- •1 Билет
- •1.Топырақ дегеніміз не толық анықтама беріңіз?
- •2. Жер қорларын қорғау және тиімді пайдалану шаралары?
- •3.Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
- •2 Билет
- •2. Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы?
- •3. Елді мекен жерлерінің құрылымы.
- •3 Билет
- •1. Топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым?
- •2. Топырақтағы микроэлементтер, олардың мөлшерлері?
- •3. Жерді қорғаудың негізгі мақсаттары?
- •4 Билет
- •1. Топырақ құнарлылығы?
- •2. Жерді суарудың негізгі әдістері?
- •3. Қазақстанда елді мекен жерлері қанша аумақты алып жатыр?
- •6 Билет.
- •7 Билет. 1-сұрақ. Мелиорация түрлері?
- •8 Билет.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •№ 10 Емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Топырақ қарашіріндісі деген не, оның маңызы?
- •2. . Жердің табиғи сулары, жіктелуі және құрамы, қасиеттері
- •1. Топырақ ортасының реакциясы?
- •2. Органикалық заттардың ыдырауы?
- •1. Топырақтың сіңіру қасиеті?
- •2. Ауылдық елді-мекен жерлерінің шекараларын орнату.
- •3. Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты суларының химиялық құрамы?
- •1. Пайдалы қазбаларды игеру кезінде топырақтың ластануы?
- •2. Топырақ түзілу процесі?
- •3. Мелиорация дегеніміз ?
- •17.Билет
- •18.Билет.
- •19.Билет
- •№ 23 Емтихан билеті
- •1. Топырақтағы алғашқы және екінші минералдар?
- •2. Жер учаскелерін жеке меншікке беру нормалары
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың механикалық құрамы?
- •2. Топырақ түзуші факторлар?
- •3. Топырақтағы судың маңызы?
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың ауыр металдармен ластануы және оны болдырмау шаралары?
- •2. Эрозиямен күресу жолдары?
- •3. Топырақтың тірі бөлігі?
1. Топырақ ортасының реакциясы?
Топырақ ортасының реакциясы тоыпарқтың маңызды көрсеткіштерінің бірі. Әр түрлі топырақтарда топырақ ортасының реакциясы әр түрлі болады.. Бұған негізінен әсер ететін нәрсе - жоғарыда сипатталған топыраққа сіңірілген, алмасу реакциясына мүмкіндігі бар катиондар құрамы. Топырақтардың сіңірген комплекстеріне қарап, әдетте, олардың реакциясын қышқыл, бейтарап, сілтіленген деп ажыратады.
Топырақтың қышқыл ортасы, топырақтың сіңіру комплексі негізінен сутегі катионымен толықтырылған топырақтарда кездеседі. Бұл жауын-шашыны мол аймақтарда тараған күлгін және қызыл топырақтарда болады.
Топырақтың бейтарап ортасы, топырақтың сіңіру комплексі негізінен кальций катионымен қаныққан топырақтарда көп. Бұл қара топырақты, қара қоңыр топырақты аймақтарда тараған.
Ал топырақтың сілті реакциясы, топырақтың сіңіру комплексі негізінен натрий катионымен толықтырылған топырақтар да болады. Мұндай топырақтар еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жартылай шөл және шөлді аймақтардағы сортаң, сорланған жерлерде кездеседі.Топырақ ортасының реакциясы - топырақ қасиеттеріне, ондағы өсетін өсімдіктер мен өмір сүретін бүкіл жәндіктер мен микроорганизмдерге, жалпы топырақ құнарлылығына әсер ететін негізгі фактордың бірі. Топырақта өсімдік өсу үшін топырақ ортасының реакциясы бейтарап болғаны дұрыс. Ал өте қышқылды немесе сілтілі ортада топырақтар микроорганизмдер үшін де, өсімдік үшін де қолайсыз. Сондықтан егістікке тиімді пайдалану үшін оларды қолдан әктендіріп, гипстендіріп, топырақ ортасының реакциясын бейтарап күйге көшіреді. Бұл - топырақ құнарлығын арттырудағы негізгі шара. Қазіргі күндерде Ресей басшы органдардың шешімдеріне сәйкес ауыл шаруашылығында игеріліп жатқан кеңбайтақ - қара топырақты емес алқаптарын, дәлірек айтсақ, орманды зонаның күлгін топырақтарының қышқыл ортасын төмендетіп егістікке айналдыру әрекеттері жүргізілуде. Ол үшін бұл топырақтарға әк, тағы басқа тыңайтқыштар енгізу қажет, өйткені бұл топырақтардың реакциясы 1өте қышқыл және табиғи жағдайда құнары аз.
2. Органикалық заттардың ыдырауы?
Органикалық қалдықтардың ыдырау процесстерін, және гумустың түзілу жолдарын зерттеу үш бағытта жүреді: бірінші бағытта, гумустың негізгі көзі өсімдіктер қалдықтары болғандықтан, солардың топырақтағы химиялық өзгеру жағына көңіл бөлінеді. Екінші бағытта, топырақ бетіне түскен қалдықтар, орман төсеніштерінің ыдырау морфологиясы мен жылдамдығы зерттеледі. Ал үшінші сінде - өсімдіктер қалдықтарын ыдыратуға қатысушы микроорганизмдерге назар аударылады. Органикалық заттардың ыдырауы - өте күрделі құрылымдар мен молекулалардың жартылай жай молекулаларға ауысуы, оның ішінде толық ыдырап кеткен заттарға (CO2, NH3, H2O т.б.) Органикалық компоненттердің ыдырауы өте күрделі әрі өте ұзаққа созылатын құбылыс, өйткені бұл механикалық немесе физикалық бөлінуден, биологиялық немесе биохимиялық қосылыстардан тұрады. Органикалық заттарды ыдыратуда топырақтағы әр түрлі организмдер үлкен рөл атқарады. Барлық топырақтарда органикалық заттарды ыдыратуда міндетті түрде бактериялар қатысады, өйткені олар заттарды ыдыратуға өте қабілетті. Олар өздері шығаратын ферменттермен қоректену үшін белоктарды көмірсутектерді, органикалық қышқылдарды, спирттерді пайдаланады. Бактериялар сияқты актиномийеттер де органикалық заттарды ыдыратуға белсенді қатысады. Олар көмірдің қорек көзі ретінде лигнин сияқты әр түрлі органикалық қосылыстарды, шірінді заттарды пайдаланады. Топырақта ұзақ уақыт болып, өздеріне қолайлы жағдай туғыза отырып, әсіресе қаратопырақта белсенді түрде органикалық заттарды шірітуде үлкен рөл атқарады.
3. Қазақстан топырақтары, олардың табиғи экологиялық сипаттамасы
Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.
Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде).
Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
15-билет
