- •1 Билет
- •1.Топырақ дегеніміз не толық анықтама беріңіз?
- •2. Жер қорларын қорғау және тиімді пайдалану шаралары?
- •3.Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
- •2 Билет
- •2. Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы?
- •3. Елді мекен жерлерінің құрылымы.
- •3 Билет
- •1. Топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым?
- •2. Топырақтағы микроэлементтер, олардың мөлшерлері?
- •3. Жерді қорғаудың негізгі мақсаттары?
- •4 Билет
- •1. Топырақ құнарлылығы?
- •2. Жерді суарудың негізгі әдістері?
- •3. Қазақстанда елді мекен жерлері қанша аумақты алып жатыр?
- •6 Билет.
- •7 Билет. 1-сұрақ. Мелиорация түрлері?
- •8 Билет.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •№ 10 Емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Топырақ қарашіріндісі деген не, оның маңызы?
- •2. . Жердің табиғи сулары, жіктелуі және құрамы, қасиеттері
- •1. Топырақ ортасының реакциясы?
- •2. Органикалық заттардың ыдырауы?
- •1. Топырақтың сіңіру қасиеті?
- •2. Ауылдық елді-мекен жерлерінің шекараларын орнату.
- •3. Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты суларының химиялық құрамы?
- •1. Пайдалы қазбаларды игеру кезінде топырақтың ластануы?
- •2. Топырақ түзілу процесі?
- •3. Мелиорация дегеніміз ?
- •17.Билет
- •18.Билет.
- •19.Билет
- •№ 23 Емтихан билеті
- •1. Топырақтағы алғашқы және екінші минералдар?
- •2. Жер учаскелерін жеке меншікке беру нормалары
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың механикалық құрамы?
- •2. Топырақ түзуші факторлар?
- •3. Топырақтағы судың маңызы?
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың ауыр металдармен ластануы және оны болдырмау шаралары?
- •2. Эрозиямен күресу жолдары?
- •3. Топырақтың тірі бөлігі?
№ 12 Емтихан билеті
Топырақ сапалылы1ғы?
Топырақ сапалылығы, яғни бонтировкасы деген ұғым латынша bonitas деген Бонтировка жұмысын жасағанда топырақтың объек-тивті көрсеткіштерін, қасиеттерін, оның көп Бонтировка және жерді экономикалық бағалау деген ұғымға Жер кадастрының В.В. Докучаев кезінде осы кадастр комиссияларының жұмыстарын жоғары бағалаған. Топырақты бағалаудың жаңа жүйесін ХІХ ғасырдың аяқ кезінде В.В. 1) топырақтардың табиғи мүмкіншілігін зерттеу; 2) топырақтардың ауылшаруашылық-экономикалық жағдайларын зерттеу. В.В. Докучаев бағалауы бойынша топырақ бон-тировкасында топырақтың кұнарлығына әсер 1. Морфологиялық, гумус қабаттарының қалыңдығы, гумус мөлшері, аналық тау 2. Химиялық қасиеттері. 3. Топырақтың сіңіру қасиеті. 4. Физикалық қасиеттері. Осы барлық қасиеттер өзара қаратопырақта жинас-тырылып, оның балын 100-ге Бұрынғы Кеңес Одағында Жер кадастры мынадай сызба-нұсқамен кескінделген. Жер кадастры Жер кадастрының шаралары: Жерді бағалау шаралары: Мемлекеттік жерді есептеу кітабы. Кадастрлық карта. Жерді пайдалануға рұқсат құқық актісі. Кадастрлық кітап. Жерді пайдаланудың жоспары. Топырақ бонтировкасы. Топырақ жамылғысының бонтировкасы. Топырақтың агроөндіріс- тік тобы. Жерді экономикалық бағалау. ЖЕР ҚОРЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ШАРАЛАРЫ Жер қоры (фонд) оның халық шаруашылығында пай-далануы бойынша 5 1. Ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлер. 2. Халық тұратын жерлер. 3. Өндірістік, транспорттық, курорттық, қорықтық т.б. ауылшаруашылығы мақсатында қолданылмайтын 4. Мемлекеттік орман қоры. 5. Мемлекеттік қор. Көрсетілген жер қорының категориялары жерді пай-даланушыларға бөлініп, мемлекеттік актілермен Топырақты агроөндірістік топтастыру – топырақтың агрономиялық жағдайына және ауылшаруашылығында Осы қасиеттерден топырақ түзілуінің гидротермикалық және геоморфологиялық жағдайлары, гумус Бонтировка және агроөндірістік топтастыру жерді эко-номикалық бағалаудың негізгі әдісі Бонитет балын есептеу Топырақтың әр жинақталған көрсеткіш қасиеттері үшін бонитет балын есептеп Б= 3Ф 100 3М Мұндағы: Б – бонитет балы, 3Ф – балл бонитетін
2. Топырақтағы құнарлылығын қалыптастырудағы микроорганизмдердің қызметі?
Құнарлылық факторлары болып қоректік элементтер, ылғал, ауа және жылу мөлшері есептеледі, яғни олар өсімдіктер өсіөнуінің жер бетіндегі факторлары. Ал құнарлылықтың қалыптасуының жағдайларына топырақтың қасиеттері және режимдері жатады. Ол қасиеттер мен режимдер келесідей:
- физикалық (топырақтың гранулометриялық құрамы, құрылымы, тығыздылығы, кеуектілігі, жылулық, ылғалдылық қасиеттері және режимдері);
- химиялық (гумус сипаттамасы, минералдық және химиялық құрамы, тиімді қоректіқ заттар мен зиянды заттар мөлшері);
- физико-химиялық (топырақ реакциясы, тотығу-тотықсыздану потенциалы, сіңіру көлемі, алмаспалы сіңген катиондар мөлшері және олардың құрамы және т. б.);
- биологиялық (микроорганизмдер мөлшері, нитрификациялау және азотты байланыстыру, топырақтың тыныс алуы, ферменттік белсенділігі, фитосанитарлық жағдайы).
Құнарлылықтың қалыптасуы топырақтың қасиеттері мен режимдерінің өзара күрделі қатынасы мен әсерінің мысалы ретінде топырақтың қоректік заттар режимін қалыптасуын алып қарауға болады.
Топырақтың қоректік заттар режимі оның құрамындағы минералды заттардың күрделі өзгерістерінін және органикалық заттардың минералдану және гумификациялану процестерінің, микроорганизмдердің белсенді қызметінің, ылғал, ауа және жылу режимдерінің өзар қатынасының әсерінен қалыптасады.
Топырақтардың әртүрлері түрлері оның әртүрлі құнарлылығын қалыптастырады.
Ең жоғары тиімді құнарлылықпен қара топырақтар сипатталады, ал күлгін (солтүстікке) және құба (оңтүстікке) топырақтарға қарай жылжитын болсақ оның құнарлылық деңгейі төмендей бастайды.
Орманды аймақтың күлгін және шымды-күлгін топырақтары құнарлылығының шамалы болуы күлгіндену процесінің әсерінен болады. Үйткені ол қышқыл топырақтарды қалыптастырады, онда улылық қасиеті бар алюминийдің жылжымалы түрлері болады. Сонымен қатар олар негіздермен қанықпаған, гумус мөлшерлері шамалы, агрофизикалық қасиеттері нашар және қоректік заттар мөлшері де төмен.
Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру немесе арттыру қазіргі кезде екі тәсілмен, заттық және тенологиялық, жүзеге асырылады. Заттық тәсіл тыңайтқыштар, мелиоранттар, пестицидтер т.б. қолдануды қажет етеді, ал екінші тәсіл – ауыспалы егістерді, аралық дақылдарды, әртүрлі топырақ өңдеуді, егу әдістерін т. б. қолдануды қажет етеді. Аталған әдістердің мақсаты бір болғанымен, оған жету жолдары әртүрлі болып келетіні түсінікті.
Топырақ құнарлығын оңтайландыру үшін талапқа үйлесімді құнарлылық моделін (үлгісін) жасау керек. Топырақ құнарлылығының үлгісі деп нақтылы топырақтық-климаттық жағдайда дақылдың белгіленген өнімділік деңгейіне сай келетін экспериментальды түрде анықталған агрономиялық маңызды қасиеттері ме режимдерінің жиынтығын айтады.
Топырақ құнарлығының технологиялық үлгісі міндетті түрде экономикалық есептеулермен толықтырылып, оның тиімділігі дәлелденуі керек.
Егіншілік шаруашылығы дамыған Қазақстанның солтүстік аймағының топырақтарының құнарлылығын сақтап, оны арттырудың басты жолдары мыналар:
- егіншілктің топырақты қорғау жүйесін қолданып, оның басты буыны-топырақты жазықтілгіш құралдарымен өңдеп, топырақ бетінде өсімдік қалдықтарын сақтау;
- жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтарда дәнді дақылдарды, парды және көпжылдық шөптерді топырақ қорғау ауыспалы егісінле жолақтап орналастыру;
- органикалық тыңайтқыштарды және минералды тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде енгізу;
- көпжылдық шөп егілген танаптар ауданын арттырып, оларды мерзімді түрде ауыспалы егістікке қосып отыру.
3. Топырақтану ғылымының дамытуда В.В. Докучаевтің ролі.
Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушығалымыВ. В. Докучаевтың (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. В. В. Докучаевтан кейін оның енбегін көптеген талант- ты шəкірттері жалғастырды. Генетикалық топырақтану ХХ ғасырдың басында табиғаттанудың жаңа бір саласы ретінде қалыптасты. Генетикалық деген түсінік «генезис», яғни топырақтың пайда бо- луы, дамуы деген ұғымды білдіреді. Топырақ туралы түсінік. Қазақ халқы жерді – ана, егістікті – асы- раушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркəсіп үшін шикізатты өсімдік жəне жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу кажет, оның құнарлылығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мəселелерді шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді. Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүз жылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану, топырақтың құнарлылығының азаюы, тағыбасқа осындаймəселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла бастады. XIX ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агро- химиктердің енбектерінде топырақ туралы алғашқы түсініктер жа- зыла бастады. Олар топырақтың жоғарғы қабатының құрамындағы органикалық жəне минералдық қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сұраққа берілген осындай анықтама, В.В. Докучаевтың ғылымға жаңа өріс əкелген кезеңге дейін өріс алып келді. 5 1879 жылы Санкт-Петербургте болған табиғат зерттеушілері қоғамының геология жəне минералогия бөлімінің мəжілісінде В.В. Докучаев баяндама жасап, топыраққа бірнеше анықтама берді. Кейін бұл пікірлер əрі қарай дамытылып, жетілдіріле түсті. Қазіргі түсінік бойынша топырақ – жер бетінің майда ұнтақталған құнарлы қабаты, тірі жəне өлі табиғатқа тəн бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен жəне ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы – адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйелері арқылы қоректік затарды алып, суды бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сəулесі мен ауадағы көмірқышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нəтижесінде дене- сіне өте мол органикалық биофильді минералды заттар жинап, едəуір энергияны шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық жəне органо-минералдық қосылыстар бүкіл жан-жануарлар, адамзат тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады. Топырақ – асыраушы ана, күш-қуаттың қайнар бұлағы, тіршіліктің тірегі, ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі өндіргіш күші. Егіншілік, мал шаруашылығының өркендеуі топырақ құнарлылығына тікелей тəуелді. Ескеретін жай, топырақтың басқа өндіргішқұралдардан (машиналар, станоктар, т.б.) айырмашылығы сол, оны дұрыс күтіп, баптап пайдаланса, ол қоғам үшін үздіксіз құнарын беріп, халықты асырайды, машиналар сияқты моральдық жəне физикалық жағынан азып-тозып істен шықпайды. Баршаға белгілі табиғат қорларысарқылмайтынжəне сарқылатын бо- лып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға, мысалы, ғарыш, климат қорлары жатады. Сарқылатын қорлар өзінше: қалпына келетін жəне қалпына келмейтін қорлар болып екіге бөлінеді. Қалпына келмейтін қорлар қатарына мұнай, көмір, т.б. кендер, ал қалпына келетіндер қатарына өсімдіктер, жануарлар, су қорлары жəне топырақтар жатады (Банников, 1977). Бірақ та топырақты қалпына келетіндер қатарына қосқанға келісу қиын. Мысалы, биыл орылған шөп келесі жылы қайта шығады, тіпті, бір жылдың ішінде кейбір өсімдіктерден бірнеше өнім алуға болады. Кесілген ағаш қалпына келу үшін бірнешежыл керек, мал төлінің жетілуі үшін екі-төрт жыл керек. Құнарлы қабаты бір себеп- терден шайылып кеткен топырақтардың қалпына келуі үшін өте ұзақ уақыт керек. Табиғи жағдайда топырақтың түзілуі ұзаққа созылатын 6 құбылыс. Мəселен, қалыңдығы 20 см жыртылатын топырақ қабаты түзілуі үшін табиғи жағдайлардың өзгешеліктеріне қарай 3-7 мың жыл уақыт керек. Құнарлы қабаты түгелдей жойылған топырақтар болжамды уақыттарда өз-өзінен қалпына келмейді. Сондықтан адам өзінің тыныс-тіршілігінде топырақтың құнарлы қабатын су жəне жел эрозия- сынан, басқа да экологиялық апаттардан қорғай отырып, топырақ құнарын жылма-жыл арттыру жəне жақсарту шараларын іске асыруы қажет.
13-билет
