- •1.Стандарттауға анықтама беріңіз
- •4.Метрология мен стандарттаулардағы нормативті-құқықтық аспектілерді атап шығыңыз.
- •5.Өлшеу процесінің элементтерін атап шығыңыз Өлшеу әдістері
- •18.Квалиметрияға анықтама беріңіз
- •19.Сапа жүйесінің элементтерін атап шығыңыз
- •19.Бақылау әдістерінің (сынау, өлшеу, талдау) стандартын талдаңыз.
- •7.Жанама өлшеулерді өңдеңіз
- •8.Өлшеу құралдардың қосымша қателіктерін реттеңіз
- •9.Температураны өлшеу каналының қателіктерін өңдеңіз
- •10.Тура өлшеулер нәтижелерін өңдеңіз
- •12.Өлшеу құралдарына тексеру жүргізіңіз
- •13.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын таңдаңыз және реттеңіз
- •14.Бақылау жабдықтарына тексеру жүргізіңіз
- •15.Сынау жабдықтарына тексеру жүргізіңіз
- •16.Өнім сертификаттауын жүргізу қағидаларын қолданыңыз
- •17.Өндірісті сипаттаудың негізгі сатыларын көрсетіңіз
- •19.Өлшеу құралдардың негізгі қателіктерін реттеңіз
- •20Жанама бірреттік өлшеулер нәтижелерін өңдеңіз
10.Тура өлшеулер нәтижелерін өңдеңіз
11.Қат-қабат байқаулары бар тура өлшеулер нәтижелерін өңдеңіз
Қат-қабат, тәуелсіз бақылаулармен түзу өлшеулердің нәтижелерін стандартты өңдеудің әдістемесі.
Өлшеулердің сапасын жоғарылату үшін өлшеу тәжірибеде қат-қабат бақылаулар өлшеулерге жиі бұрылады немесе бір оператормен бірдей жағдайларда бірақ қана өлшеу құралымен қолданылып бір реттік бақылаулар қайталанады. Алынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде кездейсоқ қателіктің өлшеулердің нәтижесіне ықпалын азайтуға болады. Бақылаулардың нәтижелерін өңдеу кезінде әртүрлі өлшеу әдістерін қолдануға болады. Қат-қабат, тәуелсіз бақылаулардың тікелей өлшеу нәтижелерін стандартты өңдеу әдістемесі және өлшеу нәтижелерінің қателіктерін бағалаудың негізгі түсініктемелері төменде келтірілген. Бұл әдістеме жұмыс істейтін МЕСТ 8.207-76 «Қат-қабат бақылаулар мен тура өлшеулер. Бақылау нәтижелерін өңдеу әдістері » рекомендацияларына сәйкес.
Сәйкестік әдістемемен бақылаулар қатарын өңдеуін келесі реттілікте орындауға болады:
а) бақылаулардың нәтижелерінен белгілі жүйелік қателіктерін шығару;
б) өлшеу нәтижесі болып қабылданатын, бақылаулардың түзелген нәтижелерінің орташа арифметикалық мәнін есептеу;
в) бақылау нәтижелерінің орташа квадраттық ауытқу бағалауын есептеу;
г) өлшеу нәтижелерінің орташа квадраттық ауытқу бағалауын есептеу;
д) бақылау нәтижелерінен өрескел қателіктерін және мүлт жіберуін жою;
е) өрескел қателіктері және мүлт жіберуі табылса, онда олар жойылғаннан кейін б)-г) пунктерін қайталау;
ж) бақылау нәтижелері қалыпты таралуына жатады деген гипотезасын тексеру;
з) өлшеу нәтижесінің кездейсоқ құрастырушы қателіктерінің сенімділік шекараларын есептеу;
и) өлшеу нәтижесінен шығарып тастамаған жүйелік қателіктерінің шекараларын есептеу;
к) өлшеу нәтижесі қателіктерінің сенімділік шекараларын есептеу;
л) анықталған талаптармен сәйкестікте өлшеу нәтижесін ұсыну.
12.Өлшеу құралдарына тексеру жүргізіңіз
13.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын таңдаңыз және реттеңіз
14.Бақылау жабдықтарына тексеру жүргізіңіз
Физикалық шама – физикалық объекттің сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сандық жағынан олардың әрқайсысы үшін өзіне тән болып табылатын қасиеті.
Өзіне тән қасиеті дегенде біз бұл қасиет бір объект үшін басқа объектілерге қарағанда бірнеше есе көп немесе аз болуы мүмкүндігін айтамыз. Физикалық шама мысалдары ретінде тығыздық, балқу температурасы, жарықтың сыну корсеткішін және тағы басқаларды келтіруге болады.
Физикалық шаманың бірлігі – мөлшері бекітілген, сандық мәні шартты түрде 1-ге тең тағайындалған физикалық шама.
Өлшеу – физикалық шаманың мәнін тәжірибелік жолмен арнайы техникалық құралдың көмегімен табу.
Өлшеуді жүзеге асыру үшін мыналардың болуы қажет:
физикалық шаманың;
өлшеу әдісінің;
өлшеу құралының;
оператордың;
өлшеуді жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлардың.
Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты – физикалық шаманың мәнін қолдануға ыңғайлы түрде алу.
Физикалық шама мөлшерімен, мәнімен, сандық мәнімен, нақты және дәл мәндерімен сипатталады.
