- •1 Билет
- •1.Топырақ дегеніміз не толық анықтама беріңіз?
- •2. Жер қорларын қорғау және тиімді пайдалану шаралары?
- •3.Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
- •2 Билет
- •2. Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы?
- •3. Елді мекен жерлерінің құрылымы.
- •3 Билет
- •1. Топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым?
- •2. Топырақтағы микроэлементтер, олардың мөлшерлері?
- •3. Жерді қорғаудың негізгі мақсаттары?
- •4 Билет
- •1. Топырақ құнарлылығы?
- •2. Жерді суарудың негізгі әдістері?
- •3. Қазақстанда елді мекен жерлері қанша аумақты алып жатыр?
- •6 Билет.
- •7 Билет. 1-сұрақ. Мелиорация түрлері?
- •8 Билет.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •№ 10 Емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Топырақ қарашіріндісі деген не, оның маңызы?
- •2. . Жердің табиғи сулары, жіктелуі және құрамы, қасиеттері
- •1. Топырақ ортасының реакциясы?
- •2. Органикалық заттардың ыдырауы?
- •1. Топырақтың сіңіру қасиеті?
- •2. Ауылдық елді-мекен жерлерінің шекараларын орнату.
- •3. Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты суларының химиялық құрамы?
- •1. Пайдалы қазбаларды игеру кезінде топырақтың ластануы?
- •2. Топырақ түзілу процесі?
- •3. Мелиорация дегеніміз ?
- •17.Билет
- •18.Билет.
- •19.Билет
- •№ 23 Емтихан билеті
- •1. Топырақтағы алғашқы және екінші минералдар?
- •2. Жер учаскелерін жеке меншікке беру нормалары
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың механикалық құрамы?
- •2. Топырақ түзуші факторлар?
- •3. Топырақтағы судың маңызы?
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың ауыр металдармен ластануы және оны болдырмау шаралары?
- •2. Эрозиямен күресу жолдары?
- •3. Топырақтың тірі бөлігі?
3.Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы Өмірбек Оспанұлының есімімен тікелей байланысты. Мәскеудегі Тимирязев ауыл шаруашылық академиясының топырақтану және агрохимия мамандығын алған Ө.Оспанұлы КСРО Ғылым академиясының В.В.Докучаев атындағы Топырақтану институтының аспирантурасына түсіп, 1936 жылы геология-минерология ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғап шықты. Бұл кезде Ө. Оспанов топырақтану саласынан қазақ ұлтынан шыққан, алғашқы ғылыми дәрежесі бар ғалым болғанын мақтанышпен айтуға болады.
Ғылыми дәрежесі бар ғалым алғаш КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалында геология секторында аға ғылыми қызметкер, кейінірек филиал төралқысының төрағасы К.С.Сәтбаевтың орынбасары бола жүрып, болашақ Қазақ Ғылым академиясының негізін қалауда көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Ө.Оспанұлы Қазақстанда топырақтану секторын ұйымдастыру мәселесін көтеріп, оған басшылық ету үшін елемізге аты белгілі профессор А.И. Безсоновты шақырды.
Сонымен республикамызда тоыпрақ зертеуші алғашқы ғылыми ұжым пайда болды. Отан соғысы жылдарының басында Алматыға көшіп келген КСРО Ғылым академиясы Докучаев атындағы Топырақтану институтының директоры Л.И:Прасолов бастаған, кейінірек академик болған И.П: Герасимов, профессорлар М.А. Глазовская, Е.В.Лобова т.б қосылды. Сонымен Қазақстан топырақтары жан-жақты ғылыми негізде зерттеле басталды.
2 Билет
1. Топырақтың морфологиясы?
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән белгілі бір морфологиялык құрылым, пішітүзіледі. Топырақ осы құрылымына қарай өзі түзілген тау жыныстарынан, сондай-ак бір-бірінен жақсы ажыратылады. Далалық жағдайда топырақтың морфологиялык құрамын зерттеген кезде тік қазылған шұнқырлар пайдаланылады. Бұл әдісті алғаш рет топырактану ғылымының негізін салушы Докучаев қолданды, ол қазірге дейін іс жүзінде топырақты далалық жағдайда зерттеудің негізгі әдісі болып келеді. Докучаев топырақты негізгі үш кабатка бөлген. Бірінші кабат А — негізгі қарашірікке боялған, топырақтын, құнарлы қабаты; екінші өтпелі қабат В—түсі ашығырақ, бірте-бірте тау жынысына ауысады; үшінші қабат С — топырак түзуші аналық жыныс қабаты. Топырақ қабаттарын бөлудің, бұл жүйесі осы күнге дейін сакталыпкеледі, оларды А1 ,А2, В1, В2, С1,С2 т. б. етіп белгілейді.
Т - торфты горизонт; А - орман төсеніші қабаты; G - глейлі горизонт; D - төсеніш қабат; С -
қабаттардың астында жататын, одан қасиеттері ерекше келетін тау жынысы қабаты; L - өте қатты, темір қосылыстары көп қабат.
2. Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы?
Топырақтағы ластағыш заттар үш бағытта нормаланады:
1) ауыл щаруашылығында пайдаланатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттар мөлшері;
2) кәсіпорынның территориясындағы улы заттардың жинақталуы;
3) елді-мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтар сақтайтын жер топырғының ластануы;
Егістік қабатындағы улы химикаттарды нормалауға екі көрсеткіш қолданылады:
---ШРКт – топырақтың егістік қабатындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/кг. Бұл концентрацияадамның денсаулығына тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалану қабілетіне де;
--- топырақтың егістік қабатындағы заттектердің уақытша рауалы концентрациясы мг/кг. Уақытша норматив белгілі 2-3 жыл мерзімге дейін белгіленеді. Оны есептеу арқылы анықтайды.
Бұл проблема сусцессиялар теориясымен, түр әр алуандылығы және ценоздық қарым-қатынастың ерекшелігі мәселелерімен байланысты. Келешекте адамның орнықты және орнықсыз экожүйелерді оңтайлы мөлшерде арнайы аралас орналастыруы, агроценоздарда реттеуші механизмдерді қолдауы тұр, бұндай зерттеулер келешекте биосфераның принцивті түрде жаңа құрылымдық бөлімдерін- бірінші орынға орнықтылық, тұрақтылық, өнім түзу процесінің ең жоғарғы эффективтілігі сияқты ерекшеліктер қойылатын табиғи- шаруашылық экожүйелерін құруға мүмкіндік береді
Экологиялық индикация. Бұған теориялық мәселелер, сондай-ақ, өнеркәсіптің, ауыл шаоуашылығының, теңіз транспортының әр түрлі салаларының мұқтажымен және адамның тіршілік ортасын сақтау қажеттілігімен тығыз байланысты мәселелердің үлкен тобы кіреді.
Экологиялық индикация міндеті- ландшафтың кейбір компоненттерін мен элементтерінің ерекшеліктерін анықтау және олардың өзгеру бағытын нақтылы жағдайда тіршілік етуші организмдердің түр құрамы арқылы айқындау. Экологиялық индикация торырақ типтерін диагностикалау және топырақ түзу процесі бағытының өзгеруін анықтау үшін, су мен ауаның сапасын анықтау үшін, пайдалы қазба байлықтарды, әсіресе шашыраңқы орналасқан, әдеттегі геологиялық және геофизикалық әдістермен табылмайтын кендерді іздеуде кеңінен қолданылады.
