- •1 Емтихан билеті
- •2. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 хқес).
- •3.Төленбеген капитал есебі.
- •2 Емтихан билеті
- •1.Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал, салымдар мен пайлар
- •2.Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
- •3.3.Ануитеттер, олардың түрлер
- •3 Емтихан билеті
- •2.Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері
- •3.Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 қехс)
- •1.Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар.
- •2. Негізгі құралдарды тану критерийлері және оларды бастапқы бағалау
- •5 Емтихан билет
- •2.Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы және есебі
- •3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі.
- •6_ Емтихан билеті
- •1.Қорлардың анықтамасы және жіктелуі
- •3.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •7_ Емтихан билеті
- •2. Материалды емес активтердің амортизациясы
- •3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері
- •8_ Емтихан билеті
- •1.Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •3.Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.
- •9_ Емтихан билеті
- •1.Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары
- •10_ Емтихан билеті
- •2.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •3.Тәуелді, қауымдасқан компаниялардың дебиторлық берешектерінің есебі.
- •11_ Емтихан билеті
- •1.Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
- •2.Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •12__ Емтихан билеті
- •2. Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 хқес)
- •13_ Емтихан билеті
- •1.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •14_ Емтихан билеті
- •1.Кезең шығындарының есебі
- •3.Касса операцияларының есебі.
- •15_ Емтихан билеті
- •1.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •2.Ағымдағы міндеттемелер және олардың есебі
- •3. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •16__ Емтихан билеті
- •1.Ақша қаражаттарына бақылау
- •3. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау
- •17_ Емтихан билет
- •1.Қаржылық есептілікті беру алдындағы түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
- •3.Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары
- •18_ Емтихан билеті
- •3. Материалдық емес активтерді мойындау және ақпараттарды ашу (қехс 38)
- •1.Қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы (7қехс)
- •7 Қехс бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.
- •2. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы.
- •3.Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат
- •2. Қаржылық есептіліктің мақсаты және пайдаланушылары (1 қехс)
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
- •3. Материалдық емес активтерді есепте мойындау және бағалау (38 қехс)
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •3.Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.
- •1.Бухгалтерлік құжаттар.
- •3. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері
- •Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.
- •Қаржылық есеп берудің нысандары.
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •1.Материалдық емес активтерді бағалу әдістері (38 қехс)
- •2.Ұзақ мерзімді активтер.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •1. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
- •2. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.
- •3. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.
- •1. Ағымдағы активтердің есебі.
- •2. Түгендеу.
- •3. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі (16 қехс)
- •1. Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі.
- •1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп-айырысудың есебі.
- •2. Негізгі құралдардың есебі.
- •1.Резервтік капитал есебі.
- •2. Банк несиелерінің есебі.
3. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.
Нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген заңды және жеке тұлға өз бизнестерін ашуға құқықтары бар. Бизнестің негізгі мақсаты тауарларды өндіре, қызметтерді көрсете отырып табыс табу болып табылады. Бизнесті жүргізу үшін нақты ақша қаражаттары қажет екендігі белгілі.
Ақша – бұл айырбас құралы. Бос ақша құралдары үнемі жұмыс істеуі керек. Ақша құн өлшемі болып табылады.
Екіжақтылық принципі келесі үш түсінікті байланыстыратын теңдік ретінде көрінуі мүмкін: актив = міндеттемелер + капитал.
Бұл теңдік бұхгалтерлік есептің негізі болып табылады. Оны капитал қатынасындағы қалдық принципін сипаттайтын формада көрсетуге болады: актив – міндеттемелер = капитал.
Актив = міндеттемелер + капитал бұл теңдік баланстық тепе-теңдік немесе ұйым балансы деп аталады. Баланстық оң жағында капитал көздері көрсетілсе, ал капитал актив түрінде баланстың сол жағында көрсетіледі. Мұндай теңдік бухгалтерлік есеп шоттарында қате болмаса, сақталуы керек. Сонымен қатар, бұл көрсетілген теңдік екіжақтылық принцип болып табылады.
Бұл есептің екіжақтылық концепциясын сипаттайтын негізгі теңдік болып табылады. Шаруашылық операциялары мен есеп процедуралары одан әрі қарай сабақталады, себебі әрбір шаруашылық операцияларында есеп көрсеткіштеріне екі жақтылық сипат береді, бухгалтерлік есеп жүйесі осының барлығын ұйымдастырады.
№_32_ емтихан билеті
1. Ағымдағы активтердің есебі.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларды операциялық, инвестициялық, және қаржылық қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалауына иүмкіндік береді.
Заңды тұлғалар (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқасы) ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сәйкес жасайды және есепті кезеңдегі қаржы есептемесінің құрамында тапсырады.
Ақша қаражаты - кассада және банктердегі шоттарда тұрған қолма-қол бар ақша.
Ақша қаражатының қозғалысы - ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы.
Операциялық қызмет - ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.
Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.
Қаржы қызметі - меншікті капитал мен займ қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын ұйымның қызметі.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі мәліметтер болуы тиіс. Ұйым қызметін түр-түрі бойынша жіктеу пайдаланушыларды ұйым қызметі түрлерінің оның қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектісінің кассасы болады. Касса орналасқан үй-жайы кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен сақтау сигнализация құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сәйкес оқшалануға әрі жабдықталуға тиіс. Субъектілер басшылары ақшаның кассада, сондай-ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Белгілі бір субъектіге тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады. Субъект өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдаланылуы керек.Ең аз мөлшерден тыс нақты ақшаны субъект есеп айырысу шотына қоса есептеу үшін банк мекемесіне өткізуге тиіс.
Субьект операциялық кассасындағы нақты ақша есебі. Тауар кеңселері, айлақтардағы және пайдалану учаскелеріндегі, аялдама күзеттеріндегі, өзең өткелдеріндегі, кемелер кассаларындағы, кемежайлар, айлақтар, бекеттер, теңдеме жүк кассаларындағы, байланыс бөлімшелері және т.с.с. кассаларындағы ақша қаражаттарының нақты бары мен қозғалысының есебі 1010 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша" шотының, "Операциялық кассадағы нақты ақша" аралық шотында жүргізіледі.
Чек - шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы.
Нақты ақша жарнасына берілетін хабарлама - шот иесінің банктегі оның шотына қосып есептеу ұшін түсім қаражаттарын және нақты ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы.
Төлем тапсырмасы (тт) - онда көрсетілген сомаларды алушының шотына аударуға берілген бұйрық; ол төлеуші тарапынан ықылас білдірген кезде ғана қолданылады.
Есеп айырысу чегі - чек беруші шоттарынан алушы шотына онда көрсетілген соманы аударуға банкке берілген кепілхат (жазбаша тапсырма). Чектермен есеп айырысу, тауарлар мен қызметтер үшін жүзеге асырылады.
Төлем талап-тапсырмасы (ттт) - тауарлар; жұмыстар, қызметтер алушыларының немесе төлеушінің шотынан төлем сомасын өндіріп алатын банкке бұйрық.
1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" шотында сатып алушылар мен тапсырысшыларға тиеп жіберілген өнім, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін табыс етілген және банк төлеуге қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша есеп айырысулар туралы ақпарат көрсетіледі.
1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" бөлімшесінің шоттары "Табыстар" бөлімі тиісті шоттарының кредитімен корреспонденцияда сатып алушыға есеп айырысу құжаты табыс етілген сомаға дебеттеледі. Бұл ретте қосылған құнға салынған салық сомасы 1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" шотының дебеті және 3110 "Қосылған құнға салынатын салық" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" шоты 1070 "Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары", 1020 "Валюталық шоттағы қолма-қол ақша", 1040 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша", 1010 "Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшесі тиісті шоттарымен - алынған төлемдер сомасына, немесе 3510 "Алынған аванстар", 3310 "Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу", 3390 "Басқа кредиторлық қарыз және есептелген сомалар" шотымен - есептемеге жататын сомаға кредиттеледі.
1290 "Күмәнді борыштар бойынша резервтер" бөлімшесіне 1290 "Күмәнді борыштар бойынша резервтер" шоты кіреді. Бұл шот күмәнді борыштар бойынша резервтердің жағдайы мен қозғалысы туралы ақпаратты жинақтап қорытуға арналған.
Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлар, еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы, еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, оның өзіндік құнына кіреді.
Тауарлы-материалдық босалқылар келесі активтер түрінде болады: өндірісте пайдаланылуға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауардар.
Материалдық құндылықтарды есепке алу үшін мына төмендегі негізгі міндетгемелердің орындалуы шарт: босалқылардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және уақытында құжаттау; көліктік-дайындау шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың әзіндік құнын уақытында және толық анықтау; КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқы қорларды тауып сату; сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.
Өндіріс барысындағы функциональдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер - дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде үн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің құрамына кіргенмен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар,лак,желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін, есепке алу «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттарында жүзеге асады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізат және материалдар, 1320 “Дайын өнім”, 1330 “Тауарлар”, 1340”Аяқталмаған өндіріс”, 1350 “Өзге қорлар”, 1360 “Қорлар есептен шығару бойынга резерв”.Шаруашылық жүргізуші субъектілер әрбір шот бойынша материалдарды есепке алатын қажетті аралық шоттар мен талдамалы шоттар аша алады.
