Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_korgau_roza_bilet.docx камеллия.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.19 Кб
Скачать

3. Мелиорация дегеніміз ?

Мелиорация(лат. melioratio – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды (қара Қазақстанның ежелгі қалалары). Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды. Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени-техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады

17.Билет

1. Топырақтың радиоактивтігі топыраққа табиғи немесе антропогендік жолмен келген радиоактивті элементтерден пайда болады. Ол уақыттың мөлшерінде бөлінетін ядролық сандарымен белгіленеді. СИ жүйесінде радиоактивтік өлшем беккерельмен өлшенеді. (1Бк=с/бөлшек) немесе белсенділіктің тағы бір өлшемі – кюри (1Ки=3,7.1010Бк).

Топырақтың радиоактивтігі негізінен табиғи радиоактивті элементтермен байланысты (ТРЭ). Бұл радиоактивтіктің түрі әрқашанда азды-көпті мөлшерде барлық топырақтарда кездеседі. Олар екіи топқа бөлінеді: біріншісі – топыраққа аналық жыныстармен немесе геохимиялық ағынмен келетін, екіншісі қосмекендік (топыраққа атмосферадан келген), яғни космостың сәулелерімен тұрақты элементтердің ядроларының қарым-қатынасына пайда болатын топ. ТРЭ - ның концентрациясы тәлемдік орта мөлшері 1000 Бк/кг (25.10-9 Ки/кг)белсенділік құрады, бірақ концентрациясының өзі өте үлкен аралықта өзгеріп тұрады (100 еседен кем болмайды), ол ТРЭ-нің топырақ түзуші жыныстардың ішіндегі мөлшеріне байланысты.

2. Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В. В. Докучаев (1846–1903) қалаған. Дегенмен оған дейін де топырақтанудың негізгі мазмұны анықталған еді. Көптеген зерттеуші ғалымдардың еңбектерімен және күшімен әртүрлі жерлердің беттерінің құрылымы, құнарлылығы және қай мақсатта пайдалануы туралы ауқымды деректер жиналды, өсімдіктер жүйелендірілді, микроағзалар анықталды, топырақтардың физикалық және химиялық сипаттамалары бойынша дәйектер жиналды.

Ван-Гельмонт XVII ғасырда, XIX ғасырдың басында А. Теер, Ю. Либих (1840) зерттеулерінен жаңа ғылым – агрогеология пайда болды.

1876 жылы В. В. Докучаев ауыл шаруашылығымен айналысқан “Еркін экономикалық қауымдастыққа” мүше болып қабылданды, ал 1877 жылы оған қара топырақты жерлерді зерттеу ұсынылды. В. В. Докучаев көптеген ғылымдардың дамуына зор ықпал етті. Ол үлкен ғылыми мектеп құрды, одан көптеген ірі топырақтанушылар: академик К. Д. Глинка, проф. Н. М. Сибирцев, С. А. Захаров, П. С. Коссович, К. К Гедройц, геохимияның негізін салған В. И. Вернадский, минеролог П. А. Земятчинский, ботаник-географтар Г. И. Танфильев, профессор А. Н. Краснов, орман гидрологиясы мен орман топырақтануының негізін салған Г. Н. Высоцкий, ормантану ілімінің авторы Г. Ф. Морозов және тағы басқалар шықты. П. А. Костычев топырақ микробиологиясын негіздеді. В. Р. Вильямс топырақтардың түзілуі мен жетілуіне заттардың үлкен геологиялық және кіші биологиялық

ің, геологиялық шөгінділердің және олардың жасының) өзара әсерінің күрделі үдерісі болғандықтан, топырақтарды зерттегенде басқа ғылымдар жетістіктері қолданылады.

3.  1. Осы Қағидалар 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының айналымдардың ерекше мәні барын анықтады.

Қазіргі кезде топырақтану кең ауқымды бірқатар ғылыми бағыттарға: пайда болуы, географиясы, физикасы, химиясы, биологиясы, морфологиясы және минералогиясы бойынша зерттеу бағыттарына бөлінеді. Топырақтардың түзілуі – топырақ түзілуіндегі әртүрлі факторлардың (ауа райының, өсімдіктердің, жер бедерінЖер кодексіне (бұдан әрі - Жер кодексі) сәйкес әзірленді және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібін белгілейді.       2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры (бұдан әрі - Кадастр) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.       Кадастрды жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.       Кадастрды жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:       1) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгілеу;       2) жер пайдалануды қалыптастыру мен ретке келтіру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерді рекультивациялау жобаларын жасау, жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;       3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;       4) жерді түгендеуді жүргізу жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]