- •1 Билет
- •1.Топырақ дегеніміз не толық анықтама беріңіз?
- •2. Жер қорларын қорғау және тиімді пайдалану шаралары?
- •3.Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
- •2 Билет
- •2. Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы?
- •3. Елді мекен жерлерінің құрылымы.
- •3 Билет
- •1. Топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым?
- •2. Топырақтағы микроэлементтер, олардың мөлшерлері?
- •3. Жерді қорғаудың негізгі мақсаттары?
- •4 Билет
- •1. Топырақ құнарлылығы?
- •2. Жерді суарудың негізгі әдістері?
- •3. Қазақстанда елді мекен жерлері қанша аумақты алып жатыр?
- •6 Билет.
- •7 Билет. 1-сұрақ. Мелиорация түрлері?
- •8 Билет.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •№ 10 Емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Топырақ қарашіріндісі деген не, оның маңызы?
- •2. . Жердің табиғи сулары, жіктелуі және құрамы, қасиеттері
- •1. Топырақ ортасының реакциясы?
- •2. Органикалық заттардың ыдырауы?
- •1. Топырақтың сіңіру қасиеті?
- •2. Ауылдық елді-мекен жерлерінің шекараларын орнату.
- •3. Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты суларының химиялық құрамы?
- •1. Пайдалы қазбаларды игеру кезінде топырақтың ластануы?
- •2. Топырақ түзілу процесі?
- •3. Мелиорация дегеніміз ?
- •17.Билет
- •18.Билет.
- •19.Билет
- •№ 23 Емтихан билеті
- •1. Топырақтағы алғашқы және екінші минералдар?
- •2. Жер учаскелерін жеке меншікке беру нормалары
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың механикалық құрамы?
- •2. Топырақ түзуші факторлар?
- •3. Топырақтағы судың маңызы?
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың ауыр металдармен ластануы және оны болдырмау шаралары?
- •2. Эрозиямен күресу жолдары?
- •3. Топырақтың тірі бөлігі?
18.Билет.
1.Гумин қышқылдары – табиғи жаңғыш кендерге (шымтезек, қоңыр көмір, тас көмір) сілті ерітіндісімен əсер еткенде қою қоңыр түске боялатын органикалық заттар. Сілті ерітінділеріне минералды қышқылдармен бейтараптану реакциясын жүргізсе, аморфты қоңыр түсті тұнба түзіледі /1/. Көмір түзілуінің шымтезек сатысында өсімдік қалдықтары жер қыртысында əртүрлі микроорганизмдердің əсерінен гумин қышқылдарына айналады. Табиғатта гумин қышқылының түзілуінің тағы бір жолы – тотығу процесі. Бұл процесс атмосферадағы немесе судағы еріген оттегінің көмірге немесе басқа органикалық заттарға əсер етуі арқылы жүреді. Шымтезек пен қоңыр көмірден алынған гумин қышқылдары көмірдің тотығуы процесінде түзілген гумин қышқылдарынан көміртегінің сутегіне қатынасы бойынша ерекшеленеді /2/. Гумин қышқылдары – құрылымдары ұқсас, молекулалық салмақтары бойынша ерекшеленетін органикалық қосылыстардың жиынтығы. Ерігіштік қасиеттеріне қарай оларды үш түрге бөлуге болады: суда еритіні – фульвоқышқылдар, спирттерде еритіні – гиматомелан қышқылдары жəне суда да спирттерде де ерімейтін, бірақ сілтілерде еритін түрі – гумус қышқылдары. Гумин қышқылдарының негізгі бөлігін осы гумус қышқылдары құрайды. Бұл қосылыстардың құрамына гиматомелан, гумус, фульвоқышқылдарымен қоса аминоқышқылдар, пептидтер, полисахаридтер жəне көптеген микроэлементтер кіреді. Гумин қышқылдары мен олардың тұздарының практикалық маңыздылығы физика-химиялық сипаттамаларымен түсіндіріледі. Бұл сипаттамаларға ионалмастырғыштық, сорбциялық жəне гидрофильді қасиеттері жатады. Сілтілік металдардың суда еритін тұздары гидрофобты жəне гидрофильді фрагменттері арқылы фазалар бөлінуінің əртүрлі беттерінде адсорбцияға қабілетті жəне беттік активті заттар сияқты қасиет көрсетеді. Сол себепті сілтілік металдардың гуматтары құрылымдық-механикалық қасиеттерді реттеуші жəне өндірістік маңызды дисперсті жүйелер мен материалдарды тұрақтандырушы ретінде қолданылады. Гуминді қосылыстардың құрамы мен құрылысын зерттеу маңызды мəселелердің бірі болып табылады. Гумин қышқылдары сорбенттер, гидролиз процесінде катализатор ретінде, фотосенсибилизатор жəне сөндіргіш заттар ретінде қолданылады, жарықты жұтатын жəне жарық энергиясын басқа сулы ерітінділерге тасымалдай алатын қасиет көрсетеді..
2. Топырақ – күрделі дене, ол бірнеше фазалардан тұрады:қатты фаза (минералдық және органикалық), сұйық фазасы (топырақ ерітіндісі), газды фазасы (топырақ ауасы) және тірі өте тығыз байланыста болады.
Сонымен бірге топырақ ашық жылжымалы жүйе, өйткені ол биосфераның басқа жүйелерімен үздіксіз қаврым-қатынаста баста тұрады.
Топырақтың табиғи дене ретіәндегі ерекшелігі – ол өте күрделі зат құрамындағы және негізгі көрсеткіштерінің өзгерулерінің заңдылықтары бар болуы.
Топырақтың қатты фазасы топырақтың табиғи көлемінің 50-60% –ын алады.Қатты фаза құрамына топырақтың минералды және органикалық бөліктері жатады, ал минералды бөлік топырақтың қатты фазасының негізін құрайды. Топырақтардың құнарлы қара шіріндісіне (гумусқа) бай қабатының үлесіне бүкіл қатты фазаның 90-95% ы, төменгі қабатына 99% және одан да жоғары пайыз тиеді. Топырақтың минералды құрамы негізінен топырақ түзуші жыныстардың минералдыңқ құрамын сақтайды.
Топырақтағы сұйық фазасы – бұл топырақтағы ылғал, топырақ ерітіндісі. Топырақтағы құрамы және көлемі бойынша оның өте жылжымалы бөлігі. Сұйық фазаны – топырақ денесінің «қаны» деуге болады, себебі ылғалдың топырақта тік және көлденең жылжуы нәтисесінде топырақ пішінінде қабаттар бөлінеді.
Топырақтың газды фазасы – топырақтағы судан бос кеуектерді толтырып тұрған ауа. Оның құрамы атмосферадағы ауадан өзгеше болады.
Топырақтың тірі фазасы – бұл топырақты мекендейтін және топырақ түзу процесіне қатысатын тірі организмдер.
Табиғатта топырақтар осы барлық фазаларының бірлігі арқылы бір физикалық дене сияқты қызмет етеді.
Топырақтың фазаларының құрамдары туралы төменде жеке-жеке айтылады.
3. ХХ ғасырда Ресейде топырақ зерттеу жұмыстары негізінен топырақтың географиялық жұмыстарымен байланысты болды. 1908 жылы Ресейдің бас көші – қон басқармасы сібір мен Орта Азияға да (Қазақстанды қоса) топырақ- ботаникалық экспедициялар ұйымдастырды. Бұл жұмыстарды К.Д.Глинка басқарды. Экспедиция мақсаты – Ресейдің Еуропалық бөлігінен халқы аз Азиялық бөлігіне көшіру, топырақ жер жағдайын зерттеу еді. Бұл материалдардың бастапқы есептері арнайы еңбектерде, ал ең соңғы нәтижелері 1920 жылдары К.Д.Глинканың авторлығымен бірнеше монографияларда жарияланды. Бұл аймақтарда бұрын топырақтанушылар кездестірмеген топырақтар типтері (құба, қара қоңыр, сұр, сортаң және сор топырақтар) кездесіп картаға түсірілді.
1913 жылы Еріктік экономикалық қоғамның комитетіне айналды, оны К.Д.Глинка ,Л.И.Просолов пен С.С.Неуструев басқарды.ХХғасыр басында Мәскеу университетінде топырақтану кафедрасын талантты ғалым А.Н.Сабанин басқарды, кейін профессорлар В.В.Геммерлинг, М.М.Филатовтар жалғастырды.
Мәскеудегі топырақтанудың тағы бір орталығы Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясы болды. Мұндағы аса көрнекті тұлға-академик В.В:Вильямс (1863-1939) еді. Ол топырақтанудың биологиялық бағытын қолдады. Топырақтың құнарын арттырудың егіншіліктегі шөптанапты жүйесін ұсынды. Егіншіліктің бұл жүйесі ТМД елдерінің көп аймақтарында осы күнге шейін қолданылып келеді.
