Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emtikh_Metrologi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.43 Кб
Скачать

«Метрология, стандарттау және сертификаттау» пәнінен емтихан сұрақтары

1- деңгей сұрақтары

1.Стандарттауға анықтама беріңіз

Стандарттау деп барлық сұраныс жасайтын жақтарына пайда келтіретін белгілі саладағы іс-әрекетттерді ретке келтіру мақсатында белгіленіп қолданылатын ережелер жинағын айтамыз.

Стандарттаудың мақсаттары азаматтар өмірі мен денсаулығының, жеке және заңды тұлғалар мүліктерінің, мемлекеттік және муниципалдық мүліктің қауіпсіздік деңгейін арттыру, өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), өлшемдер бірлігінің, техникалық және экономикалық-статистикалық мәліметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, өнім (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сипаттамаларына, мемлекеттік тапсырыстардың орындалуына талдау жасауды өткізу, техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және құпияттау жүйелерін, өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тізімдемелеу жүйелерін, өнім (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сапасын қамтамасыз ету жүйелерін, мәліметтерді іздестіру мен беру жүйелерін жасау, біріздендіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және т.б. болып табылуы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді стандарттау мақсатында жүргізілген жағдайда егер бұрынырақта баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген сатып алу бойынша қорытындысында жеңімпаз ең төмен баға бойынша анықталса, сатып алуға 2-ден көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бұл түрін басқа Өнім берушінің тиісті техникалық сипаттамалары бойынша қоюы немесе өткізуі мүмкін екендігін есепке алу қажет. Мұндай жағдайда стандарттау мақсатында бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға болмайды, өйткені бұл ретте мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге бірдей мүмкіндіктер беру ұстанымы сақталмайтын болады.

2.Стандарттаудың  негізгі припциптерін атап шығыңыз. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;

  • өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.

  • өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;

  • өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапамәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

  • өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;

  • ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;

  • елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;

  • табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

3.Сертификаттауға анықтама беріңіз . Сертификаттау деген сөз латын тілінен аударғанда «бекіту, куәліктеу» (certificate- куәлік) дегенді білдіреді. Өнімнің сапалы, «дұрыс жасалынғандығына» көз жеткізу үшін, оның қандай талаптарға сай екенін және оның сәйкестігі туралы ақиқатты айғақтарды қалай алуды білу керек. Осындай айғақтың баршаға танымал әдісі сәйкестік сертификаты. Бүгінгі күні сертификаттау деп, үшінші бір жақтың ұқсастырылған өнімнің, процесс немесе қызметтің нақты бір стандартқа, нормативті құжатқа сәйкестігін дәлелдейтін іс-әрекетін айтамыз. Өнім өндірушілер мен оларды тұтынушыларға тәуелсіз «үшінші жақтың» жүргізген сынақтарының нәтижелері ақиқатты деп саналады. Үшінші жақ деп өндірушіге (бірінші жақ), тұтынушыға (екінші жақ) тәуелсіз деп танылған тұлға немесе органды айтамыз. Сонымен, сертификаттау – дегеніміз өнімнің, қызметтің, процестің белгіленген талаптарға сәйкестігін растап, жазбаша кепілдік беретін іс реті. ИСО/МЭК «сәйкестік» (Assurance of conformity – сәйкестігін дәлелдейді ) деген терминді ұсынып, нәтижесінде өнімнің (қызметтің, процестің) бекітілген талаптарға сәйкестігін растайтын өтінім берілетін іс реті екенін нұсқайды. Бұлар өнім өндірушінің сәйкестік туралы өтінімі (suppliers declaration – өндіруші өтінімі), өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігі туралы жазбаша кепілдігі, өнімге қатысты ақпараттарда, каталогтарда, пайдалану туралы нұсқауларда жазуға болатын өтінім, этикетка, жапсырылған жазба қағаз және т.б. болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]