Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_korgau_roza_bilet.docx камеллия.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.19 Кб
Скачать

19.Билет

1. Топырақтың құрылымы. Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілітүйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кішілі жңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементтермен: құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымының пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттардан бастап одан әлденеше есе үлкен микроагрегаттар бар. Агрегаттарының көлемі 1 мм-ден-10-мм-ге дейінгі топырақ-бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.

2. Минералдық тыңайтқыштың тиімділігінің жоғары болуы көбінесе қолдану әдістері мен тәсілдеріне байланысты. Тыңайтқыш қолданудың үш тәсілі бар: негізгі тыңайтқыш (егін сепкенге дейін және оны себудің алдында), тұқым себумен бірге және егін сепкеннен кейін үстеп қоректендіру. Тыңайтңышты қолданудың мынадай жолдары бар: жаппай шашу, ұяға, қатараралыққа беру және қорға қалдыру.

Негізгі тыңайтқыш өсімдіктерді бүкіл өсу вегетациясы кезінде қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін, әсіресе олардың қарқынды өсіп-дамитын кезеңінде беруге арналған. Бұл тәсіл бойынша өсімдікке қажетті тыңайтқыштың басым мөлшері беріледі. Негізгі тыңайтқыш күзде сүдігер жырту кезінде, көктемде сүдігерді қайта жырту кезінде немесе терең қопсыту алдында беріледі. Тыңайтңышты топырақтың астыңғы ылғалды қабатына сіңіреді, сонда барлық өсу кезеңінде өсімдіктер оны жақсы қабылдай алады. Жаппай шашу кезінде танапқа тыңайтқыш біркелкі түспейді, сондықтан бұл әдіспен берілетін барлық тыңайтқыштың 40-70% -ы шашылады.

3. Таужыныстарының үгілуі (морылуы) деп ауаның, су мен тірі организм-дердің әсер ету нәтижесінде жер бетіндегі минералдар мен таужыныстарының бұзылып ыдырауын айтады.

Таужыныстарының үгілу қарқындылығы оның әр түрлі физика-механикалық касиеттеріне және химиялық төзімділігіне байланысты. Таужыныстардың негізгі қасиеттеріне олардың беріктілігі, түсі, еру қасиеті, қат-қабаттылығы және тағы басқа қасиеттері жатады. Таужыныстарының беріктілігі олардың механикалық әсеріне төзімділік көрсетуі, мысалы, біртұтас қатты порфирит немесе кварцитке ұқсас жұмырланған магмалық таужыныстар баяу, бәсең үгіліп, жер бетінде дөңес бедерлерді құрайды, ал икемді, жұмсақ таужыныстар керісінше сыртқы, экзогендік әсерінен жылдам бұзылып шайылып кетіп жер бетінің ойыс пішіндерін түзеді.

Табиғат факторларына байланысты үгілудің үш түрі бар. Олар: физикалық, химиялық және органикалық. Физикалық (механикалық) үгілуге температураның өзгеруі, таужыныстарының жарықшақтарында судың қатуы мен еруі, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеті, булану, су құрамындағы тұздардың кристалдану процестері жатады. Физикалық үгілу барысында таужыныстарының кесек тастары температураның күрт өзгеруіне байланысты көлемін бірде үлкейтіп, бірде кішірейтіп тұратындықтан шытынап сынады. Мұндай жағдайлар шөлді аймақтарда және биік таулы өлкелерде жиі кездеседі. Әсіресе күн мен түннің ауысуына байланысты ауа температурасының тәуліктік ауытқуынан таужыныстарының күндіз қатты қызып, түнде сууының зор маңызы бар. Температура жоғарылаған сайын таужыныстарының сыртқы бөлігі күн сәулесінен, ішкі бөліктерінен гөрі молырақ қызып, көлемі ұлғаяды олар да нәтижесінде жарылып бұзылады. Таужыныстарының жылу өткізгіштігі біршама төмен болғандықтан олардың сыртқы қабаттары қабыршақтанып, ішкі массадан бөліне бастайды. Ал, температура төмендеуінен таужыныстарының сыртқы қабаттары ішкі қабаттарға қарағанда жылдамырақ суиды. Сөйтіп, алма-кезек жылыну мен суыну себебінен тіпті ең төзімді, берік таужыныстарының өзін бұзып ыдыратады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]