- •1 Билет
- •1.Топырақ дегеніміз не толық анықтама беріңіз?
- •2. Жер қорларын қорғау және тиімді пайдалану шаралары?
- •3.Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
- •2 Билет
- •2. Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы?
- •3. Елді мекен жерлерінің құрылымы.
- •3 Билет
- •1. Топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым?
- •2. Топырақтағы микроэлементтер, олардың мөлшерлері?
- •3. Жерді қорғаудың негізгі мақсаттары?
- •4 Билет
- •1. Топырақ құнарлылығы?
- •2. Жерді суарудың негізгі әдістері?
- •3. Қазақстанда елді мекен жерлері қанша аумақты алып жатыр?
- •6 Билет.
- •7 Билет. 1-сұрақ. Мелиорация түрлері?
- •8 Билет.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •№ 10 Емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Топырақ қарашіріндісі деген не, оның маңызы?
- •2. . Жердің табиғи сулары, жіктелуі және құрамы, қасиеттері
- •1. Топырақ ортасының реакциясы?
- •2. Органикалық заттардың ыдырауы?
- •1. Топырақтың сіңіру қасиеті?
- •2. Ауылдық елді-мекен жерлерінің шекараларын орнату.
- •3. Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты суларының химиялық құрамы?
- •1. Пайдалы қазбаларды игеру кезінде топырақтың ластануы?
- •2. Топырақ түзілу процесі?
- •3. Мелиорация дегеніміз ?
- •17.Билет
- •18.Билет.
- •19.Билет
- •№ 23 Емтихан билеті
- •1. Топырақтағы алғашқы және екінші минералдар?
- •2. Жер учаскелерін жеке меншікке беру нормалары
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың механикалық құрамы?
- •2. Топырақ түзуші факторлар?
- •3. Топырақтағы судың маңызы?
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Топырақтың ауыр металдармен ластануы және оны болдырмау шаралары?
- •2. Эрозиямен күресу жолдары?
- •3. Топырақтың тірі бөлігі?
№ 9 Емтихан билеті
Топырақ генезисі, географиясы және жіктелуі?
Климат, өсімдіктер мен жануарлар организмдері, топографиясы, топырақ түзуші жыныстар мен жасы: доктринаның топырақ генезисі және эволюциясы қазіргі заманғы идеясы топырақтың қалыптастыру табиғи факторлардың тығыз ынтымақтастықта орын алады деп белгіленген Докучаев, қойды.
Топырақ географиясы — топырақтың қалыптасуы мен кеңістік бойынша орналасу заңдылықтарын зерттейтін физикалық географияның ғылым саласы. Жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді. Топырақтану, сондай-ақ геоморфология, геоботаника, ландшафттану ғылымдарымен тығыз байланысты. Жалпы топырақтар географиясы және аймақтық топырақтар географиясы болып бөлінеді.[1]
Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Себебі, кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер бедері және олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әр түрлі.
Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық әдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы әдісті қолдану нәтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.
1899 жылы В.В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының нұсқалық картасын дайындап, оны 1900 жылы Парижде әлемдік көрмеде көрсетті. Осы картада бес әлемдік аймақтар көрсетілді:
бореалды немесе арктикалық;
орманды;
далалық қара топырақты;
аэралды (олар тасты, құмды сорланған және лессті шөлдерге бөлінеді)
латеритті.
Бұл картада аймақтар Солтүстік жарты шар материктерінде ендіктерге сәйкес орналасқан болып келеді. Топырақтану ғылымының әрі қарай дамуына, және Жер шары топырақтары туралы көптеген жаңа мағлұматтардың жиналуына байланысты В.В. Докучаевтың ашқан топырақтардың ендік бойынша аймақ болып таралу заңдылығын жаңаша кеңірек мағынада «топырақтардың таралуының көлденең аймақтық заңдылығы» - деп атау ұсынылды.
Кейінгі жылдары дайындалған әлемнің топырақ карталарында топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына сәйкес орналасуы және басқада топырақ таралу құбылыстары көрсетілді (Л.И. Прасолов, 1937; И.П. Герасимов, 1956; В.А. Ковда, Е.В. Лобова, 1976).
В.В. Докучаев топырақтың аймақтарға бөлініп таралуы таулы өлкеде де байқалатынын анықтады. Кавказ тауларында етегінен бастап жоғары көтерілген сайын оның табиғатының және топырақ жамылғасының өзгеруін бақылап, зерттеп топырақтардың таулы өлкеде тік аймақ болып таралу заңдылығын ашты.
2. Жерді пайдаланушылардың негізгі міндеттері қандай?
Жер пайдалану құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі. Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңына (2001) сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді: 1) мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар; 2) осы елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар; 3) тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар; 4) бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар; 5) жеке және заңды тұлғалар. Тұрақты Жер пайдалану құқығы тек қана мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі, ол ешқандай мерзіммен шектелмейді. Оларға кондоминимум объектілеріндегі мүліктерді шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын, қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. Уақытша Жер пайдалану құқығын қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болып бөлінеді. Уақытша Жер пайдалану құқығын беру мерзімдері жердің нысаналы мақсатын ескере отырып тағайындалады. Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Жер пайдалану құқығын беру жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу, сату, сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жалдау — бастапқы жер пайдаланушы өзінің Жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, өзіне тиісті учаскені өкілетті органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша пайдалануға беретін жағдайда, ал өтеусіз уақытша пайдалану — келісімшарт негізінде пайда болады. Кейінгі жер пайдаланушының өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беру құқығы жоқ, ол уақытша жер пайдаланушы болып есептеледі. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың, шет ел тұлғалары қатысатын біріккен кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алуына болады, бірақ олардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланушыға беруге құқығы жоқ. [1]
3. Жердің құнарсыздануы?
Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. тонна деңгейінде антропогендік заттектер (СО2 есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. т. ластағыштар еңгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген.
Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км2-ден асып отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 процентін құрайды.
Топырақты ластайтын компонентерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.
Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.
Биологиялық ластану — ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқада ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен елсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.
Химиялық ластану - топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайткыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери-өндірістік кешендері жатады.
Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.
Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскаридоз және т. б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.
Топырактың ластану дәрежесінің көрсеткіші ретінде мына формула арқылы есептеп анықталатын топырақтағы заттектің ластау концентрациясының коэффициентгі (ЛіКК) қолданылады:
ЛіКК = Хі / ШРКі немесе ЛіКК = Хі / Хф ,
бұл жерде ЛіKK — і- заттегіне тән ластау концентрациясының коэффициенті;
Хі - і-заттегінің мөлшері; Xф - осы заттектің фондық мөлшері.
Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)
Адамның барлық өндірістік қызметіне бірінші кезекте ең қажетті табиғи ресурс болып жер саналады. Жер қойнауынан халық шаруашылығының барлық салаларына қажетті материалдар өндіріледі, ол болмаса өндіріс дами алмайды. Өнеркәсіптер жедел қарқынмен дамыған сайын соғұрлым бүлінген жер көлемі арта түседі. Сондықтан жерді пайдаланушылар оны тиімді пайдаланумен қатар, сан қырлы қорғау жұмыстарына да назар аударуы қажет. Жер ресурстарын ең негізгі тұтынатын саланың бірі ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында құрлықтың 30%-нен астамы игерілген, осыған осы салада пайдаланылатын ормандарды қосатын болсақ, бұл көрсеткіш 60-65 процентке жетеді. Ауыл шаруашылығының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрге айналуына себеп болатын жағдайлар:
• топырақ эрозиясы немесе дефляциясы — су мен желдің (дефляция) және тағы басқа табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым-жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлығының төмендеуі;
• агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс болмауынан және қоректі заттектердің топыраққа жеткілікті түрде қайта айналып келмеуіне байланысты гумус мөлшері төмендеп, топырақ құнарлығының біртіндеп азаюы;
• құрғатымсыз (дренажсыз) жерді суландыру және бақылаусыз суды қолдану, топырақтың су астында қалуы мен екінші реттік тұздануы (сортандануы);
• топырақтың техникада қолдануда бүлінуі (тығыздануы, егістік жер қабаты құрамының бұзылуы, оның төсеніш қабатындағы жыныстармен араласуы);
• топырақтың химиялық және радиациялық ластануы.
Жердің құнарсыздануы негізінен адамның шаруашылык әрекеті әсерінен топырақтың түзілу жағдайының өзгеріп, оның негізгі қасиеттерінің: қарашірінді құрамындағы гумус мөлшерінің азаюына, құрылымының бұзылуына, улы заттектермен ластануына, екінші реттік сортандануына, қышқылды жаңбырдың жаууына, малдың жайылымда шамадан тыс жайылуына, пайдалы қазбалардың ашық әдіспен өндірілуі және т.б. байланысты.
Жалпы антропогендік факторлардың әсерінен жылына құнарлығын жоятын жердің мөлшері шамамен 90 млрд. тоннадай, оның ішінде жылына 7,5 млн. га эрозия процесі арқылы бүлінеді. Қазіргі кезде эрозия процесінің нәтижесінде бұзылған жерлер көлемі АҚШ-та — 300 млн. га үстінде болса, Ресейде, Белорусия мен Украинада — 100 млн. га, ал біздің Қазакстанымызда шамамен 18-20 млн. га.
Г. С. Макунинаның (1991) мәліметтері бойынша дүние жүзінің әр түрлі топырақ түрлеріндегі орта есеппен гумустың жалпы шығыны: шымды күлгін топырақ үшін - 27%, қоңыр және сұр орман топырағында - 30%, қара топырақта - 35%, сарғылт топырақта - 29%, сұр топырақта - 14%, қызыл сары темірлі топырақта - 50%.
Америка экологы Л. Браун (1992) ауылшаруашылығы жерлерін құнарсыздану дәрежесі бойынша үш санатқа бөлді:
• құнарсыздануы бәсең - әлеуетті өнімділігі 10% аз төмендеген жерлер;
• құнарсыздануы орташа - әлеуетгі өнімділігі 10-50% төмендеген жерлер;
• әбден құнарсызданған - әлеуетті өнімділігі 50% артық төмеңдеген жерлер.
Топырақтың су мен жел эрозиясы.Жоғарыда қарастырылған факторлардың ішінде жер шарының барлық түкпірінде ең бір өзекті проблема туғызып отырған негізгі фактордың бірі топырақ эрозиясы. Эрозиялық құбылыстардың дамуына сол жердің топырақ өсімдік жамылғысы мен геологиялық құрылысы әсерін тигізеді. Топырақ эрозиясының түрлері 10.1-ші суретте келтірілген.
