Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

3. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері

Шаруашылық құралдарының құжатпен рәсімделген, қозғалысы мен өзгерісінің фактісі шаруашылық операциясы блып табылады.

Бұл орайда шаруашылық операциялары кәсіпорынның мүлкіне ғана (баланстың активі) немесе оның тек пайда болу көзіне (пассив) ғана немесе бір мезгілде мүлікке де, оның қалыптасу көзіне де (баланстың активі де, пассиві де) қатысты болуы мүмкін.

Шаруашылық операцияларының жеткізушілерден тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алудан, негізгі қорларды пайдаланудан, жалақы есептеуден, өнім өндіруге жұмсалған шығындарды анықтаудан және т.б.тұрады.

Біртектес шаруашылық операцияларынынң жиынтығы шаруашылық процесі деп аталады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне тән 3 шаруашылық процесін ажыратуға болады:

  • өндірістік қорларды дайындау;

  • өнім өндіру;

  • сату (өткізу);

Дайындаудың мәні еңбек заттарын қажет ететін кәсіпорынның оларды басқа кәсіпорындардан сатып алуынан тұрады. Бұл жерде ақша қаражаттары еңбек заттарына айырбасталады. Аталған процесте дайындалған материалдар мен оларды сатып алуға байланысты шығындар ақшалай бағамен ескеріледі.Материалдық құндылықтарды дайындау нәтижесінде кәсіпорындардың, компаниялардың арасында көптеген есеп айырысулар туындайды. Олар екі жақты сипатқа ие болады. Бір кәсіпорын басқасының алдында борышкер (дебитор) рөлін, ал басқасы – несие берушінің рөлін (кредитор) атқарады. Дебиторлық және кредторлық берешектердің пайда болу себептері – бұл құндылықтары алу, қызмет көрсету және т.с.с. мерзімдерінің оларды төлеу мерзімдерімен сәйкес келмеуі. Өндіріс процесінің мәні – жұмысшылар машиналар мен еңбектің басқа құралдарының көмегімен еңбек заттарына әсер етіп, оларды дайын өнімге айналдырады. Бұл жерде материалдық және еңбектік шығындар ескеріледі. Өнім өндіруге жұмсалып, ақшалай нысанда көрсетілген шғындар оның өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді. Олар натуралды және еңбектік өлшеуіштермен де көрсетілуі мүмкін.

Өнімдерді өткізу және сату процесінде кәсіпорындар немесе фирмалар оны сатып алушыларға жөнелтеді және сол үшін ақша қаражаттарын алады. Бұл жерде дайын өнім өсіңкі сомадағы ақшалай нысанға айналады, өйткені өнім сатылатын нарықтық бағалар әдетте осы өнімнің нақты зіндік құнынан жоғары болады. Сату процесі өнмді өткізу жөніндегі шығындармен байланысты. Сонымен, шаруашылық процестерінде құралдар қозғалады және өзгереді. Бұл орайда ақша материалға, ал материал дайын өнімге айналады, содан кейін өнім қайтадан ақша қаражатына айналады.

26__ емтихан билеті

  1. Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.

Бухгалтерлік жазба шаруашылық операциялар сомаларын дебиттік және кредиттік көрсетілуі шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық операцияларда көрсетіледі. Бухгалтерлік жазба қарапайым және күрделі деп бөлінеді: 1 шоттың дебеті 2 шоттың кредитімен корреспонденцияланатын болса, мұндай жазу қарапайым деп атайды. Мысалы: Дт 3350 Кт 1010 Кассадан еңбек ақы берілді. 1 шоттың дебеті 2 не одан да көп шоттардың кредиті мен корреспонденцияланатын болса, 1 шоттың кредиті 2 не одан да көп шоттың дебеті мен корресподенцияланатын жазу күрделі жазу деп атайды. Жабдықтаушылардан 7000 тг. материалдар 5000 тг. қосалқы бөлшектер келіп түсті. Бұл егер нәтижесінде материалдар 7000 тг. көбейді, қосалқы бөлшектер 5000 тг. көбейеді., ал жабдықтаушы алдындағы қарыз 12000 көбейеді.

Дт 1310 7000 т. Дт 1350 5000 т. Дт 3310 12000 т. Дт 1310 Кт 3310 = 7000 Дт 1350 Кт 3310 = 5000 Күрделі жазбаны бірнеше қарапайым жазбамен жазуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]