Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_korgau_roza_bilet.docx камеллия.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.19 Кб
Скачать

3. Топырақтағы судың маңызы?

Топыраққа су жаңбыр , қар , бұршақ , шық түрінде түсіп отырады . Кейде ол топырақтың беткі қабаттарына төменнен көтеріледі. Бұл жер астындағы су немесе ыза суы топырақтың беткі қабатына таяу орналасқанда кездеседі. Су режимі дегеніміз - құбылыстар жиынтығы арқылы анықталатын топырақ ылғалының жиналуы жылжуы , жұмсалуы және оның физикалық жағдайын өзгеруі  Топырақтың су қасиетттері мен ылғалдылығы. Топырақтың су қасиеттеріне су сыйымдылығы яғни топырақ өзінің құрамындағы судың белгілі бір мөлшерін ұстап, сақтап тұруы жатады, оның бұл қабілеті  топырақтың су ұстаушы қасиеті  деп аталады.  Су режимі туралы түсінік Топырақ суы топырақ қыртысындағы әр түрлі минералдық тұздарға бай сұйық. Топырақ суын ауыз су ретінде, не шарушылық мақсаттарға пайдалануға болады. Топырақ суы өсімдіктер әлемінің негізгі қорегі, өсіп жетуіне қажетті су көзі. Құм топырақтар салмағынан 4-10 процентін, құмайт, құмды саздардың 10-30 процентін, саз топырақтардың 25-30 процеттен астамын топырақ суы құрайды. Топырақ суының мөлшері ауа – райына жыл маусымдарына сәйкес өзгеріп отырады. Топырақ ылғалдылығы әсерінің түрлері Топырақ ылғалдылығы өсімдікке екі түрлі әсер етеді: 1. Тамырдың өсуі мен тармақталуы топырақ ылғалдылығына байланысты 2. Өсімдіктің ылғалды қабылдауы топырақтағы ылғал мөлшеріне байланысты. Су тепе - теңдігі Топырақтың су тәртібінің мөлшер көрсеткіші , яғни ылғалдың жиналуы мен жұмсалуы жиынтығының барлық шамасын және белгілі бір кезең аралығында оның қорының өзгеруін су тепе – теңдігі деп атайды.  Топырақтағы судың түрлері: 1. Химиялық байланыс күйіндегі су 2. Гравитациялық су 3. Капилляр суы 4. Жарғақты су 5. Гигроскопиялық су 6. Қатты ылғал  Химиялық байланыстағы су:  Су көбінесе әр түрлі минерал кристалдарымен байланысты болады. Бұл су – заттың молекуласына гидроксид (OH) ион тобымен кіреді. Мысалы , Fe2O3 + H2O = 2Fe(OH)3 : ол топырақтан 400 – 800С жағдайында ажыратылады.  Топырақтағы биологиялық процестерге тікелей қатысады.

№ 25 Емтихан билеті

1. Топырақтың ауыр металдармен ластануы және оны болдырмау шаралары?

Топырақтың химиялық ластануы — топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Соңғы кездері мұнайға байланысты ластану жиі кездеседі. Мұнаймен ластанған топыраққа лады. Мұнайдан топырақтың химиялық ластануының төменгі деңгейінде топыраққа микрофлора мен өсімдік дамуын реттейтін тыңайтқыш енгізу керек. Үлкен мөлшердегі және ұзак мерзімдік ластанудан топырақта қайтымсыз өзгерістер жүреді — топырақ асфальтқа ұқсас массаға айналады. Бұл кезде едәуір ластанған қабаттарды алып тастауға тұра келеді.

Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді. Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]