Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emtikh_Metrologi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.43 Кб
Скачать

18.Квалиметрияға анықтама беріңіз

19.Сапа жүйесінің элементтерін атап шығыңыз

20.Сертификаттау түрлерін атап шығыңыз Сынау зертханасы (орталығы) өздігінен ұйым және заңды тұлға дәрежесіне ие, әрі сәйкестікті растау бойынша органның немесе басқа заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады. Орталықтың негізгі мақсаты нақты өнімнің сынауын немесе нәтижелердің анықтылығын және обьективтілігін қамтамасыз ететін стандартты әдістемелерді пайдалану арқылы сынаудың нақты түрлерін жүргізу болып табылады. Зертхана сынау хаттамаларын ҚР МСЖ НҚ орнатылған қалпында рәсімдейді. Қызметтер мен сапа жүйелерін сертификаттау жүйелері сынау зертханаларының сертификаттау процесінде қатысуын қажет етпейтінін білген жөн. Олардағы сәйкестікті бағалау бойынша барлық тәжірибелік жұмысты сертификаттау жөніндегі орган жүзеге асырады. Сынау зертханалары сертификаттау жөніндегі органға бағынады. Сертификаттау жөніндегі органның біреуінде сынаудың әр түрімен айналысатын бірнеше зертханалары болуы мүмкін. Сертификаттау жөніндегі орган және оның зертханалары әдетте, бір заңды тұлға, яғни фирма немесе кәсіпорын болып табылады.

Негізгі талаптар: тәуелсіздік, алаламайтындық, дербестік және техникалық құзырлық.

Тәуелсіздік үшінші тұлға дәрежесімен анықталады.

Алаламайтындық қызметте сынауларды жүргізу, шешімдер қабылдау және сынау хаттамаларын толтыру кезінде айқындалады.

Дербестік сынау зертханалары және олардың қызметкерлері қорытындыларға немесе бағаларға әсер етуге қабілетті коммерциялық, қаржылық, әкімшілік не басқа да қысымға ұшырамауы керектігінде анықталынады.

Техникалық құзырлық ұйым мен басқарманың сәйкес келуші құрылымымен, білікті қызметкерлердің, сынау үшін бөлме мен жабдықтардың, сапаны қамтамасыз ету жүйесінің құжаттарын қоса, сынау әдістері мен процедураларға нормативті құжаттардың бар болуымен расталады.

Талаптарға сәйкестік сынау зертханасы аккредиттеу кезінде тексеріледі. Сертификаттау жүйесі өнімді сынауға тек аккредиттелген зертханаларды жіберуді қарастырады.

2- деңгей сұрақтары

1.Мемлекетік метрологиялық  қадағалауды жүзеге асырудың тәртібін түсіндіріңіз Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау тексеру түрінде жүзеге асырылады. Тексерулер: жоспарлы (периодтық), жоспардан тыс (кезектен тыс) және қарымта тексеру деген түрлерге бөлінеді.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде:

  • жоспарлы тексерулер кемінде үш жылда бір рет тесерулер жүргізу графигіне сәйкес жүзеге асырылуы керек;

  • жоспардан тыс тексерулер мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық ережелер мен нормалардың бұзылғаны туралы ұсыныстар бойынша жүргізіледі;

  • қарымта тексерулер өкімдердің орындалуын бақылау мақсатында жүргізіледі.

Метрологиялық бақылалуды жүзеге асырғанда тексерулерді жүргізу тәртібін мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері тағайындайды.

2.Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нәтижелерін тұжырымдаңыз Метрологиялық бақылалуды жүзеге асырғанда тексерулерді жүргізу тәртібін мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері тағайындайды.

Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік

Бұзушылық табылған кезде жеке және заңды тұлғаларға, ескерту және басқа төмендегі шаралар қолданылуы мүмкін:

  • лицензияның күшін уақытша тоқтату;

  • аккретитациялау аттестатын алты айға дейін қайта шақырып алу;

  • кінәлілерді қылмыстық жауапқа тарту үшін материалдарды сотқа беру.

Заңнаманы бұзушылық үшін төмендегі мөлшерде айып салынады:

  • азаматтарға - 5-10 айлық есептік көрсеткішке дейін;

  • қызметік тұлғаларға – 50-100 айлық есептік көрсеткішке дейін;

  • заңды тұлғаларға – 200 айлық есептік көрсеткішке дейін.

Жоғарыда көрсетілген айыптар бұзушылықтың мына түрлері үшін салынады:

  1. мемлекеттік санаудан немесе метрологиялық аттестациялаудан өтпеген, сондай-ақ салыстырып тексерілмеген және жөнделмеген өлшеу құралдарын айналымға шығарғаны үшін;

  2. тиісті рұқсатсыз өлшеу құралын шығару, салыстырып тексеру, жөндеу, сату және жалдауға бергені үшін, сондай ақ стандарттық үлгілерді метрологиялық аттестациялаудан өткізу үшін;

  3. мемлекеттік қадағалауға жататын, бірақ сол мемлекеттік қадағалаудан өтпеген өлшеулерді орындау әдістемелерін қолданғаны үшін;

  4. өлшеу құралдарын пайдалану ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін;

  5. стандарттар және техникалық шарттардың талаптарының орындалуын, сертификаттау ережелерінің және метрологиялық ережелердің сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырушы органдардың ұйғарымдарын орындамағаны үшін.

3.Өлшеу құралдардың топтастырыңыз. Техникалық өлшеу құралдары негізгі 3 топқа бөлінеді:

1. Өлшем – бұл берілген өлшемде физикалық шаманы көрсетуге та-ғайындалған ӨҚ. Бірмәнді өлшем – бір өлшемдегі физикалық шама (гір тасы). Көпмәнді өлшем – бір атты шамалардың әртүрлі өлшемдегі қатары (сызғыш).

Стандартты үлгі – заттың құрамы немесе құрылымын сипаттайтын шама бірліктеріне арналған өлшем.

Үлгілік зат – бұл белгілі құрамы бар зат, затты дайындағанда бекітілген көрсеткіштерді сақтайды.

2. Калибрлер – берілген шекарада өлшемдерді, бөлшек пішіндерін және беттердің өзара орналасуын табу мен бақылауға тағайындалған құрылғылар болып табылады. Оларға тығындар, жақтамалар және бұрандалық калибрлер жатады.

3. Әмбебап ӨҚ – диапазонда нақты мәндерді анықтайды, олар берілген диапазонда өлшемді анықтай алатын калибрлерден осы қасиетімен ерекшеленеді.

4.Өлшеу құралдардың метрологиялық сипаттамаларын көрсетіңіз. Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасы – өлшеу нəтижесіне жəне оның қателігіне əсер ететін өлшем құралдарының қасиеттерінің бірінің сипаттамасы.

Өлшем құралдарының нормаланған метрологиялық сипаттамасы – нормативтік құжаттармен тағайындалған метрологиялық сипаттамалар.

Тəжірибелік түрде анықталатын метрологиялық сипаттамалар өлшем құралдарының шынайы метрологиялық сипат- тамасы деп аталады. Əдетте, өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары өлшем құралдарын пайдаланудың қалыпты жəне жұмыстық жағдайлары үшін нормаланады.

5.Өлшеу құрылғылардың статикалық сипаттамаларын көрсетіңіз. Өлшеу барысында уақыт бойынша физикалық шаманың мәні тұрақты болса, мұндай өлшеу - статистикалық деп аталады. Мысалы: денелердің: геометриялык өлшемдерін, массасын, ыдыс ішіндегі тұрақты қысымды, т.б. өлшеу. Егер өлшеу барысында өлшенетін шаманың мәні өзгеріп отыратын болса, онда мұндай өлшеуді динамикалық өлшеу деп атайды. Мысалы: өшетін тербелістің амплитудасын, жылдамдықтың лүпілін, т. б. өлшеу. Өлшеулер мәліметтерін алу әдісі бойынша өлшеулер тікелей, жанама, жиынтықты және үйлecімдi болып бөлінеді. Тікелей өлшеу деп ізделініп отырған мәнді тәжірибе барысында өлшеу құралының көмегімен бірден анықтауды айтады. Бұл жағдайда физикалық шаманың мәні өлшегіш құралды объектіге жанастыру (тиістіру) арқылы табылады. Мысалы: дененің өлшемін микрометрмен, уақытты секундомермен табу т.б. Жанама өлшеу деп табылатын шаманың мәнін өлшегіш құралды объектіге жанастырмастан, тікелей өлшеу нәтижелері мен ізделініп отырған шамалардың арасындағы белгілі функциялық тәуелділіктің көмегімен табуды айтады

6.Өлшеу құралдардың қателіктерін топтастырыңыз. Өлшеу əдістерінің қателіктері – қабылданған өлшеу əдісінің жетілмегендігімен шартталған өлшеу қателігінің тобы. Оны «əдістемелік қателік» деп те атайды. «Əдістемелік қателік» өлшеуді орындаудың шынайы əдістемесінің өлшеулер негізделген мінсіз теориялық ережелерге сəйкес келмеуінен пайда болуы мүмкін. Бұл қателіктер өз кезегінде екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа өлшеу кезінде немесе нəтижелерді өңдегенде жіберілген қателіктер, сонымен қатар есептеу кезінде жуықтау жəне ықшамдаудың əсерінен болатын қателіктер жатады. Ал екінші топқа өлшенетін нысанның идеалданған модельге сəйкес келмеуінен болатын қателіктер жатады. Көптеген жағдайларда жіберілген қателіктер өте аз болып, оларды елемеуге болады, бірақ оларды өте дəл өлшемдер кезінде оларды бағалап, есепке алып немесе түзетулер енгізу керек болады.

7.Стандарттарды топтастырыңыз. Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Стандарттау объектілеріне жалпы түрінде белгілі өнімдер, нормалар, талаптар, терминдер, әдістер, белгілеулер және т.б. жатады. Олар болашақта ғылым, техника, өндіріс және ауылшаруашылық саласында, құрылыста, транспортта, мәдениетте, денсаулық саласында және онымен қатар халықаралық саудада көп рет қолданылуы мүмкін. Мемлекеттік стандарттар көбінесе салааралық объектілерге қойылады. Жеке алғанда мемлекеттік стандарттау объектілеріне келесілер жатады: жалпы техникалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелер мен нормалар (дәлдік шектер мен қондырулар, шпонка, бұранда, шлицалы қосылыстар параметрлері, тісті дөңгелектер, беріліс дәлдік нормалары және т.б.). өнімнің сапа нормалары, көрсеткіштері, жалпы талаптары мен оларды бақылау әдістері, салааралық қолданылатын біртекті өнімдер, топтардың негізгі техникалық сипаттамалары мен пайдалану қасиеттері (сорғылар негізгі параметрлер қатары, металл кескіш станоктар дәлдік нормалары); салааралық өндіріс санитариясының және қауіпсіздік техника нормалары мен талаптары; ғылыми-техникалық терминдер, анықтамалар және белгілеулер, физикалық бірліктер мәндері; өлшеу құралдарын тексеру әдістері мен құралдары; конструкциялық, технологиялық, пайдалану және жөндеу жүйелерінің құжаттары; өндірісті ұйымдастыру және басқару саласындағы құжаттар жүйесі; маңызды өнімдер түрлері.

Салалы стандарттау объектілеріне келесілер жатады: машиналар, жабдықтар, приборлар, аппараттар және басқа сериялы және аз сериялы өндірістердің бұйымдары: қолданылуы шектеулі өнімдердің кейбір түрлері; сала ішіндегі қолданылатын технологиялық нормалар мен типті технологиялық үрдістер, технологиялық жабдықтар мен аспаптар, тетіктер мен құрастыру бірліктері; салалы стандарттау мемлекеттік стандартпен шектелуі мүмкін.

Республикалык стандарттау объектілеріне келесілер жатады: республиканың арнайы саласындағы өндіріске арналған нормалар мен ережелер; республика ішіндегі өндірістерде қолданылатын шикізат, материалдар және пайдалы қазбалар; тұрғындар мен ұжымдарға қызмет көрсету және басқа жұмыстарға қойылатын талаптар мен нормалар; республикалық және жергілікті бағынышты ұжымдар шығаратын ұлттық маркалы бұйымдар.

Ұжымда стандарттау объектілеріне келесілер жатады: жасалынатын бұйымдардың құраушы бөліктері, тетіктері мен жинақ бірліктері; өндірісті ұйымдастыру саласындағы ережелер мен нормалар және өнім сапасын басқару; технологиялық жабдықтар мен аспаптар; технологиялық нормалар, типті технологиялық сұлбалар мен нормалар, ұжымды тексеру сұлбасы.

Ұжым стандарты мемлекеттік республикалық және салалық стандарттармен шектелуі мүмкін. Жалпы техникалық және ұйымдастырушылык-әдістемелік стандарттар түрлерге бөлінбейді.

8.Процесс (қызмет) стандартын түсіндіріңіз. Процестер (жұмыстар) стандарттары өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өмірлік циклының жеке кезеңдерінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (тәсілдеріне, амалдарына, режимдеріне, нормаларына) талаптар тағайындайды. (Өнімнің өмірлік циклының негізгі кезеңдері: әзірлеу, шығару, сақтау, тасымалдау, қолдану, т.б.).

Процестер (жұмыстар) стандарттарына технологиялық операцияларды жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғауға талаптарын енгізуі керек.

Қазіргі күні сапа менеджменті жүйелері шегінде басқару процестерінің - құжаттарды сатып алуды, кадрларді дайындауды және т.б. басқару процестерінің стандарттары үлкен маңыз алып отыр. Басқару процестері – сапа жүйесі жұмыс кәсіпорындардың ұйым (фирмалық) стандарттарының типтік нысандары болып табылады.

9.Стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды тізімдеңіз ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады:

1) халықаралық стандарттар;

2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;

3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;

4) ұйымдар стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;

6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;

7) үкіметтік емес стандарт;

8) консорциум стандарты;

9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.

10.Сертификаттау жүргізудің ережесі мен тәртібін түсіндіріңіз. Сертификаттау жүйесі басқаруды да, процедураларды да өзінің ережелерімен жүзеге асыратын жүйе. ҚР сертификаттау жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу үшін Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құрылған.

ҚР сертификаттау жүйесін мемлекеттік органына (ҚР Мемстандарты), өнім, процес, жұмыс және қызмет сертификаттаудың аккредиттелген органы және аккредиттелген сынау зертханалары (орталықтары) жатады. Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесі (ҚР МСЖ) – ҚР сертификаттау мен аккредиттеу жұмыстарын жүргізу ретін орнататын, сертификаттау саласы бойынша жұмыстарды өз құзыреттілік шегінде жүзеге асыратын, мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалар жиынтығы.

Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясат жүргізу мен негізгі ережелер және сертификаттау ретін, сертификаттау органы мен сынақ зертханаларына талаптар және оларды аккредиттеу ретін, сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторларды дайындау мен аттестаттау ретін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің реестрін жүргізу ережелерін, аудит пен инспекциялық тексеру жүргізу ретін және т.б. сертификаттау мақсатын жүзеге асыруға қажетті талаптарды орнатады.

11.Міндетті сертификаттауға мысал келтіріңіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде өнімді міндетті және ерікті сертификаттау сертификаттаудың жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Міндетті сертификаттау сертификатталатын өнімнің техникалық регламенттің, стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың өмір қауіпсіздігін, адам денсаулығы мен дүние-мүлкін, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған міндетті талаптарға сәйкестігін растайды. Міндетті сертификаттауға жататын өнім тізімі бекітілген ретпен қабылданады. Сертификаттау жұмыстары сертификаттау жүйесінде бекітілген сұлбалар бойынша жүргізіледі.

12.Ерікті сертификаттауға мысал келтіріңіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде өнімді міндетті және ерікті сертификаттау сертификаттаудың жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Ерікті сертификаттау кезінде өтінім берішінің таңдауы бойынша алынған стандарт немесе басқада нормативтік құжаттардың талаптарына өнімнің сәйкестігі расталады. Барлығы оншақты сертификаттау сұлбалары бар

13.Бақылау өлшеуіш құралдарды топтастырыңыз. Барлық бақыланатын бұйымдардың жиынтығын есептейтін электроесептеуіштері бар сигнал шамдарын өлшеу шынжырларына қосу жолымен, өлшемді бақылау операциясымен бір уақытта технологиялық үрдістердің сапасын бағалауға арналған мәліметтерді алуға болады.

2. Индуктивтік – жұмыс істеу принципі бақыланатын бұйымның өлшемін өлшеу кезіндегі тұйықталған дросселдегі саңылаудың және ауыспалы ток шынжырында кедергінің өзгеруіне негізделген. Өлшенетін шама шынжырда ағып өтетін токтың шамасына анықталған тәуелділікте болады. Сорттау, реттеу, басқа басқарушы үрдістер арнайы релелердің көмегімен жүзеге асырылады

3. Сыйымдылықтық – жұмыс істеу принципі бақыланатын өлшем өзгергенде саңылаудың шамасы немесе конденсатор пластиналары арасындағы жабу ауданының өзгеруіне негізделген, яғни сыйымдылықтың өзгеруін туғызады. Сыйымдылықты өлшеу тек сезімталдығы жоғары аспаптарды қолданумен, жиілігі жоғары әдістердің көмегімен жүзеге асады.

4. Фотоэлектрлік – жұмыс істеу принципі төмендегідей, ақпаратты электрлік сигналдарға, түрлендіретін фотоэлементке өлшеу ағзасын орналастыру туралы ақпарат жарықтық сигналдар түрінде келіп түседі.

14.Стандарттаудың маңызы мен міндеттерін түсіндіріңіз. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;

  • өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.

  • өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;

  • өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапамәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

  • өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;

  • ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;

  • елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;

  • табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

15.Стандарттаудың пайда болуы мен даму кезеңдерін сипаттаңыз. Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын, стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану – бұның бәрі сол заманда стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел. Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, «стандартты» өлшемі бар кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады.

Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері – дүниежүзіне танымал болған шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған.

Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен әдістерін сол кезден бастап қолданған.

Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды. 19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді.

16.Стандарттаудың заңнамалық және нормативтік базасын көрсетіңіз. Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар.

Стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат. Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді: халықаралық стандарттар, өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары жатады

17.Стандарттау талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау принциптерін көрсетіңіз. Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады:

1) халықаралық стандарттар;

2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;

3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;

4) ұйымдар стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;

6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;

7) үкіметтік емес стандарт;

8) консорциум стандарты;

9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.

18.Мемлекетаралық  стандарттарды (МЕМСТ) топтастырыңыз. Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ТМД мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттермен (МТК) әзірленеді және міндетті және/ немесе ұсынылатын талаптарды тағайындауы мүмкін. Мемлекетаралық стандарт – міндетті және (немесе) ұсынылатын талаптары бар және олармен тікелей қолданылатын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық Кеңеспен қабылданған немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін құрудағы стандарттау және техникалық нормалау бойынша мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиямен қабылданған стандарт.

Мемлекетаралық стандарттау – мемлекетаралық мүддені көрсететін объектілерді стандарттау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]