Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_korgau_roza_bilet.docx камеллия.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.19 Кб
Скачать

2. Топырақтағы микроэлементтер, олардың мөлшерлері?

Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай бірінші орында О мен Sі,

екінші Al мен Fe, үшінші Са мен Mg, солардан кейін Na, K т.б. элементтер орналасқан.

Топырақтың химиялық құрамы өзін түзген тау жыныстарының химиялық құрамынан

айырмашылығы көрінеді. Мұнда органикалық элементтердің мөлшерлері көп: көміртегі

20 есе, азот 10 есе артық. Сонымен қатар оттегі және сутегі мөлшерінің көп, ал алюминий,

темір, калий, кальций, магнийдің аз екені байқалады. Осы элементтер әр түрлі химиялық

қосындылар түрінде топырақ құрамына еніп, топырақ типтерін анықтайды. Өсімдіктер

мен топырақ арасындағы қарым-қатынасты белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы өте

зор. Көміртегі, сутегі, оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына кіреді,

минералды түрде олардың карбонатты тұздары кездеседі.

Оттегі су құрамында, гидроксидтер, алюмосиликаттар, бос қышқылдар және

олардың тұздарының құрамында болады.

Топырақтағы тағы бір үлесі мол элементтің бірі - кремний . Ол жер қабатындағы

минералды қосындылар құрамына кіріп, органикалық заттар құрамындағы көміртегі

сияқты маңызды рөл атқарады. Топырақта ең көп тараған кремний қосындыларының бірі -

кварц минералы SіO2. Кремний және кремний қышқылдарының тұздары силикаттар мен

алюмосиликаттар құрамына кіреді. Өсімдіктердің құрамында да кремний бар, мысалы, ол

дәнді дақылдарда 10% -дан 60%-ға дейін жетеді.

Алюминий алюмосиликаттар балшықты минералдар құрамында кездеседі.

Бұлардың биологиялық маңызы онша емес. Al2O3-тің топырақтағы жалпы мөлшері 1-

2%-дан 15-20%-ға дейін, ал ферралитті топырақтарда 40%-ға дейін жетеді.

Темір әр түрлі оксидті, гидроксидті және шала күкіртті қосындылардың құрамына

кіреді. Бұл элемент биологиялық жағынан өсімдіктердегі хлорофильдің түзілуіне

қатысады. Егер өсімдіктерге темір жетіспесе, олардың жапырақтары сарғайып хлороздеген ауруға шалдығады. Топырақтағы темір элементінің мөлшері әр түрлі. Мысалы

құмдақ топырақтарда 0,5-1,0%, лесс жыныстарында түзілген топырақтарында 3-5, ал

ферралитті топырақтарда 20-50%.

Кальций мен магний топырақта слюдалардың немесе басқа минералдардың

құрамында кездеседі. Бұлар тұздар түрінде бөлініп, басқа минералдың қосындыларымен

реакцияға түсіп, күкірт, фосфор қышқылдарының тұздарын құрайды. Бұл екі элемент те

өсімдіктерге өте қажет. Топырақта ол 1-3% мөлшерінде болады

3. Жерді қорғаудың негізгі мақсаттары?

Жерді қорғау - бұл, ең алдымен, оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау. ҚР Жер кодексінің 17 тарауы жерді қорғауға арналған, ал 139 бапта жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері анықталған. Бұл бапқа сәйкес,жерді қорғау қоршаған ортаның бір болігі ретінде жерді қорғауға,жерді ұтымды пайдалануға,жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға,сондай-ақ топырактын құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық ұйымдық,экономикалық,технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды. Жерді тиімді пайдалану ауыл мен орман шаруашылығында топырақтың құнарлылығын арттыру мен байланысты агротехникалық шараларды жургізу арқылы жер пайдалануды білдіреді. Жерді қорғау мақсаттары болып мыналар табылады: 1)Өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық,мелиорациялық және басқа да іс-шараларды жургізу арқылы жердің тозуы мен бүлінуін,шаруашылық қызметтін басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау. 2)Тозған немесе бүлінген жерді жасарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету. 3)Жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге енгізу. Жерді қорғаудың аталған мақсаттары мен міндттерінің барлығы нысаналы болып табылады,оларды жүргізу үшін жер туралы заңнамада ауыл және орман шаруашылығы өндірісі және құрылыс обьектісіне процесіне қатысатын жауапты тұлғалар белгіленген [16;212]. ҚР Жер кодексінің 140 - бабына сәйкес,жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар мыналарға бағытталған іс - шаралар жургізуге міндетті. 1) Жерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тутыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғауға 2) Ауыл шаруашылығы жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бутка мен шіпік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлануының өзге де түрлерінен қорғауға. 3) Бүлінген жерді жанғыртуға, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға. 4) Жердің бүлінуі мен байланысты жұмыстар жургізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сындырып алуға, сақтауға және пайдалануға. Жердің тозуын болдырмау ,топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтіру мақсатында , сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық радиоактивті және басқа да зиянды заттардың жол берілетін шектегі қоспаларының және жол берілетін жер денгейінің белгіленген нормативтерінен артық ластанған, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердің, сондай-ақ карантиндік зиянкестер мен өнімдік аурулары жұққан жердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жерді сақтап қою көзделеді. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының Жер кодексiне және осы ережеге сәйкес мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын орындауын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуларын табуды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiн сақтауды, жер кадастрын жүргiзу мен жерге орналастырудың дұрыстығын және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар мыналар болып табылады:  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi орган;  санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттiк органдары;  сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;  ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлетті орган).  Бұл органдар өз функциясын өзара бiр-бiрiмен iқимыл жасау арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптар Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптар нормативтік құқықтық актілермен, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]