Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_korgau_roza_bilet.docx камеллия.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.19 Кб
Скачать

№ 23 Емтихан билеті

1. Топырақтағы алғашқы және екінші минералдар?

Топырақтың минералдық құрамы.

Майда ұнтақталған тау жыныстары мен олардың топырақтағы минералды бөліктері өзінің пайда болу жағынан екі топқа бөлінеді: алғашқы және екінші. Алғашқы - магматикалық және метафорфикалық аса қатты үгілмеген минералдар. Екіншісі – жердің үгілу немесе топырақ қабаттарында алғашқы минералдардың көпжылдық үзіліссіз үгілуінің нәтижесінде, үгілудің соңғы аса майда ұнтақталған өнімдері түзілген минералдар. Көбінесе екі минералдар топтарының арақатынастары әр топырақтардың әр түрлі аймақтарда орналасуына және минералдардың үгілгіштігіне немесе үгілуіне берілмейтін қасиеттеріне қарай әр түрлі болуымен байланысты.Әдетте, неғұрлым ірірек, жеңілірек болса, соғұрлым оның құрамында тасы, құмы мол болады да, ал топырақ құрамы сазды, балшықты болған сайын алғашқы минералдар азайып, екінші минералдар көбейеді. Тіпті балшықты топырақтар түгелдей екінші минералдардан тұрады деуге болады.Ол жағдайға тағы әсер ететін жай – жыныстар мен топырақтарда созылған үгілудің ұзақтығы және үгу агенттерінің белсенділігі. Жылы, әрі ылғалды аймақтарда үгілу құбылыстары белсенді өтетіндіктен, ол өңірлерде негізінен екінші минералдар мол болады.

Алғашқы минералдар. Химиялық құрамы жағынан тау жыныстарындағы алғашқы минералдар – негізінен элементтердің қосылыстары, тотықтар мен силикаттар. Тотықтарға кварц SiO2, гепатит Fe2O3, магнетит Fe3O4, рутил TiO2 т.б, ал силикаттарға дала шпаттары, слюдалар, пироксендер, амфиболдар және оливиндер жатады. Кварц –ең кең тараған минералдағы тау жыныстарында ол 25-40% мөлшерде, ал кварцты құмдар мен құмтастарда 90%-дан астам мөлшерде, ал кварцты құмдар мен құмтастарда 90%-дан астам мөлшерде болады. Кремний оттегі қосылысы бекем қаңқалы құрылым түзгендіктен, үгілу құбылыстарына да берік болады. Сондықтан олар топырақтардың элювиалды қабаттарында қалдықты минерал ретінде көп кездеседі. Топырақты гематит пен рутил не бары 0,5 %–дай ғана.

Силикаттар – көп таралған минералдар тобы. Мұнда да кремний оттегі қосылыстары SiO4, берік төртбұрышты қаңқалы құрылым құрап, басқа иондар арқылы жалғасады.

Екінші минералдардың түзілуі. Сонымен жоғарғы сипатталған алғашқы минералдардың көп жылдар бойы әрі қарай үгілуінің нәтижесінде майда ұнтақталған, яғни екінші минералдар пайда болады. Алғашқы минералдарды үгуші агенттер: су, оттегі, көмір қышқылы, әр түрлі органикалық қосылыстар. Олардың минералдарға әсерлері негізінен төменгі құбылыстар арқылы жүзеге асады.

2. Жер учаскелерін жеке меншікке беру нормалары

Азаматтардың жер учаскесіне жеке меншік құқығын келесі ерекшеліктер сипаттайды:

1. Меншік иелерінің субъективтік күралы;

2. Жер учаскелерін нормалау;

3. Жер санаттары бойынша шектеу.

1. Жердің жеке меншік иелеріне ҚР азаматтары және мемлекеттік емес заңды түлғалары болып табылады /"Жер туралы" Жарлықтың 5-бөлімінің 30 бап/. Жерге меншік құқығының субъектісі болу үшін азаматтар ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес құқықтық және жұмыстық қабілеттері болуы керек.

Мұнда, жұмыс тәжірибесінің, біліктілігінің болуы /фермерлік шаруашылық жүргізу мақсатында жер учаскесін алу үшін/ қайтыс болған фермердің жерін мұралықка алу үшін онымен туыстығының болуы. Жер учаскесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болам деген азаматтарға арналған осындай талаптар тек Ресей Федерациясында емес, Германия, Франция, Швецияның, Дания, Австрия заңдарында да өрекет етеді.

Кейбір елдерде бұл шарттарға адамдардың жасы, капиталы немесе несиелерің бар жоқтығы кіреді. Занды тұлғалардың егер оның занды және жарғылық нысанасында ауыл шаруашылық болса кажетті өндіріс құралдары, мамандары болса осындайл құқыққа ие. Өкінішке орай Қазақстан Республикасының жер заңында бұл жағдайлар нашар жеткіліксіз, ноқтасыз келтірілген білім, дағды кәсіптік дайындық және басқалары керсетілмеген. Сондықтан алынған жер учаскелері өте тиімсіз немесе тіпті пайдаланбайды.

Азаматтардың меншігіндегі жер учаскелерін нормалау ҚР үкіметі арнайы нормативтік актілерді қабылдау арқылы жүзеге асырады. Бұл актілерде жер учаскелерін берудің шекті нормалы көрсетіледі. Мұнда жергілікті органдар өз қүзіретінде өздерінің нормаларын қабылдай алады. Бұл мәселеде Р.Ф. жергілікті органдарының өкілеттегі кеңірек. Қазақстанда шекті нормалардан басқа жеке меншіктікке жер учаскелерін тегін беру нормалардан белгіленген.

Азаматтар жеке меншігіне берілетін жерлердің категориясы бойынша шектеулер қойылған. Мылалы 1995 ж "Жер туралы" Жарлығнан 5-бөлімінің 33-бабында. азаматтардың жеке меншігінде бола алатын жерлердің түрлері қозғалмаитын мүлік ретінде керсетілген. Жер заңының дамуы жер учаскелеріне жеке меншік рұксат етілетін жер қоры санаттар санын көбейтуге бағытталған әсіресе ауыл шаруашылық жерлерге қатысты. Қазақстандағы жер реформасының 10 жылдық тәжірибесі ескеріліп, жаңа жер заңына бір қатар өзгерітер еңгізілгсн.

3. Антропогенді факторлардың литосфераға әсері?

Топырақ түзу процестеріне адам қоғамының тигізетін әсері. Адам өзінің саналы әрекеттерінің нәтижесінде жерді қолдан суарып немесе құрғатып, мелиорациялап, топырақтың табиғи даму құбылыстарына көп өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістердің көбі - топырақтың пайдалы қасиеттерін жақсартуға, топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралар. Жер жыртылып, топырақ өңделгеннен кейін табиғи өсімдіктер орнына мәдени дақылдар егіледі, ал олардың табиғи өсімдіктерге қарағанда топыраққа тигізетін әсері, әрине, өзгеше. Топырақтарды көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізуден топырақтардың бұрынғы табиғи қасиеттері өзгеріске түсіп, жаңа «мәдениеттелгенң сапалы топырақтарға айналады.

Соңғы онжылдықтар барысында анықталғандай, топырақ түзілу факторларының өзара әрекеттесуі заттың зор массасын қозғалысқа әкеледі. Тау жыныстары мен тірі ағзалардың әрекеттесуінің нәтижесінде өзіндік зат алмасу - химиялық элементтердің заңды түрде таралуы жүреді. Дәл сондай құбылыс тірі организмдер – атмосфера, тау жыныстары – түскен атмосфералық су, т.с.с. жүйелерде де жүреді. Топырақта бұл үрдістер ерекше кернеулі жүреді, өйткені топырақтүзілудің барлық факторлары бірдей бір мезгілде қатысады. Басында химиялық элементтердің қозғалысы белгілі мөлшердегі тұйық айналымшеңберлер (кругооборот) түрінде жүреді деп болжанған. Кейінірек топырақтағы заттың айналымы көптүрлі, ал негізгі мәнге миграцияның тұйықталмаған циклдері ие екені анықталған. Топырақтүзілу кезінде өтетін миграция үрдістері өз кезегінде бүкіл биосфераны қамтитын жалпыпланетарлық циклдерге кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]