*Жұқпалы аурулар*3*72*2*
#1479
*!Ер адам 30 жаста, ауруының 2-ші күні стационарға қаралды. Студенттік асханадан тамақтанғаннан кейін 2 сағат өткеннен соң жедел ауырды; эпигастрий, кіндік аймағындағы ауру сезімі, құсу 2-3 рет, улкен дәреті 5-7 рет күніне мазалаған.Түскен кезде; дене температурасы - 38С. Іші жұмсақ, пальпация ауру сезіммен кезінде эпигастрий және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -110/70мм с.б. бой.,Пульсі -100рет/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.
Нәжісті бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*Shigella sonnei
*Shigella flexneri
*Salmonella typhi
*+Salmonella enteritidis
*Entamaeba hystolitica
#1480
*!Әйел 52 жаста, терапевтке ауруының 2-ші күні қаралды. Шағымдары; ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш өту, бас ауру, сұйық нәжіс күніне 10 рет, тенезмдер жалған шақырулар. Қараған кезде: дене температурасы- 37,5С, АҚҚ 100/60мм с.б.бой., пальпация кезінде сол жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш пен қан араласқан. ЖҚА;эритроциттер.-4,0*1012/л, HB-145 г/л, лейкоциттері.-11,4*109/л, эозинофилдері-1%, таяқша ядролы -2%, сегментті ядролы -75%, лимфоциттер-18%, моноциттер ˗5%. ЭТЖ -17мм/сағ.
Қандай дәрі ең тиімді?
Аспирин
Мелдронат
Пенициллин
Доксициклин
+Ципрофлоксацин
#1481
*!36 жастағы ер адам қайталамалы құсу, іштің жиі өтуі шағымыдармен ауылдық ауруханаға жеткізілді. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 80/60 мм мм с.б. Пульс минутына 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Пальпация кезінде іші ауру сезімсіз. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.
Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?
Гормонотерапия
Десенсибилизация
Антибиотиктер қабылдау
+Т/і тұзды ерітінділер құю
Осмотикалық диуретиктер салу
#1482
*!26 жастағы ер адам қайталамалы құсу, әлсіздік, эпигастральды аймактағы ауыру сезіміне, 5-6 ретке дейін сұйық нәжіс шағымдарымен жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Эпиданамнезі: таңертең қуырылған тауық жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 85/60 мм мм с.б. Пульсі минутына – 95 рет. Іші жұмсақ, кіндік аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Қарынның тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі көп мөлшерде, сұйық, сасық иісті, жасыл түсті.
Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?
Гормонотерапия
Десенсибилизация
Антибиотиктер қабылдау
Осмотикалық диуретиктер қабылдау
+Асқазанды жуу, т/і және оральді тұзды ерітінділерді енгізу
#1483
*!Әйел адам 30 жаста, терапевтке ауруының 2-ші күні қаралды.Шағымдары: ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш өту, бас ауру, сұйық нәжіс күніне 15 рет, тенезмдер жалған шақырулар. Қараған кезде: дене температурасы- 38,1С, АҚҚ 90/60 мм с.б.бой., пальпация кезінде оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш пен қан араласқан. ЖҚА эритроциттер.-4,0*1012/л, HB-145 г/л, лейкоциттер.-11,4*109/л, эозинофилдер-1%, таяқшалы ядролар-2%, сегмент ядролы-75%, лимфациттер -18%, моноцитер-5%, . ЭТЖ - 17мм/сағ.
Нәжісті бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*Balantidium coli
*Salmonella typhi
*+Shigella flexneri
*Salmonella enteritidis
*Entamaeba hystolitica
#1484
*!Ер адам, 25 жаста, емханаға қаралды. Қонақта болғаннан соң 6 сағаттан кейін жедел ауырды; эпигастрий, кіндік аймағындағы ауру сезімі, 3-4 рет құсу, улкен дәретке жиі барау мазалады. Түскен кезде: дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастрий және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -90/60мм с.б. бой.,пульсі -100рет/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.
Қандай ем ең тиімді?
Макропен 500х2р
Амоксиклав 625х2р
доксициллин 0,1х 2р
Пенициллин 1,0х4р б/е
+Ципрофлоксацин 500х2р
#1485
*!39 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 39,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, бір рет құсқан пайда болған. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі (бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған) болған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған.
Қандай ем ең тиімді?
*Доксициклин
*Линекс
*Неомицин
*+Ципрофлоксацин
*Цефтриаксон
#1486
*!42 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 37,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, бір рет құсқан пайда болған. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі (бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған) болған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған.
Қандай ем ең тиімді?
*Доксициклин
*Ампициллин
*+Фуразолидон
*Цефазолин
*Гентамицин
#1487
*!34 жастағы ер адам ауруның 2-ші күні ішіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, іштің 15 ретке дейін өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. Температурасы 38,8ºС. Қан қысымы-100/70 мм с. б. Пульсі 92 рет\1 мин. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған. Қай диагноз ең ықтимал?
*Асқазан шайынды суы, нәжістің, зәрдің бактериологиялық себу
*+Нәжістің бактериологиялық себу
*Құсықтың, нәжістің, зәрдің бактериологиялық себу
*Өттің, нәжістің, зәрдің бактериологиялық себу
*Зәрдің, нәжістің бактериологиялық себу
#1488
*!Ер адам, 30 жаста ауруының екінші күні емханаға қаралды.Шикі қуырылған жұмыртқаны жегеннен 8 сағ кейін жедел ауырды.Шағымдары; эпигастрий, кіндік аймағындағы ауру сезімі,жүрек айну, 3-4 рет құсу,тәулігіне 5-7 ретке дейін іш өту. Түскен кезде; температура-38С.Пальпация кезінде эпигастрий және оң жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -100/70мм с.б. бой.,пульсі-100рет/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті жайылған, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.
«Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сайкес қандай дәрі ең тиімді?
Циклоферон
Азитромицин
Ремантадин
+Ципрофлоксацин
Рибавирин
#1489
*!Ер адам, 30 жаста ауруының екінші күні емханаға қаралды.Шикі қуырылған жұмыртқаны жегеннен 8 сағ кейін жедел ауырды.Шағымдары; эпигастрий, кіндік аймағындағы ауру сезімі,жүрек айну, 3-4 рет құсу,тәулігіне 5-7 ретке дейін іш өту. Түскен кезде; температура-38С.Пальпация кезінде эпигастрий және оң жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -100/70мм с.б. бой.,пульсі-100рет/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті жайылған, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.
«Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сайкес қандай дәрілік топ ең тиімді?
+Антибиотиктер
Вирусқа қарсы
Симптоматикалық
Иммуномодуляторлар
Десенсибилизирлеуші
#1490
*!Әйел адам, Үндістаннан бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді.Келгеннен кейін келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, АҚ – 80\50 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Кіші дәреті болмаған.
Ең тиімді емдеу тактикасы:
*Асқазан жуу
*Тазарту клизмасы
*Антибиотиктер
*Энтеросорбенттер
*+Тамыр ішілік регидратация
#1491
*!Әйел адам, Үндістаннан бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді.Келгеннен кейін келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, АҚ – 80\50 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Кіші дәреті болмаған.
Қандай антибактериалды ем ең тиімді
*Ампициллин
*Доксициклин
*Гентамицин
*+Ципрофлоксацин
*Азитромицин
#1492
*!27 жастағы ер адам ауруның 2-ші күні ішіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, іштің 10 ретке дейін өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. Температурасы 39,5ºС. Қан қысымы-100/70 мм с. б.. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.
«Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сайкес нәжістің бактериологиялық зерттеуі өткізілді.
Нәжісті бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*+Shigella boydii
*Balantidium coli
*Salmonella typhi
*Salmonella enteritidis
*Entamaeba hystolitica
#1493
*!Әйел, 32 жаста, ауырар алдында банкетте болған. Консервірленген саңырауқұлақ жеді,алкогольді ішімдіктерді ішті Ертеңінде бұлшықетінде әлсіздік, ауызының құрғауы,көруің нашарлауы, қабағының ауырлығы,жұтуының қиындауы, . Қарап тексергенде: Дене қызуы-36,8С, ТЖ-35 рет 1 мин.Стробизм. Екі қабағының птозы
Бастапқы емдеу тактиканызды көрсетініз?
*Асқазан жуу
*Тазарту клизмасы
*+Өкпенің жасанды вентиляциясы
*Тамыр ішілік сұйықтық еңгізу
*Ботулизге қарсы сарысу еңгізу
#1494
*!25 жастағы әйел адам ауруның 3-ші күні жұқпалы ауруханаға қаралады. Үйінде ысталған шұжық жигеннен кейін 1 тәуліктен соң ауырды Шағымдары; эпигастрий, кіндік аймағындағы ауру сезімі, жүрек айну, 3-4 рет құсу,тәулігіне 5-7 ретке дейін іш өту.. Үлкен дәреті жайылған, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. Клиникалық жазылудан кейін дәрігердің тағайындалған зерттеулер
«Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сайкес нәжістің бактериологиялық зерттеуі өткізілді.
Нәжісті бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*Shigella boydii
*Balantidium coli
*+Salmonella newport
*Entamaeba hystolitica
*Salmonella paratyphi A
#1495
*!Ер адам 27 жаста, терапевтке ауруының 10-шы күні қаралды.Шағымдары: ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш өту, бас ауру, сұйық нәжіс күніне 10 рет, тенезмдер жалған шақырулар. Қараған кезде: дене температурасы- 39,5С, АҚҚ 90/60 мм с.б.бой., пальпация кезінде сол жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш пен қан араласқан.
«Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сайкес нәжістің микроскопиялық зерттеуі жүргізілді.
Аталған зерттеу әдісінің нәтижесінде қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*Shigella boydii
*Balantidium coli
*Salmonella newport
*+Entamaeba hystolitica
*Salmonella paratyphi A
#1496
*!30 жастағы әйел адам ауруның 3-ші аптасында ішіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, іштің 10-15 ретке дейін өтуіне,тенезмге, жалған шақырулар шағымданды. Температурасы 37,5ºС. Қан қысымы-100/70 мм с. б. Пульсі 84рет\1 мин. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.
«Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сайкес ректороманоскопия өткізілді.
Аталан аспаптық зерттеу әдісінің нәтижесінде қандай өзгерістердің анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*Іріңді проктит
*Катаральді проктосигмоидит
*Қалыпты шырышты қабат
*+Аздап өзгерген шырышты қабаттағы жаралар
* Гиперемияланған шырышты қабаттағы жаралы өзгерістер
#1497
*!Бойжеткен қыз 18 жаста. Емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару, аяқ –қолдарындағы ұстамаларға шағымданып келген. Анамнезінен: барахолкада асханадан тамақтанған соң 4 сағаттан кейін жедел ауырған. Қараған кезде температура- 37,5С, терісі боз, көздері шүңірейген. Іші кепкен, пальпацияда эпигастрия аймағында ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 90̸ 60мм с.б.бой., пульсі 120 рет/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сұйық, көп, түсі «ет жуындысындай».
Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?
Гормонотерапия
Десенсибилизация
Антибиотиктер қабылдау
Осмотикалық диуретиктер қабылдау
+Асқазанды жуу, т/і және оральді тұзды ерітінділерді енгізу
#1498
*!Ер адам 30 жаста. Емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару, аяқ –қолдарындағы ұстамаларға шағымданып келген. Анамнезінен: барахолкада асханадан тамақтанған соң 6 сағаттан кейін жедел ауырған. Қараған кезде температура- 37,5С, терісі боз, көздері шүңірейген. Іші кепкен, пальпацияда ішіндегі ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 80̸ 40мм с.б.бой., пульсі 120 рет/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сұйық, көп, түсі «ет жуындысындай».
Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?
Гормонотерапия
Десенсибилизация
Антибиотиктер қабылдау
Осмотикалық диуретиктер қабылдау
+Асқазанды жуу, т/і және оральді тұзды ерітінділерді енгізу
#1499
*!36- жастағы әйел адам стационарға жатқызылды. 8 күн бойы басының ауруы, әлсіздік, қызба, ұйықысыздық байқалған. Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны.Жағдайы ауыр,дене қызуы 39,0С, науқас тежелген, сұрақтарға бір бағытта жауап береді, сөйлегісі келмейді. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде біркелкі элементік розеолезді-папулезді бөртпе.Тілі құрғақ,қабырғасын күлгін түсті жағынды басқан, шеткі аймақтарында тістің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағынан перкуторлық дыбысы тұйықталған, бауыры +1,0 см.
Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді?
+Левомицетин
Гентамицин
Тетрациклин
Цефазолин
Амикацин
#1500
*!Ер адам 40 жаста,ауру алдыңда қонақта болған. Салаттар, манта,үйде консервіленген қызанақ,қиярда жеген, алкогольдік ішімдіктер ішкен. Ертеңінде жүрек айнуы, 3 рет құсу, бұлшықетінде әлсіздік, ауызының құрғауы,көруің нашарлауы, қабағының ауырлығы,жұтуының қиындауы, шашалуы. Қарап тексергенде: Дене қызуы-36,8С, ТЖ-35 рет 1 мин.Стробизм. Екі қабағының птозы
Этиотропты емнің ең тиімді тактикасы қандай?
*Антибиотики
*+Ботулизмге қарсы сарысу
*Анатоксин
*Адамның иммуноглобулині
*Интерферон
#1501
! Әйел адам 25 жаста, Пакистанда бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 90\60 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған.
Нәжісті зерттеу барысында қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*Echerihia coli
*Shigella flexneri
*Salmonella typhi
*+Vibrio cholerae
*Entamaeba hystolitica
#1502
*!Әйел адам 42 жаста, Өзбекістанда бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 90\60 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған.
Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді?
*+Ципрофлоксацин;
*Тетрациклин;
*Нитрофурандар;
*Пенициллин;
*Эритромицин
#15031
! Әйел, 32 жаста, ауырар алдында банкетте болған. Ертеңінде бұлшықетінде әлсіздік, ауызының құрғауы, мидриаз, даусысының қарлығуы, жұтуының қиындауы, кенеттен ентігу пайда болған.
Алғашқы шара:
*Қан құю
*Гормон енгізу
*+Өкпені жасанды желдендіру
*Прозерин енгізу
*Адреналин енгізу
#1504
*!Әйел кісі, 44 жаста ауруының 3-ші күні терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. 4 күн бұрын қонақта болып маринадталған саңырауқұлақ жеген. Түскен кезде тыныс алуы қиындаған, есі анық, екі қабағының птозы, мидриаз, страбизм байқалған. Дауысы мыңғырлаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс-118 соқ/мин, АҚҚ 70/50 мм с.б.бой., Өкпесінде- төменгі аймақта тынысы әлсіреген, аздаған ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді.
Қандай ем ең тиімді?
Пробиотиктер
Симптоматикалық терапия
Антибактерилды терапия
Дезинтоксикациялық терапия
+Ботулизмге қарсы сары су
#1505
*!25 жастағы ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, дене қызуының жоғарылауына шағымданып түсті. Бір апта бойы ауырады. Аурудың басталуынан 2 апта бұрын 10 жастағы інісі балалар жұқпалы ауруханасына ұқсас клиникалық көріністермен түскен. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабыра доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бауыр консистенциясы тығыз-эластикалық. Зәрі қоңыр түсті.
Қандай ем шарасы ең тиімді болып табылады?
Ферменттер қолдану
+Дезинтоксикация
Иммунокорректорлар қолдану
Өт айдайтын дәрілер қолдану
Вирусқа қарсы дәрілер қолдану
#1506
*!19 жастағы ер адам профилактикалық тексеру кезінде вирусты гепатит маркерлеріне ИФА тапсырған. Нәтижесі: барлық көрсеткіштері «теріс».
Вирусты В гепатитті алдын алу шарасы қандай?
Анатоксин енгізу
Қорғаныс бетпердесін қолдану
Гамма-глобулин енгізу
+Арнайы вакцинация
Тек қана қайнаған су қолдану
#1507
*!18 жаста бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына, жүрек айнуына, құсуа, зәрдің қоңырлауына, көз склералары мен терісінің сарғаюына шағымданып түсті. Ауру бір апта бұрын басталған. Колледжде оқиды, тобындағы бір адам жұқпалы ауруханада емделуде. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жүрек айнуы, құсу жоқ. Тәбеті жақсарған. Тері жабындысы мен шырышты қабаттары сарғыш түсті. Тілі сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анқталады, тығыз-эластикалық консистенциялы. Нәжісі түссізденген, зәрі қоңыр түсті.
Иммунды-ферменттік анализ нәтижесінде қандай маркердің анықталуы ең ықтимал болып табылады?
HbsAg
Анти-HBcor IgM
+Анти-HAV IgM
Анти-HAV IgG
Анти-HЕV IgG
#1508
*!Әйел адам, Үндістаннан бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді.Келгеннен кейін келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, АҚ – 80\50 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Кіші дәреті болмаған.
Нәжісті бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қандай қоздырғыштың табылуы ең ықтимал болып табылады?
*Echerihia coli
*+Vibrio cholerae
*Shigella flexneri
*Salmonella enteritidis
*Entamaeba hystolitica
#1509
*!Науқас 40 жаста. Ауырғанына 13 күн болған. Шағымдары: жүрек айну, құсу, күндіз ұйқышылдық, түнде ұйқысыздық, иегінің қанталауы, зәрінің түсінің қараюы, үлкен дәретінің түсінің ахолиялық болуы. Біртіндеп ауырған, біріншіден әлсіздік, соңынан тәбетінің жоғалуы, буындарының ауруы, дене температурасының 37,3˚С қа дейін көтерілуі болған. 12-ші күні зәрінің түсі қарайып, нәжісі түссізденген. Қарағанда тері жамылғылары сарғайған, гепатомегалия.
Иммунды-ферменттік анализ нәтижесінде төменде көрсетілген маркерлердің қайсысы анықталуы ең ықтимал болып табылады?
+HbsAg
Анти-HСV IgM
Анти-HAV IgM
Анти-HAV IgG
Анти-HЕV IgG
#1510
*!Науқас 23 жаста, слесарь-сантехник, жатақханада тұрады, асханада тамақтанады. Бір апта бұрын ауырған: екі күн бойы дене температурасы 39-38,5˚С, әлсіздік, эпигастрий және оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі болған, тәбеті төмендеген.
Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері және шырышты қабаттардың аздаған сарғаюы байқалады. АҚ- 110/70 мм.с.б.б., пульс 60 рет мин. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауру сезімді. Бауыры қабырға доғасынан 2см -ге шығып тұр. Кіші дәретінің түсі «қою қайнатылған шәй» секілді.
Эпид.анамнез: 6 ай бойы парентеральді және оперативті шаралар болмаған.
Иммунды-ферменттік анализ нәтижесінде қандай маркердің анықталуы ең ықтимал болып табылады?
HbsAg
Анти-HСV IgM
Анти-HAV IgG
+Анти-HAV IgM
Анти-HЕV IgG
#1511
*!Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталған дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа және аяқ бұлшық еттеріндегі ауру сезімі байқалған. Келесі күні тобығында, табанында, санында геморрагиялық бөртпелер пайда болды. АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындаған: 5% глюкоза ерітіндісі,500,0 + 5% аскорбин қышқылы-10,0 к/т тамшылы түрде, «Трисоль» 500 мл к/т тамшылы түрде, пенициллиннің натрий тұзы 12 млн. бірл./тәулігіне б/е, баралгин 5,0 б/е.
Сипатталған клиникалық жағдайдағы дәрігер тағайындауларындағы қателік:
