- •1 Билет
- •1.Топырақ дегеніміз не толық анықтама беріңіз?
- •2. Жер қорларын қорғау және тиімді пайдалану шаралары?
- •3.Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
- •2 Билет
- •2. Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы?
- •3. Елді мекен жерлерінің құрылымы.
- •3 Билет
- •1. Топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым?
- •2. Топырақтағы микроэлементтер, олардың мөлшерлері?
- •3. Жерді қорғаудың негізгі мақсаттары?
- •4 Билет
- •1. Топырақ құнарлылығы?
- •2. Жерді суарудың негізгі әдістері?
- •3. Қазақстанда елді мекен жерлері қанша аумақты алып жатыр?
- •6 Билет.
- •7 Билет. 1-сұрақ. Мелиорация түрлері?
- •8 Билет.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •№ 10 Емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Топырақ қарашіріндісі деген не, оның маңызы?
- •2. . Жердің табиғи сулары, жіктелуі және құрамы, қасиеттері
- •1. Топырақ ортасының реакциясы?
- •2. Органикалық заттардың ыдырауы?
- •1. Топырақтың сіңіру қасиеті?
- •2. Ауылдық елді-мекен жерлерінің шекараларын орнату.
- •3. Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты суларының химиялық құрамы?
- •1. Пайдалы қазбаларды игеру кезінде топырақтың ластануы?
- •2. Топырақ түзілу процесі?
- •3. Мелиорация дегеніміз ?
- •17.Билет
- •18.Билет.
- •19.Билет
- •№ 23 Емтихан билеті
- •1. Топырақтағы алғашқы және екінші минералдар?
- •2. Жер учаскелерін жеке меншікке беру нормалары
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың механикалық құрамы?
- •2. Топырақ түзуші факторлар?
- •3. Топырақтағы судың маңызы?
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың ауыр металдармен ластануы және оны болдырмау шаралары?
- •2. Эрозиямен күресу жолдары?
- •3. Топырақтың тірі бөлігі?
1. Топырақ қарашіріндісі деген не, оның маңызы?
Қара топырақ қара шірінді қабатының (А+В¹) қалыңдығына қарай үшке бөлінеді:
жұқа қабатты - 60 см-ден көп;
орташа қабатты - 60-80 см;
мол қабатты - 80-120 см.Г у м и н - гумустың экстракцияланбайтын (ыдырамайтын) бөлігі. Шамамен екі типті қосындылар түрінде кездесуі мүмкін; балшықты минералдармен берік баиланған гумустық заттар (балшық – гумусты гумин); анатомиялық құрылысын жоғалтқан және берік компоненттермен, соның ішінде лигнинмен,байыған жартылай шіріген өсімдік қалдықтары (детритті гумин).Гиматомелан қышқылдары- фулъво жәнс гумин қышқылдарының орташа қасиеттерімен сипатталған гумустық заттар тобы. Бұрын гумин қьшқылдары тобына біріктіретін. Бірақ олардан полярлы қышқылдард еруі және басқа қасиеттерімен ерекшеленеді.Казіргі уақытта фульво және гумин қышкылдарының құрамы мен құрылысы терең зерттелген.Барлық гумустық заттардың топтарында азоттың мөлшері 2,5-нан 5,0 %-ке дейін болады. Гумустық заттар орташа есептегенде, өсімдік қалдықтарына қарағанда, азотқа бай болады. Оның себебі –органикалық қалдықтар минералдану мен гумустену процестер көзінде, азотқа қарағанда, көміртегінің қос тотығы ретінде, құрамындағы көміртегінен айырылады.Гумустық заттардың қүрылысын зерттеу үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады сәл зерттеулердіңнөтижесінде гумус қьішқылы молекуласының құрамындағы шартты түрде козғалмалы бөлігі-шеткі (перифериялы) және тұракты -ядролық (өзектік) болып екіге бөлінеді. Топырақгардың беткі қабатында гумустың 0,5-1 %-тен 10-12 % және одан да көбірек. Төмен мәдениетті егіншілік топырақтағы гумус мөлшерін азайтады.Гумин қышқылдары мен фульвокышқылдарының ара қатынастық көрсеткіші (Сг/Сф) бойынша гумустың келесі типтері бөлінеді: гуматты (> 1,5). фульватты-гуматты (1-1,5), гуматты-фульватты (1-0,5) және фульватты (< 0,5). Табиғи топыраққүралудың ыңғайлы көзінде гумустың құрамында гумин қышқылдары көп түзілетін зандылықгар байқалады (қара шіріндісі көп топырақтарда). Топырақты игеру мен мәденилендіру әрекеті гумус типтеріне әртүрлі ықпал жасайды. Топырақ кескінінде немесе бөлек кабаттарындағы гумустың қоры мөлшермен топырақ гумусының шамасы тепе-теңді болып келеді.
2. . Жердің табиғи сулары, жіктелуі және құрамы, қасиеттері
Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.[1]
Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді.
Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады.
Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады.
Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын-шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған. Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен терең қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық шаруашылығының суға деген қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай су көздері де табылды, бұл — терең қабат аралық жер асты суы
3 Қазақстанның таулы топырақтары, олардың экологиялық жағдайы
Қазақстан территориясында жазық жерлердің көлемі таулы алқаптармен салыстырғанда көп. Дегенмен республиканың шығысы мен оңтүстік шығысында біраз жерлерді таулар алып жатыр. Олар - Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы облысының оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем, Қазығұрт пен Қаратау таулары. Енді Іле Алатауы мысалында тау етегінен жоғарылаған сайын топырақ түрлерінің сипаттамасына тоқталайық. Себебі Іле Алатауы биік, онда табиғаттың белдеулік зоналары түгел кездеседі. Бұл жайындағы алғашқы толық мәлімет Аболиннің (1930 ж.) Ленинградта шыққан «Балхаш өңірінің шөл даласынан Хан Тәңірінің қарлы биіктігіне шейінң деген классикалық еңбегінде келтірілген (Аболин А.Р., 1930). Сондықтан топырақтың биіктік зоналығы жайындағы халықаралық жиналыстар мен экскурсиялардың Алматы аймағында өтетін.
9) Таулы алқаптарда ені әр жерде әр түрлі батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы - белдеуі орын алған. Жазықтағы шөлді дала зонашасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл белдеу - таулық белдеулік зоналығының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.
Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық территориядағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады. Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары - күздік және жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа бағалы дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, бау ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі.
Қалған жерлері көктемгі, күзгі мал жайылымдары. Бұл аймақтың топырағы негізінен таулы алқаптан қаншалықты қашықтығына, осыған сәйкес түсетін ылғалдың мөлшеріне байланысты, топырақ түсі де өзгеріп, бірнеше зонашаға бөлінеді, таудан алыс жерлерде топырақтың ашық сұрғылт түсті зонашасы жатады, одан кейін кәдімгі сұрғылт түсті топырақ, ал тауға ең жақын аймақта күңгірт сұрғылт түсті және ашық қара-қоңыр топырақтар зонашалары кездеседі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Батыс Тянь-Шань тау етектерінде күңгірт- сұрғылт топырақтар мен ашық қара- қоңыр топырақтар орнына қоңыр және сұр-қоңыр топырақтар кездеседі. Осы үш зонашаның соңғысында ғана, яғни күңгірт-сұрғылт түсті және ашық қара-қоңыр топырақтар таралған алқапта ғана суарылмайтын егіс өседі, ал сұрғылт және ашық -сұрғылт топырақ таралған аймақта егістікті қолдан суармайынша жақсы өнім алынбайды. Негізінен алғашқы екі зонашада Алматы, Жамбыл облыстарының қант қызылша егістері, суармалы жерлердегі астықтары, темекі, көкөніс, бау- бақша, жүзімдіктері, Оңтүстік Қазақстан облысының мақтасы мен дәрілік шөптер, бау-бақша, жүзімдіктер орын алған. Тау етегінің шөлді далалы зонасының көлемі 14 млн гектардай, яғни республика жер көлемінің 5,2%-на жуық.
14-билет
