Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zher_korgau_roza_bilet.docx камеллия.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.19 Кб
Скачать

1 Билет

1.Топырақ дегеніміз не толық анықтама беріңіз?

Топырақтану - топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.

Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В.В.Докучаевтың (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. В.В.Докучаевтан кейін оның еңбегін көптеген талантты шәкірттері жалғастырды. Генетикалық топырақтану ХХ ғасырдың басында табиғаттанудың жаңа бір саласы ретінде қалыптасты. Генетикалық деген түсінік "генезис", яғни топырақтың пайда болуы, дамуы деген ұғымды білдіреді.

Қазіргі түсінік бойынша топырақ - жер бетінің майда ұнтақталған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті - құнарлығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады.

Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы. Топырақ планетаралық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірінің арақатынасынан дамып, геосфераның ерекше қабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді. Сонымен бірге топырақ жер шарының тіршілік дамыған аймағы - биосфераның негізгі компоненті.

Топырақтану ғылымы, оның даму тарихы. Топырақтану ғылымының негізін қалаған орыстың дарынды табиғаттанушы ғалымы В.В.Докучаев (1846-1903) болды.

2. Жер қорларын қорғау және тиімді пайдалану шаралары?

Республикамызда жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес жүргізілуде. Онда жер қорларын барлау мен өндіруге контракты, олардың түрлері, қолдану мерзімі мен шарттары, жер қойнауын және аймақтағы табиғи ортаны қорғау және олардың міндеттері, жалпы экологиялық талаптар, жер қойнауын қорғауға мемлекеттік мониторингі, жер қойнауына қорғауға мемлекеттік бақылау, халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер қойнауының мемлекеттік қоры, оның мемлекеттік мониторингі, жер қойнауына жүргізілетін мемлекеттік сараптама және сол сияқты ережелер орын алған.

Жерді қорғаудың мақсаттары:

-Өндірістің экологиялық қауіпсіз технологиясын көтермелеу және орман мелиоративтік шараларын жүргізу жолымен жердің тозуы мен бүлуінің, шаруашылық қызметінің басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;

-Тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына

-Жерді ұтымды пайдаланудың экономикалық нормативтерін тәжірибеге енгізу болып табылады;

Жер қойнауын пайдаланудың өзіндік құқығы иеленушілерге: пайдалануға құқығы бар азаматтар мен заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдіктер, сол сияқты шет ел мемлекеттері, халықаралық мекемелер жатады.

Жер- өндіріс құралы ретінде еңбек процесінің материалдық алғышарты, оның аса маңызды заттық факторларының бірі. Ол халық шарашылығының бір қатар салаларының, еңалдымен ауыл және орман шаруашылығының табиғаттың өзі берген басты өндіріс құралы. Өндіріс құралы ретінде жердің негізгі қасиеті-оның құнарлығы.

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану дегеніміз - бұл жерде шаруашылықты дұрыс жүргізу және оның құнарлығын арттыру.

Жер ресурстарын пайдалану, жақсарту- маңызды кешенді міндет. Олар бірнеше бағыттарды қамтиды. Бірінші топтағы шаралар - шарушылық айналымынан шығарылып қалған жерлердің көлемін қысқарту. Бұған жаттындар: ауыл шаруашылығының мұқтаждарына жатпайтын жерлердің көлемңн азайту; жер қвртвстарын жел және су эрозияларынан қорғау, ішкі және шарушылық аралық жерлерді орналастыру; елді мекенді жерлерді жоспарлау т.б.

Екінші топтағы шаралар- жердің тозу процестерін және топырық құнарсыздануын тоқтату; мелиорациялау; химияландыру; егіс көлемі құрылымымен жетілдіру негізінде егіншілік өнімімен арттыру т.б.

Жер ресурстарын, әсіресе суармалы жерлерді ұқвпты пайдалану шараларының ең маңыздысы- жерді мелиорациялау. Оның көмегімен пайдаланылып жүрген жердің құнарлығы үнемі артып, қайта жаңартады, бұрын егіншілікке жарамай қалған жерлер ауыл шпруашылығы айналымына қосылады. Ақырында мелиорация егін шаруашылығын интенсивтендірудің басқа көздерін пайдалану тиімділігінің неғұрлым тез өсуіне мүмкіндік жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]