Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

3 Емтихан билеті

1.Материалдық емес активтердің келіп түсуінің есебі.Материалдық емес активтердің нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Осы шоттардын дебеті бойынша — материалдық емес активтердің келіп түскен айдың басы мен аяғындағы калдықтары көрсетіледі де, ал кредиті бойынша — материалдық • емес активтердің есептен шығарылғандары көрсетіледі. "Лицензиялық келісімдер", "Бағдарламалық жабдықтау"Патенттер", "Ұйымдастыру шығындары","Гудвилл", "Материалдық емес басқа да активтер". "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің шоттарын талдамалық есепке алу "Материалдық емес активтердің мүліктік есеп карточкасында" жүргізіледі. Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алу үшін қолданылады. Материалдык емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. Карточка "Материалдық емес активтерді алу-беру актісінің", техникалық және басқа құжаттардың, кәсіпорынның материалдық емес активтердің объектісін алғанын растайтын қүжаттардың негізінде толтырылады. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға (ұйымға) берген кезде, оның есептен шыққаны туралы белгі соғу үшін негізі "Материалдық емес активтерді алу-беру актісі" болып табылады

2.Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері

Активтің құнсыздануы - амортизация арқылы болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындарды жүйелі түрде танудан асып түсетін болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындар.

Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің Есепке алудың жекелеген қағидаттары атты 3- бөлімінің «Активтердің құнсыздануы» тармағы бойынша:

Активтің өтелетін құнынан оның баланстық құны артық болған кезде актив құнсызданған болып есептеледі.

Активтің өтелетін құны сатуға арналған шығындарды және оны пайдаланудан түскен құндылықтарды шегергеннен кейінгі активтің әділ құнынан ең көп мәні ретінде айқындалады. Активті пайдаланғаннан түсетін құндылық генерацияланбайтын ақша қаражаты активтің қалдық сервистік әлеуетінің дисконтталған құны ретінде айқындалады. Қалдық сервистік әлеуеттің дисконттық құны мынадай әдістерді пайдалана отырып айқындалады:

1) ауыстырудың амортизацияланған құн әдісі;

2) қалпына келтіру құн әдісі;

3) пайдалы бірліктер әдісі.

Генерацияланатын ақша қаражаты активтерін пайдаланудан түсетін құндылық активті алуы үздіксіз пайдаланудан және оның пайдалы қызметінің мерзімі өткенненнен кейін істен шығуынан күтілетін ақша қаражатының болашақ ағымдарының дисконтталған құны ретінде айқындалады.

Есепті жылдың соңында есепте жүргізілген түгендеу нәтижесі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісілген мемлекеттік мекеме басшысы бұйрығына сәйкес құрылған түгендеу комиссиясының актісі негізінде егер осы активтің баланстық құнынан өтелетін құн төмен болса, бар активтердің құнсыздану фактісі тіркеледі. Түгендеу актісінде құнсыздану себептері көрсетілуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]