Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_korgau_roza_bilet.docx камеллия.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.19 Кб
Скачать

1. Пайдалы қазбаларды игеру кезінде топырақтың ластануы?

Пайдалы қазба кенорындарын ашық әдіспен игеру кезіндегі күрделі мәселелерге жердің тау-кен жұмыстарымен бұзылуы, аумақ топырағының антропогендік ластануы және игерілетін аудандардағы жерүсті және жерасты суының ластануы жатады. Бұдан басқа, гидрогеологиялық режімнің бұзылуы, ауаның шаң және газбен ластануы, уытты заттектердің флора мен фауна жасушаларына енуі, санитарлық-гигиеналық жағдайдың төмендеуі байқалады. Бұған дәлел карьердің қоршаған ортамен қарым-қатынасына көз салғанда биосфераның барлық элементтерінің, жер қойнауының және жер ресурстарының бірсыпыра жағымсыз әсерге ұшырайтынын білеміз . Сонымен қатар байыту фабрикаларының қалдықтары және аршыма таужыныстарының үйінділері де қоршаған ортаға қолайсыз жағдай тудыруда. Осыған байланысты кенорындарын ашық әдіспен игеруде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бұзылған жерлерді дер кезінде рекультивациялау, атмосфераға, литосфераға және гидросфераға тигізетін әсерді азайту, экологиялық мониторинг жүргізу және жер қойнауын тиімді пайдалану өзекті мәселе қатарына жатады. Пайдалы қазынды кенорындарын ашық әдіспен игеру кезіндегі бұзылған жерлерді рекультивациялауда топырақтың алатын орны ерекше болады. Топырақ – жердің жақсы қопсытылған, өлі табиғат пен тірі организмдердің межесінде жатқан құнарлы қабат. Топырақтың құнарлығы адамзатты тамақ ресустарымен қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқарады. Олай болса топырақ еш нәрсемен алмастыруға болмайтын және тіршілікті айқындайтын басты байлық көзі болып саналады. Топырақтың құрамында қарашірінді бар үстіңгі құнарлы қабатының қалыңдығы сирек жағдайда ғана 20 сантиметрден асады. Оның түзілуі табиғатта 2-7 мың жыл бойы жалғасады. Жедел эрозия жағдайында бұл қабат 10-30 жыл ішінде толық жойылып бітеді, кейде оны бір жолғы нөсер-ақ шаяды немесе дүлей шаңды дауыл ұшырып кетеді . Ал топырақтың құнарлы қабаты мынадай қасиеттерге сай болуы қажет: - құрамында өсімдіктер сіңіре алатын тиісті қоректік элементтер; - өсімдіктерге оңай сіңіретін судың жеткіліктілігі; - өсімдіктің тіршілігіне жеткілікті мөлшерде оттегінің болуы; - тиімді су-ауа режімін және тамырдың жақсы өткізгіштігін қамтамасыз ететін қолайлы құрылымы; - өсімдіктер үшін уытты қосындылардың болмауы.

2. Топырақ түзілу процесі?

Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу кұбы-лыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, 1 бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады.

Бұл құбылысқа табиғат күштерінің, әсіресе температуранын, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше.

ау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Физикалық жолмен үгілуі деп - тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінун айтады. Фиикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер - температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар.

 Химиялық үгілу - тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нэтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. 

 Биологиялық үгілу нәтижесінде қатты тау жыныстарыңан қопсыған, ылғал сіңіргіштік, су өткізгішпк қасиеті бар ұнтақталган жыныстар пайда болады. Әдетте, физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға ерігіш, өсімдіктерді қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі де әр түрлі су ағыстарымен, өзендерге, тсңіздерге тіпті мұхиттарға қосылып, шөгінді жыныстарға айналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]