- •1 Билет
- •1.Топырақ дегеніміз не толық анықтама беріңіз?
- •2. Жер қорларын қорғау және тиімді пайдалану шаралары?
- •3.Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
- •2 Билет
- •2. Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы?
- •3. Елді мекен жерлерінің құрылымы.
- •3 Билет
- •1. Топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым?
- •2. Топырақтағы микроэлементтер, олардың мөлшерлері?
- •3. Жерді қорғаудың негізгі мақсаттары?
- •4 Билет
- •1. Топырақ құнарлылығы?
- •2. Жерді суарудың негізгі әдістері?
- •3. Қазақстанда елді мекен жерлері қанша аумақты алып жатыр?
- •6 Билет.
- •7 Билет. 1-сұрақ. Мелиорация түрлері?
- •8 Билет.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •№ 10 Емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Топырақ қарашіріндісі деген не, оның маңызы?
- •2. . Жердің табиғи сулары, жіктелуі және құрамы, қасиеттері
- •1. Топырақ ортасының реакциясы?
- •2. Органикалық заттардың ыдырауы?
- •1. Топырақтың сіңіру қасиеті?
- •2. Ауылдық елді-мекен жерлерінің шекараларын орнату.
- •3. Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты суларының химиялық құрамы?
- •1. Пайдалы қазбаларды игеру кезінде топырақтың ластануы?
- •2. Топырақ түзілу процесі?
- •3. Мелиорация дегеніміз ?
- •17.Билет
- •18.Билет.
- •19.Билет
- •№ 23 Емтихан билеті
- •1. Топырақтағы алғашқы және екінші минералдар?
- •2. Жер учаскелерін жеке меншікке беру нормалары
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың механикалық құрамы?
- •2. Топырақ түзуші факторлар?
- •3. Топырақтағы судың маңызы?
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың ауыр металдармен ластануы және оны болдырмау шаралары?
- •2. Эрозиямен күресу жолдары?
- •3. Топырақтың тірі бөлігі?
7 Билет. 1-сұрақ. Мелиорация түрлері?
Мелиорация(лат. melioratio – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды (қара Қазақстанның ежелгі қалалары). Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды.
Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени-техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату) жүргізіледі. Мелиорацияның ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы. Мысалы, Шу өзенінің оң жағасындағы Георгиевка, Тасөткел суландыру жүйелері тиісінше 12 және 26 мың гектар жерді суландырады. Алматы облысында су сыйымдылығы 28 миллиард куб метр Қапшағай су қоймасы салынып, онымен 250 мың гектарға дейін жер суарылады. Орталық Қазақстандағы Ертіс — Қарағанды каналы облысы өндірісін, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Батыс Қазақстанда Орал — Көшім суландыру және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйесі салынған, осындай жұмыстар Қазақстанның солтүстігінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасында 100 миллион гектарға жуық жер суландырылған және 730 мың гектар көлтабан суару жүйесі пайдалануға берілген. Кейінгі кездері ауыл шаруашылығын қайта құруға және жерді жеке меншікке беруге байланысты мелиорацияның шағын түрлері де дами бастады. Мелиорация кең аймақтардағы табиғи ресурстарды (топырақ, су қорлары, орман, тағы басқа) адам қажетіне жаратуға көп мүмкіндік береді; атмосфераның жерге жақын қабатында ылғалдылық, температура және ауаның қозғалуына оң әсерін тигізіп, пайдалы өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдайлар жасайды; табиғи ортаны жақсарту арқылы адам өмір сүретін ортаны қалыпқа келтіреді.
2-сұрақ. Адамның іс әрекетінің топырақ түзу процесіне әсері?
В.В.Докучаев деректері бойынша топырақты құраушы, оның қалыптасуына қатысушы барлық факторлар ішінде, топырақ түзілуін мақсатқа сай өзгертуге қабілетті тек адамзат қоғамы ғана. Адамның табиғатты өзгерту процесі топыраққа тарайды. Бұл адамзат дамуның деңгейіне байланысты. Жер өңдеп, егіншілік басталғаннан бері орман аймағын өңдеу үшін от қою қолданды. Бұл кезде орман өртеніп, босаған жерлерге егін егілді. Жер тозған соң оны тастап, жаңа орман алқабы өртеліп, жаңа жерлерге егін егілген. Егіншіліктіңең ежелгі жүйесі – тыңайған жерді қолдану. Бұл жүйе падаланылған жер учаскелері тозған соң ұзақ уақытқа егімей бос қалдырады, ал тыңайтылған жерлер аз уақыттан соң қайта егіліп пайдаланылады. Бірте – бірте бос жерлер саны азайып, егіс аралық үзіліс уақыты азаяды (1 жыл). Осылайша жерді пар айдап пайдалану екі және үш ауыспалы геіс қолданылады. Бірақ жерді бұлай күштеп пайдаланутыңайтыш қоспау, агротехниканы төмен деңгейде қодану түсімді нашарлатып, өнім сапасын азайтты. Қазіргі егіншілік жүйесі топырақ құнарлылығын қолдауға, арттыруға бағытталған. Осы мақсатта топыраққа түрлі тыңайтқыш қосады, қышқыл топырақты әктейді, өңдеу процесін механикаландырады, егін егу айналымын ғылыми тұрғыдан негіздейді, топырақты азотқа байыту үшін ауыспалы бұршақ тұқымдас шөп егуді қолданады. Жеді мелнорациялау шаралары: құрғату, суландыру, эрозияға қарсы шаралар т.б. қолданылады. Топырақ өндіріс құралы ғана емес, еңбек өнімі де болады. Кейбір топырақтардың өзгертілуі соншалық оларды ерекше типке бөлуге болады.
3-сұрақ. Жерді рекультивациялау? Жерді қайта құнарландыру, рекультивация(лат. re — қайта не кері әсерді білдіретін қосымша және cultіvo — өңдеу) — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс. Жердің құнарсыздануы — әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен — жер асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді, техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар пайда болады. Жерді қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су құбырларын биологиялық, техникалық, және химиялықәдістермен қалпына келтіреді. Жерді қайта құнарландыру 2 кезеңде жүргізіледі; техникалық жерді қайта құнарландыру — бүлінген жерлерді халық шарушылығына мақсатты түрде пайдалану үшін жер бетін тегістеу, құнарлы және құнарландыруға болатын топырақ пен тау жыныстарын жиыстырып жер бетіне төсеу, жолдар салу, әр түрлі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салу, т.б.; биологиялық Жерді қайта құнарландыру — топырақтың құнарлы қабатын қайта қалпына келтіретін агротехникалық және фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу, топырақтың құрылымын жақсартатын процестердің жүруін тездету, құнарланған жерлерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалпына келтіру мен оның өнімін арттыру.
