Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

2. Негізгі құралдарды тану критерийлері және оларды бастапқы бағалау

Материалдық объектілер негізгі құралдар болып табылады, олар:

– өндірісте немесе тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізіп беруде пайдала-

ну үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе жеке мұқтаждықтар үшін ұсталынады;

– күтілетіндей, бір жылдан астам уақыт ішінде пайдаланылатын болады.

Негізгі құралдарды бухгалтерлік есепке алу әрбір объектінің (заттың, жиынтықтың)

есепке алу тізілімінде дұрыс құжаттамалық ресімделуінжәне келіп түсуінжәне мемлекеттік

мекеме ішінде орнын ауыстыруының уақтылы көрсетілуін, сондай-ақ сақталуына және

дұрыс пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекеттік мекемелердің негізгі құралдарын есепке алу үшін бухгалтерлік есепке алу

шоттары жоспарының шоттары-қосалқы шоттары арналған:

2310 «Жер»

2320 «Ғимараттар»

2330 «Құрылыстар»

2340 «Беріліс құрылғылары»

2350 «Көлік құралдары»

2360 «Машиналар және жабдық»

2370 «Құрал-саймандар, өндірістік және

шаруашылық құрал-жарақтар»

2380 «Өзге негізгі құралдар»

2390 «Жинақталған амортизация және негізгі

құралдардың құнсыздануы»

2411 «Аяқталмаған құрылыс»

5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға

арналған резерв»

Негізгі құрал объектісінің құны мынадай жағдайлар орын алғанда актив болып таныла

алады:

– мемлекеттік мекемеге экономикалық пайданың және осы объектімен байланысты

көрсетілетін қызмет әлеуетінің келіп түсу ықтималдығы бар

3.Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал және активтерді қайта бағалау резервтері.Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның қатысушылардың салымының сомасына немесе акцияға жазылудан түскен сомаға тең жарғылық қоры құрылтай қүжаттарында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың мөлшері, бір акцияның тұрақты құны, жай және артықшылықты акциялардың ара қатынасы, «Алтын акцияның» болуы акционерлер жиналысында белгіленеді және тиісті мемлекетгік органдарда тіркеледі.Егер бүрын жарияланған көлемін қатысушылар толығымен төлемеген болса, жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім тіркеуге қабылданбауға тиісті. Жарғылық капиталды азайту туралы шешімге несие берушілер наразылық білдіре алады. Жарғылық капиталға салымдарды төлеу үшін ақша қаражаттары, интеллектуалдық меншікті қоса алғанда материалдық емес активтер, «Ноу-хау», негізгі құралдар, жер иелену құқығы және басқа активтер қабылданады. Жарғылық қор өткізілген акциялардың тұрақты құны бойынша бағаланады. Сатып-өткізілген акциялар құнының олардың тұрақты құнынан артуы /құрылтай және эмиссиялық табыс / жеке көрсетіледі және акцияларды, олардың түрақты қүнынан төмен бағаға /акция курсы арзандаған кезде/ сатқан жағдайда пайда болатын айырмашылықтың өтеміне пайдаланылады. Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударымдар жасау арқылы жасалады. 5300 «Резервтер» бөлімшесі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі, және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 5310 – «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі; 5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв», онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі; 5330 – «Шетелдік валютаның қайта есептеуге арналған резерв», онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айрамлар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс; 5340 – «Басқа да резервтер» онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]