты қалыптасып, өзгеріп отырды. Сонымен бірге жоғарғы билік оппозициялық күш ретінде танып, жергілікті отаршыл әкімішілік бітіспес жауы ретінде қуғынға алған ұлттық интеллигенция өз халқы тарапынан да түсінушілік пен айтарлықтай үлкен қолдау таба алған емес. Мұндай ауыр жағдай оның саяси көзқарасы мен ұстанған бағытына да өз әсерін тигізбей қоймады. Ұлттық ннтеллигенцияның бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 жылғы көтеріліс тұсындағы қоғамдық-саяси қызметін тура түсіну үшін, міне, осы аталған факторларды есепке алмай болмайды.

Қазақ зиялыларының бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұсындағы қоғамдық-саяси қызметі арнайы зерттелген емес. С.Брайнин мен Ш.Шафиро өздерінің еңбектерінде бұл мәселенің алғашқы бөлігін айналып өтіп, ал екінші бөлігін баяндауда ашықтан-ашық ғылыми әдіске жат, таза саяси-конъюнктураға ұрынды. Оның себебі түсінікті еді. Өйткені алаштық интеллигенцияның бірінші дүниежүзілік соғысқа байланысты қызметін баяндау үшін олардың қолында қажет деректік материалдар жоқ болатын. Ондай материалдарды «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінен ғана алу мүмкін еді, ол басылымдарды Брайнин мен Шафиро оқи алған жоқ. Ал көтеріліске қатысты деректерге келсек, олардың да біразы қазақ басылымындарында берілді, ал архивтік материалдардың ішінен тек өздеріне керектілерін ғана теріп алды. Міне, осындай деректік негізде жасалынған «ғылыми» тұжырымдардың қаншалықты қүнды екендігі түсінікті болса керек.

Мәселеге байланысты Брайнин мен Шафиро негізін жасап берген таптық және саяси-партиялық айқындама соңғы жылдарға шейін өзгеріссіз келді. Мәселен, бес томдық «Қазақ ССР тарихының» үшінші томында құрамында бірде-бір қазақ болмаған большевиктер партиясының соғыс жылдарындағы қызметі арнайы баяндалғанын, ал қазақ зиялыларының бұл тұста атқарған ісі жөнінде бір ауыз сөздің жоқтығын байқаймыз. Оның есесіне «феодалдық-патриархаттық жоғарғы топ патша үкіметімен және орыстың импе­риалистік буржуазиясымен ауыз жаласып, бұл үшін Мемлекеттік Думаның мінбесін (мұсылман фракциясы арқылы), сондай-ақ өздерінің баспасөз органы — «Қазақ» газетін пайдаланды» немесе «байлар, болыстар, ауыл старшындары мен олардың буржуазиялық-ұлтшыл ин­теллигенция қатарынан шыққан құйыршықтары патша указын орындауды жақтап шықты»1 сияқты қандай тұрғыдан болсын негізсіз тұжырымдардың біразын кездестіреміз.

Мәселені қажет деректік және ғылыми-әдістемелік негізде қарау тек соңғы жылдарда ғана қайтадан қолға алына бастады2. Академик М.Қозыбаев 1916 жылғы көтеріліске арналған проблемалық мақаласында «ұлттық интеллигенцияның 1916 жылғы оқиғаға қатысы ерекше қызығушылық туғызады» деп көрсетіп, қазақ зиялыларының I дүниежүзілік соғыс жылдарындағы айқындамасын және соғысқа алынған қазақ жұмысшыларына көрсеткен қызметін арнайы зерттеу қажеттігіне көңіл аударды. 1914 жылдың жазында басталған соғысты жүргізуші күштердің мақсат-мүддесін қазақ зиялылары жақсы түсінді деп айтуға болады. Ә.Бөкейханов жаңа басталған соғысқа байланысты «Қазақтың» оқырмандарына арнайы жазған «Тағы соғыс» атты мақаласында соғысты бастаушылардың түпкі мақсатын, соғыстың реакциялық сипатын ашық көрсетумен бірге, оның еңбекші халықтардың өміріне тигізер ықпалына тоқталып: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа ешбір пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып қанын төгетін сорлы халық болар»2деп тұжырымдап, Еуропа социал-демократтарының соғысқа қарсы жүргізген шараларынан нақты түсінік береді. «Қа­зақ» газетінің А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқа қызметкерлерінің де шамамен осындай пікірде болғаны даусыз. Міне, осы фактілерді есепке ала отырып, қазақ демократиялық интеллигенциясы жаңа басталған соғыстың қазақ елінің тұрмысына, күнделікті шаруашылығына тигізер ықпалын түсінбеді деп айту, әрине, қисынсыз болар еді. Олар түсінді, түсіне отырып шарасыздан үкімет саясатына ашық қарсы емес, оған бейімделу саясатын ұстанды.

Соғыс басталып кеткеннен соң, көп ұзамай-ақ орталықтағы мұсылман басшыларының белсенділігімен Петроградта «Әскерлерге һәм олардың үйде қалған бала-шағаларына жәрдемші уақытша мұсылман орталық комитеті» құрылады. Оның төрағасы болып Ғ.Дәулетшин, ал қазынашысы болып X. Мансуров сайланады1. Жоғарғы діни басшылардың пікірі бойынша, «мұсылман елдерінің орыс мемлекеті мен халқына берілгендік» пиғылын танытуға тиіс болған бұл комитеттің негізгі міндеті соғысқа Ресей мұсылмандарының көмегін ұйымдастырып, сол арқылы жоғарғы саяси биліктің сеніміне ие болу еді. Комитет бүкіл Ресей көлемінде «мұсылман қоғамдарына, ел адамдарына, инабатты саудагерлерге» түрлі әкімшілік орталықтарында, мұсылмандар орналасқан қалаларда, елді мекендерде соғысқа жәрдем комитеттерін ұйымдастыру туралы өтінішпен қайрылады. «Қазақ» газеті Петроградтағы орталық мұсылман комитетіне Б.Қаратаевтың мүше болып енгенін айтады. Петроградтағы мұсылман комитетінің үндеуімен қа­лаларда соғысқа көмек пайдасына түрлі мәдени шаралар өткізіле бастайды. 1915 жылдың 28 сәуірінде Петроградта мұсылман өнерпаздарының күшімен астана жұртшылығына үлкен концерт беріліп,  одан түскен қаржы комитет қорына аударылады. Ал сол жылдың 1 мамырына дейін түрлі жерлерден келіп түскен қаржының көлемі 7 мың 159 сом 77 тиын еді1.

Бүкіл Ресей мұсылмандарын қамтыған бұл шараларға қазақ зиялылары да белсенді түрде араласа бастайды. Олардың бұл мазмұндағы қызметін айғақтайтын бірнеше фактіге тоқталайық. 1915 жылы жазда Орал облысында Ойыл және Темір жәрмеңкелері болып өтеді. Ойыл жәрмеңкесінде Халел Досмұхамедовтың басшылық етуімен соғысқа жәрдемге 6126 сом 50 тиын, ал Темір жәрмеңкесінде I Мемлекеттік дума мүшесі Алпысбай Қалменовтың басшылық етуімен 1097 сом 12 тиын жиналып, тиісті орындарға өткізіледі. Қазақ зиялыларының ұйымдастыруымен елдің соғысқа жәрдемге берген көмегі түрлі мазмұнда болған еді. Мәселен, осы 1915 жылдың жазында Лбишин уезі Жұбанышкөл елінің азаматтары Некей Нарынбайұлы және Дәулетғали Сарсенбайұлы Орал шаһарына 15 шақырым, «Барбастау» деген өзен жағасынан он үй тігіп, жаралы солдаттар емделетін лазарет ашады. Лазаретке сауынға Нарынбайұлы 15 бие, 4 түйе, ал Сәрсенбайұлы 10 бие береді. Лазаретке жұмысқа шақырылған дәрігерлер мен басқа қызметкерлердің жалақысын төлеуді Жұбанышкөл елінің қазақтары мойындарына алады. Ақмола облысы, Атбасар уезіне қарасты 11 болыс Бағаналы және 8 болыс Арғын ауылдары 1915 жылы соғысқа үш дүркін көмек жинап 1718 сом ақша, 150 ат, 16 киіз үй өткізеді2. Осы облыстың Қызылжар уезіне қарасты қазақтар 1914 жылдың соңына қарай жүз мың сом ақша, көшпелі лазаретке деп 30 шамалы ақ киіз үй жинап береді3.

Міне, соғысқа осы сипаттағы жәрдем ісіне бүкіл қа­зақ ауылдары тартылды. Соғыс шығыны қазақ бұқарасына жеңілге түскен жоқ болатын. Толық емес деректердің көрсетуі бойынша, соғыстың үш жылы ішінде тек Түркістан өлкесінен (мұнда басқа ортаазиялық облыстармен бірге қазіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстары енген) 20 899 мың пұт мақта, 300 мың пұт ет, 109 мың пұт мақта майы, 474 мың пұт балық, 229 мың пұт сабын, 50 мың пұт май-кене, 70 мын жылқы, 12,7 мың түйе, 38 мың шаршы кез киіз, 13 441 киіз үй тасып әкетілген. 1914 жылы Жетісудың бір өзінен ғана 34 миллион сомның малы мен шаруашылық өнімдері алынған.

Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында Ресей мұсылмандары үшін елеулі саяси оқиғалардың бірі соғыс зардабын шеккен Карс облысындағы мұсылмандарға жәрдем ұйымдастыру шарасы болды. Жәрдем ұйымдастырудың орталық штабы Баку қаласыңда құрылып, оның қоғамдық бөлімшелері басқа қалалар мен елді мекендерде ашылып, «Иаңы иқбал», «Уақыт», «Қазақ» сияқты басылымдар бұл шараның ұйымдастырушы үніне айналды. Сондай жәрдем комитеті 1915 жылдың ақпан айында Орынбор қаласында да құрылып, оның құрамына мүше болып А.Байтұрсынов енеді. Осы кезден бастап «Қазақ» газеті күнделікті нөмірлерінде Карс мұсылмандарына жәрдем ұйымдастыру барысын үзбей жазып, оқырмандарына, есеп беріп отыруды дәстүрге айналдырды. Газеттің әрбір санында жәрдем берушілердің аты-жөні, жіберген жәрдем көлемі жазылып отырды. Газет жүзінде басылған олардың ұзын саны ондаған мыңмен саналатын еді.

Қазақ зиялыларының соғыста жараланғандарға, Карс мұсылмандарына берген жәрдемі түрлі мәдени шаралар өткізіп, одан түскен қаржыны осы мақсатқа жұмсау түрінде де көрінді. Олардың тікелей ұйымдастыруымен немесе белсенді атсалысуымен 1915 жылы 13 ақпанда Семей қаласында, 19 ақпанда Том қаласында, 11 сәуірде Орынборда, 15 сәуірде Омбыда әдебиет кештері болып өтеді2. Көптеген қала және ауыл тұрғындарынын, зиялылардын, қатысуымен өткен бұл кештердің мазмұны, оларды ұйымдастырушылар жөнінде «Қазақ» газетінен біраз қызықты материалдар кездестіруге болады. 1915 жылдың 11 сәуірінде қазақ және татар зиялы қауымының ұйымдастыруымен Орынбор қаласында да әдебиет кеші болып өтеді. Кешке қала тұрғындарымен бірге төңіректегі елді мекен адамдары да жиналады. Келушілердің көптігі сондай, театр үйіне сыймай қалады. Сахнаға домбырасымен шыққан А.Байтұрсыновты жұрт үлкен ықыласпен қарсы алады. Ол әуелі «Соқыр Қыз» әнін орындап, -соңынан көрермендердің өтініші бойынша тағы да бірнеше ән айтады. Осыдан кейін «Хұсайния» медресесінде оқып жүрген қазақ шәкірттері

қосылып «Ахау, Семей», «Құбақан», А.Байтұрсынұлының «Қазақ қалпы», Ғұмар Қарашұлының «Бар еді қазағымның оңған күні…» атты өлеңдерін әнге қосып, нақышына келтіріп шырқайды. Міне, осындай саяси шараларда белсенділік таныта отырып, қазақ зиялылары белгілі бір мақсаттарды көздеді ме? дегеи сауалдың тууы әбден ықтимал. Әрине, бұл арада барлық қазақ зиялыларына байланысты кесіп бір пікір айту мүмкін емес. Дегенмен, бізге мәлім деректерге сүйене отырып, қысқаша мынадай тұжырымдар жасауға негіз бар сияқты. Ең алдымен, қазақ зиялыларының соғыс құрбандары мен олардың отбасыларына жәрдем шараларына белсенді түрде ат салысып өздерінің азаматтық борышын орындағандығы даусыз. Сонымен бірге бұл саяси актінің саяси астары да жоқ емес-тін. Оны Ә.Бөкейхановтың «Қазақта» жариялаған материалдарынан байқауға болады. Мәселен, ол «Соғыс көлеңкесі» атты мақаласында қазақтарға соғысқа жәрдем беру ісінде буряттарды үлгі есебінде көлденең тартып, «мынау жұртқа земства келе жатыр. Мұны надан жұртқа бермейміз дегендер болады. Сонда бурят жұртының үлгілі ісі алдынан шығады» деген ойды білдіріп, земства алу үшін соғыс шығынына белсендірек ат салысуға шақырған сынай танытады. Сөйтіп, Ресей араласып кеткен дүниежүзілік соғыс шығынына жәрдем көрсетуге қазақ елін де тарта отырып, қазақ зиялылары, бір жағынан, халықтың саяси белсенділігін көтеруден үміттенсе, екінші жағынан, өзі де белгілі дәрежеде, «орыс мемлекеті мен халқына берілгендік» науқанына араласып кеткенін байқамай қалды.

38 мемлекетті қатыстырып, 10 млн. сарбаз өмірін қиып, 12 млн.-дай бейбіт халықты жойған аса ауқымды алапат қырғын халықтар трагедиясының драмасына айналды[1]. Осы жылы ғасыр толған жиһан соғысы жайында қазіргі тарихнамада адам өмірі мәселесі туралы әлеуметтік сұрақтар басым назарға алынып, сондай-ақ соғыстың медицинаның дамуына, әскери техниканың сыналуына, милитаризмнің қарқындауына және ең соңында жаһандану үрдістеріне ықпалы деген мәселелерді қарастыра бастады[2]. Бұған соғыс зардабына ұшыраған аз халықтардың қасіреті туралы сұрақтарды қосар едік. Өйткені, бұл соғыстың екпіні мен дүмпуін қазақ, қырғыз сияқты Ресей империясының барынша отарлық қанауға ұшыраған халықтары көрді, күйзелді. Дүние жүзілік соғыстың қазақ халқына және тұтастай алғанда Қазақстанға тигізген зардабы жайында кең мәліметтерді сол кезеңде ғұмыр кешкен Алаш зиялылары мұраларынан кездестіруге болады. Жаһан соғысының зардабы қазақ жерінде атақты 1916 жылғы көтеріліске әкелгенін терең талдап, алғашқы зерттеулерін жүргізген-де осы Алаш қайраткерлері болатын[3]. Қазақ өлкесінің соғысқа қатысты алғашқы қобалжуы әскер қатарына шақыру мүмкіндігі жайындағы алыпқашпа, күмәнді хабарлардан басталғаны мәлім. Өйткені, халық Ресей империясына бодан болғаннан бері мұндай міндеткерлік жүктелмеген. Сол себепті әскери қызмет қазақтар үшін күтпеген жағдай болды. Кезінде Алаш зиялылары бұл мәселемен айналысқан. «Қазақ" газеті бетінде сан алуан мақалалар осы мәселелерге арналып басылды. Мысалы, газеттің 1915 жылдың желтоқсанынан бастап, 166, 178, 179, 184 нөмірлері қазақтан әскер алынуы жайында материалдар басты. Мақалалар мазмұны соғысты халықтың түсіністікпен қабылдағанын байқатады. Олар мұны әр халықтың басында болып тұратын қалыпты құбылыс ретінде қабылдағанын Алаш қайраткері М. Тынышбаев көрсетеді. Ол негізінен қазақтарды әскери қызметтің қай түріне (атты не жаяу әскер) алынатындығы ғана ойландырғанын жаза келе, былай дейді: «Қазақтардың көпшілігі (оның ішінде мен-де) казак-орыспен теңесіп, жерімізді сақтау мақсатында атты әскер қатарында қызмет етудің тиімділігін жақтадық. Қазақтардың тек азғана бөлігі жаяу әскер құрамында болуды қалады» [4]. Алайда қазақ халқында туу туралы куәліктің болмайтыны, мұның өзі жағдайды ауырлататыны ескерілді. Сондықтан жақын арада қазақтарды әскери қызметке тарту мүмкін еместігін түсіндіре келіп автор, «бұл мәселе іске асқан жағдайда, аса қиындық болатынын, оны зиялылардың күні бұрын болжап білгендерін» айтты. Осындай шешілуі қиын мәселені орталық үкіметке хабарлау үшін Ә.Бөкейханов бастаған өкілдер Петербургта болып қайтады. Сапардың барысы туралы жазып тұрған «Қазақ" газеті, қазақтан әскер алу кейінгі қалдырылғаны туралы хабарлады[5]. Соған қарамастан қазақтарға әскери қызметтің қайсысы қолайлы деген пікір маусым айына дейін толастамаған. Бірақ қазақтар майданға алынатын болды. Ол туралы 1916 жылы 25 маусымда патша жарлығы шықты. Онда қазақтардың, Орта Азия халқымен бірге майданның қара жұмысына 19–43 жас аралығындағылары жедел шақыртылатыны көрсетіледі. Үкімет жарлығы өте асығыс жарияланды. Алдын-ала еш дайындығы болмаған халық түкке-де түсінбеді. Қазақ зиялысы мемлекеттік дәрежедегі мұндай маңызды шара ешбір әзірліксіз жүргенін көрсеткен болатын. Жарлыққа байланысты ел арасында түрлі алып-қашпа әңгімелер шықты. Халық толқыды. Патша жарлығын орындауға жедел кіріскен үкіметтің кей жерлерде күш жұмсап жіберулері-де оған себеп болып жатты. Пайда ойлаған, қолында билігі барлардың да жағымсыз іс-әрекеттері наразылықты күшейте түсті. Зиялылар елді сабырға шақыруға тырысты. Олар үкімет жарлығына қарсы шығудың орны толмас өкінішке әкелетінін халыққа түсіндірді. 11-шілде күні «Қазақ" газеті бетінде, «Алаш азаматтарына!» атты үндеу жарияланады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатов қол қойған үндеуде: «Көнбейміз деушінің сүйенгені жан тәттілік болса салыстырып қаралық: …Көнгенде — шаруаға кемшілікте келер, барған жігіт қазаға да, бейнетке-де ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас (қазаға ұшырар деп ауру-сырқаудан болған қазаны айтамын, әйтпесе солдат қылып алмайды, соғыстан өлмейді). Көнбегенде көретін ауырлық — бағынбай үкіметтің жарлығынан бас тартсақ, жау жағадан алғанда, бас қорғап үйде қаламыз деп, мемлекетке қамшымыздың ұшын бермесек, үкімет бізге құр өкпелеп қоймас, күш жұмсар, ол күшті законға сүйеніп істер»[6] — деп жазылды. Бұл сол кезеңдегі ауыр жағдайға байланысты қабылданған шешім еді. М. Тынышбаев, «Қазақ" газетінің осы үндеу жарияланған саны, аса маңызды хабар жеткізуші нөмір ретінде тез тарап кеткенін көрсетеді. «Оқыған азаматтар газеттің осы нөмірінің бірнешеуін жаздырып алып, халық арасына үлестірген»[7]. Стихиялы түрде басталған халық толқуы біртіндеп ашық көтеріліске ұласады. Ол бірден ұлтаралық қақтығысқа айналды. Тамыз айында Жетісу өңірінің көп бөлігі көтеріліс құшағына тартылды. М. Тынышбаев генерал Куропаткин қабылдауында болғаннан кейін, Пішпек қырғыздарын сабыр сақтауға шақырады. Сөйтіп ол соңғы сәтке дейін халыққа болашақты ойлаудың қажеттігін түсіндіріп бақты. Алайда көп кешікпей оның өзі тұтқынға (үй тұтқыны) алынады. Оны үкімет көтеріліске қатысты деп айыптап, жауап алады[8]. Үкімет көтерілісті басуға жедел кірісті. Жетісу өңіріне жазалау отрядтары шығарылады. Көтеріліс қазан айында аяусыз басылды. Жазалаушы патша жендеттері жолында кездескен қазақ-қырғызды қырып-жойып, 1916 жылдың қанды оқиғасын, жергілікті халық жуық арада ұмытпайтындай етті. Көтерілістің орны толмас шығыны болды және 200000-нан астам (облыстағы қазақ халқының 20 проценті) халық, қазан айында қарлы тау арқылы жат елге (Батыс Қытайға) босып кетті [9]. Онда оларды аштық пен құлдық күтіп алды… Үкімет жұмысшы алуға одан әрі жедел кірісе бастады. Ал көтерілістің аса ірі ошағы болған Торғай даласы 1917 ж. Ресейдегі, Ақпан төңкерісіне дейін қарсыласып бақты. Алайда кейін Амангелді Имановтың өлімі кеңестік тарихнамадағы жасанды мифтік тарихты туғызды… Бүгінгі таңда мемлекеттер арасындағы өзара кикілжіңдер, әлемдік қарулы қақтығыстардың жиі орын ала бастауы адамзатты сақтап қалу туралы гуманистік ұстанымдарды туғызады. Қандай да соғыс болмасын, ол тек қасірет пен қайғыға душар етеді. Сондықтан сарабдал дипломатиялық келіссөздердің күш алуын сол адамзаттың өзі бақылағаны жөн. Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді; 3) ұлттық, діни және сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды. Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабар жер-жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ, өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару органдарын құруды қолға ала бастайды. Қоғамдық негіздегі құрылған мұндай жергілікті басқару органдары: азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық құрама (коалициялық) атқару комитеті деген сияқты атауларға ие болды. 1917 жылдың 5 наурызына дейін Қазақстанда да қоғамдық негіздегі атқару комитеттері құрыла бастады. Мәселен, 3 наурызда Көкшетауда, 4 наурызда Қызылжарда, 5 наурызда Семейде біріккен қоғамдық ұйымдардың атқару комитеттері құрылды. Бұл ұйымдарға түрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялар мүшелікке ұмтылды. Бұл халықтың демократиялық басқару дәстүріне құлшына араласқанын аңғартады. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Уақытша үкімет билік орындарын құру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады. Осыған байланысты жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола бастайды. Наурыз және сәуір айлары ішінде ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық және ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер және олардың атқару орындары қалыптаса бастайды. Мамыр мен маусым айларында бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті және басқа осы сияқты басқару орындары құрылады. Батыс майдан штабы жанынан земскі және қалалық одақтардың бұратана бөлімін басқарып жүрген Ә.Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. Қазақ елі патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі уақытта оның бірде-бір өкілінің империяның әкімшілік жүйесінде губерниялық, облыстық деңгейді қойғанда, тіпті уезд бастығы дәрежесінде қызмет жасамағандығы мәлім. Империяның басқару жүйесінде қазақтар болыстық атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан Ә. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыққа келген бірінші қазақ болатын. 1917 жылы наурыз айы ішінде Орал облыстық комиссары болып Бизянов бекітілді. Ақмола мен Семей облыстары қарайтын Дала өлкелік комиссарлығына мемлекеттік кеңес мүшесі И.Лаптев жіберілді. 1917 жылы сәуірде Уақытша үкіметтің қаулысы бойынша Түркістан өлкесінде нақты тәртіп орнатып, күнделікті туындап отыратын мәселелерді сол жерде шешіп, өлкені басқару үшін Түркістан уақытша комитеті құрылды. Оның құрамына Мемлекеттік Дума мүшесі Н.Н.Щепкин, бірінші Дума мүшесі Ә.Бөкейханов, екінші Дума мүшесі М.Тынышпаев, үшінші Дума мүшелері С.Мақсудов, В.С.Елпатовский, А.А.Липовский, П.И.Преображенский, О.А.Шкапский және генерал-майор А.Дәулетшин енді. Комитеттің төрағасы болып Н.Н.Щепкин тағайындалды. Самарқан, Ферғана, Сырдария, Жетісу, Закаспий облыстарында және Хиуа мен Бұқара хандықтарындағы орыс поселкелеріне Түркістан комитеті Уақытша үкімет атынан билік жүргізуге өкілетті болды. Ә.Бөкейханов Түркістан комитеті құрамына енгенімен, Торғай облыстық комиссары ретінде орны босап, оның қызметіне ат салыса алмады. Торғай облыстық комиссары Ә.Бөкейханов өз қызметінде жергілікті жердің салт-дәстүрін, ерекшеліктерін білетін азаматтарды, әсіресе, қазақтың зиялы азаматтарын мемлекеттік басқару орындарына тағайындауды басшылыққа алды. Оның ұсынуы бойынша, Қостанай уездік комиссары болып бірінші және екінші мемлекеттік Думалардың мүшесі Ахмет Бірімжанов, Торғай уездік комиссары болып Ғұмыр Алмасов, Ырғыз уездік комиссары болып Тобыл округтік сотының мүшесі Ғабдолла Теміров бекітілді. Қазақ облыстарында болыстық комитеттердің құрылуы барысында да баяғыша болыстыққа таласқандай таласып, ескі әдетке салған жағдайлар да кездесіп тұрды. Ол жөнінде “Қазақ” газетінде: “Көкшетау уезі Айыртау болысы сайлауында зор талас болды. Председательдікке сайланған Ысқақ Баймұрат баласы қонақасына көп қой, бір ту бие сойып, 3 мың сом ақша шығарып, үлкен партия жасап барып сайланып шықты. Махмұд төре Уәлиханов сайлауды бұзуға жол іздеп Көкшетауға келді” - делінген. 1917 жылы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінің шешіміне сәйкес болыстық, ауылдық-азаматтық комитеттер ұйымдастыру үшін Ақтөбе уезіне 9 адамнан, Ырғыз уезіне 9 адамнан, Қостанай уезіне 12 адамнан, Торғай уезіне 6 адамнан тұратын комиссиялар құрылды. Бұл комиссиялар болыстық комитеттерді ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетіп, сайлаудың дұрыс өтуін бақылауға алды. Ақтөбе уезіне С.Досжанов, И.Ермұратов, Ж.Кенжебаев, Е.Өтемісов және т.б. құралған комиссия келіп 3 маусымға дейін 14 болыста болыстық комитет, 3 ауылдық комитеттің құрылуының басы-қасында болды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті.  Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде  (төрағасы - Р.Мәрсеков);  Омбыда  (төрағасы - Е.Итбаев);  наурыздың аяғында -  Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де,   Уақытша   үкіметтің   органдарымен де ынтымақтастық   жасады.   Мысалы, Ә.Бөкейханов  - Торғай облысы   бойынша, М.Тынышбаев  Жетісу облысы    бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов,  Ж.Досмұхамедов,  Х.Ғаббасов,  Ж.Ақпаев,  А.Бірімжанов,  Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы - А.Байтұрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы - И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы - Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сәуір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы - А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. Съезд жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде "Алаш" қозғалысының бағдарламалық талаптары өз көрінісін тапты.

10) Патшалық билік құлағаннан кейінгі Қазақстан 01 Тамыз 2013 984 0 Қарсы шыққан жұмысшылар, сарбаздар, кедей шаруалар өздерінің билік органдары – Кеңестерді құрды. Буржуазия және буржуазияланған помещиктер төңкерістің жеңісін пайдаланып, билікті өз қолдарына алды және  Уақытша үкіметті құрды, сонымен қатар сол жерлерде, соның ішінде ұлттық шет аймақтарында органдарды құрастырды. Қазақстанда үстемшілдікті ұстап қалу үшін және бөлек мемлекеттік, үкіметтік мекемелерге «демократиялық келбетті» беру үшін Уақытша үкімет мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар ұлттық саясатты өзгертпей, олардың атын өзгертті де, кадет және эсерлер партиясына жататын бұрынғы патшалық шенеуніктер санынан шыққан комиссарларды, сонымен қатар ұлттық-либералдық қазақ  зиялыларының бөлек өкілдерін облыстар мен уездердің басына қойды, (А. Бөкейханов, М. Тынышпаев, А. Бірімжанов және т.б.). Ақпан төңкерісінің жеңісі уақытында Минск қаласында болған, қазақ ұлттық зиялылының көшбасшысы А.Бөкейханов «Жаңартылған Ресейдің азатты азаматтары – қазақтарына» жолдауымен сөз сөйледі. Сол жолдауда былай айтылған: «...Жаңа құрылысты және жаңа үкіметті қолдау үшін  қазақтар бірігу керек. Жаңа құрылысты қолдайтын барлық ұлттармен қарым-қатынаста жұмыс істеу керек. Біздің ұранымыз – бірігу және әділеттілік. Жер мәселесін тез арада талқылаңыздар. Біздің ұранымыз – «демократиялық республика»  мен жер мал шаруашылығы мен егіншіліктен табыс алатындарға берілсін»1. 25—28 наурызда өкіл ретінде ол кадет партиясының VII съезд жұмысына қатысты. Аграрлық мәселесін талқылаған кезде, сөз сөйлей отыра, А.Бөкейханов заңсыз тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтаруын талап етті.  1917 жылдың Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстан саяси шоғырында Уақытша үкімет органдары мен жергілікті Кеңестері қатарында үшінші күш ретінде облыстық және уездік қазақ комитеттерінің желісін құруда «қазақтарға бірігу қажет ...» тезисі өз бейнесін тапты, ал келешекте Ресейлік Демократиялық Республика құрамында Қазақ ұлттық автономиясын ұйымдастыру идеясына жетті. «заңсыз тартып алынған (патшалықпен) жерлерді қазақтарға қайтару»  тезисі бірыңғай қазақ мемлекет құрамындағы барлық байырғы қазақ жерлерін жинау идеясына жетті. Ақпан кезеңінен кейін қоғамдық-саяси дамудың түбегейлі сұрақтары бойынша ұлттық-либералдық қозғалыстың көшбасшылары Уақытша үкіметтің жағына ауысты. Оларда Уақытша үкіметтің оппозициялық Кеңес органдарына деген теріс көзқарас қалыптасты. Билікке ұмтылған әр түрлі күштердің бірігіп нығаю және топтану процесі өріс алғанда, қоғамдық-саяси жағдайдың көрінісі сондай болды. Қазақстан тұрғындарының барлық топтарын төңкеріс қозғалысқа әкелді. Петроград Кеңесіне арналған көптеген жеделхаттарда және митинг пен жиналыстардың бұрыштамаларында еңбекші елдер патшалық жек көрушлік жүйесін жойған жұмысшылар мен сарбаздарға ризашылықтарын білдірді. Төңкерістің бірінші күндерінде ұйымдасқан Петроград, Мәскеу және басқа Кеңестер Уақытша үкімет билігін құлату үшін және өз қолдарына алу үшін әжептәуір мықты болды, бірақ олардың басшылары Уақытша үкіметпен келісім жасауға бейімді болды, ақыр аяғында осы билік соңғының қолына ауысты. Қосөкіметтің шын мәнінде қалыптасуы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылығын, елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың ауытқушылығын, барлық өкіметке немесе империалистік буржуазия мүдделерін және оның одақтастарын қорғаған Уақытша үкіметке немесе жұмысшылар мен еңбекшіл шаруалардың, яғни әлеуметтік және ұлттық жәбірленуден зардап шеккен елдің көп тұрғындардың төңкерістік-демократиялық өкіметі болып есептелінетін Кеңестерге  ауысу шарасыздығын бейнеледі. Қазақстанда 1917 жылы наурызда Уақытша үкіметтің жергілікті органдары  - кәсіпкерлер, көпестер, шенеуніктердің мүдделерін бейнелеген облыстық және уездік атқарушы комитеттер барлық жерде құрылды. Осылай 1917 жылы 4 наурызда Петропавлдың буржуазиялық топтары эсерлердің және меньшевиктердің әділ  басшыларымен бірігіп қоғамдық қауіпсіздіктің коалициялық комитетін құрды, сол комитетке Петропавл уезінің ірі көпестері Черемисков, Казанцев, Нагаткин кірді. 1917 жылы 3 наурызда Көкшетауда көпестер мен шенеуніктердің жиналысында уақытша коалициялық комитет сайланды және уездік съездің шақырылуына дейін уездік өкімет органының міндеттерін соған жүктеді. 1917 жылы 5 наурызда Семей қаласында қоғамдық ұйымдар мен әскердің облыстық атқарушы комитеті құрылды. Наурыздың бірінші күндерінде Өскемен қаласында атқарушы комитет құрылды. 1917 жылы 9 наурызда «Семей атқарушы комитеінің бюллетені» Зайсан, Павлодар және Көкпектіде Уақытша үкіметтің уездік атқару комитеті – жергілікті органдарының ұйымдастырылуы туралы хабарлады. Буржуазия және шенеуніктер өкілдері өкімет органдарын Қазақстанның көптеген басқа қалаларында да басқарды. Қазақстан облысы мен уездерде Уақытша үкіметтің сенім тірегі казак комитеттері болды. Қазақстанның көптеген қалаларында ірі дүкендері мен сауда мекемелері бар татар, өзбек, ұйғыр көпестері «мұсылман», «татар» және тағы басқа комитеттер мен құрылтайларға бірікті. Буржуазиялық және шағын буржуазиялық итермелеудің саяси партиясын қолдайтын,  кулактар, казак басшылар, қазақ ауылының белгілі бай бөлігіне сүйеніп, Қазақстандағы Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, еңбекшілерді тонауын жалғастырды, империялық соғыстың ауыртпашылығын соларға жүктеді. В.И.Ленин анықтамасы бойынша орталық мемлекеттік өкімет шығарған заңға емес, ал төңкерістік тартып алуға, төменгі топтардағы халық санының тура бастамасына сүйенген жұмысшылар мен  шаруалардың төңкерістік-демократиялық диктатурасын ұсынған жұмысшылар, сарбаздар және шаруа депутаттарының Кеңестері елде, соның ішінде Қазақстанда да екінші өкіметі болып саналды. Қазақстанда жұмысшылар және сарбаздар депуттарының кеңесі орталық аудандарға қарағанда сәл кеш пайда болды – 1917 жылдың наурыз айында бірауақытта олардың бірігу процесі жүрді. Жұмысшылар мен сарбаздарға қарағанда шаруалық депутаттар Кеңесінің ұйымдасуы 1917 жылдың мамыр және маусым айында пайда болды. Қазақстандағы қос өкіметте арнайы еркшеліктер болды: жерлердің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайымен шарттасылған ерекшеліктер, оның көпұлттық және негізінен шағын буржуазиялық тұрғындарымен, Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлерінің орналасу ерекшеліктері. Қазақстан Кеңестері өздерінің пайда болған сәтінен бастап, әсіресе жұмысшылар және шаруалар депутаттарының Кеңестері интернационалдық болды. Оған орыстар, қазақтар, украиндар, татарлар, ұйғырлар, өзбектер және басқа халықтардың өкілдері кірді. Сарбаздар депутаттарының Кеңестеріне көбінесе орыстар, украиндар, аздап татарлар да енді. Қазақстан Кеңесінің жетекші рөлі көбінесе шағын буржуазиялық партияның, негізінде – әлеуметтік-төңкерістік партияның   құрамында болды. Бұл большевиктердің әлсіздігі мен аздығы, жергілікті жұмысшылардың аз ұйымдасуы және саяси дүмбілездігі, Қазақстан дамуының әлеуметтік-экономикалық деңгейінің төмен болуымен түсіндірілді. Уақытша үкімет жергілікті органдардың қалыптасу және елдегі Кеңестердің кең желісін ұйымдастыру кезеңінде (1917 ж. наурыз-сәуірдің басы) буржуазия мен төңкерістік демократияның күштері арасында белгілі өзара түсіністік болды, нығайтуға үрдісі бар атқарушы комитеттер мен жергілікті Кеңестер арасында тұрақсыз келісім орнады. Атқарушы комитеттер мен Кеңестер орындарында патшалық әкімшілікті жою бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізді, саяси тұтқындар мен жер аударылғандарды босатты, халық шаруашылығының кідіртуге болмайтын мәселелерін шешуге тырысты, 1916 жылдағы және т.б. көтерілістердің   ұлт-азаттыққа қатысушылары – Қытайдан қашқындарды қайтару бойынша  мүмкіндіктерді жасауға тырысты. Бірақ әлсіз келісім аяқталды. В.И.Лениннің қоныс аударудан келуі,  оның өзі «Сәуір тезистерінде» шығарылған талаптар мен шешімдері, VII (сәуір) большевиктердің өткен конференциясы аграрлық, ұлттық және мемлекеттік құрылысқа соғыс, бейбітшілік сұрақтары бойынша партиялық көпшілік пен үкіметтің, атқарушы комитеттері мен Кеңестердің ашық, ымырасыз қарсы тұруына курстарын белгіледі. В. И. Ленин қос өкімет буржуазия-демократиялық төңкерістен алыстап кеткенде, бірақ полетариат пен шаруашылықтың «таза» диктатурасына дейін жетпеген төңкерістің дамуында  ауысу сәтін ғана білдірді деп есептеді. Ол: «Барлық билік Кеңестерге!» жаңа кезең төңкерісінің ұранын анықтап,  әлеуметтік буржуазия-демократиялық төңкерістің ауысуына большевистік партияның курсын құрды – соны жүзеге асыру үшін Кеңестер қос өкіметін жою және бір қолдан басқарушылықты орнатуға әкелу керек еді. Бұл әлсіз азаматтық бейбітшіліктің бұзылуы, Уақытша үкімет пен Кеңестер  - екі биліктің ашық тайталасының басы дегенді білдірді. В.И.Ленин ұраны қолайлы тірекке түсті, себебі соғыс салдарынан пайда болған қиыншылықтар (аштық, қымбатшылық, жалпы күйзеліс, әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі) өсе берді. Бұл Кеңестердің большевиктендірілуі жылдам процесіне және Уақытша үкіметті құлату үшін, сонымен бірге Кеңес өкіметін орнату үшін олардың басты қаруына айналдыруға көмектесті. Оқиғаның осындай өрістеуі ұлттық-либералдық қозғалысты қиын жағдайға қойды. Оның басшылары 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында ұлттық облыстық және уездік комитеттері сайланған барлық Қазақстан бойынша облыстық және уездік қазақ съездерін өткізді.  Көбі Уақытша үкімет мен жергілікті органдардың әркеттерін қолдады, бірақ сол уақытта қазақ елді мекеніне деген әсерін нығайтуға тырысты. 1917 жылдың көктемінде ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары жетекшілік еткен Ақмола, Орал, Орынбор, Семей, Верный және т.б қалаларда болған және аграрлы, ұлттық мәселелерді, мемлекеттік құрылыс сұрақтарын талқылаған қазақ съездерінің қатысушылары осы мәселелер бойынша бағдарламаларды әлі әзірлей алмады. Қазақ халқының өкілдері Уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды: Торғай облысында – А.Бөкейханов, Жетісуда – М.Тынышпаев, Түркістанда – М.Шоқаев, бірақ олар ежелгі қазақ тұрғындардың мәселелерін шеше алмады, себебі шын мәнінде олар отаршылық әкімшіліктің шенеуніктері болды. Сонымен қатар Уақытша үкіметтің жалғасқан соғысы, халыққа қарсы саясаты еңбекшілерге ауыр ауырпалық болып түсті. 1917 жылы көктемде мен жазда  Қазақстанның барлық тұрғандар топтарының саясиландыру процесі күшейді. Отанға оралған тың жұмыстарына қатысуышалар және сарбаз-майдангерлер ауылдың саяси өміріне жаңа ағымды енгізді  (150 мың. адамдай). Олардың көбі ауылға саяси сауатты, азаттықа күресу үшін берік ниетпен келді. 1917 жылы жаз басында Каменец-Подольск ауданынан Жетісу қаласына келген тың жұмыстарына қатысушылардың бірі Жүсіп Бабаев келесі сөздерді жазды: «Біз Уақытша үкіметке деген наразылығын ... және кедейшілік пен батырақтылықты өзара ұйымдастыру қажетінің сенімін ауылдарға әкелдік. Біз өзімізбен бірге  Кеңес өкіметі үшін орыс пролетариат күресі үшін ... хабарламаны әкелдік»4. 1917 жылы маусым айының басында мылтық, қылыш және оқ-дәрілері бар  тың жұмыстарына қатысушылар  Павлодар арқылы пароходпен өтті5. 1917 жылы 26 маусымда Түркістан әскери округінің басшысы Казалинск, Перовск, Түркістан станцияларының барлық гарнизондық темір жол комиттеттеріне, Ташкент темір жолына «жергілікті жұмысшылардан  дәрімен атылатын, сондай-ақ суық қаруды алып қоя отырып, эшелондардың тиянақты қарауын өткізу» бұйрығын берді... Жолаушы поездін алып жүруші әскери бақылаушы мен  әскери қарауылшы жасағы жалғыз тәртіппен майдан жұмыстарынан келе жатқан жергілікті адамдарға аса көңіл аударсын»6. 1917 жылы көктем мен жазда тың жұмыстарына қатысушыларды біріктірген ұйымдар, жұмысшылар, сарбаздар және шаруа депутаттарының Кеңестеріне жанасқан қара жұмысшылар одағы мен төңкерістік-демократиялық жастардың ұйымы қазақ еңбекшілер ортасында құрылды: Түркістанға кіретін Қазақстанның оңтүстік облыстарында құрылған «Верный қаласындағы мұсылмандар жұмысшыларының біріккен одағы» (Қара жұмысшылар Одағы), Жаркенттегі Жұмыс одағы, мұсылман еңбекшілерінің Одағы (Иттифактар). Ақпан төңкерісінен кейін білім алған жастар мен ауыл ұстаздары (мұғалімдер) өкілдерін біріктірген жас ұйымдар мен үйірмелер пайда болды: Омбы қаласында – білім алып жатқан жастардың демократиялық Кеңесі, Ақмола қаласында – «Жас қазақ» («Молодой казах»), Спасск зауытында – «Жас жүрек» («Молодое сердце»), Петропавлда – «Талап» («Стремление»), Семейде – «Жанар» («Свет»), Әулие Ата Меркесінде – «Қазақ жастардың төңкеріліс одағы» және т.б.   Алғашқыда жастар ұйымдарының көбі алдына мәдени-ағартушылық міндеттерді қойды. Бірақ қоғамдық-саяси қозғалысының поляризация процесінде олар таптық, әлеуметтік және саяси мағынаның шешуіне тығыз келді. Төңкерістің даму шарты бойынша жастар ұйымдарының бірі Кеңестерге қосылды, мысалы, С.Сейфуллин басшылығымен «Жас қазақ» және  Т.Рысқұлов жетекшілік еткен «Қазақ жастардың төңкерістік одағы», ал басқалары ұлттық-либералдық зиялылар артынан барды. 1917 ж. 4-5 маусымда Петроград қ. еңбекшілер, сарбаздар, теңізшілердің әрекеттері Уақытша үкіметін қару күшпен басты. Санк-Петербург большевиктерін үмітті талқандауымен азаматтық соғыстың тікелей қаупі пайда болды. 7 маусымда В.И.Ленинді тұтқынға алу туралы бұйрық шықты, майдан мен тыңда большевиктердің қудалауы басталды. 1917 жылдың 11 маусымда Кеңестердің ОСК  қос өкіметті жою бойынша заңнамалық  әзірлеуін бекітіп, Уақытша үкіметке шексіз өкілдікті ұсынғаны туралы жариялады. В.И.Ленин  маусым оқиғаларынан кейін қалыптасқан жағдайларға байланысты  пролетариат өкіметіне бейбітшілік жолымен жету мүмкін еместігі туралы ойға келді. Сұрақ өткір қойылды: әскери диктатурасының жеңісі немесе қаруланған көтерілістің жеңісі. Сонымен бірге В.И.Ленин халықтың жаңа көтерілістік өрлеуі болған жағдайда,  жалпы ұлттық дағдарыс болған кезде ғана қарулы көтерілістің болу мүмкіндігін ерекше атап көрсеткен. 11) «АЛАШ» партиясы бағдарламасының жобасы

(Нұсқалардың салыстырма кестесі)

«АЛАШ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПРОГРАММАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

I

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]