Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.

Төленбеген капиталдын есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5020 «Төленбеген капитал» шоты арналған. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

5020 – «Төленбеген капитал», онда ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу, салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу жөніндегі жеке тұлғалар мен ұйымдардың берешегі және салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі.

 Қосымша төленген капиталдың есебі. Қосымша төленген капитал дегеніміз акционерлік қоғам өз акцияларын олардың тұрақты бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сома /эмиссиялық табыс/.

5100 «Эмиссиялық кіріс» бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды:

5110 – «Эмиссиялық кіріс», онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс ескеріледі.

5200 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» бөлімшесі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған және шоттардың мынадай тобын қамтиды:

5210 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» шоттарының тобын қамтиды, онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.

Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі шаруашылық жүргізуші серіктестіктің резервтік капиталы құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге тиісті. Осы құжаттарда есеп беріліп отырған жылда түскен табысты бөлу тәртібі белгіленеді.

ҚР Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заң күші бар Жарлығына сәйкес ААҚ жарғылық капиталдың 10% -нен кем емес мөлшерде өзінің резервтік капиталын құруға міндетті. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі жарғы мен белгіленеді. Өндіріс көлемінің өсуіне, құнсыздануға басқа да жағдайларға байланысты жарғылық капитал ұлғайған кезде резервтік капиталда соған сәйкес ұлғаюға тиісті.

Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударымдар жасау арқылы жасалады.

5300 «Резервтер» бөлімшесі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі, және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

5310 – «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;

5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв», онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5330 – «Шетелдік валютаның қайта есептеуге арналған резерв», онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айрамлар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс; 5340 – «Басқа да резервтер» онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі. 3.Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі. Бухгалтерлік есеп объектілері – бухгалтерлік есепті жүргізетін, бухгалтерлік есеп шоттарын шаруашылық процестерінде пайдаланатын ұйымдар мен кәсіпорындар. Кәсіпорындар құрылған кезде, қатысушылар салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.

Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шарушылық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады. Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.

Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес активтер, ақша қаражатары мен есеп айырысулар, негізгі құралдар, материалдар, еңбек ақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру мен сату процестеріндегі шығындар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.

_31 емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]