- •1 Емтихан билеті
- •2. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 хқес).
- •3.Төленбеген капитал есебі.
- •2 Емтихан билеті
- •1.Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал, салымдар мен пайлар
- •2.Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
- •3.3.Ануитеттер, олардың түрлер
- •3 Емтихан билеті
- •2.Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері
- •3.Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 қехс)
- •1.Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар.
- •2. Негізгі құралдарды тану критерийлері және оларды бастапқы бағалау
- •5 Емтихан билет
- •2.Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы және есебі
- •3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі.
- •6_ Емтихан билеті
- •1.Қорлардың анықтамасы және жіктелуі
- •3.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •7_ Емтихан билеті
- •2. Материалды емес активтердің амортизациясы
- •3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері
- •8_ Емтихан билеті
- •1.Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •3.Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.
- •9_ Емтихан билеті
- •1.Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары
- •10_ Емтихан билеті
- •2.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •3.Тәуелді, қауымдасқан компаниялардың дебиторлық берешектерінің есебі.
- •11_ Емтихан билеті
- •1.Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
- •2.Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •12__ Емтихан билеті
- •2. Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 хқес)
- •13_ Емтихан билеті
- •1.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •14_ Емтихан билеті
- •1.Кезең шығындарының есебі
- •3.Касса операцияларының есебі.
- •15_ Емтихан билеті
- •1.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •2.Ағымдағы міндеттемелер және олардың есебі
- •3. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •16__ Емтихан билеті
- •1.Ақша қаражаттарына бақылау
- •3. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау
- •17_ Емтихан билет
- •1.Қаржылық есептілікті беру алдындағы түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
- •3.Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары
- •18_ Емтихан билеті
- •3. Материалдық емес активтерді мойындау және ақпараттарды ашу (қехс 38)
- •1.Қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы (7қехс)
- •7 Қехс бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.
- •2. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы.
- •3.Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат
- •2. Қаржылық есептіліктің мақсаты және пайдаланушылары (1 қехс)
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
- •3. Материалдық емес активтерді есепте мойындау және бағалау (38 қехс)
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •3.Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.
- •1.Бухгалтерлік құжаттар.
- •3. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері
- •Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.
- •Қаржылық есеп берудің нысандары.
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •1.Материалдық емес активтерді бағалу әдістері (38 қехс)
- •2.Ұзақ мерзімді активтер.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •1. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
- •2. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.
- •3. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.
- •1. Ағымдағы активтердің есебі.
- •2. Түгендеу.
- •3. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі (16 қехс)
- •1. Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі.
- •1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп-айырысудың есебі.
- •2. Негізгі құралдардың есебі.
- •1.Резервтік капитал есебі.
- •2. Банк несиелерінің есебі.
2. Негізгі құралдардың есебі.
Өндіріс процесі еңбек заттары /шикізат, материалдар, сатып алынатын шала фабрикаттар/ және еңбек құрал-жабдықтары болып бөлінетін өндіріс құрал-жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады. Еңбек құрал-жабдықтарының құрамына белгілі бір заттарды жатқызу олардың сыртқы белгілеріне қарап емес, өндіріс процесінде атқарар рөліне қарап белгіленеді. Мысалы, заводта дайындалған бу қазаны ол үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін субьект сатып алган осы қазан еңбек құралы болып табылады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес /әлеуметтік/ салада да ұзақ уақыт бойы /бір жылдан астам/ қызмет етеді. Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар /ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.Өндірістік негізгі құралдар /машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, ғимараттар, құрылыстар/ дегеніміз мөлшері мен техникалық деңгейіне кәсіпорынның техникалық жарақтандырылуы тікелей байланысты болатын өндірістік құралдар. Негізгі өндірістік құралдардың пайдаланылуын сипаттайтын жинақтаушы экономикалық көрсеткіш негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнім болып табылатын қор қайтарымы.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық /ғимараттар, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б/ қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иеленуге (тиесілігіне) қарай негізгі құралдар жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субьектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді. Жалга алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай түрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 2411-ші «Жер», 2412-ші «Үйлер мен ғимараттар», 2414-ші «Көлік құралдары», шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдарды жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған /тоқтатылып қойған/ және қорда түрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп түрғанға пайдаланудағы құрал-жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрғандар бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал-жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылған қордағы объектілер жатады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар /үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар/ жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға /ғимараттардан басқа/ күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындарды /жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б./ жатады.
Әр субьектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге /топтарға/ бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдық /соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық /күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар жөне жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға /ғимараттарсыз/ шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі қорлар.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалаудың қабылданған біртұтас принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшаға шағып бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын айқындап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құны, ағымды, баланстық құны, сатып-өткізу құны, жойылу құны, тозу және қалдық құны болады.
Бастапқы /тарихи/ құн — негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап шығаруға кеткен нақты шығындардан және сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, сондай-ақ пайдалануға беру, тағы сол сияқты кез келген негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына жеткізуге қатысты шығындардан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны былайша қалыптасады-қайта бағаланған негізгі құралдар бойынша олардың қайта бағалау кезінде белгіленген төртіппен бекітіліп, есепте көрсетілген қайта қалпына келтіру құны;
мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жасалған негізгі құралдар бойынша—алуга, жеткізуге, құрастыруға және орнатуға кететін және объектілердің мүліктік құнына енгізілуге тиіс басқа шығындар; құрастыруды қажет етпейтін басқа машиналар бойьшша--сатып-алуға, жеткізуге кететін шығындар және оларды сатып-алуға байланысты басқа да шығындар;
тегін алынған объектілер бойынша--тапсыру құжаттарында көрсетілген құн /құрастыруды қажет ететін жабдықтар үшін--жеткізу және құруға кететін шығындар қоса есептеледі/;
пайдалануда болған, ақы төлеп сатып алынған объектілер бойынша сатып-алуға, жеткізуге байланысты шығындар және алынатын объектілердің тозу сомасын қоса есептегенде сатып-алуға кеткен шығындар /құрастыруды қажет ететін жабдықтар үшін алушының орнатуга кеткен шығындары қоса есептеледі/;
негізгі табынга қосылған жас малдар бойынша—малдарды өсірудің нақты өзіндік құны,
негізгі табынды құру үшін алынған ересек малдар бойынша жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып-алуға шыққан шығындар және сатып-алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;
жас өсімдіктер бойынша өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен алынған өнімді пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі нақты шығындар;
толық төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;
жерді жақсартуға жұмсалран. күрделі шығындар бойынша жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.
Негізгі құралдардың бастапқы құны объект қайта жабдықталғанда /күрделі қаржы тәртібімен жүзеге асырылған кеңейту, салып бітіру, жабдықтап бітіру, жаңалау, қайта құру/, сондай-ақ объектіні жартылай жойғанда және белгіленген тәртіппен негізгі құралдарды қайта бағалаған кезде ғана өзгереді.
Ағымды құн - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп-беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандагы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымды құны.
Сатылу (енгізілу) құны - бір-бірін жақсы білетін, мәмілеге келүге дайын тәуелсіз жақтардың /тараптардың/ негізгі құралдарды өзара айырбастауларына мүмкіндік беретін өткізу /сату/ құны болып табылады.
Жойылу құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының болжамды құны.
Тозу құны - негізгі құралдардың бастапқы және жойылу құндарының арасындағы айырмашылығы, былайша айтқанда, негізгі құралдардың амортизациялық жолмен есептеліп, өндіріске немесе айналымға жатқызылған шығындары.
Негізгі құралдардың қалдық құны - бұл өндірілген әнімге, орындалған жұмысқа және көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құн. Қалдық құнды анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдар объектісінің қолданыста болу уақыты ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу құнын алып тастайды.
Негізгі құралдардың есебі 2410 «Негізгі құралдар шотында жүргізіледі.
Субъектідегі негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы «Негізгі құралдар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады.
Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі негізгі құралдардың келіп түсуінің, көсіпорын ішінде орын ауыстыруының және шығуынын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұғымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есеп және калькуляция объектілері бойынша амортиация шығындарының есебін; негізгі қуралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудьщ жаңа әдісгерінің тиімділігін; негізгі қуралдарды жөңдеу бойынша шьнывдардың сенімді есебін; негізгі қуралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде және толық өткізуді және олардың нәтижесін есеггге көрсетуді; негізгі қуралдарды сату және олардың басқаша шыгу нәтижелерін есепте нақты көрсетуді қамтамасыз етуге тиісті.
Негізгі құралдарды өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, қүрылғыларды салу; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу; ез күшімен құрал-саймандар дайындау; малдардың төлдерін негізгі табынға~ауыстыру; көп жылдық жас өсімдіктерді негізгі құрал-жабдықтарға қосу; басқа субъектілер мен жеке тұлгалардан ақысыз /тегін/ алынган негізгі құралдардың келіп түсуі; объектілерді үзақ мерзімге жалга алу /келісімді қүнын толық төлегеннен кейін/; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түседі. Негізгі қүрал-жабдықтардың түсуі мынадай қүжаттармен рәсімделеді:
Негізгі құрал-жабдықтарды қабылдау-тапсыру /орнын ауысшру/ актісі /ү. № НҚ-1/ негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайдан басқаларда, оларды пайдалануға беру үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан /бөлімнен, учаскеден/ екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан /қордан/ пайдалануға тапсыруды рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа субъектіге тапсыру кезінде /жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды/ негізгі құралдар құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілеггі адамдар бекітеді. Негізгі құралдардьщ кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех /бөлім/ қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылган бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге - тапсырушы цехқа беріледі.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер ушін) екі дана етіп жасалады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде акт үш дана болып жасалады: бірінші екеуі өткізуші субъектіде қалады /онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп-беруге, екіншісі - есеп айырысу-төлем құжаттарьша тіркеледі/, үшінпгі дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру /орнын ауыстыру/ актісі төменде келтірілген. Eгic алқабын қорғайтын өсімдіктерді қабылдау. "Eric алқабын қорғаушы екпе ағаштарды пайдалануға қабылдау туралы актімен" жүзеге асырады, бүл құжатты сондай-ақ қорғаушы орман өсімдіктерін егудің аяқталған жұмыстарын кіріске алу және оларды /жас мөлшері 5 жылдан кем болмайтын мерзімде/ пайдалануға беруді рәсімдеу үшін де қолданады. Малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстыру ферма меңгерушісі толтыратын "Малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыру" актісімен рәсімделеді. Егер негізгі табынға мүйізді ірі қара малын, шошқа мегежіндерін, биелерді, айғырларды ауыстыратын болса, актіге әр малдың мүліктік тізімдеу нөмірі, туылган уақыты, жынысы, класы, түсі және басқа белгілері көрсетіліп жазылады. Ешкінің, қойдың және басқа үсақ малдың төлдері жалпы саны, негізгі табынға ауыстырылған малдардың бәріне тән белгілері /түқым, жынысы/ көрсетіліп жазылады.
Бухгалтерия келіп тускен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікінің /тұрған орны, пайдалану орны бойынша/
№ НҚ-13 улгідегі Мүліктік тізімге енгізеді, негізгі құралдарды алу туралы жазба жасайды:
Шаруашылықты жүргізуші субьект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзіне тиісті үйлер мен ғимаратгарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға бёруге, уақытша тегін пайдалануға беруге немесе заң актілері мен субьект жарғысында бұл іс-әрекеттер көзделмеген болса, оларды баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару табиғи және моралдық (саплық) тозуына байланысты жою қажет болғанда, құрылыс жүргізгенде, кәсіпорындарда, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жарақтандырып, кеңейткенде, негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда, табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде, баланстан тегін бергенде, сыйлағанда, шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық үйымдарға бергенде /сатқанда/, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Жою толық және ішінара /объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде/ болады. Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес пайдалану мерзімі біткен, табиғат зіл-заласы мен апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда жөне оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге беруте болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал-сайманнан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы мен қүны бірдей бір өндірістік бөлімшеде орналасқан басқа да заттарды ескермегенде, әр мүліктік объектіге ашылатын Мүліктік карточкаларда жүргізіледі. Мүліктік карточканың негізгі құрал-жабдықтардың барлық түрлеріне арналған біртұтас типтік үлгісі /ү.№ НҚ--6/ төменде келтірілген. Бұл карточканы бухгалтерияға келіп түскен негізгі құрал-жабдықтардың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырады. Карточкада обьектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің сипаттамасы техникалық құжаттама мәліметтерін қайталамайтын етіп, қысқа және объектінің жеке ерекшеліктері дәл көрсетілуі керек. Мүліктік карточка бухгалтерияда әр объекііге немесе жекелеген обьекіілердің тобына жүргізіледі. Топтық есеп жағдайында карточка негізгі құрал-жабдықтардың жекелеген обьектілерінің позициялық жазбалары жолымен толтырылады. Негізгі құрал-жабдықтарды басқа субьектіге тапсыру (беру) кезінде, сондай-ақ негізгі құрал-жабдықтар обьектілерінің субьект ішінде орын ауыстыруы кезінде негізгі құрал-жабдықтардың шығуы туралы белгі соғуға «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру» актісі (ү. № HK,-1), ескіруі және тозуы салдарынан негізгі құрал-жабдықтар обьектілерін есептен шығаруда «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» (ү. № НҚ-3) негіз болады. Құрылысты салып бітіру, жабдықтап бітіру қайта құру және жаңалау бойынша аяқталған жұмыс, обьектіні жөндеу туралы жазбалар карточкада «Жөнделген, қайта құрылган және жаңаланған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері» (ү. № НҚ-2) негізінде жүргізіледі.
Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару негізгі құрал-жабдықтарды /автокөлік құралдарынан басқа/ толық және ішінара есептеп шығару кезінде пайдаланылатын "Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы Акт" /ү. № НҚ—3/ арқылы жүзеге асады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетгі адам екі дана етіп дайындайды. Актінің 1-ші данасы бухгалтерияға, беріледі де, екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты кісіде болады және есептен шығарғаннан кейінгі қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады.
Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзганнан, құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен тускен материалдық қүндылықтардың бағасы актінің «Обьектіні есептен шығару нәтижелерінің есебі» деген бөлімінде қарастырыла-ды. Акт төменде көрсетілген.
Баланстан автокөлік қүралдарының барлық түрін есептеп шығару "Автокөлік құралдарын есептен шығару актісінде" /ү. № НҚ--4/ көрсетіледі. Актіні комиссия екі дана етіп дайындап, субъектінің басшысы немесе өкілетті уәкіл бекітеді. Бір данасы бухгалтерияға берілсе, екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты кісіге беріледі де, ол автокөлік техникасын есептен шығарудан кейін қалған материалдық құндылықтар мен металл сынықтарын қоймаға тапсыруға негіз болып табылады.
Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екіншіге беру екі дана етіп дайындалатын, №НҚ-1 үлгідегі акт арқылы жүзеге асырылады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгелдеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі қойылады. негізгі құралдардың субъектінің өз ішінде цехтан цехқа/ орын ауыстыруы №НҚ-1 үлгідегі акт арқылы жүзеге асады. Оның негізінде негізгі құрал-жабдықтардың көшуі туралы объектілердің тұрған жеріндегі мүліктік түгелдеу тізімдеріне және мүліктік түгелдеу карточкаларына белгі соғылады. Негізгі құралдар орын ауыстырғанда 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесі шотының дебеті және кредиті бойынша бухгалтерлік жазу орындалады.
3.Қаржылық есеп берудің элементтері. Меншік иелерінің әртүрлі активтер түріндегі меншіктерінің жиынтық шамасын, ұйымдардағы капитал мен міндеттемелердің көрінс табуын анықтау үшін есепке алудың кез-келген ұлттық жүйелерінде бағалаудың әртүрлі әдістері қолданылады. Өз кезегінде бағалауларды дұрыс қолдану кірістерді, шығындарды және пайданы анықтауға әсер етеді.
Ұлттық болсын, халықаралық болсын, бухгалтерлік есепке алудың барлық стандарттары бір нүктеге бағытталған. Ол – пайда. Пайда әр елде әртүрлі ережелер бойынша анықталады. Пайда шамасы активтердің құнын жоюмен және бағалау әдістерінің көмегімен анықталады. Өнімді өндіру процессі, өндірістік босалқыларды және айналымнан тыс активтерді құруға және сатып алуға кеткен шығындар, қызмет көрсету және өнім өндіру процессінің шығындары, өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кірістер және басқа да шығындар өнімнің өзіндік құнын құрайды. Активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді және қаржылық есеп берудің басқа да элементтерін өлшеу және мойындау ақшалай түрде іске асырылады. Активтің бастапқы құны оның ұйымға қандай жағдаймен түскеніне байланысты. Практикада активтерді кірістеудің келесі әдістері бөліп қарастырылған:
ақшаға сатып алынған;
жас төлді негізгі отарға қосу;
жарғылық капиталға салым есебінен;
сый ретінде беру келісімі бойынша (қайтарымсыз). Есеп беру ақпараттарын пайдаланушылар көзқарастары бойынша, ақша бірлігінің өзгермейтін сатып алу қабілеттілігі кезінде бастапқы құн әдісі ең жақсы әдіс болып табылады. Үздіксіздік қағидасы ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалаудың жалпы ережесін анықтайды. Жалпы ережелер бойынша ұйымның активтері екі рет бағаланады:
активтердің келіп түскен мерзімінде; 2) активтерді шығару кезінде; Ұйым меншігіндегі активтер өздерінің тарихи құны бойынша, яғни бастапқы құны бойынша бағаланады. Бухгалтерлік бағалаудың негізі ретіндегі тарихи құн басқа бағалауларға қарағанда салыстырғанда анық болады. Өзіндік құн қағидасына сәйкес, нақты өзіндік құн объектитвті бағалау, ал нарықтық құн субхективті болып табылады. Сондықтан объективті нарықтық бағаны активтерді сату процесінде ғана алынады. Қалпына келтіру құны. Активтер ақша құралдарының немесе олардың эквиваленттерінің сомасы бойынша көрсетіледі. Есепке алу практикасында негізгі құралдарды қалпына келтіру құны бойынша қайта бағалау логикасы индексация жолымен немесе олардың бастапқы құнын тікелей қайта санау әдісімен мойындалады. Жыл сайынғы инфляция жағдайында негігі құралдардың құны қолданылған мерзім ішінде төмендеуі мүмкін. Бастапқы өнімділігін сақтай отырып, активті ауыстыру үшін талап етілетін ең төменгі құн – орын басу құны. Нарықтық құн – еркін нарықта қаржы құралын немесе басқа да активтерді сатып алу кезінде төлентін немесе алынатын ақша құралдарының сомасы. Бір қатар активтер мен міндеттемелер нарықтық құн бойынаш немесе тарихи және нарықтық құндардың ең төменгі көрсеткішімен бағалануы мүмкін. Нарықтық құн бойынша бағалау берілген немесе осыған ұқсас мүліктің ағымдағы уақыттағы бағасына бейімделуді болжайды. Сонымен бірге, қазіргі уақыттағы баға туралы мәліметтер құжат арқылы немесе эксперттік жолмен расталуы керек. Әділетті құн – келісім жасау кезінде активті айырбастауға болтын ақша құралдарының немесе олардың эквиваленттерінің сомасымен сипатталады. Әділетті құн жойылу туралы ойы жоқ ұйымның үздіксіздік қағидасының шарттарында ғана мүмкін болады. Әр активті бағалау. Активтер екі бөлімге бөлінеді: ағымдық (жоғарғы ликвидті) және ұзақ мерзімді (төмен ликвидті). Жоғары ликвидті активтерге ақшалар, нарықтық құндщды қағаздар, депозиттер, болашақ кезең шығындары (мысалы, жал төлемі), төленбеген шоттар, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, шикізат және басқа да материалдық құралдар жатады. Есепке алу практикасында ақшалар ағымдағы валюта курсымен, нарықтық құнды қағаздар – бастапқы құнымен немесе өткізу құнынан төмен, депозиттер мен болашақ кезең шығындары – бастапқы құнымен, төленбеген шоттар – бастапқы құннан күмәнді қарыздар бойынша резервтерді алып тастаумен, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс – бастапқы құнның ең төменгі бағасымен және нарықтық құннан жоғалтулар бойынша құрылған резервтерді алып тастаумен бағаланады. Есеп беруші – есеп беруді құрудағы жауапкершілік. Ол фискалды орган мен нарық қатысушыларының қажеттіліктеріне жатады. Есеп беруші негізінен үш негізгі нарықтық қатысушылар тобына бағытталған, атап айтқанда, қарыз алушылар мен қарыз берушілер, эмитенттер мен инвесторлар, мемлекеттік органдар мен басқа да қаржы институттары. Қаржылық есеп берудегі алдын ала ойластырылған бұрмалаушылық жасанды қаржылық есеп беру деп аталады. Қаржылық есеп берудің көптеген ережелері Қазақстандық Концепцуалды негізде ашылып көрсетілген. Онда қаржылық есп беру түсінігі және оның сипаттамасы, кірістердің, шығындардың, активтердің және пассивтердің маңыздылығы, меншік капитал және міндеттемелер көрсетіледі. Аталған Концепцияда қаржылық есеп беруді құраушы элементтер, капиталды басқару, ақпаратты мойындаудың критерийлері, олардың мақсаттары, құрылымы, қаржылық есеп берудің негізгі элементтерін қолдану бойынша кеңестер берілген. Қазақстандық 30 “Қаржылық есеп беруді ұсыну” стандартына сәйкес қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты:
ұйымның қаржылық жағдайы туралы;
ұйым қызметінің нәтижесі туралы;
ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық әрі шынайы ақпарат беру;
Қазіргі уақыттағы стандарт ҚЕХС базаланады және 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 “Бухгалтерлік сепке алу және қаржылық есеп беру туралы” ҚР заңына сәйкес қаржылық есеп берудің барлық формасын құру кезінде қолданылады.
№_35_ емтихан билеті
