Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

2.Ұзақ мерзімді активтер.

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі  көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі болып отыр. Оның ішінде ұзақ мерзімді активтердің алатын орны үлкен.

     Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі - бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын, кәсіпорындардың құқықтың, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.

     Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық шаруашылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнат ақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.

     Осы айтылғандар ұйымдар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастырудың, нәтижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.

     Материалдық емес активтер - бұл өндірісте ұзақ мерзім бойынша пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.

     Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.

     Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар  мынадай жағдай алынса, болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің рөлі анықталса, субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса, бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.

     Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер – нақты табиғи нысаны жоқ  сезілмейтін  құндылыққа ие болғанымен материалдық  активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.

     Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал- жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осылай; компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін пайымдап ақыл парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де құрамында есептелуі мүмкін.

     Кейбір  материалдық емес активтер физикалық  заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін дискетте, фильм-лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) – қағазда болады, бірақ дискетте, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.

     Бұған, қарамастан, материалдық та, материалдық емес активтердіңде есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау (анықтау) сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.

     Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке тенестірілуі мүмкін, мысалға; патент, сауда маркісі сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны басқа да  фирманың активтерімен тығыз байланысты шығарылуы мүмкін: мұндай материалдық емес активтердің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сенім деңгейіне негізделеді

     Қоғамдық  өндірістің тиімділігін негізгі  өндірістік қорларды жақсы пайдалану  арқылы арттыру - бүгінгі таңдағы өткір мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселелерді тек өнеркәсіптік өндіріс шеңберінде ғана емес бүкіл халық шаруашылығы деңгейінде шешу, халықтың тұрмыс жағдайын арттыру үшін материалдық игіліктердің ұлғаймалы ұдайы өндірісті тез қарқынымен өткізуге мүмкіндік береді.

     Жекелеген кәсіпорын немесе бірлестік жағдайында негізгі қорларды пайдаланудың жақсаруы еңбек өнімділігінің артуын, өнім шығару қарқынын өсіруге, олардың өзіндік құнын азайтуға, табыс көлемінің және өндірістік рентабелінің артуын қамтамасыз етеді.

     Ұйымдардағы ұзақ мерзімді активтердің есебін ұйымдастырудың жағдайын қарастырғанда бұл есеп ұйымдарды басқару құралдарының ең маңыздыларының бірі екенін көрсетеді. Сонымен қатар ол талдау жұмыстары үшін негізгі ақпараттар көзі болып табылады және  оның бағыттарын анықтайды.  

     Негізгі құралдардың есебі - ақпараттардың тұрақтылығының жоғары деңгейімен сипатталады, ол тұрақты ақпараттар тасушыларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан жұмыстың бұл бөлігін автоматтандыру қажет. Негізгі құралдар есебін ЭЕМ автоматтандыру олардың оперативті-техникалық және бухгалтерлік есебінің ақпараттар базасын тездетуге, есеп беру жүйесін жеңілдетуге, тозу құнын есептеудің тәсілдерін автоматты түрде таңдауға жол береді. Бұл мұндай есептің нәтижелерінің тұтыну құндылығын арттырудың кейбір бағыттарын болжауға мүмкіндік береді.

     Сонымен қатар негізгі құралдардың қолда  барының талдамалық есебінің деңгейін арттыру оларды басқаруды мұнан басқа жалпы объектінің ғана емес оның құрамды бөліктерінің сақтығына, техникалық және пайдалану  жағдайына бақылауды күшейтеді.

     Активтер  үш сатыдан: анықтау , тану және бағалаудан тұрады. Анықтау сатысында шаруашылық фактілерінің негізіне қарай алынған және есеп бақылауына түскен ұйымдар қызметінің қалыпты жағдайында қызмет атқаруына және алдағы кезеңде экономикалық табыс келтіретін активтер жатады.

Активтерді  тану деп активтерді бірегейлік өлшемге  келтіріп, қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушыларды талабына қарай қанағаттандыруды айтады.

     Активтер  дәстүрлі әдістермен, бастапқы құнымен бағаланады. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде активтер төрт түрлі құнымен яғни:

- бастапқы  өзіндік құнымен;

- қалпына келтіру құнымен;

- жоюдағы  құнымен;

- ағымдағы құнымен (немесе базарлы құнға келтіру әдістерімен) бағаланады.

3. Негізгі құралдардың есебі.

Өндіріс процесі еңбек заттары /шикізат, материалдар, сатып алынатын шала фабрикаттар/ және еңбек құрал-жабдықтары болып бөлінетін өндіріс құрал-жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады. Еңбек құрал-жабдықтарының құрамына белгілі бір заттарды жатқызу олардың сыртқы белгілеріне қарап емес, өндіріс процесінде атқарар рөліне қарап белгіленеді. Мысалы, заводта дайындалған бу қазаны ол үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін субьект сатып алган осы қазан еңбек құралы болып табылады.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес /әлеуметтік/ салада да ұзақ уақыт бойы /бір жылдан астам/ қызмет етеді.

Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар /ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.

Өндірістік негізгі құралдар /машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, ғимараттар, құрылыстар/ дегеніміз мөлшері мен техникалық деңгейіне кәсіпорынның техникалық жарақтандырылуы тікелей байланысты болатын өндірістік құралдар. Негізгі өндірістік құралдардың пайдаланылуын сипаттайтын жинақтаушы экономикалық көрсеткіш негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнім болып табылатын қор қайтарымы.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық /ғимараттар, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б/ қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иеленуге (тиесілігіне) қарай негізгі құралдар жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субьектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді. Жалга алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай түрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 2411-ші «Жер», 2412-ші «Үйлер мен ғимараттар», 2414-ші «Көлік құралдары», шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдарды жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған /тоқтатылып қойған/ және қорда түрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп түрғанға пайдаланудағы құрал-жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрғандар бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал-жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылған қордағы объектілер жатады.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар /үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар/ жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға /ғимараттардан басқа/ күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындарды /жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б./ жатады.

Әр субьектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге /топтарға/ бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдық /соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық /күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар жөне жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға /ғимараттарсыз/ шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі қорлар.

Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалаудың қабылданған біртұтас принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшаға шағып бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын айқындап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құны, ағымды, баланстық құны, сатып-өткізу құны, жойылу құны, тозу және қалдық құны болады.

Бастапқы /тарихи/ құн — негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап шығаруға кеткен нақты шығындардан және сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, сондай-ақ пайдалануға беру, тағы сол сияқты кез келген негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына жеткізуге қатысты шығындардан тұрады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны былайша қалыптасады-қайта бағаланған негізгі құралдар бойынша олардың қайта бағалау кезінде белгіленген төртіппен бекітіліп, есепте көрсетілген қайта қалпына келтіру құны;

мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жасалған негізгі құралдар бойынша—алуга, жеткізуге, құрастыруға және орнатуға кететін және объектілердің мүліктік құнына енгізілуге тиіс басқа шығындар;

құрастыруды қажет етпейтін басқа машиналар бойьшша--сатып-алуға, жеткізуге кететін шығындар және оларды сатып-алуға байланысты басқа да шығындар;

тегін алынған объектілер бойынша--тапсыру құжаттарында көрсетілген құн /құрастыруды қажет ететін жабдықтар үшін--жеткізу және құруға кететін шығындар қоса есептеледі/;

пайдалануда болған, ақы төлеп сатып алынған объектілер бойынша сатып-алуға, жеткізуге байланысты шығындар және алынатын объектілердің тозу сомасын қоса есептегенде сатып-алуға кеткен шығындар /құрастыруды қажет ететін жабдықтар үшін алушының орнатуга кеткен шығындары қоса есептеледі/;

негізгі табынга қосылған жас малдар бойынша—малдарды өсірудің нақты өзіндік құны,

негізгі табынды құру үшін алынған ересек малдар бойынша жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып-алуға шыққан шығындар және сатып-алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;

жас өсімдіктер бойынша өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен алынған өнімді пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі нақты шығындар;

толық төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;

жерді жақсартуға жұмсалран. күрделі шығындар бойынша жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.

Негізгі құралдардың бастапқы құны объект қайта жабдықталғанда /күрделі қаржы тәртібімен жүзеге асырылған кеңейту, салып бітіру, жабдықтап бітіру, жаңалау, қайта құру/, сондай-ақ объектіні жартылай жойғанда және белгіленген тәртіппен негізгі құралдарды қайта бағалаған кезде ғана өзгереді.

Ағымды құн - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп-беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандагы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымды құны.

Сатылу (енгізілу) құны - бір-бірін жақсы білетін, мәмілеге келүге дайын тәуелсіз жақтардың /тараптардың/ негізгі құралдарды өзара айырбастауларына мүмкіндік беретін өткізу /сату/ құны болып табылады.

Жойылу құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының болжамды құны.

Тозу құны - негізгі құралдардың бастапқы және жойылу құндарының арасындағы айырмашылығы, былайша айтқанда, негізгі құралдардың амортизациялық жолмен есептеліп, өндіріске немесе айналымға жатқызылған шығындары.

Негізгі құралдардың қалдық құны - бұл өндірілген әнімге, орындалған жұмысқа және көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құн. Қалдық құнды анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдар объектісінің қолданыста болу уақыты ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу құнын алып тастайды.

Негізгі құралдардың есебі 2410 «Негізгі құралдар шотында жүргізіледі.

Субъектідегі негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы «Негізгі құралдар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады.

Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі негізгі құралдардың келіп түсуінің, көсіпорын ішінде орын ауыстыруының және шығуынын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұғымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есеп және калькуляция объектілері бойынша амортиация шығындарының есебін; негізгі қуралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудьщ жаңа әдісгерінің тиімділігін; негізгі қуралдарды жөңдеу бойынша шьнывдардың сенімді есебін; негізгі қуралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде және толық өткізуді және олардың нәтижесін есеггге көрсетуді; негізгі қуралдарды сату және олардың басқаша шыгу нәтижелерін есепте нақты көрсетуді қамтамасыз етуге тиісті.

Негізгі құралдарды өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, қүрылғыларды салу; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу; ез күшімен құрал-саймандар дайындау; малдардың төлдерін негізгі табынға~ауыстыру; көп жылдық жас өсімдіктерді негізгі құрал-жабдықтарға қосу; басқа субъектілер мен жеке тұлгалардан ақысыз /тегін/ алынган негізгі құралдардың келіп түсуі; объектілерді үзақ мерзімге жалга алу /келісімді қүнын толық төлегеннен кейін/; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түседі. Негізгі қүрал-жабдықтардың түсуі мынадай қүжаттармен рәсімделеді:

Негізгі құрал-жабдықтарды қабылдау-тапсыру /орнын ауысшру/ актісі /ү. № НҚ-1/ негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайдан басқаларда, оларды пайдалануға беру үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан /бөлімнен, учаскеден/ екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан /қордан/ пайдалануға тапсыруды рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа субъектіге тапсыру кезінде /жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды/ негізгі құралдар құрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілеггі адамдар бекітеді. Негізгі құралдардьщ кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех /бөлім/ қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылган бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге - тапсырушы цехқа беріледі.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер ушін) екі дана етіп жасалады.

Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде акт үш дана болып жасалады: бірінші екеуі өткізуші субъектіде қалады /онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп-беруге, екіншісі - есеп айырысу-төлем құжаттарьша тіркеледі/, үшінпгі дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.

29 емтихан билеті

1. Жиынтық табыс (зиян). Есепті жылдың табысының есебі есеп берілетін жылда пайда болғпн бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянның сомасының нақтылығы және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған 5410 шотта жүргізіледі. Есеп берілетін жылдың соңында 5410 шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады. 5400 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын)» бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған шығынды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 5410 - «Есептік жылдың пайдасы (шығыны)», онда есептік жылдың пайдасы немесе шығыны көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады; 5420 - «Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (шығынды) түзету», онда есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (шығынды) түзету жөніндегі операциялар көрсетіледі;5430 - «Өткен жылдардағы пайда (шығын)», онда өткен жылдардағы пайда (шығын) көрсетіледі.

2. Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу. Осы Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) (бұдан әрі - Нұсқаулық) ұйымдарға қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу кезінде жәрдемдесуге арналған. Нұсқаулық бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын (бұдан әрі – шоттардың жұмыс жоспары) әзірлеу жөніндегі жалпы талаптарды айқындайды.Шоттардың жұмыс жоспарын әзірлеу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасының талаптарына, осы Нұсқаулыққа және бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бухгалтерлік есепті жүргізу растығы қағидатына сәйкес жүзеге асырылады. Шоттардың жұмыс жоспары бухгалтерлік есептегі операцияларды тіркеу және топтау жүйесін білдіреді және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажет синтетикалық және талдамалық шоттардың (қосалқы шотты қоса алғанда) толық тізбесін қамтиды. Ұйым шоттарының жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне сәйкес осы Нұсқаулыққа сай әзірленеді. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен құрылтай құжаттарына сәйкес ұйым қызметінің қажеттіліктеріне негіздей отырып синтетикалық және талдамалық шоттарды ашады. Шоттардың жұмыс жоспарын ұйымның басшысы бекітеді.

Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Нұсқаулықта елгіленген өтімділікті азайту ретінде ашылады. Шоттардың жұмыс жоспарына Нұсқаулыққа қосымшада анықталған бухгалтерлік есеп шоттары жұмыс жоспарының синтетикалық шоттар топтарының тізбесіне сәйкес ұйымның қызметін көрсету үшін қажет синтетикалық шоттар енгізіледі.Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші саны бөлімге тиістілігін, өтімділікті азайту тәртібімен орналасқан екіншісі – кіші бөлімге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан – синтетикалық шоттардың орналасу өтімділігі тәртібімен ұйым дербес анықтайды. Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдері Шоттардың жұмыс жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды: 1-бөлім – «Қысқа мерзімді активтер», 2-бөлім – «Ұзақ мерзімді активтер», 3-бөлім – «Қысқа мерзімді міндеттемелер», 4-бөлім – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер», 5-бөлім – «Капитал мен резервтер», 6-бөлім – «Кірістер», 7-бөлім – «Шығыстар»,

8-бөлім – «Өндірістік есепке алу шоттары». Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан бртектес объектілері жіктелінеді.Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлк есеп шоттарының жүйесінеерекше роль беріледі, өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің шоттары – дегенміз шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың бақылудың және көретудің әдісі.Шот – бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әртүрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады. Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік ееп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көреткіштерге ауыстырылады. Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнелі.Шоттың сол жақ бөлігі - дебет, ал оң жақ бөлігі – кредит деп аталады. Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттық растау қажет. Оағн қағаздық алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және т.с.с. мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс. Шоттардың активтік және пасивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардң мазмұнын көрсетеді. Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы бойныша есепке алуға арналған. Мысалы, «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар» шоты, «Шикізат пен материалдар» шоты, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар» шоты және т.б.Активтік шоттардағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік болады. Пасивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыт бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Банктердің несиелері» шоты, «Резервтік капитал» шоты және т.б. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек кредиттік болады. Активтік шот бойынша көрсетілетін: шоттың дебеті жағы бойынша – операция басындағы және соңндағы қалдықтар және қалдықты арттыртын шаруашлық операциялары; шоттың кредитжағ бойынша – қалдықты тек кемітетін шаруашылық операциялары.

Сонымен, мүліктердің қалыптасу көздері ескерілетін пассивтік шот бойынша көрсетілетіні:Шоттың кредиттік жағы бойынша – операцияның басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықтарды арттыратын шаруашылық операциялары, Шоттың дебеттік жағы бойынша қалдықтарды азайтатын шаруашылық операциялары ғана көрініс табады. Шаруашылық операциялар бухгалтерлік есептің шоттарына жазу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциялар пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен рәсімделуі хронологиялық деп аталады. Шаруашылық операциялар 2 жақты көрсетудің мәні – ол 1 шоттың дебиті бойынша және 2 шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс. Демек екі жақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде 3 құраушы қатысады:

  1. шаруашылық операциялар мазмұны

  2. дебиттелетін шот

  3. кредиттелетін шот 3. Тауарлық материалдық қорларды есепте бағалау (2 ҚЕХС)

Тауарлы- материалдық қорларын бағалау әдістері: орташа есептік құн бойынша, Фифо, , арнайы бірыңға й әідісі.

Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық құндылықтарды бағалаудың келесі әдістері ұсынылған: арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі. Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі. Бұл әдіс босалқылардың партиялық есебін дәл үйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады. Орташа құн әдісі. Бұл әдіс материалдық құндылықтардың құны ай (кезең) басындағы қорлардың қалдығы мен осы ай (кезең) барысындағы түскен босалқы қорлардьщ құнының орташа қосындысы деп түсіндіріледі. ФИФО әдісі. Босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі. Ай соңындагы қорлардың өзіндік құны соңғы жеткізілгендерге жатқызылады, ол олардың шығарылуы бастапқы әкелінгендерге жатқызылады. Материалдық қорлар мен КДШ сомасын бағалау тікелей сатылған өнімнің өзіндік құны арқылы жалпы табыс мөлшеріне әсер етеді, олай болса, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы көлеміне де әсерін тигізеді. Сондықтан материалдық қорларды бағалаудың дұрыстығын салық органдары тексеріп отырады. «Материалдар» бөлімшесінің шоты есепке алынады

_30_ емтихан билет 1. Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі.

Нарықтық процесстің барлық қатысушылары бірдей түсіну үшін қаржылық есеп беру ақпараттары біртекті болуы тиіс. Батыс елдеріндегі бухгалтерлік есеп практикасында, атап айтсақ АҚШ-та, қаржылық есеп беруді ұсыныудың белгілі бір форматында және біртектілік туралы талаптар компаниядан тыс жерде ескерілетін қаржылық ақпараттарға үлестіріледі. Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың жалпы қағидалары №1 “Қаржылық есеп беруді ұсыныу” ҚЕХС-мен анықталған. Қазақстанда қаржылық есеп беруді құрудың негіздерін реттеу “Бухгалтерлік және қаржылық есеп берулер туралы” Заңымен “Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың концепциялы негіздеріне” сәйкес асырылады, сонымен қатар қаржылық есеп беруді құрудың қағидалары мен конципциялары негіздерін анықтайтын №30 “ Қаржылық есеп беруді ұсыну” стандартымен де жүзеге асады.

Қаржылық ақпарат әр уақытта өзгеріп тұрады және оның мазмұны бұрынғы оқиғаларға тәуелді, дегенмен дұрыс баланс әр уақытта сақталуы керек. Концепциялы негіз негізінен қаржылық есеп беру жүйесін құруға арналған және келесілерге бағытталған:

  • қызығушылық танытушы мамандарды бухгалтерлік есеп кіріспесімен қамтамасыз ету;

  • этапты өңдеу үшін және бухгалтерлік есептің қазіргі таңдағы нормативтік актілерін қарастыруға негіз болды;

  • әлі реттелмеген нормативтік актілердің мәселелерін шешуге базалық қызмет көрсету;

  • бухгалтерлік есептегі мәліметтерді түсіну үшін бухгалтерлік ақпараттың тұтынушыларына көмек көрсету.

Жоғарыда аталған тапсырмаларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 ж. 29 қазандағы 8 бөлімнен тұратын “Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың концепциялы негізі” №542 бұйрығы шықты.

Концепциялы негізде қаржылық жағдай туралы, ұйым қызметінің нәтижесі туралы және қаржылықжағдайдағы өзгерістер туралы ақпараттар, сонымен қатар қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары, олардың толық сипаты мен түсініктемелері қарастырылады. Қаржылық есеп беруді құрудың негізгі мақсаты ішкі және сыртқы қолданушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есеп берудегі олардың қажеттіліктері экономикалық шешім қабылдау қажеттілігімен есекрілген. Бірінші кезекте басшылық қызметінің нәтижелері туралы немесе экономикалық ресурстарды тиімді пайдалану шешімі, сонымен бірге аталған ұйымға салынған инвестициялар туралы және оған берілген займдар туралы шешімдер, сондықтан да қолданушылар ақша ағымы туралы және олардың эквмваленттері туралы мәліметтер алуға қызығушылық танытуда, сонымен қатар ликвидтілік пен төлем қабілеттілігінің жағдайы туралы, соның ішінде перспективаға ресурстар туралы, ұйым міндеттемелері туралы, ұйым қызметінің нәтижелері туралы мәлімет алуға қызығуда. Займдық құралдардағы болашақ қажеттіліктерді анықтау үшін қаржы құрылымы туралы (бухгалтерлік баланс) ақпарат пайдалы, сонымен қатар ұйымда үлесі бар қатысушыларарасында болашақ ақша қаражаттары мен кірістері үлестіру кезінде пайдалы. өткен кезеңмен салыстырғандағы нәтижелердің өзгерісі туралы ақпарат (кіріс пен шығыс туралы есеп) үлкен мәнге ие. Сондықтан да ақша қозғалыына қатысты, кіріс пен шығыс туралы, инвистициялар туралы, несие туралы және өзіндік капитал туралы ақпараттар тиімді шешім қабылдауға қаржылық есеп беру болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]