Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

3.Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.

Бухгалтерлік есеп объектілері – бухгалтерлік есепті жүргізетін, бухгалтерлік есеп шоттарын шаруашылық процестерінде пайдаланатын ұйымдар мен кәсіпорындар. Кәсіпорындар құрылған кезде, қатысушылар салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.

Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шарушылық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады. Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.

Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес активтер, ақша қаражатары мен есеп айырысулар, негізгі құралдар, материалдар, еңбек ақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру мен сату процестеріндегі шығындар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.

25_ емтихан билеті

1.Бухгалтерлік құжаттар.

Құжаттар деп әртүрлі үлгідегі қағаздарды, жазбаша куәліктерді, орын алған фактні анықтайтын құқықтық қатнастарды растайтын іс қағаздарын айтады.

Қандайда болмасын құжаттардың өзіне тән заңмен және арнайы ережелермен белгіленген деректерді (реквизиттерді) болады. Реквизит латын сөзі. Бұл сөз қажетті деген ұғым берді. Реквизиттер барлық құжаттарға түсірілуі керек. Құжаттардың деректері арнайы мақаттарға қарай толтырылады. Құжаттар үлгісін пайдаланып, мұның деректерін толтырушы адамдардың заң алдында, кәсіпорын қабылдаған өз ережесінің және құжат айналысын бұзбау үшін жауап береді.

Құжаттардың деректеріне (реквизит) мыналар жатады: құжаттардың аталуы, үлгінің коды,құжаттардың жасалған күні, шаруашылық фактісінің мазмұны, лшеу бірлгі, аталмыш фактіге жауап берушілердің аты-жөн, бұлардың қойған қолы, кәсіпорынның аталуы. Құжат деректері толық толтырылмаған немесе қате толтырылып, бұрмаланған жағдайда, мұндай құжаттардың заң күші болмайды. Сонымен қатар шаруашылық операцияларын жүргізуге болмайды.

Бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу үрдісінде ақпараттар жүйесі де кеңінен қолданылад. Кәсіпорынның күнделікті болып отыратын шаруашылық өмірін құжаттау үшін басқа да ақпараттық құралдар пайдланылады. Құжаттар қайта өңделіп басқадай мақсаттарға қолданылуы да мүмкін. Мысалға бастапқы құжат қайта өңделіп, автоматтандыру және машиналық тасымалдау жүйесіне түсірілуі мүмкін. Қазіргі заманғы компьютерлк технологиясының кеңінен қолданылуына байланысты магниттік дискілер, ленталар, перфоленталар т.с.с.ресми құжаттар қатарында қолданылатын болды.

Бухгалтерлік есеп тәжрибесінде аса жоғары бағаланатын құжаттар бір дана ғана жасалынады. Алайда көптеген құжаттардың көшірмелері жасалып, бірнеше дана орындалады. Мысалға, кәсіпорын кассасына кіріске алынатын ақша қаражаттарына арналған «кіріс-ордерін» бірнеше рет қайталап кіріске алып жасауға болмайды. Егер әр құжат тиісті мақсатқа ғана арналып, әрбір көшірмеге жеке қол қойылып, әрбір дана құжат өз қызметі мен атқаратын міндетіне арналған жағдайда әрбір дана құжат, көшірме емес, түбіртекті құжат болып есептелінеді. Мысалға, сатылатын тауарларға екі дана накладной қағазы жазылып, бірнеше данасы жөнелтілген тауарлармен бірге сатып алушыға жіберіледі, ал екінші данасы тауар сатушы мекемеде қалады. Егер заңдылық жағынан қарағанда құжаттарға жазылатын жазулар тек қана бір дана жазулар болып танылса, экономикалық жағынан қарағанда құжаттар бірнеше дана болып қаралуы да мүмкін. Экономикалық өмірде қолданылатын құжаттарды заңдылық құқысы бар және экономикалық маңызы бар құжаттар деп қарауға да болады. Қандай дәрежеде болмасын құжаттарға жазылатын жазулар шындық пен дұрыстықты ғана көрсетуі керек. Өкінішке орай бухгалтерлік есеп тәжрибесінде дәлме-дәл өлшеу дәрежесін қоя алматын да жағдайлар кездеседі. Мысалға, негізгі құралдардың тозу дәрежесін таразыға салып, тозу құнының сомасын лабораториялық құралмен қойғанда есептеп, арнайы құжатқа түсіру қиынға түседі.

Сондықтан, құжаттарды бухгалтерлік есеп өрістерінің негізгісі деп қарап, счеттар жүргізудің бастапқы ақпараттарын қалыптастыратын үрдісі деп те түсінген жөн. Бухгалтерлік есеп құжаттарының атқаратын рөлі мен маңызы жоғарыдағыдай сипаттай келіп, құжаттау үрдісі бухгалтерлік есептің тіркеу принципіне жататындығын айтуға болады. Бухгалтерлік есеп шоттарына жазылған және түсірілген операциялардың мазмұнын тіркеу принцип деп атайды.

Тіркеу принципі үш кезеңнен: 1) бастапқы құжаттарды бақылау мен талдаудан; 2) жорналдарға екі жақты жазудан; 3) бас кітапқа түсріп екі жақты жазудың хронологиялық жинағнан тұрады. Әсіресе шағын кәсіпорындардашаруашылық операиялары сомаларын бірден счеттарға түсіруге болар. Алайда операцияларды бірден әртүрлі счеттарға түіру мен тіркеуде шаруашылық операцилары маңызын талдау және жіберілген қателерді бірден табу қиындығы туындайды. Талдау мен тіркеу және қателерді болдрмау мақсатын шешіп отыру үшін бухгалтерлік есеп жүргізу тәжрибесіне тіркеу жорналы енгізілген. Тіркеу жорналына әрбір шаруашылық операциялары сомасы екі жақтылық принципке сай жекелеген әрбір счеттарға дебеттік және кредиттік әдісті сақтай отырып жазылады. Кәсіпорындар көлемне қарай тіркеу жорнлының саны көп, не аз болуы мүмкін.

«Құжаттау» түсінгі «құжатайналысы»түсінігімен тығыз байланыста болады. Құжаттар қозғалмайтын мүлік емес, бұлар үнемі қозғалыста болуы керек. Құжаттардың жазылып орындалған уақытынан бастап архивке өткізілгенге дейінгі жолын құжат айналысы деп атайды. Құжатайналысы төмендегі кезеңдерден тұрады: 1) жазылып жасалынуы; 2) құжаттардың бухгалтерияға қабылдануы; 3) жазу жүйесіне пайдаланылатын құжаттарды тіркеу; 4) құжаттарды архивке өткізу.

Кәсіпорындар мен мекемелердегі құжатайналысын бас бухгалтерлер жасайды. Құжатайналысын кәсіпорын басшсы бекітіп,құжат жүргізуші жауапты адамдардың аты-жөні көрсетіліп, бұлардың қолындағы құжаттарды кімнің, қай уақытта өңдеп бухгалтерияға тапсыратындығы жазылады. Осылайша жасалған құжатайналысын көпшілік қитындай көрнекті жерге іліп қояды. Құжатайналысының түпкі мақсаты- құжат қозғалысын шапшаңдату мен бухгалтерлік есеп учаскелеріндегі бухгалтерлердің қызметі мен атқарушы бухгалтерлердің санын белгілеу болып табылады.

Құжаттар құрамы мен маңызна қарай: келіп түскен, ішк тұрақты жаңаланып тұратын, сыртқа жіберілетін құжаттар болып жіктеледі.

Атқаратын міндеттереіне қарай құжаттар - әміршілік етуші орындаушы, бухгалтерлік есеп жүргізуші болып бөлінсе, кәсіпорынға қатыстылығына байлансты құжаттар – ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Құжаттар көлеміне қарай бастапқы және жинақтаушы болып ажыратылады.

Жоғарыдағыдай классификациялық топтарға бөлінген құжаттардың әр тобына түсінік берілуі керек. Келіп түскен құжаттар деп сыртқы субъектілерден түскен бұлардың шаруашылық өмірінде орын алған нақтылы фактілер жөніндегі ақпараттарды айтады.

Ішкі құжаттр деп сыртқы субъектісінің өзінде жаалған, осында қызмет атқарушы жауапты адамдарға арналған батапқы құжттарды айтады.

Тұрақты жаңаланып тұратын құжаттарға бухгалтерлік есеп жүйесінде жүргізілетін бастапқы құжаттардағы креткіштерді жинақтап тркеуші регитрлар жатады. Тіркеуші регистрларға жазылған мәліметтер негізінде бухгалтерлік қорытынды есеп жасалынады.

Сыртқы жіберілген құжттарға осы кәсіпорында жасалып, сыртқы пайдалнушыларға арналған құжаттарды айтады.

Әміршілік етуші құжаттарға шаруашылық операцияларын жүргізу мен тексеру жұмыстарын орындау жөніндегі бұйрық түріндегі құжаттар жатады. Фактілердң орындалғандығын растайтын құжаттарды орындаушы құжаттар деп атайды. Мысалға, кассаның кріс және шығыс ордерін алуға болады. Операция орындалғанға дейінгі жазлған ордер әміршілік етуші құжат болып танылса, ақшаның берілгендігі немесе кіріске алынғандығы жөніндегі кассалық ордер орындаушылық рөл атқарады.

Бухгалтерлік есеп жүргізуші құжаттарға атқарушы бухгалтерлердің өздері жасаған құжаттары жатады. Мысал ретінде есеп жүргізу әдістерін тәжірибеде қолдану үшін есептеу, тіркеу, жетілдіру мен талду жөніндегі қолдан жасалған құжаттарды айтуға болады. Егер таза пайданың көлемн, бұларға әсер етуші сандық көрсеткіштерді есептеу кәсіпорынның шаруашылық операцияларына жататын болса, онда бұл көреткіштер не әміршілік етуші, не орындаушы құжаттар тобына жатады. Әр кезеңде жасалған қорытынды есепті бухгалтерлік есеп жүргізуші құжаттр тобына жатқызуға болады. Шаруашлық операцияларына байланысты көптеген әдістемелік есептер орындау кәсіпорындағы бухгалтерлерге байланысты. Мұндай жағдайда ресми түрде қолданылатын құжаттар үлгісі пайдаланылмайды.

Кәсіпорынға қатыстылығы жағынан қарағанда құжаттар екі үлкен топқа – ішкі және сыртқы құжаттар болып бөлінеді. Ішкі құжаттарға кәсіпорынның өз қызметкерлері мен әкімшілігі жасаған құжаттары жатады. Ал сыртқы құжаттарға кәсіпорынның сыртта жүрген уәкілдері мен басқа да кәсіпорында жасалынып,осы кәсіпорынға берілген құжаттар жатады. Мысалға, акионерлердің қолындағы акциялары бухгалтерлік есеп құжаттарына жатпағанымен, кәсіпорынның бухгалтері бұл құжатты тіркеуге міндетті. Бухгалтерлік есеп жйүесіндегі құжаттарды іс-тәжірибеде пайдалану үшін әрбір кәсіпорын ішкі құжаттарды жетілдіріп отыруы керек.

Мазмұн көлеміне қарай құжаттар бастапқы және жинақтаушы болып екіге бөлінд. Бастапқы құжаттар шаруашылық операцияларының орындалған сәтінде жасалынуы керек. Бастапқы құжаттар бухгалтерлік жүргізудің ең басты кезеңін сипаттайды. Бұларға касса ордерлері, чектер, счет-фактуралар, қабылдап өткізу актілері, материалдарға тапсырыс беру сияқты бастапқы құжаттар жатады.

Жинақтаушы құжаттар көптеген бастапқы құжаттар негізінде жасалынады. Мұнда бірнеше құжаттарға жекелей жазылған әлметтердің саны мен омалары жинақталып көрсетіледі. Жинақтаушы құжаттарға кассирдың есебі, тауарлы-материалды құндылықтар бойынша жаалған есеп, жауапты адамдардың іс-сапарға барғандығы жніндегі аванстық есебі мысал болады.

Жинақтаушы құжаттардың мысалына іркеу жорналдарын келтіруге болады. Негізінен тіркеу жорналдары бухгалтерияда жүргзіледі. Тіркеу жорналдарына бірнеше және бір біртектес шаруашылық операцияларының мәліметтері сабақтастық жолмен тізбелеп жазылып отырады. Тіркеу жорналдары бір айға, он күнге арнап ашылады. Белгіленген кезеңнің аяқталуына қарай тіркеу жорналындағы мәліметтердің жинағы шығарылып, бухгалтерлік есеп шоттарына түсіріледі. Тіркеу шығарылып, бухгалтерлік есеп шоттарына түсіріледі. Тіркеу шығарыоып, бухгалтерлік есеп шоттарына түсіріледі. Тіркеу жорналын жүргізудің негізінде күнделікті бақылау жұмысын іске асыруға мүмкіндік туады. Сонымен қатар құжаттар саны азаяды, есеп жұмысы біршма жеңілденіп үнемделеді.

Қандайда болмасын кәсіпорынның барлық объектілері бойынша жасалған құжаттр бухгалтерияға тапсырылады. Барлық құжаттар өңделеді, тексеріледі, таксировкаланды, қажетті болған жағдайда тіркеу жорналдарына жинақталад. Кәсіпорын бухгалтериясында құжаттар шаруашылық операциялары шындығымен сәйкес келуі жағынан, заңдылығы жағынан, қажеттілігі мен тиімділігі жағынан, қойылған бағаның дұрыстығы жағынан мұқият тексеріледі. Құжаттарды орындаушы жауапт адамдардың қойған қолдары, реквизиттердің толығымен жазылуы, жазу текстерінің, қойылған андардың анықтығы, шығарылған жинақтардың дұрыстығы толығымен тексеріледі. Егер тексеру нәтижесінде қателер жіберілсе, онда мұндай құжаттар осы құжаттарды жасаған жауапты адамдарға қайта жасау үшін қайтарылады.

Жоғарыда айтылған талаптар толығымен орындалған жағдайда кәсіпорын бухгалтериясында қызмет атқрушы жауапты бухгалтерлер әрбір құжаттарға кодтар белгілеп жазады. Мысалға, операциялардың орындалған жерне қарай қоймаларға, цехтарға аналитикалық жіктеу шоттарында кодтар белгіленеді. Кодтр белгілеу құжаттардың үлгі пішіміне ай жазылады. Осылайша өңделіп, жинақталған құжаттардағы сандық көрсеткіштер ақшалай өлшемге айналдырылып, бухгалтерлк ееп шоттарына жазылады. Шоттарға жазылған операциялардың мұқият дұрыстығы жөннде арнайы белгі қойылажы. Құжаттарды өңдеу жұмыс шаруашылық операциялары мазмұны мен мәліметтерн көретуші шоттар коорепонденциясын жасаумен аяқталады.

2.Ақша қаражаттарының операциялық қызметі (7 ҚЕХС) Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларды операциялық, инвестициялық, және қаржылық қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалауына иүмкіндік береді. Заңды тұлғалар (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқасы) ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сәйкес жасайды және есепті кезеңдегі қаржы есептемесінің құрамында тапсырады. Ақша қаражаты - кассада және банктердегі шоттарда тұрған қолма-қол бар ақша.

Ақша қаражатының қозғалысы - ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы. Операциялық қызмет - ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет. Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату. Қаржы қызметі - меншікті капитал мен займ қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын ұйымның қызметі. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі мәліметтер болуы тиіс. Ұйым қызметін түр-түрі бойынша жіктеу пайдаланушыларды ұйым қызметі түрлерінің оның қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы Заңды тұлғаның операциялық қызметінен түсетін ақша қаражатының қозғалысы мыналарды пайдалана отырып ашылады: а) тікелей әдіс, ол бойынша ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі;немесе б) жанама әдіс, ол бойынша таза табыс немесе залал ағымдағы активтер мен міндеттемелердің, ақшадан тыс операциялардың өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық және қаржы қызметінің нәтижесі болып табылатын табыстар мен залалдарға орай түзетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]