Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emtikh_Metrologi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.43 Кб
Скачать

7.Жанама өлшеулерді өңдеңіз

Жанама өлшеу – физикалық шаманың мәнін өлшенетін шамамен функционалды байланыстағы басқа физикалық шаманы тура өлшеу нәтижесінің негізінде анықтау.

Жанама өлшеу мына жағдайларда жүргізіледі:

  • өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеуге қарағанда жанама өлшеу арқылы табу жеңілге түседі;

  • шаманы тура өлшеу мүмкүн емес;

  • жанама өлшеу тура өлшегенге қарағанда төмендірек қателік береді.

Жанама өлшеудің теңдеуі:

мұндағы: y – ізделетін шама, тура өлшеу арқылы табылған х1, х2, хn аргументтердің функциясы болып табылады.

Жанама өлшеу мысалдары: металдың қаттылығын (НВ) диаметрі (D) белгілі болат шарикті белгілі салмақпен (Р) басып, ойылған жердің тереңдігін (h) алу арқылы мына формула бойынша табу:

Бір реттік жанама өлшеулерін өндеу әдісі.

Жанама өлшеулер – бұл өлшеулер кезінде шаманың ізделген мәнін табу үшін сол шаманың және тура өлшеулерге жататын шамалар арасындағы белгілі тәуелділікке негізделген

У = f (х1, х2, ..., х ,… , хm),

х – тура өлшеулер барысында анықталады.

Басқа сөзбен айтқанда, физикалық шаманың ізделген мәні өрнекпен есептелінеді, ал өрнекке кіретін шамалардың мәндері тура өлшеулер барысында анықталады.

Мысалы – актив қуатын өлшеу өрнегі бойынша есептеп табуға болады, ал ток 1 және кедергі R амперметрмен және омметрмен өлшенеді.

х шамалары тәуелсіз болса, онда өлшеу нәтижесінің қателіктері бастапқы шамалардың қателіктері арқылы келесі өрнектермен анықталады:

а) абсолюттік қателігі

;

б) салыстырмалы қателігі

.

8.Өлшеу құралдардың қосымша қателіктерін реттеңіз

Қателіктің көрініс түріне қарай абсолюттік, салыстырмалы және келтірілген ӨҚ қателіктерін ажыратады.

Өлшеуіш аспабының абсолюттік қателігі – аспап көрсетімі және өлшенетін шаманың шындық мәні арасындағы айырымы

.

(1.1)

үлгілі аспап көмегімен анықталады.

Өлшеуіш аспабының салыстырмалы қателігі өлшеуіш аспабының абсолюттік қателігінің өлшенетін шаманың шындық мәніне қатынасы

.

(1.2)

Өлшеуіш аспабының келтірілген қателігі - өлшеуіш аспабының абсолюттік қателігінің өлшенетін шаманың нормалайтын мәніне қатынасы

.

(1.3)

Нормалайтын мәні ретінде өлшеудің жоғарғы шегі немесе өлшеуіш аспабының өлшеу диапазоны қолданылады.

Қарастырылатын ӨҚ қателіктерін нормалау тәсіліне сәйкес рұқсат етілетін негізгі қателігінің шегі , нормалайтын мәнінің пайызы болып көрсетілсе, онда ол ӨҚ дәлдік класы санына тура келеді. Сонымен дәлдік класы, пайызы болып көрсетілген, келтірілген қателігіне тең болса, онда рұқсат етілетін негізгі абсолюттік қателігінің шегі келесі өрнекпен анықталады

9.Температураны өлшеу каналының қателіктерін өңдеңіз

Өлшеу нәтижесінің қателігін бағалаған кезде өлшеу құралының (ӨҚ) барлық нормалайтын метрологиялық мінездемелерін есептеу өте күрделі және көп еңбекті рәсім, тек жоғары дәлдікті өлшеу кезінде ақталатын. Өндірістегі өлшеулер кезінде мұндай дәлдік әр уақытта керек емес. Бірақ, өлшеу қателігінің инструменталдық құрастырушысы жөнінде анықталған ақпарат қажет болуы мүмкін. Мұндай ақпарат өлшеу құралының дәлдік классы деп беріледі.

Дәлдік классы – қорытындылған метрологиялық мінездеме (ММ), негізгі және қосымша рұқсат етілетін қателіктердің шектерімен анықталады, тағы да басқа дәлдікке әсер ететін өлшеу құралдарының қасиеттерімен анықталады. Дәлдік классы - өлшемсіз шама.

Дәлдік кластарын өлшеу құралдарын жасаған кезінде беріледі, ол үшін берілген типті өлшеу құралдарының көрнекі партиясы зерттеуден және сынаудан өтеді. Сонымен бірге рұқсат етілетін қателіктердің шектері нормаланады және өлшеу диапазонының ішіндегі қателіктердің өзгеру мінезіне тәуелді, олар абсолюттік, келтірілген немесе салыстырмалы түрде көрсетіледі.

ӨҚ қолдану шарттарына қарай келесі қателіктер ажыратыланады:

1) ӨҚ негізгі қателігі қалыпты жағдайда қолданатын ӨҚ қателігі. ӨҚ қалыпты жағдайында қолдану үшін келесі шарттар орындалу керек: әсер етуші шамалардың (қоршаған орта температурасы, барометрлік қысым, ылғалдылық, қоректену кернеуі, ток жиілігі және т.б.) мәндері қалыптасқан немесе мәндердің қалыптасқан облысының ішінде; ӨҚ кеңістіктік жағдайы анықталған; вибрациясы жоқ; сыртқы электрмагнитік өрісі жоқ, жердің магниттік өрісінен басқа. Қалыпты жағдайлар ӨҚ қолдануының жұмыстық жағдайлары болып табылмайды;

2) рұқсат етілетін қосымша қателіктің шегі деп, әсер етуші шаманың өзгеруі мәндердің кеңейтілген облысының шектерінің ішінде болғанында, ең үлкен қосымша қателігін түсінеміз. Бұл қателігіне сәйкес ӨҚ жарамды және қолдануға жіберілді деп саналады. Стандарттарда немесе техникалық шарттарында ӨҚ әрбір түріне әсер етуші шама мәндердің кеңейтілген облысы тағайындалады, оның шектерінің ішінде қосымша қателіктің мәні тағайындалған шектерден аспау керек

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]