Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Anestez_-reanimats_1_OSK_kaz.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.38 Кб
Скачать

Ф-МК-003/006

Реанимация және қарқынды терапия

Кенеттен жүрек тоқтау кезіндегі көрсетілетін жедел медициналық көмек.

(емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат)

Интерн шифры ________________________________

Қадамдардыбағалаукритерийлері

Балл бойынша бағалау

0

1

2

1

Есін анықтады. Көмекке шақырды. Қанайналым және тыныс алу жүйесін бағалады

2

Науқасты дайындады: қатты тегіс жерге жатқызды, кеудесін қысып тұрған киімдерін босатты, аяқтарын 30-40 градус бұрыш жасай отырып көтерді.

3

Жүрек ырғағын тексерді: дефибрилляторды қосты. Электродтарды дұрыс орналастырды, жүрек ырғағына баға берді.

4

Кеуде торына қолын дұрыс орналастырды. Кеуде торының компрессиясын дұрыс көрсетті.

5

Ауыз қуысын тексеріп тазалады. Басын артқа шалқайтты. Төменгі жағын алға шығарды. Аузын ашты. Арнайы құралды пайдаланды ( ларингеальды маска, ауа өткізгіш түтікше, амбу қапшығы )

6

Өкпені жасанды желдендіру әдісін дұрыс орындады, минутына 10 рет

7

Жүрек-өкпе реанимациясын бір кезең жүргізді (5 цикл 30:2)

8

Шеткі көк тамырға перифериялық катетр қойды. Жағдайына баға берді: Жүрек ырғағы, оттегінің сатурациясы және капнография

9

Эпинефрин 0,1% -1,0 мл + 10 мл натрий хлор изотониялық ерітіндісін тамыр ішіне әр 3-5 мин сайын енгізіп отырады.

10

Көрсетілген іс-шаралардың дұрыстығын бағалау: ұйқы артериясында пульстың пайда болуы, тыныстың пайда болуы. Науқастың ары қарайғы маршрутын анықтады.

Ең жоғары балл – 20

Тапсырмаға бөлінген уақыт – 5 мин

Қосынды балдары___________ (_____%)

Емтихан қабылдаушының аты-жөні: ____________________

Зонд қою, асқазанды жуу

(емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат)

Интерн шифры ________________________________

Қадамдарды бағалау критерийлері

Балл бойынша бағалау

0

1

2

1.

Қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс таңдау қажет:

- қолғап, асқазан зонды, шпатель,

- Жанэ шприц немесе воронка,

- жуылған суға арналған ыдыс,

- бөлме температурасына сәйкес жууға арналған су

  • клеёнкадан жасалған медициналық алжапқыш

  • суда ерігіш жағынды (гель)

  • бет перде

- асқазан жууға арналған муляж

2.

Қолын жуып, маска, халат, алжапқыш киді

3.

Манипуляция жасау барысындағы науқасты дұрыс жатқызды:

-бүйірімен жатқызды

- отырғызды

Науқастың отырған қалпын көрсетті. Науқастыңаяғының ортасына жуылған суға арналған ыдыс қойды.

4.

Енгізілетін зондтың ұзындығын өлшеді (еріннен құлаққа қарай, ал төменгі бөлімі құрсақтың алдыңғы қабырғасымен зондтың жоғарғы тесігі төстің семсер тәрізді өсіндісінен төмен орналасу керектігін айтып өтті).

5.

Зондтың тұйық ұшына жағындыны көптеп жақты. Науқастың ауызын шпательдің көмегімен ашу (өзі ашпаған жағдайда).

6.

Асқазан зондын енгізу жолдарын атап, біреуін көрсетті:

- ауыз арқылы: науқастың ауызы арқылы зондты өңешке қарай енгізді. Зонды тілдің ортаңғы сызығы арқылы жай жылжыта белгілеген жерге дейін енгізді.

- мұрын арқылы: науқастың басын қарама-қарсы жаққа қарай қисайтып, мұрын тесігі арқылы зондты жаймен енгізді. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы арқылы жылжытты. Зондты жұтқаннан соң науқастың тыныс алуы еркін екеніне көз жеткізді, зондты белгілеген жерге дейін енгізді. Зондтағы жуындының пайда болуы, зондтың асқазанда тұрғанын білдіреді. Зондты енгізген кезде кедергінің болуы, құсық, жөтел және т.б гипоксия көріністерінің пайда болуы, зондтың кеңірдекке түскенін көрсетеді. Мұндай жағдайда зондты жылдам шығарып, қайта енгізеді.

7.

Жанэ шприцін немесе варонкасын тығынысыз зондқа жалғап, варонканы асқазан деңгейінен төмен түсіру қажет(варонканы сәл қисайтып), асқазанның жуынды суы пайда болғанша. Алғашқы жуынды суын залалданған ыдысқа жинап, зерттеуге жіберу.

8.

Воронкаға жууға арналған суды құю. Жаймен жоғары көтеріп, сұйықтықтың асқазанға түсуін қадағалау (сұйықтық воронканың түбіне жету қажет). Дұрыс және жылдам воронканы төмен түсіріп, жуынды суды төгу.

9.

Таза су пайда болғанша асқазанды жууды қайталау. Енгізілген және шығарылған сұйықтықтың көлемі шамамен тең болу қажет.

10.

Воронканы бөліп, зондты салфеткамен ұстап, жылдам шығару керек.

Ең жоғары балл – 20

Тапсырмаға бөлінген уақыт – 5 мин

Қосынды балдары___________ (_____%)

Емтихан қабылдаушының аты-жөні: ____________________