- •1 Емтихан билеті
- •2. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 хқес).
- •3.Төленбеген капитал есебі.
- •2 Емтихан билеті
- •1.Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал, салымдар мен пайлар
- •2.Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
- •3.3.Ануитеттер, олардың түрлер
- •3 Емтихан билеті
- •2.Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері
- •3.Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 қехс)
- •1.Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар.
- •2. Негізгі құралдарды тану критерийлері және оларды бастапқы бағалау
- •5 Емтихан билет
- •2.Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы және есебі
- •3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі.
- •6_ Емтихан билеті
- •1.Қорлардың анықтамасы және жіктелуі
- •3.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •7_ Емтихан билеті
- •2. Материалды емес активтердің амортизациясы
- •3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері
- •8_ Емтихан билеті
- •1.Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •3.Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.
- •9_ Емтихан билеті
- •1.Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары
- •10_ Емтихан билеті
- •2.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •3.Тәуелді, қауымдасқан компаниялардың дебиторлық берешектерінің есебі.
- •11_ Емтихан билеті
- •1.Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
- •2.Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •12__ Емтихан билеті
- •2. Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 хқес)
- •13_ Емтихан билеті
- •1.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •14_ Емтихан билеті
- •1.Кезең шығындарының есебі
- •3.Касса операцияларының есебі.
- •15_ Емтихан билеті
- •1.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •2.Ағымдағы міндеттемелер және олардың есебі
- •3. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •16__ Емтихан билеті
- •1.Ақша қаражаттарына бақылау
- •3. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау
- •17_ Емтихан билет
- •1.Қаржылық есептілікті беру алдындағы түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
- •3.Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары
- •18_ Емтихан билеті
- •3. Материалдық емес активтерді мойындау және ақпараттарды ашу (қехс 38)
- •1.Қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы (7қехс)
- •7 Қехс бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.
- •2. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы.
- •3.Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат
- •2. Қаржылық есептіліктің мақсаты және пайдаланушылары (1 қехс)
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
- •3. Материалдық емес активтерді есепте мойындау және бағалау (38 қехс)
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •3.Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.
- •1.Бухгалтерлік құжаттар.
- •3. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері
- •Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.
- •Қаржылық есеп берудің нысандары.
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •1.Материалдық емес активтерді бағалу әдістері (38 қехс)
- •2.Ұзақ мерзімді активтер.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •1. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
- •2. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.
- •3. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.
- •1. Ағымдағы активтердің есебі.
- •2. Түгендеу.
- •3. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі (16 қехс)
- •1. Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі.
- •1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп-айырысудың есебі.
- •2. Негізгі құралдардың есебі.
- •1.Резервтік капитал есебі.
- •2. Банк несиелерінің есебі.
5 Емтихан билет
1.Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі
Негізгі құралдар түсуі комиссия жасайтын «Негізгі құралдарды қабылдап алу-беру кесімімен» (НҚ-1 нысаны) рәсімделеді. Онда қабылданатын нысанның егжей-тегжейлі сипаттамасы беріледі, оның бастапқы құны және нысанды беру туралы құжаттардың мәліметі бойынша амортизация сомасы көрсетіледі, сондай-ақ нысанның жағдайы туралы комиссияның қорытындысы келтіріледі.
Негізгі құралдарды жіктеу кезінде олардың негізгі құралдардың Мемлекеттік жіктемесіне (ҚР МЖ 12-2005), сондай-ақ осы есепке алу саласын реттейтін өзге нормативтік құжаттарға сәйкестігіне баса көңіл бөлінеді. Негізгі құралдардың өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік Компанияның материалдық-техникалық базасының негізін құрайды және технологиялық процестің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өндірістік емес негізгі құралдарға әлеуметтік мақсаттағы объектілер жатады.
Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:
- физикалық немесе сапалық тозу;
- шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;
- басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде
беру;
- басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру;
- объектілерде ұзақ мерзімді жалға беру;
- кему шығу, табиғи апат және басқа себептер.
Негізгі құралдар мен аяқталмаған құрылыс объектілері істен шыққанда немесе оны бұдан былай пайдалану ешқандай экономикалық пайда әкелетіні күтілмейтін болса, шоғырландырылған теңгерімнен есептен шығарылуы тиіс.
2.Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы және есебі
Бөлінбеген пайда (табыс) — кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «Бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» болып табылады. «Бөлінбеген пайда (залал)» есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі. 5500 «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)» бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған залалды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы)» - онда есептік жылдың пайдасы немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады; 5520 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» - онда өткен жылдардағы пайда (залал) көрсетіледі. Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі бойынша жүргізілетін шаруашылық операцияларға шоттардың байланыстары төмендегі кестеде берілген.
3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі.
Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек – кейде қаржы тәртібін бұзудан, туарды, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу – несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынадай шоттарында жүреді:
1210 " Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары " шоты;
1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық борыштары " шоты;
Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымддстырылуын қарастырайық. 2110 " Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары» шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген кызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық қарыздар, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдегі дебиторлық қарыздар, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады:
Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндк құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциясы жасалады: 7010 "Сатып-өткізілген өнімнің ,көрсетілген қызметтердің өзіндік құны", , 1320 "Дайын өнімдер", 1330 "тауарлар", 8010 "Негізгі өндіріс", басқа шоттары кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі.
