- •1 Билет
- •1.Топырақ дегеніміз не толық анықтама беріңіз?
- •2. Жер қорларын қорғау және тиімді пайдалану шаралары?
- •3.Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
- •2 Билет
- •2. Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы?
- •3. Елді мекен жерлерінің құрылымы.
- •3 Билет
- •1. Топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым?
- •2. Топырақтағы микроэлементтер, олардың мөлшерлері?
- •3. Жерді қорғаудың негізгі мақсаттары?
- •4 Билет
- •1. Топырақ құнарлылығы?
- •2. Жерді суарудың негізгі әдістері?
- •3. Қазақстанда елді мекен жерлері қанша аумақты алып жатыр?
- •6 Билет.
- •7 Билет. 1-сұрақ. Мелиорация түрлері?
- •8 Билет.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •№ 10 Емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Топырақ қарашіріндісі деген не, оның маңызы?
- •2. . Жердің табиғи сулары, жіктелуі және құрамы, қасиеттері
- •1. Топырақ ортасының реакциясы?
- •2. Органикалық заттардың ыдырауы?
- •1. Топырақтың сіңіру қасиеті?
- •2. Ауылдық елді-мекен жерлерінің шекараларын орнату.
- •3. Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты суларының химиялық құрамы?
- •1. Пайдалы қазбаларды игеру кезінде топырақтың ластануы?
- •2. Топырақ түзілу процесі?
- •3. Мелиорация дегеніміз ?
- •17.Билет
- •18.Билет.
- •19.Билет
- •№ 23 Емтихан билеті
- •1. Топырақтағы алғашқы және екінші минералдар?
- •2. Жер учаскелерін жеке меншікке беру нормалары
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың механикалық құрамы?
- •2. Топырақ түзуші факторлар?
- •3. Топырақтағы судың маңызы?
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың ауыр металдармен ластануы және оны болдырмау шаралары?
- •2. Эрозиямен күресу жолдары?
- •3. Топырақтың тірі бөлігі?
4 Билет
1. Топырақ құнарлылығы?
Топырақ құнарлылығы – топырақтың өсімдіктер дүниесін қажетті қоректік заттармен және сумен, ал тамыр жүйесін оттекпен, жылумен және қолайлы физ.-хим. ортамен қамтамасыз ету қасиеті. Бұл топырақтың ең басты қасиеті. Топырақ құнарлылығы. биоценоздың жалпы өнімділігі мен а. ш. дақылдарының түсім мөлшерін анықтайды. Топырақ құнарлылығын екіге бөледі: табиғи және жасанды. Табиғи Топырақ құнарлылығы топырақ түзілу процесі нәтижесінде пайда болған топырақтың табиғи күйіндегі құнарлылығы. Ол қарашірінді қабатының қалыңдығына, қарашірінді құрамына, қоректік элементтердің жеткілікті болуына, топырақтың түйіршікті, минерал. және хим. құрамына, микробиол. процестердің қарқындылығына тәуелді. Жасанды Топырақ құнарлылығы сол табиғи құнарлылықты арттыру мақсатында қолдан жасалған көптеген әрекеттердің нәтижесінде (өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, дақылдарды егіп өсіру, мелиорация, т.б.) алынады және егілген а. ш. дақылдарының түсім мөлшеріне қарай бағаланады. Топырақты қорғап және оны дұрыс пайдалана білсе, оның құнарлылығы артады. Табиғи құнарлылығы төмен, егіншілікке жарамсыз топырақтарды да адам қолымен жақсартып, егіншілікке қарқынды пайдалану арқылы жоғары өнім беретін алқаптарға айналдыруға болады. Табиғи құнарлылық пен жасанды құнарлылықтың қо-сындысы – экон. немесе тиімділік құнарлылық деп аталады. Ғасырлар бойы адамзат қоғамы негізінен табиғи құ-нарлылықты пайдаланып, соның берген азды-көпті өнімін қанағат тұтып келді. Бұрынғы кезде ұзақ жылдар бойы егіншіліктің үш танапты жүйесі орын алып, онда тың жатқан жерлерді жыртып, оған үш жылдай қатарынан егіс еккен. Ол жерлерден табиғи құнарлылығы арқасында өнім алып, одан кейінгі жылдары өнім азая бастаған кезде егістікті басқа жерлерге ауыстырып егу тәжірибесі өріс алып келді. Мұны егіншіліктің көшпелі жүйесі деп те атады. Дегенмен ғыл.-тех. прогрестің даму нәтижесінде жерді үнемі дұрыс пайдаланған жағдайда, ол ешуақытта жарамсыз болып, істен шығып қалмайтыны белгілі болды. Керісінше жылдан-жылға жақсара түседі.
2. Жерді суарудың негізгі әдістері?
Суару— 1) топырақ ылғалдылығын арттыру үшін жүргізілетін жұмыс. Дақылдардың вегетациясы кезіндегі суару саны және суармалау нормалары белгіленіп жүргізіледі. Суару әдістеріне топыраққа суды жайып жіберу, жаңбырлатып, тамшылатып, жүйектеп, көлдетіп суармалау әдістері қолданылады; 2) суармалы жерге су жеткізу, болу, судың белгілі бір сандық таза көлемін пайдалану арқылы егістің өсіп-өнуі мен өнімділігін арттыруға жағдай жасау. Суару тәсілі негізгі және арнаулы болып бөлінеді.
Суару кезеңі- әрбір дақыл үшін олардың өсіп-өну жағдайына сәйкес топырақ ылғалдылығының қолайлы режімі. Шаруашылыққа жіберілетін судың жалпы мөлшерін анықтау үшін ондағы барлық ауыспалы егістікгерге арналған гидромодульдің үйлестірілген жалпы графигі құрылады. Осылай құрылған график шаруашылықтағы барлық дақылдарды суару режімін айқындайды.
Суару нормасы - 1) бір гектар жерді бір рет суаруға қажетті судың көлемдік мөлшері. Әдетте, суару нормасы бір гектар жерге бір текше метр мөлшерімен өлшенеді. Шаруашылыққа жіберілетін судың жалпы мөлшерін анықтау үшін ондағы барлық ауыспалы егістіктерге арналған гидромодульдің үйлестірілген (жинақталған) жалпы графигі (суарылу) уақыт және әр дақылға қажетті су көлемі аркылы құрылады. Бүл жағдайда шаруашылықтардағы суарылатын барлық егістік көлемі бірге тең деп есептесек, әрбір жеке ауыспалы егістік көлемі соның үлесі болып саналады. Үйлестірілген жалпы графикте ауыспалы егістің гидромодульдері кезекпен ауысып келіп тұрады. Ол үшін ординаталары алдын ала, жалпы шамасының тиісті мөлшеріне көбейтіледі. Осылай қүрылған график шаруашылықтағы барлық дақылдардың суару режімін сипаттайды. 2) бір гектар егістікке бір рет суарғанда берілетін судың мөлшері (м3/га). Суару нормасының өлшемді саны топырақтың сулы-физикалық қасиетіне, жер бедеріне, дақылға, суару тәсілі мен технологиясына байланысты болады. Суару нормасын анықтау кезінде топырақтың есепті қабатындағы ең төменгі ылғал сыйымдылығы негізге алынады.
Суару техникасы — суару жұмысын іске асыратын техникалық әдістер. Оларға: жүйекпен, тақтамен, мөлтекпен, жаңбырлатқышпен, тамшылатқышпен, құбырлармен суарғанда пайдаланылатын қондырғылардың суару элементтері жатады.
Суаруға арналған судың шығыны—жер суаруға арналған судың біраз бөлігінің суарылатын жерге жетпей жолда жоғалуы (сүзілу процесі мен булану). Судың пайдасыз жоғалу мөлшері гектарына миллиметр қабат, текше метр немесе жалпы көлемінің шығынымен өлшенеді. Қажетті су көлемін есептеу барысында шаруашылықтағы су шығыны (судың шаруашылықта тиімді пайдаланылмауынан болатын шығындар), судың табиғи шығыны (булану, өте терең жер қабатында өтетін сүзілу және т.б.) тәрізді шығындарды ескере отырып, суды пайдалану жоспарының теңдестігін есептеп шығарады.
