- •1.Стандарттауға анықтама беріңіз
- •4.Метрология мен стандарттаулардағы нормативті-құқықтық аспектілерді атап шығыңыз.
- •5.Өлшеу процесінің элементтерін атап шығыңыз Өлшеу әдістері
- •18.Квалиметрияға анықтама беріңіз
- •19.Сапа жүйесінің элементтерін атап шығыңыз
- •19.Бақылау әдістерінің (сынау, өлшеу, талдау) стандартын талдаңыз.
- •7.Жанама өлшеулерді өңдеңіз
- •8.Өлшеу құралдардың қосымша қателіктерін реттеңіз
- •9.Температураны өлшеу каналының қателіктерін өңдеңіз
- •10.Тура өлшеулер нәтижелерін өңдеңіз
- •12.Өлшеу құралдарына тексеру жүргізіңіз
- •13.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын таңдаңыз және реттеңіз
- •14.Бақылау жабдықтарына тексеру жүргізіңіз
- •15.Сынау жабдықтарына тексеру жүргізіңіз
- •16.Өнім сертификаттауын жүргізу қағидаларын қолданыңыз
- •17.Өндірісті сипаттаудың негізгі сатыларын көрсетіңіз
- •19.Өлшеу құралдардың негізгі қателіктерін реттеңіз
- •20Жанама бірреттік өлшеулер нәтижелерін өңдеңіз
4.Метрология мен стандарттаулардағы нормативті-құқықтық аспектілерді атап шығыңыз.
Стандарттау нысандарының ерекшеліктеріне және тағайындалатын талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың төмендегі түрлері әзірленеді:
негізге алынатын стандарттар;
өнімдер мен көрсетілетін қызметтер стандарттары;
бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары;
процестер стандарттары.
Негізге алынатын стандарттар мыналарды тағайындайды:
белгілі әрекеттер саласы үшін жалпы ұйымдастыру - әдістемелік жағдайларды;
өнімді, процестерді (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді әзірлеу және пайдалану процестерінде әртүрлі ғылым, техника және өнімдердің өзара байланысын, техникалық бірегейлігін және өзара түсінушілігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар, нормалар мен ережелерді;
басқа да жалпы жехникалық талаптарды.
Кең түсінігі бойынша негізге алынатын стандарттардың нысандары болып мемлекеттік және салааралық маңызы бар нысандар: мемлекеттік стандарттау жүйесі, мемлекеттік сертификаттау жүйесі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, конструкторлық құжаттардың бірдей жүйесі (ЕСКД), өлшем бірліктері, салааралық маңызы бар терминдер мен анықтамалар (сапаны басқару, сенімділік, буып түю) және т.б. табылады.
Тар мағынадағы түсінігі бойынша негізге алынатын стандарт нақты жүйенің стандарттар комплекстерінде жалпы ережелерді анықтаушы стандарт болып табылады. Мысалы: ҚР СТ 1.0 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер».
Негізге алынатын стандарттарды былай бөлуге болады:
а) ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар. б) жалпа техникалық стандарттар. Бұлар тағайындайды:
ғылымда, техникада, өндірісте көп мәрте қайталанатын ғылыми-техникалық терминдерді
әртүрлі стандарттау нысандарының шартты белгілерін – кодтарын, символдарын, таңбаларын;
әртүрлі құжаттарды құру, баяндау, өндеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды;
техникалық қамтамасыз етуге қажетті жалпы техникалық шамалар, талаптар және нормаларды;
сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын
техникалық эстетика және эргономика талаптарын;
қауіпсіздік талаптарын және т.б.
5.Өлшеу процесінің элементтерін атап шығыңыз Өлшеу әдістері
1. Тікелей қатыссыз өлшеу – шаманың ізделінген мәнін тәжірибе мәліметтеріне қатыссыз табады. Әдіс өлшенетін шаманың мәнін қосымша әрекеттердің қатысынсыз табуға мүмкіндік береді. Әдістің артықшылығы – тездігі мен қарапайымдылығы, кемшілігі – дәлдігі төмен. Өлшеу құралдары – маноматерлер, штангенциркульдар, амперметрлер және т.б.
2. Дифференциалдық – өлшеммен, салыстыру жолымен өлшейтін әдіс. Бұл әдісте өлшеу құралына өлшенетін шама мен белгілі шаманың айырымы әсер етеді, сол арқылы өлшем алынады. Әдіс ірі өлшеу құралында дәл нәтиже алуға мүмкіндік береді.
3. Нөлдік– ертеден келе жатқан әдіс, өлшенетін шаманы мәнін белгілі шамамен салыстырады, салыстыру кезінде шамалардың айырымы нөлге тең болу керек. Әдістің кемшілігі – барлық өлшенетін мәндер үшін эталондық үлгілер қажет. Мысалы, әртүрлі номиналдағы гірлердің жиынтығы бар таразылар.
4. Салыстыру әдісі – бұл өлшеммен салыстыру әдісі, мұнда өлшенетін шаманы белгілі шамамен салыстырады (бір иықта өлшеу әдісі). Кеңінен қолданылатын Бордо әдісінің негізі мынада: таразының бір кесесіне өлшеу объектісін қояды, таразыны теңдікке келтіреді, ол үшін келесі кесеге, мысалы ағаш сияқты жүктерді қояды. Теңдікке қол жеткізген кезде өлшеу объектісін алып тастайды және оның орнына қайтадан теңдікке жеткенге дейін гірлер қойылады. Теңдікке жеткенге дейінгі қойылған гірлердің жалпы массасы өлшеу объектісінің массасын құрайды. Осылайша, өлшеу нәтижелерінен таразы иықтарының ұзындықтары дайындалуының қателігі алынып тасталынады.
5. Сәйкестілік – әдіс шкала белгілері мен периодты дабылдардың сәйкестілігін қолданады, өлшеу шкала белгілері мен периодты дабылдардың сәйкестілігі арқылы алынатын өлшенетін шама мен шама өлшемінің айырымы өлшеммен, салыстырумен жүргізіледі.
6.Дәлдік класы және рұқсат етілетін қателіктерді атап шығыңыз Өлшеу қателігі – өлшенген шама нəтижесінің шын мəнінен ауытқуы. Қателік мына өрнекпен анықталады:
D = X – Q,
мұндағы D – абсолютті өлшеу қателігі; X – физикалық шаманың өлшеу нəтижесі; Q – өлшенетін физикалық шаманың шын мəні.
Шаманың шын мəні əрдайым белгісіз болады (оны тек теориялық сынауларда пайдаланады) жəне тəжірибе жүзінде оның орнына шаманың нақты мəнін Хн қолданады, нəтижесінде өлшеу қателігі ΔХ өлш төмендегі формуламен анықталады:
ΔХөлш = Хөлш – Хн
мұндағы Хөлш – шаманың өлшенген мəні. Өлшеу қателіктері əртүрлі классификациялық белгіле бойынша классификацияланады.
Қателіктердің пайда болу көздеріне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:
- Өлшеу құралдарының қателіктері (оларды басқаша «аппараттық қателіктер» немесе «құралдық қателіктер» деп атайды);
- «Əдістемелік қателіктер» немесе «өлшеу əдісінің қателігі»; - Өлшеудің субъективті қателіктері («оператор қателіктері» немесе «жеке» не «тұлғалық қателіктер»).
Құралмен өлшеу қателігі – қолданылатын өлшеу құралының қателігімен шартталған құрамдас өлшеу қателігі. Құралдық қателіктерге барлық өлшеуде қолданылатын техникалық жабдықтардың жəне өлшеу нəтижелеріне əсер ететін қосымша құрылғылардың қателіктері жатады, сонымен қатар оған құрал қателігі, оны баптау шаралары, шунттар, қондырғы түйіндер немесе жалғау сымдары жəне т.б. қосымша кедергілер кіреді
7.Техникалық реттеудің негізгі мақсаттарын атап шығыңыз Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
1) міндетті регламенттеу саласында:
өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;
саудадағы техникалық кедергілерді жою;
2) стандарттау саласында:
отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;
табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.
8.Негіздік стандартқа анықтама беріңіз Негізге алынатын стандарттар мыналарды тағайындайды:
белгілі әрекеттер саласы үшін жалпы ұйымдастыру - әдістемелік жағдайларды;
өнімді, процестерді (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді әзірлеу және пайдалану процестерінде әртүрлі ғылым, техника және өнімдердің өзара байланысын, техникалық бірегейлігін және өзара түсінушілігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар, нормалар мен ережелерді;
басқа да жалпы жехникалық талаптарды.
Кең түсінігі бойынша негізге алынатын стандарттардың нысандары болып мемлекеттік және салааралық маңызы бар нысандар: мемлекеттік стандарттау жүйесі, мемлекеттік сертификаттау жүйесі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, конструкторлық құжаттардың бірдей жүйесі (ЕСКД), өлшем бірліктері, салааралық маңызы бар терминдер мен анықтамалар (сапаны басқару, сенімділік, буып түю) және т.б. табылады.
Тар мағынадағы түсінігі бойынша негізге алынатын стандарт нақты жүйенің стандарттар комплекстерінде жалпы ережелерді анықтаушы стандарт болып табылады. Мысалы: ҚР СТ 1.0 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер».
9.Өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйені сипаттаңыз Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру алдында тұр. Біз өмір сүріп жатқан жаһандану және интеграциялану ғасырында, қызметтер мен тауарлардың бүкіләлемдік нарығына халықаралық стандарттарсыз кіру мүмкін емес. Стандарттардын рөлін, мәнін мұқият игермей енудің өзі күдікті мәселе. Бұның себебі қазіргі таңда тұтынушыларды қанағаттандыратын сапа параметрлерін, шығарылатын өнімдердің ережелерін, нормаларын және деңгейлерін реттейтін стандарттаудың бүкіләлемдік мәнін жоғарылатудың қажеттілігін көрсетеді.Бұйымның сапалық параметрлеріне көзімізді анық жеткізу үшін, оларды өлшейтін құрылғылар, приборлар қажет, бұлар метрология ілімінің үлесіне кіреді. Стандарттарды ұтымды және оңтайлы түрде ендірген абзал. Жыл сайын стандарттау мен сертификаттау үрдісінде метрологияның рөлі, оның қажеттігі арта түседі. Бұл техника мен жоғарыда айтылған ғылымдардың дамуымен және нарықтың талаптарынан байқалуда.
Өнімдер сапасы мен стандарттаудың барлық талаптарының орындалуы үшін, сапаны обьективті тәуелсіз, сәйкестікке бағалау жүргізген жөн. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.
Қазіргі таңда барлық осы үш ұғым «техникалық реттеу» деп аталатын жалпы терминмен біріктірілген. Техникалық реттеу тек қана тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына, қызметтер мен тауарлардың қауіпсіздігіне техникалық регламенттер арқылы мемлекеттік бақылауды анықтайды, ал қалған жағдайларда тауар өндірушілер өз көзқарастарына орай дамыған нарықтың заңдарын жетекшілікке ала отырып әрекет етеді.
Қазақстан Республикасында стандарттаудың құқықтық негіздері 1993 жылы қабылданған «Стандарттау және сертификаттау туралы» ҚР заңымен орнатылды.
10.Өнім стандартын сипаттаңыз Өнімдер сапасы мен стандарттаудың барлық талаптарының орындалуы үшін, сапаны обьективті тәуелсіз, сәйкестікке бағалау жүргізген жөн. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.
Қазіргі таңда барлық осы үш ұғым «техникалық реттеу» деп аталатын жалпы терминмен біріктірілген. Техникалық реттеу тек қана тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына, қызметтер мен тауарлардың қауіпсіздігіне техникалық регламенттер арқылы мемлекеттік бақылауды анықтайды, ал қалған жағдайларда тауар өндірушілер өз көзқарастарына орай дамыған нарықтың заңдарын жетекшілікке ала отырып әрекет етеді.
11.Өнімнің сәйкестігін анықтаңыз Өнімдер сапасы мен стандарттаудың барлық талаптарының орындалуы үшін, сапаны обьективті тәуелсіз, сәйкестікке бағалау жүргізген жөн. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.
Қазіргі таңда барлық осы үш ұғым «техникалық реттеу» деп аталатын жалпы терминмен біріктірілген. Техникалық реттеу тек қана тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына, қызметтер мен тауарлардың қауіпсіздігіне техникалық регламенттер арқылы мемлекеттік бақылауды анықтайды, ал қалған жағдайларда тауар өндірушілер өз көзқарастарына орай дамыған нарықтың заңдарын жетекшілікке ала отырып әрекет етеді.
Қазақстан Республикасында стандарттаудың құқықтық негіздері 1993 жылы қабылданған «Стандарттау және сертификаттау туралы» ҚР заңымен орнатылды.
12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін анықтаңыз ҚР мемлекеттік стандарты (ҚР СТ) – міндетті және (немесе) ұсынылатын талаптары бар және тұтынушылардың кең шеңберіне түсінікті стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті орган бекіткен стандарт.
Мемлекеттік стандарттар өнімдерге, үрдістерге (жұмыстар), көрсетілетін қызметке, ұйымдастырушылық-әдістемелік және жалпытехникалық сипаттағы нормалар және талаптарға даярланады, мысалы: стандарттау бойынша жұмысты ұйымдастыру; өндіріске өнімді даярлау және қою; техникалық, басқарушылық, ақпараттық-библиографиялық құжаттамаларды ресімдеу тәртіптері; метрологиялық жалпы ережелер және т.б.
Мемлекеттік стандарттарда дәстүрлі технологиялардың мүмкіндіктерін басып озатын, отандық өнімдер, үрдістер, көрсетілетін қызметтердің бәсекелестігінің болашағын қамтамасыз ететін алдын ала талаптар белгіленеді. Өнімдердің, үрдістердің, қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны, азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүліктерін қорғауға арналған, техникалық және ақпараттық сәйкестікті, өнімдердің өзара алмастырылуын қамтамасыз етуге арналған, оларды бақылау әдістерінің бірыңғайлығы және таңбалаудың бірыңғайлығы үшін мемлекеттік стандарттармен белгіленген талаптар мемлекеттік басқару органдарымен, жекеменшіктің формасына қарамай жеке және заңды тұлғалармен сақталуы міндетті деп табылады.
13."Стандарттау туралы" Заңының тарауларын айтып беріңіз. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапамәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
14.Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды тізімдеңіз Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар.
Стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат. Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді: халықаралық стандарттар, өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары жатады.
15.Стандарттау талаптарын тізімдеңіз Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапамәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
16.Метрология негізі мен мазмұнын ашыңыз «Метрология» деген сөз гректің «метрон» - өлшем және «логос» - ілім дейтін екі сөзінен құралған. Метрология - өлшемдер, әдістер және құралдарды біріңғайлықпен қамтамасыз ету және қажетті дәлдікке жету тәсілдері жайлы ғылым.
Метрологияның негізгі мәселелеріне:
өлшеудің жалпы теориясы;
физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру;
өлшеудің әдістері мен құралдары;
өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы);
өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрологиялық жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология);
эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау;
эталондарды бірлік өлшемдерін тарату әдістері жатады.
Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі тегін (сызықтық, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен, сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты. Қазіргі заманғы метрология 3 түрден тұрады: заңнамалы, фундаменталды (ғылыми) және практикалық метрология.
17.Өлшеу түрлерін атап шығыңыз Техникалық өлшеу құралдары негізгі 3 топқа бөлінеді:
1. Өлшем – бұл берілген өлшемде физикалық шаманы көрсетуге та-ғайындалған ӨҚ. Бірмәнді өлшем – бір өлшемдегі физикалық шама (гір тасы). Көпмәнді өлшем – бір атты шамалардың әртүрлі өлшемдегі қатары (сызғыш).
Стандартты үлгі – заттың құрамы немесе құрылымын сипаттайтын шама бірліктеріне арналған өлшем.
Үлгілік зат – бұл белгілі құрамы бар зат, затты дайындағанда бекітілген көрсеткіштерді сақтайды.
2. Калибрлер – берілген шекарада өлшемдерді, бөлшек пішіндерін және беттердің өзара орналасуын табу мен бақылауға тағайындалған құрылғылар болып табылады. Оларға тығындар, жақтамалар және бұрандалық калибрлер жатады.
3. Әмбебап ӨҚ – диапазонда нақты мәндерді анықтайды, олар берілген диапазонда өлшемді анықтай алатын калибрлерден осы қасиетімен ерекшеленеді.
