Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_korgau_roza_bilet.docx камеллия.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.19 Кб
Скачать

№ 11 Емтихан билеті

1. Жер қойнауын құқықтық қорғау?

Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм шарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негiздеме болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жоспарланған қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру кiрген және "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi бар барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын ұсынуға міндетті.

Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар:

- жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану;

- кен орнын игерудiң арнаулы әдiстерiн қолдану есебiнен жердің үстіңгі қабатын сақтау; жердің техногендiк шөлейттенуiн болғызбау;

- барлау, өндiру кезiнде, сондай-ақ барлаумен және өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға беру кезiнде қауiптi техногендiк процестердiң пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану;

- жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау;

- жер қойнауының, әсіресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезiнде ластануын болғызбау;

- жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою жөніндегі белгiленген тәртiптi сақтау;

- қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезiнде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;

- автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсiлдi қоса алғанда басқа да әдiстердi пайдалану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жердің аумағын азайту;

- топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары және өндiрiс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздiгiнен жануын болғызбау;

- сiңiрме және тұщы су қабаттарының ластануын болғызбау үшін оларды оқшаулау;

- жер асты суларының сарқылуын және ластануын болғызбау, оның iшiнде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттердi қолдану;

- бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау және қайталап пайдалану;

- бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен жою;

- мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде мұнай кәсiпшiлiгi сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану негiзгi экологиялық талаптар болып табылады.

Нормативтiк көрсеткiшке дейiн тазартылмаған сарқынды суды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады, бұл ретте пайдалы қазбалармен бiрге шыққан суды қайтадан айдау, сондай-ақ мемлекеттiк экологиялық сараптаманың және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген

басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбаларды өндiруге арналған технологиялық ерiтiндiлердi жер қойнауына айдау сарқынды суды ағызу болып табылмайды.

Жер қойнауын пайдаланушы: жұмыстарды жүргізудiң халықаралық

практикада қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға; жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын, қызметкерлердiң, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргізуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар шаруашылық қызметiнiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерi болып табылады және мынадай талаптар сақталған кезде орындалуға тиiс: ұңғымалар мен тау-кен өндiру конструкциялары берiктiгi, технологиялылығы және экологиялық қауiпсiздiгi жағынан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуге тиiс; бұрғылау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да операциялар кезiнде атмосфераға осындай қондырғылардан тазартылмаған газдардың шығарылуы олардың техникалық сипаттамасына және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиiс; құнарлы жерде және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды салу кезiнде жабдықтарды монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргізу процесiнде аумақтың құнарлылығын кейiннен қалпына келтiру үшін құнарлы қабат алынады және жеке сақталады; уытты заттардың табиғи объектiлерге көшуiн болғызбау үшін технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлiк жүйесi көзделуге тиiс; құдықтардағы судың сапасына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiлген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшiмен жүйелi зертханалық байқаулар ұйымдастырылуға тиiс.

2. Топырақтың органикалық бөлігі?

Топырақтың органикалық бөлігін үш құрауыштар (компонент) құрайды: тірі организмдер (өсімдіктер, жануарлар микроорганизмдері), органикалық қалдықтар және олардың ыдырау өнімдері, сонымен қатар топырақ түзілу кезінде пайда болған ерекше зат - гумус.

Гумустың көзі болып жоғары сатыдағы өсімдіктермен топырақты мекендейтін микроорганизмдер мен жануарлардың органикалық қалдықтары саналады.

Шөпті өсімдіктер астында гумустың негізгі көзі тамырлар, ал ормандағы топырақтарда төсеніш саналады, оның мөлшері аймаққа, құрамына, жасына және екпелердің жиілігіне, сонымен қатар өсімдік мен мүктер жамылғысының дамуына байланысты болады. Ағашты өсімдіктердің тамырлары көп жылдықтар, олардың гумус түзілуіндегі рөлі шамалы.

Жасыл өсімдіктер биомасса қалдықтарының шамамен 1/3 бөлігін микроорганизмдердің органикалық қалдықтары құрайды. Топырақ фаунасының органикалық қалдықтары өте аз мөлшерде жиналады - 100-200 кг/га құрғақ зат.

Соынмен, гумусты құрайтын бірінші немесе бастауыш және негізгі көзі болып жасыл өсімдіктердің жердегі түсулер (опад) мен тамырлар түріндегі қалдықтары саналады.

Өсімдіктер қалдықтарының химиялық құрамы әртүрлі болады, негізгі бөлігін (75-90%) су құрайды. Құрғақ затқа көмірсулар, белоктар, лигнин, липидтер, балауыздар (воски), шайырлар (смолы), илік (дубильные) және басқа да заттар кіреді. Органикалық қалдықтардағы заттар топтарының ара қатынасы әртүрлі болады. Мысалы, бактериялардың негізгі массасы белоктар, сүректе (древесина) және қылқанжапырақта лигнин, шайырлар, және иліктер көп, ал белок аз болады және олардың ыдырауы баяу жүреді. Шөптер белокқа бай болады да тез ыдырайды.

Органикалық қалдықтар құрамында ылғыйына күлдік элементтер: калий, магний, кремний, фосфор, күкірт, темір және басқалардың біршама мөлшері болады. Сүректің күлділігі өте төмен, күлдік элементтер шөптің қалдықтарында көп болады.

Жыртылатын топырақтарда гумустың көзі болып мәдени өсімдіктердің аңыздық және тамырлар қалдықтары, сонымен қатар органикалық тыңайтқыштар (көң, компостар және тағы с.с.) саналады.

2Топырақта органикалық заттардың гумусқа айналуы микроорганизмдер, жануарлар, оттегі мен судың қатысуымен жүреді.

Жер үстіне немесе топыраққа түсетін жасыл өсімдіктер қалдықтарын микроорганизмдер ыдыратады, өнімдерін олар қоректену, энергия көзі реті қолданады. Ыдырау процесінде бұл қалдықтар анатомиялық құрылысынан айрылады, оларды құрайтын заттар жылжымалы көбірек және қарапайым қосылыстарға айналады. Бұл қосылыстардың бір бөлігі микроорганизмдермен толық минералданады, ал ыдырау өнімдері жасыл өсімдіктермен сіңіріледі, ыдырау өнімдерінің бір бөлігін гететрофтық микроорганизмдер қайтара пайда болған белоктар, майлар, көмірсулар және басқа да қосылыстарды синтездеуде пайдаланады. Ақыр аяғында ыдылау өнімдерінің кейбір бөлігі күрделі жоғары немесе үлкен молекулалы заттар – гумус қышқылдарына айналады. Бұл процесті гумификация процесі деп атайды, оның агенттері болып ауадағы оттегі, су және микроорганизмде ферменттері саналады.

Органикалық қалдықтардың гумусқа айналу процесінде топырақ жануарлары белсенді қатысады, олар органикалық қалдықтарды ұсақтайды, бар массаны араластырады, оларды қайта өңдейді де экскременттерін (нәжістерін) топыраққа шығарып тастайды. Бұл арада топырақ құрттарының рөлі өте зор.

Сонымен, органикалық заттардың гумусқа айналу процесі (гумустың түзілуі) алғашқы органикалық заттардың ыдырау, микробтық плазманың қайта құрылған түрлерінің синтездену және олардың гумификациялану процестерінің жиынтығы болып саналады.

Гумустың құралу (түзілу) құбылысының ұзақтығы, сипаты топыраққа түсетін өсімдік қалдықтарының құрамына, мөлшеріне, ылғалдылыққа, ауамен қамтамасыз етілуіне, ортаның реакциясына, микробиологиялық ерекшеліктеріне, топырақтың химиялық, минералды және грануметриялық құрамына байланысты болып келеді. Аэробты жағдайларда ылғал жетікті және оңтайлы температура (25-300С) болғанда органикалық заттардың ыдырауы қарқынды жүреді. Осындай жағдайларда аралық өнімдердің болсын, гумустық заттардың болсын минералдану процестері белсенді жүреді, топырақта гумус мөлшері шамалы жиналады да күлдік элементтер мөлшерлері көп болады. Топырақта тұрақты және кенет ылғал жетіспеген жағдайларда өсімдіктер қалдықтары аз жиналады, гумификация және минералдану процестері бәсеңдетіледі де гумус аз түзіледі.

Топырақта ылғал мөлшері тұрақты шамадан тыс болғанда, сонымен қатар температура да төмен болған жағдайларда гумификация процесі баяу жүреді. Органикалық қалдықтар анаэробты жағдайда ыдырайды да организмдердің тіршілік әрекетін ауырлататын газтәрізді (СН4, Н2) заттар көптеп жиналады. Осының салдарынан ыдырау процесі өшеді, гумификация баяу жүреді дкке органикалық қалдықтар шымтезекке (торфқа) айналады.

Гумустың жиналуына ең қолайлы жағдайлар топырақта су және ауа режимдері оңтайлы және қайта-қайта құрғақтану болғанда туады. Бұндай режим қара топырақтарға тән нәрсе.

Гумус түзілу процесінің бағыты мен жылдамдығына ыдырайтын қалдықтардың химиялық құрамы және олардың топыраққа түсу сипаты үлкен әсер етеді.

Шөпті өсімдіктер қалдықтарының ыдырауы, әсіресе бұршақтылар, топырақта негіздер мөлшерінің көп болуымен жүреді, бұндай жағдайда топырақтың минералдық бөлігін біркелкі шаншыған «жұмсақ гумус» пайда болады.

Белоктарға кедей, күлдік элементтер мөлшері шамалы, лигнин, балауыздар мен шайырларға қаныққан ағашты өсімдіктер қалдықтары төсенішті ылғыйына жауын-шашындар шаятын жағдайда ыдырайды. Төсеніш саңырауқұлақтардың қатысуымен ыдырайды да көп мөлшерде органикалық қышқылдар пайда болады. Топырақтың қышқыл реакциясы гумификация процесін тежейді және топырақтың үстіңгі қабатында жартылай ыдыраған қалдықтары бар «қатты немесе дөрекі гумус» құрылады.

3. Литосфера және оның құрылымы?

Литосфера — Жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер қыртысы мен Жердің беткі мантиясы кіреді. Литосфераның қалыңдығы 5-200 км, оның ішінде жер қыртысы -құрлықта 50-70 км-ге дейін (жазықтықтарда — 35-45 км-ге, тау сілемдері астында 70 км-гe дейін), мұхиттың астында төменгі шегі 5-10 км шамасында. Литосфера (немесе басқаша жер) - қоршаған табиғи ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, бетінің пішінімен (рельеф), топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен қатар халық шаруашылығы әр түрлі салаларының кеңістікте орналасуымен сипатталады. Табиғи күштер мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде уақытқа байланысты литосфераның жағдайы өзгеріп отырады. Табиғи күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т. б.) және олардың салдарынан орын алатын геологиялық құбылыстар (жанартаудың атқылауы, жердің сілкінуі, судың тасуы және т. б.) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуір өзгертеді.

Жер қабатының үстінгі қабатын топырақ дейді. Топырақ - ол аналық жыныстардың, ауа райының, өсімдіктер мен жануарлардың, жергілікті жер бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық-тарихи дене.

Топырақтың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның құнарлығы, яғни өсімдіктерді органикалық және минералды қоректі заттектермен қамтамасыз ету қабілеті. Топырақ құнарлығы оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты келеді.

Топырақ үш фазадан: қатты, сұйық және газ тәрізді заттектерден тұратын орта. Ол ауа райының, өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің, бастапқы жыныстардың күрделі өзара әрекеті нәтижесінде түзіледі, дамиды және дербес табиғи түзілу болып табылады.

Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғалымы В.В. Докучаев (1846-1903 ж.ж.) қалады. Ол бірінші рет "топырақ" және "топырақ құрылымы" ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процесінің мәнін ашты және басты ерекше қасиеттерін тапты.

В.В. Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға бастапқы жыныстар, ауа райы, жер бедері және уақыт, өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашалық әрекеті қосылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]