Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_korgau_roza_bilet.docx камеллия.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.19 Кб
Скачать

3. Қазақстанда елді мекен жерлері қанша аумақты алып жатыр?

Елді мекен – адамдардың тұрақты қонысы. Ол үй-жайлардыңкәсіпорындардың, әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттар жиынтығынан тұрады және өзіне тән география атауы (топонимі) болады.

Елді мекендер қоршаған табиғи ортаның әсеріне және әлеуметтік-экономикалык жағдайға байланысты қалыптасады. Елді мекен кеңістіктік орналасуы (тығыз, бытыраңқы), халық шаруашылық қызметі, мөлшері (тұрғындарының саны), әкімшілік мәртебесі және т.б. сипаттары бойынша әр түрлі болып келеді. Көп жағдайда Елді мекен мен ондағы құрылыстардың сәулеттік ерекшеліктеріне жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрі әсер етеді.

Қазақстанда Елді мекендер бұл сипаттары бойынша ауылкентқала болып негізгі үш дәрежеге бөлінеді. Ауылдық Елді мекенге, сондай-ақ қыстақтарбалықорман ш-тарының орталықтары, т.б. жатады. Елді мекендер өзінің даму деңгейіне және әлеум. маңызының өзгеруіне сәйкес үкіметтің шешімі бойынша бір дәрежеден екінші дәрежеге көшіріліп отырады (мыс., ауылдық Елді мекеннің кентке, кенттің қалаға немесе қаланың кентке, кенттің ауылға айналуы).[1]

5-билет

1 сұрақ. Топырақтың пайда болуына қандай факторлар әсер етеді? Топырақ түзуге негізгі алты фактор қажет: 1. ауа райы; 2. тау жынысы; 3. жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі; 4. жер бедері; 5. аймақтық геологиялық жасы; 6. қоғамының өндіргіш. 1.Тірі организмдер мен олардың топырақ түзілуіне әсері.Олар өздеріне керекті көмірқышқылы газымен азотты ауадан ғана емес тастан да алды. Сөйтіп олар тіпті тасты бірті-бірте бұзып , бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстарыоларға таптырмас мекен болды. 2.Ауа райының топырақ түзудегі рөлі Өңдеу Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор климатқа яғни ауадан түсетін ылғал мөлшерінің ауа температурасының ыстық, суығына, үсіксіз уақыттың қысқа немесе ұзақтығына қарай әр жер әр түрлі өсімдік, жан-жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекетіне әр жерде әр түрлі топырақтар түзіледі. Мәселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада мәңгі тоң астында дамымаған, мәңгі жас құнары аз топырақ түзіледі, ал ауа райы жайлы, одан түсетін ылғалы мол, күн сәулесі жеткілікті аймақтарда құнары мол қара топырақ түзіледі.

2-сурак. Биосфера және экожүйе?

Жер планетасындағы ең ірі экожүйе – биосфера. «Биосфера» терминін алғаш тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін 1875 ж. атақты Австрия геологы Э.Зюсс қолданған.  Биосфера туралы ілімнің негізін 1926 ж. В.И.Вернадский салған. В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын, не ұшыраған бөлігін айтады. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Биосфераның тепе-теңдігінің сақталуын гомеостаз деп атайды. Жер биосферасының негізгі алуантүрлілігін тірі ағзалар жасайды, биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд кем емес тірі ағзалар болған.  Жер – 9 планета ішіндегі Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналатын Күннен кейінгі үшінші планета. Ол өз өсінен айналып тұрады. Жердің негізгі физикалық қасиеттері – пішіні, көлемі, массасы, тығыздығы, қысымы және температурасы. Жер пішіні және көлемі бойынша полюстері тұсынан қысыңқы келетін шар тәрізді планета. Жердің экватор бойының ұзындығы 40 мың км. Массасы 5,98 * 1024 кг. Тығыздығы қысым артқан сайын өседі. Температура әр қабаттар мен тереңдіктерде әртүрлі. Жер бетінің 71% әлемдік мұхит алып жатыр, тек қана 29% құрлықтың үлесіне тиеді.  Жер биосферасының пайда болуы мен дамуы оның көлемі мен пішініне және Күннен ара қашықтығына байланысты. Жер планетасының жасы 4,6 млрд жылды құрайды. 

3-сурак. Қала жерлерін тиімді пайдалану дегеніміз не?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]