- •1 Емтихан билеті
- •2. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 хқес).
- •3.Төленбеген капитал есебі.
- •2 Емтихан билеті
- •1.Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал, салымдар мен пайлар
- •2.Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
- •3.3.Ануитеттер, олардың түрлер
- •3 Емтихан билеті
- •2.Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері
- •3.Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 қехс)
- •1.Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар.
- •2. Негізгі құралдарды тану критерийлері және оларды бастапқы бағалау
- •5 Емтихан билет
- •2.Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы және есебі
- •3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі.
- •6_ Емтихан билеті
- •1.Қорлардың анықтамасы және жіктелуі
- •3.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •7_ Емтихан билеті
- •2. Материалды емес активтердің амортизациясы
- •3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері
- •8_ Емтихан билеті
- •1.Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •3.Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.
- •9_ Емтихан билеті
- •1.Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары
- •10_ Емтихан билеті
- •2.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •3.Тәуелді, қауымдасқан компаниялардың дебиторлық берешектерінің есебі.
- •11_ Емтихан билеті
- •1.Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
- •2.Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •12__ Емтихан билеті
- •2. Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 хқес)
- •13_ Емтихан билеті
- •1.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •14_ Емтихан билеті
- •1.Кезең шығындарының есебі
- •3.Касса операцияларының есебі.
- •15_ Емтихан билеті
- •1.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •2.Ағымдағы міндеттемелер және олардың есебі
- •3. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •16__ Емтихан билеті
- •1.Ақша қаражаттарына бақылау
- •3. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау
- •17_ Емтихан билет
- •1.Қаржылық есептілікті беру алдындағы түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
- •3.Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары
- •18_ Емтихан билеті
- •3. Материалдық емес активтерді мойындау және ақпараттарды ашу (қехс 38)
- •1.Қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы (7қехс)
- •7 Қехс бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.
- •2. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы.
- •3.Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат
- •2. Қаржылық есептіліктің мақсаты және пайдаланушылары (1 қехс)
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
- •3. Материалдық емес активтерді есепте мойындау және бағалау (38 қехс)
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •3.Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.
- •1.Бухгалтерлік құжаттар.
- •3. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері
- •Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.
- •Қаржылық есеп берудің нысандары.
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •1.Материалдық емес активтерді бағалу әдістері (38 қехс)
- •2.Ұзақ мерзімді активтер.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •1. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
- •2. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.
- •3. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.
- •1. Ағымдағы активтердің есебі.
- •2. Түгендеу.
- •3. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі (16 қехс)
- •1. Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі.
- •1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп-айырысудың есебі.
- •2. Негізгі құралдардың есебі.
- •1.Резервтік капитал есебі.
- •2. Банк несиелерінің есебі.
Қаржылық есеп берудің нысандары.
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржы - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау - есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, күнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болады. Есеп берудің мемлекеттік маңызды мәні бар. Оның деректерін салықтардың және басқа бюджеттік төлемдердің дер кезінде әрі толық төленуіне бақылау жасау үшін пайдаланады.
Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы да дәл көрініс беруі, барлық көрсеткіштердің тығыз байланысты болуы, бухгалтерлік есеп беру мен статистикалық жедел есеп берудің бір-біріне сәйкес келуі, әдістемелік және басқа ережелердің сақталуы есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады. Есепті және баланс баптарының бағалауын бұрмалап беру, басқа да әдейі бұрмаланып көрсетілген есеп деректерін беру мемлекет ке зиян келтіретін, мемлекетке қарсы әрекет ретінде қаралады, ал бұған жазықты басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып, жүрген заңдарға сәйкес жауапты болады.
Берілген есептің тазалығы, есеп деректерінің инвесторлар мен акционерлерге түсінікті болуы есеп беруге қойылатын маңызды талап болып табылады. Есеп белгіленген мерзімдерде беріліп отыруга тиіс.
Жоғарыдағы ұйымдарга (меншік иелеріне) және мемлекеттік статистика органдарына, салық органдарына кәсіпорыннан бекітілген (қосымша) есеп беруді талап етуге, ал кәсіпорындарға ондай есепі беруге тыйым салынады.
Кәсіпорындар құрылтайшылардың шешімі бойынша өзінің өндірістері мен шаруашылықтарын жеке балансқа бөлек қоюлары мүмкін. Бұл баланстардың активтері мен пассивтері кәсіпорындардың негізгі қызметі бойынша жасалған жалпы балансқа енгізіледі. Отау (еншілес) кәсіпорындар өз алдарына бөлек баланс жасайды.
Кәсіпорындардың беретін есебі жедел-статистикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша сипаттайды. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталған жинақтау және талдау еептерінің алып сипаттайды. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай, есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Баланста және басқа да берілетін есептерді уақытында әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелердің барлық құжаттарын, белгіленген материалдық және басқа есептерді кестеге сәйкес әрі толық көлемде беруін қамтамасыз етуге тиіс.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызды ролі бар. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдердегі есептік тізімдерде жинақталған бастапқы құжаттардың деректері бойынша жасалуға тиіс. Есептік тізімдерде талдау деректері болуға тиісті екендігін есте ұстау керек, оларда есеп беру үшін қажетті жыл басындағы және аяғындағы ақпарат жинақталады.
3. Инвестициялық қызметтер бойынша ақша қозғалысы (7 ҚЕХС). Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларды операциялық, инвестициялық, және қаржылық қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалауына иүмкіндік береді.
Заңды тұлғалар (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқасы) ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сәйкес жасайды және есепті кезеңдегі қаржы есептемесінің құрамында тапсырады.
Ақша қаражаты - кассада және банктердегі шоттарда тұрған қолма-қол бар ақша.
Ақша қаражатының қозғалысы - ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы.
Операциялық қызмет - ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.
Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.
Қаржы қызметі - меншікті капитал мен займ қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын ұйымның қызметі.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі мәліметтер болуы тиіс. Ұйым қызметін түр-түрі бойынша жіктеу пайдаланушыларды ұйым қызметі түрлерінің оның қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Инвестициялық және қаржы қызметінен алынатын ақша қаражатының қозғалысы
Ақша қаражатының қозғалысы, келесі екі парада көрсетілгеніндей, нетто-негізде ашып көрсетіле алатын белгілі бір жағдайлардан басқа кезде, ұйым инвестициялық және қаржы қызметінен алынатын жалпы ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі түрлерін жеке-жеке ашып көресетеді. Ақша қаражатының қозғалысы үйымның қызметінен гөрі клиенттердің қызметін көрсеткен жағдайда клиенттердің атынан ақша түсімдері мен төлемдері нетто-негізде ашып көрсетілуі мүмкін, мысалы: а) инвсетициялық ұйымдар өз клиенттерінің тапсыруы бойынша ұстап отырған қорлар; б) меншік иегерлері атынан алынып, соларға берілетін жалдауақы төлемдері. Нетто-негізде сондай-ақ тез қайтып оралатын, ірі сомаларды қамтитын және өтеу мерзімдері қысқа көздер бойынша ақша түсімдері мен төлемдері ашып көрсетілуі мүмкін, мысалы; а) инвестицияларды сатып алу және алу; б) қайтару мерзімі үш айдан аспайтын өзге де қысқа мерзімді займдар.Қолма-қол ақша қаражаттарын және ақша эквиваленттерін басқару және бақылау.
№_27_ емтихан билеті
1. Бірлескен қызметке инвестиция (38 ҚЕХС)
Бірлескен бақылау – шартта айқындалған экономикалық қызметті бақылауды бөлу; бірлескен бақылау осы қызметке жататын стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер бақылауға ие тараптардың (бірлескен қызметке қатасушылар) ынтымақты келісімін талап еткен жағдайда ғана жұмыс істейді. Бірлескен қызмет – екі немесе одан да көп тарап бірлескен қызметке жататын экономикалық қызметті жүзеге асыратын шарттық келісім. Бірлескен ұйымдар бірлесіп бақыланатын активтердің, бірлесіп бақыланатын қызметтің немесе бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың нысанын қабылдауы мүмкін. Бірлескен қызметтің кейбір түрлерінің жұмыс істеуі корпорация, серіктестік немесе өзге де ұйым немесе бірлескен қызметтің өзінің қатысушыларынан бөлек қаржылық құрылым құру емес, бірлескен қызметке қатысушылардың активтері мен өзге де ресурстарын пайдалануды қамтиды. Бірлескен қызметке әрбір қатысушы өзінің меншікті негізгі құралдарын пайдаланады және өзінің меншікті қорлары болады. Ол сол сияқты өзінің меншікті шығыстары мен міндеттемелерін алады және оның меншікті міндеттемелерін білдіретін меншікті қаржылық ресурстарды қалыптастырады. Бірлескен қызметті бірлескен қызметке қатысушының қызметкерлері бірлескен қызметке қатысушының ұқсас қызметімен қатарлас жүзеге асыра алады. Бірлескен қызмет туралы келісім, әдетте, бірлескен өнімді сатудан кіріс пен бірлесіп жұмсалған кез келген шығыстар бірлескен қызметке қатысушылар арасында бөлінетін тәсілді көздейді. Бірлесіп бақылайтын операцияларға өзінің қатысу үлесіне қатысты бірлескен қызметке қатысушылар өзінің қаржылық есептілігінде мыналарды тануға тиіс: 1) олар бақылайтын активтер мен қолда бар міндеттемелер; және 2) жұмсалған шығыстар мен бірлескен қызмет тауарларын немесе қызметтерін сату нәтижесінде ол алатын кірістердегі өзінің үлесі. Бірлескен қызметтің кейбір түрлері бірлескен бақылауды және жиірек бірлескен қызмет мақсатында енгізілген немесе сатып алынған және бірлескен қызметтің мақсаттарына арналған бір немесе бірнеше активтерге бірлескен қызметке қатысушылардың бірлескен меншігін қамтиды. Бірлесіп бақыланатын активтердегі өзінің қатысу үлесіне қатысты бірлескен қызметке қатысушы өзінің қаржылық есептілігінде мыналарды тануға тиіс: 1) активтердің сипатына сәйкес сыныпталатын бірлесіп бақыланатын активтердегі өзінің үлесін; 2) олар қабылдаған міндеттемелерді; 3) бірлескен қызметке басқа да қатысушылармен бірлесіп бірлескен қызметке қатысты ұшыраған кез келген міндеттемелердің өзінің үлесін; 4) бірлескен қызметтен алынған өнімнің өзінің үлесін бірлескен қызметке ұшыраған шығыстардың өзінің үлесімен бірге сатудан немесе пайдаланудан түскен кірісті; және 5) ол бірлескен қызметке өзінің қатысу үлесіне қатысты жұмсаған шығыстарды. Бірлесіп бақыланатын кәсіпорын – бұл бірлескен қызметке қатысушының әрбір қатысушысында өзінің қатысу үлесі бар корпорация, серіктестік немесе өзге де ұйым құруды болжайтын бірлескен қызмет. Кәсіпорын қызметті бірлескен қызметке қатысушылар арасындағы шарттық келісім кәсіпорынның экономикалық қызметін бірлесіп бақылауды белгілейтінді қоспағанда, дәл басқа да ұйымдар сияқты жүргізеді.
