- •1 Емтихан билеті
- •2. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 хқес).
- •3.Төленбеген капитал есебі.
- •2 Емтихан билеті
- •1.Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал, салымдар мен пайлар
- •2.Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
- •3.3.Ануитеттер, олардың түрлер
- •3 Емтихан билеті
- •2.Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері
- •3.Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 қехс)
- •1.Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар.
- •2. Негізгі құралдарды тану критерийлері және оларды бастапқы бағалау
- •5 Емтихан билет
- •2.Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы және есебі
- •3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі.
- •6_ Емтихан билеті
- •1.Қорлардың анықтамасы және жіктелуі
- •3.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •7_ Емтихан билеті
- •2. Материалды емес активтердің амортизациясы
- •3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері
- •8_ Емтихан билеті
- •1.Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •3.Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.
- •9_ Емтихан билеті
- •1.Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары
- •10_ Емтихан билеті
- •2.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •3.Тәуелді, қауымдасқан компаниялардың дебиторлық берешектерінің есебі.
- •11_ Емтихан билеті
- •1.Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
- •2.Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •12__ Емтихан билеті
- •2. Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 хқес)
- •13_ Емтихан билеті
- •1.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •14_ Емтихан билеті
- •1.Кезең шығындарының есебі
- •3.Касса операцияларының есебі.
- •15_ Емтихан билеті
- •1.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •2.Ағымдағы міндеттемелер және олардың есебі
- •3. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •16__ Емтихан билеті
- •1.Ақша қаражаттарына бақылау
- •3. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау
- •17_ Емтихан билет
- •1.Қаржылық есептілікті беру алдындағы түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
- •3.Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары
- •18_ Емтихан билеті
- •3. Материалдық емес активтерді мойындау және ақпараттарды ашу (қехс 38)
- •1.Қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы (7қехс)
- •7 Қехс бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.
- •2. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы.
- •3.Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат
- •2. Қаржылық есептіліктің мақсаты және пайдаланушылары (1 қехс)
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
- •3. Материалдық емес активтерді есепте мойындау және бағалау (38 қехс)
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •3.Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.
- •1.Бухгалтерлік құжаттар.
- •3. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері
- •Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.
- •Қаржылық есеп берудің нысандары.
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •1.Материалдық емес активтерді бағалу әдістері (38 қехс)
- •2.Ұзақ мерзімді активтер.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •1. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
- •2. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.
- •3. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.
- •1. Ағымдағы активтердің есебі.
- •2. Түгендеу.
- •3. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі (16 қехс)
- •1. Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі.
- •1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп-айырысудың есебі.
- •2. Негізгі құралдардың есебі.
- •1.Резервтік капитал есебі.
- •2. Банк несиелерінің есебі.
1.Резервтік капитал есебі.
ҚР Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заң күші бар Жарлығына сәйкес ААҚ жарғылық капиталдың 10% -нен кем емес мөлшерде өзінің резервтік капиталын құруға міндетті. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі жарғы мен белгіленеді. Өндіріс көлемінің өсуіне, құнсыздануға басқа да жағдайларға байланысты жарғылық капитал ұлғайған кезде резервтік капиталда соған сәйкес ұлғаюға тиісті.
Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударымдар жасау арқылы жасалады.
5300 «Резервтер» бөлімшесі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі, және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5310 – «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв», онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі; 5330 – «Шетелдік валютаның қайта есептеуге арналған резерв», онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айрамлар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;
5340 – «Басқа да резервтер» онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.
2. Банк несиелерінің есебі.
Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық келісімшарт негізінде беріледі.
Несиелеудің обьектілері:
-тауарларды экспорттық және импорттық жеткізулер және сыртқы экономикалық қызметтер бойынша шығындар;
-жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар сатып алған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер;
-ломбардтық кепіл несиелік операциялары;
-театрдың, парктердің,атракциондардың табыстар мен шығындары арасындағы мерзімдік алшақтанушылық.
Несиелеуге мыналар қабылданбайды:
-дайын өнімнің нормадан тыс қалдықтары,көліктік қиындықтарға,ұқыпсыз төлеушілерге тиеуді тоқтатуға байланысты өнімдерді тиеп жіберудің кешіктірілуі себепті пайда болған мерзімдік қалдықтарынан басқалары;
-өтімі шектеулі немесе өтпейтін даяр өнімнің қалдықтары;
-өндірістің жылдық қажеттілігінен артық әкелінген,өндірілген,бір жылдан аса немесе несиелеу үшін бекітілген басқа да кезеңнен аса қозғалыссыз сақталған тауарлы-материалдық құндылықтар;
-артық , қажет емес, қиын өткізілетін және пайдаланылмайтын тауарлы-материалдық құндылықтар;
-құндылықтардың бұзылуына немесе жабылуына әкелетін сақтау жағдайлары сақталуын қамтамасыз етпейтін тауарлы-материалдық құндылықтар;
-несие шарттарында қарастырылған мерзімнен артық жолда келе жатқан материалдық құндылықтар;
-аяқталмаған өндіріске,дайын өнімге және тиелген өнімдерге жататын өнімнің өзіндік құнының қымбаттауы.
Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері:
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;
-қарыз алушының шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несие ресурстарын жоғалтудан алдын ала сақтандыру;
-қарыз алушы кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру бағытында қызметін ынталандыру;
-несиелердің тиімділігін көтеру.
Талдау қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық есептерінен жиналған мәліметтер негізінде,қосымша хабарламалар, оның серіктестіктерге қатысты жауапсыздығы,төлемдерін жиі кешіктіруі туралы фактілер негізінде жүргізілуі тиіс.
Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін бағалаудың басты әдісі –оның ресми бухгалтерлік есеп берулерін талдау.Осыған сүйене отырып банк мыналарды бағалауы керек:
1)кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және өтімділігін;
2)айналым қаражаттарын және алған несиені пайдаланудың тиімділігін;
3)барлық қарыз міндеттемелерді,несиенің сұралған сомасын қоса,өтімді қаржылармен жабуын;
4)шаруашылық айналымда меншікті айналым қаражаттарының болуын;
5)кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін)бағалау.
Талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.
Қысқа және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру ҚР Ұлттық Банксі бекіткен «Қысқа және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі. Банктен тыс ұйымдардың қарыздары мыналар бойынша айрықшаланады:
өтемақыылық – шетеелдік валюта қарызын отандық валюта қарызына айырбастау;
тіркелген – тіркелген уақыт кезеңіне тіркелген процент.
Банк несиелері :
қысқа мерзімді – бір жылға дейін, бірақ екі жылдан көп болмауыкерек;
орташа мерзімді – бір жылдан үш жылға дейін;
ұзақ мерзімді – үш жылдан жоғары.
Кредиттеу түрлері:
аванстық – дайындаушы ұйымдарға беріледі;
бланктік(сенімгерлік) –ұаржысы тұрақты субъектіге, сенімді төлеушіге толық сеніп беріледі;
консорциумдық – екі немесе оданда көп банкілеріне аса ірі мақсатты бағдарламаны кредиттеу үшін беріледі;
ипотекалық –мүлік кепілдігімен берілетін ұзақ мерзімді неисе;
овердрафт –нәтижесінде дебеттік сальдо пайда болатын банктегі клиент шотынан қаражатты есептен шығарып тастау арқылы жүзеге асырылатын қысқа мерзімді кредиттеу түрі;
кредиттік желі(жаңартпалы кредит)- міндеттемесі заңмен рәсімделген банктің «қарыз алушыға» өзінің алғашқы талап етуі бойынша немесе ең аз деңгейдегі нақты төлем шегінде кредитті кезең ішінде беру;
тұтыну мақсаттарына арналған кредит (қызметкерлерге берілетін кредит); кредитке алынатын тауарлармен; басқа да жеке қажеттілітерге(шаруашылық құруға, мал, құс өсіруге т.б.);
Стэнд-бай –Халықаралық валюта қорынан елдерге ұсынатын кредиті.
Банктен тыс ұйымдардың несиелері баланс бойынша пассивтік 3020 –қысқа мерзімді, 4020 – ұзақ мерзімді, банк несиелері 3010- қысқа мерзімді, 4010 –ұзақ мерзімді шоттарында есепке алынады. Әрбір алынған несие бойынша талдамалық есеп жүргізіледі.
3.Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің заңды түрде реттелуі Бухгалтерлік есепті реттеу принциптері әрқашанда жаңару процесінде болады және өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Бухгалтерлік есеппен енгізілетін тапсырмалардың күрделілігі мен жауапкершілігі есеп саясаты принциптерінің айқындылығымен қамтамасыз етіледі. Бұл бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды реттейтін нормативті құжаттарға сүйенетін және шаруашылық шешімдер қабылдайтын субъектілердің көбеюімен байланысты. Егер әкімшілік-жоспарлық экономика аясында инвестициялар туралы шешімдерді жалғыз субъект – мемлекет қабылдаса, ал нарықтық жағдайларда мұндай шешімдер көптеген ұйымдар санымен қабылданады, тек мемлекет қарамағындағы ұйымлар ғана қатыса алмайды. Нарықтық экономикада мемлекеттің рольі айтарлықтай қысқарады және тек салық жинау мен нормативті құқықтық актілердің сақталуын қадағалайды.
Қазіргі таңда есептің негізгі міндеті компанияның есеп беруін ұсынатын қызметке мүдделі бизнеске қатысушыларды шынайы ақпараттармен қамтамасыз еут болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті нормативті реттеудің мақсаты – қызығушылық танытқан тұлғаларды ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты келесі мәселелер шешіледі:
шот жүргізуден (шаруашылық өмірдің фактілерін тіркеу) бухгалтерлік есеп беруге нормативті реттеуді қайта бағыттау;
қаржылық есепті халықаралық стандарттар негізінде реттеу;
ұлттық реттеуді халықаралық халықаралық стандарттарды өлшеп қолдану.
Нормативті қамтамасыз етудің маңызды құрушысы бухгалтерлік есеп жүйесінің тұрақты дамуын сақтау болып табылады.
Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеуді басқа да мүдделес министірліктер мен ведомостволармен келісе отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі іске асырады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңмен жетекшілік ете отырып, ол министрлік Қазақстан Республикасындағы есеп беру мен бухгалтерлік есеп туралы жалпы ережелерді, әдістемелік нұсқаулар мен бухгалтерлік есептің жекелеген бағыттары бойынша рекомендацияларды, бухгалтерлік есеп стандарттарын, сонымен қатар, стандарттарды қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқауларды, басқа да есепке байланысты мәселелерді бекітеді.
Сонымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарын қолдануды және шоттардағы есептің әдістерін түсіндіретін нұсқаулықтарды, олардың типтік корреспонденцияларын бекітеді.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңнан басқа, бухгалтерлік есептің жекелеген аспектілері ҚР Азаматтық Кодексімен, ҚР Салық Кодексімен және басқа да заңдармен реттеледі. Мысалы, ҚР Азаматтық Кодексінде талап ету мерзімінің уақыты белгіленген сату-сатып алу кезінде іске асатын мүліктік құқықтың ауысуының мерзімі анықталған.
Заң бухгалтерлік есептің және оны ұйымдастырудың әдістемелік және құықтық негіздерін, бухгалтерлік қызметтің негізі бағыттарын және есеп беруді құра білуді, сонымен қатар, бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті және бухгалтерлік есеп беруді құратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамын анықтайды. Заң есептің негізгі мақсаттарын және оны жүргізудің басты талаптарын анықтайды. Бірінші деңгейге мүліктердің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының түрлерінің салық салынуы мен есебін реттеуді регламенттейтін басқа да Заң актілері жатады. ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары – нормативті реттеу жүйелерінің бірінші деңгейіндегі құжаттар.
Бухгалтерлік есепті реттеудің екінші деңгейіндегі құжаттар – бұл ұйымдардың шаруашылық өмір фактілерінінің есебін жүргізу әдісін, ережелерін және принциптерін бекітетін ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелері (стандараттары). Ережеге сай, олар ҚР Әділет министрлігінде тіркеледі және барлық ұйымдар үшін нормативтік күшке ие. Қазіргі таңда бухгалтерлік есеп жөнінде 29 қазақстандық стандарт бар. Ескерте кету керек, кейбір стандарттар басқа стандарттармен ауысуына байланысты немесе олардың ережелерінің басқа стандарттарға көшірілуіне байланысты алынып тасталған.
Үшінші деңгей құжаттары ҚР Қаржы министрлігінің заңдары мен ережелерінің (стандарттарының) қолданылу реттерін ашады және нақтылайды. Олар неғұрлым жоғары деңгейлердің нормативтік – құқықтық актілеріне қайшы келмейді. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және меншік формасына, ұйымдастыру – құқықтық формаларына байланыссыз барлық кәсіпорындардағы есепті ұйымдастыру негіздерін құрайтын нұсқаулықтар үшінші деңгей құжатарына жатады. Сонымен қатар, үшінші деңгей құжаттарына бухгалтерлік есеп жөніндегі стнадарттардың жекелеген бөлімдерінде қолданысқа енетін және өңделетін нұсқаулықтар мен әдістемелік нұсқаулар жатады. Бұл деңгейдің құжаттары ҚР Қаржы министрлігі қарастырған ережелерге және қаржылық есеп беруді пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес есепті рационалды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Төртінші деңгей құжаттарын ұйымның жетекшілері бекітеді. Бұған ұйымдағы операциялар мен объектілердің есебі жөніндегі нұсқаулар мен жұмысшы нұсқаулықтар жатады.
