Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.

Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлар, еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы, еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, оның өзіндік құнына кіреді.

Тауарлы-материалдық босалқылар келесі активтер түрінде болады: өндірісте пайдаланылуға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауардар.

Материалдық құндылықтарды есепке алу үшін мына төмендегі негізгі міндетгемелердің орындалуы шарт: босалқылардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және уақытында құжаттау; көліктік-дайындау шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың әзіндік құнын уақытында және толық анықтау; КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқы қорларды тауып сату; сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Өндіріс барысындағы функциональдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгілер - дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде үн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің құрамына кіргенмен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар,лак,желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.

Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін, есепке алу «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттарында жүзеге асады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізат және материалдар, 1320 “Дайын өнім”, 1330 “Тауарлар”, 1340”Аяқталмаған өндіріс”, 1350 “Өзге қорлар”, 1360 “Қорлар есептен шығару бойынга резерв”.Шаруашылық жүргізуші субъектілер әрбір шот бойынша материалдарды есепке алатын қажетті аралық шоттар мен талдамалы шоттар аша алады. 1310 "Шикізат пен материалдар" онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикзаттар және материалдар есепке алынады; 1320 "Дайын өнім”, онда дайын және аяқталмаған өнім есепке алынады; 1330 “Тауарллар” онда сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлардың қлзғалысына байланысты операциялар көрсетіледі; 1340 «Аяқталмаған өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады; 1350 «өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады; 1360 «қорларды есептен шығару бойынша резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескертуге байланысты есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған. Материал алынған сәтте оны сатып алған нақты өзіндік құны немесе есепті бағасы бойынша көрсетіледі.Материалдардың алудың нақты өзіндік құны сатып алу бағасынан және осы қорларды дайындау және оны субъектілерге жеткізіп беру шығындарынан құралады.Материалдарды есепті бағасы бойынша есепке алған кезде қорлардың есепті бағасы бойынша құны мен қорларды нақты сатып алу құны арасындағы айырмасы шотта есептеу жолымен анықталады. "Қорлар" бөлімшесі тиісті шоттарының дебеті бойынша түскен материалдардың құны 1070 "Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаты", 1020 "Валюталық шоттағы қолма-қол ақша", 1040 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша", 1010 "Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшелері шоттарының кредитімен, 3310 "Жабдықтаушылармен тапсырысшылармен есеп айырысу" бөлімшесінің 3310 "Жабдықтаушылармен тапсырысшылармен есеп айырысу", 3390 "Басқа кредиторлық қарыздар және есептелген сомалар" бөлімшесінің 3390 "Басқалар" шоттарымен корреспонденцияда көрсетіледі. Бұл ретте жеткізушілерден түсетін материалдар қашан түскеніне - жеткізушінің есептік құжаттарын алғанға дейін немесе одан кейін түскеніне қарамастан есепке алынады. Материалдық құндылықтардың бухгалтерия есебі.Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталып, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметтерімен салыстырады. Құжаттардың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайдаланылады, ал екінші даналары материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық нөмірлер бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсаттарда және қоймалар мен бухгалтериядағы есеп деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланылады. Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша /материалдар, метиздер, ағаш материалдары және т.с.с./ материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастырылады, ол тауарлық-материалдық құндылықтарының кірісі мен шығысы бойынша «Материалдар» 1310-шы және «Тауарлар» 1330-ші ішкі бөлімдердің жинақтаушы, шоттары материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияда материалдың жинақтама есебінің жинақтаушы тізімдемесінің негізінде /сальдо әдісі қолданылғанда/ немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулерінде /егер сальдо әдісі қолданылмаса/ «Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы» деген тізімдеме жасалады. Бұл тізімдемеде материалдық құндылықтардың қоймалар немесе материалдық жауапты адамдар арасындағы қозғалысы көрсетіліп, нақты өзіндік құны мен есептік бағалары бойынша бір айдағы материалдық құндылықтардың қалдықтары мен кірісі туралы деректерге орай КДШ-ың орташа процентін /нақтылы өзіндік құнының есептік бағадан ауытқүын +,--/ есептеп шығарады. Табылған процент бойынша жұмсалган материалдық құндылықтардың құны нақты құн деңгейіне дейін жеткізіледі. Тізімдеме екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде кәсіпорынға нақты өзіндік құны мен есептік құны бойынша материалдардың түсуі туралы деректер жинақталады, КДШ немесе ауытқулардың /+,--/ сомасы мен проценті айқындалады, есептен шығарылуға тиіс материал қалдықтарына КДШ /ауытқу/ сомасы болады.Тізімдеменің екінші бөлімінде «Материалдық жинақтама есепке алудың жинақтаушы тізімдемесі» немесе материалдық жағынан жауапты адамдар жасаған материалдық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулер деректерінің негізінде, құндылықтардың есептік бағасы мен нақтылы өзіндік құны бойынша қалдықтары мен қозғалысы туралы деректердің жиынтығы жасалады. Бұл бөлімнің деректері «Материалдар» 1320-шы немесе «Тауарлар» 1330-ші ішкі бөлімдердің шоттары жөніндегі Бас кітаппен салыстырылады. 3. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі (16 ҚЕХС)

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жүмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын қүрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына, бұдан барып салық салудағы дәлсіздікке әкеліп соғады. Амортизация (латынның өтеу деген сөзінен)—тозуына қарай негізгі қүралдардың қүнын олардың көмегімен өндірілетін өнімге аударатын объективті процесс; арнайы ақша қаражатгарын-негізгі қүралдарды (негізгі капиталды) қарапайым және кеңейтіп өндіру үшін өндіріс немесе айналыс шығындарына енетін амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек қүралдарының өндіріс процесіне және қүн жасауға қатысу ерекшеліктері объективті негіз болады. Негізгі қүралдардың қызмет мерзімінің үзақтығы нәтижесінде олардың қүны өнімге бір циклда толықтай емес, олардың табиғи және сапалық тозуына қарай бөлек-бөлек өтетін болады. Өнімнің қүнының бөлігі ретінде амортизация бірнеше кезеңнен өтеді: бітпеген өндіріс, дайын және сатып-өткізілген өнім элементі болып қызмет етеді. Оның бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдеріндегі қозғалысы айналым қаражаттарының аванстандырылуын (алдын ала ақша жұмсалуын) тәлап етеді.

Амортизациялық аударымдар қатардан шыққан негізгі қүралдарды қайта қалпына келтіру үшін жүмсалады. Сондықтан да қызмет етуінің бүкіл кезеңіндегі амортизациялық аударулар мөлшері жоюдан түскен таза түсімді (жою қүнын) алып тастағанда, олардың бастапқы (қалпына келтіру) қүнына тең болуы керек.

Амортизациялық аударулар амортизация нормалары бойынша жүзеге асырылады. Амортизация нормасы—амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі қүралдардың орташа жылдық қүнына процентпен көрсетілген қатынасы. Нормалар еңбек қүралдарының өтелуінің нормативтік мерзімін көрсететін экономикалық тиімді қызмет мерзіміне қарай белгіленеді. Олардың деңгейі техникалық-қүрылымдық және материалдық-заттық ерекшеліктеріне қарай бағаланатын негізгі қүралдардың қанша мерзімге арналғанына және табиғи тозуына; негізгі қүралдардың, әсіресе пайдаланудағы машиналар мен жабдықтардың нақты жасына; қолданылып жүрген еңбек қүралдәрының моралдық жагынан тозуына тікелей қатысгы.

Мынандай негізгі құралдар бойынша амортизация есептелмейді: өнім беретін малдарға, буйволдарға, өгізге, бұғыларға; кітапхана қорларына; қаланы көріктендіру ғимараттарына; ведомостволық әкімшіліктерге; ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарына; белгіленген тәртіпппен тоқтатылған қорларға; бюджеттк ұйымдардың қорларына.

Кәсіпорындар негізгі құралдардың белгіленген амортизациялау нормасына және балансты құнына сүйеніп субъект балансында тұрған жекелеген топтар немесе мүліктік объектілер бойынша ай сайын амортизациялық аударымдар жасап отырады.

Есептелген амортизация сомасы ай сайын өндірлген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өіндік құнына

апарылады; маусымдық өндірістерге амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынның жыл ішінде жұмыс істеу кезеңнің өндірістік шығындарына қосылады.

Бір жыл ішінде осы ай үшін амортизациялық аударымдардың мөлшерін айқындау өткен есептелген амортизациялық аударымдар сомасынан сүйеніп, ілгерідегі айдағы негізгі құралдар құрамындағы өзгерістерге, сондай-ақ толығымен амортизацияланған негізгі құралдардың нормативті қызмет ету мерзімі өтуіне байланысты белгіленген нормаларға сай реттеліп жасалады.

Жаңадан пайдалануға берілген негзгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі ұүралдар бойынша шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші қүні тоқтатылады. 2410 шотында есептелген негізгі құралдар ай сайын амортизацияланады. Амортизация есептеу кезінде 2410 шоты дебеттеледі жөне және 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» шоты кредиттеледі. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдіс яғни обьектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі апарылады Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы оның қызмет ету мерзімінен ұзақтығына байланысты деп пайымдауға негізделген және ол бухгалтерлік есептің отандық тәжірибесінде қолданылып жүрген әдіс. Амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу өндірістік тәсіл.Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы тек пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт бөліктері ешқандай роль атқармайды деген пайымдауға негізделген.Амортизацияны есептеудің жеделтілген әдістері. Бұл әдістер өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері пайдаланудың алғашқы жылдарында тиімдірек жұмыс істейді немесе жоғарғы өнімділік қабілетін көрсетеді деген пайымдауға негізделген. Амортизацияны есептеудің жеделтілген әдістері:

а) Кумулятивтік әдіс.

б) Азайып отыратын қалдық әдісі.

Кумулятивтік әдіс - латын тілінен аударғанда - өсу, жиналу деген мағынны білдіреді, яғни сандарды қосу бойынша табылатын, объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.

Азайып отыратын қалдық әдісі. Бұл әдіс те кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амотизациялау нормасын қолдану арқыл азайып отыратын қалдық әдісі деп те атайды.

Қалдық құнды азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеен кезде жойылу құны есепке алынбайды деп саналады.

_24_ емтихан билеті

1. Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі. Нарықтық процесстің барлық қатысушылары бірдей түсіну үшін қаржылық есеп беру ақпараттары біртекті болуы тиіс. Батыс елдеріндегі бухгалтерлік есеп практикасында, атап айтсақ АҚШ-та, қаржылық есеп беруді ұсыныудың белгілі бір форматында және біртектілік туралы талаптар компаниядан тыс жерде ескерілетін қаржылық ақпараттарға үлестіріледі. Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың жалпы қағидалары №1 “Қаржылық есеп беруді ұсыныу” ҚЕХС-мен анықталған. Қазақстанда қаржылық есеп беруді құрудың негіздерін реттеу “Бухгалтерлік және қаржылық есеп берулер туралы” Заңымен “Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың концепциялы негіздеріне” сәйкес асырылады, сонымен қатар қаржылық есеп беруді құрудың қағидалары мен конципциялары негіздерін анықтайтын №30 “ Қаржылық есеп беруді ұсыну” стандартымен де жүзеге асады.

Қаржылық ақпарат әр уақытта өзгеріп тұрады және оның мазмұны бұрынғы оқиғаларға тәуелді, дегенмен дұрыс баланс әр уақытта сақталуы керек. Концепциялы негіз негізінен қаржылық есеп беру жүйесін құруға арналған және келесілерге бағытталған:

  • қызығушылық танытушы мамандарды бухгалтерлік есеп кіріспесімен қамтамасыз ету;

  • этапты өңдеу үшін және бухгалтерлік есептің қазіргі таңдағы нормативтік актілерін қарастыруға негіз болды;

  • әлі реттелмеген нормативтік актілердің мәселелерін шешуге базалық қызмет көрсету;

  • бухгалтерлік есептегі мәліметтерді түсіну үшін бухгалтерлік ақпараттың тұтынушыларына көмек көрсету.

Жоғарыда аталған тапсырмаларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 ж. 29 қазандағы 8 бөлімнен тұратын “Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың концепциялы негізі” №542 бұйрығы шықты.

Концепциялы негізде қаржылық жағдай туралы, ұйым қызметінің нәтижесі туралы және қаржылықжағдайдағы өзгерістер туралы ақпараттар, сонымен қатар қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары, олардың толық сипаты мен түсініктемелері қарастырылады. Қаржылық есеп беруді құрудың негізгі мақсаты ішкі және сыртқы қолданушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есеп берудегі олардың қажеттіліктері экономикалық шешім қабылдау қажеттілігімен есекрілген. Бірінші кезекте басшылық қызметінің нәтижелері туралы немесе экономикалық ресурстарды тиімді пайдалану шешімі, сонымен бірге аталған ұйымға салынған инвестициялар туралы және оған берілген займдар туралы шешімдер, сондықтан да қолданушылар ақша ағымы туралы және олардың эквмваленттері туралы мәліметтер алуға қызығушылық танытуда, сонымен қатар ликвидтілік пен төлем қабілеттілігінің жағдайы туралы, соның ішінде перспективаға ресурстар туралы, ұйым міндеттемелері туралы, ұйым қызметінің нәтижелері туралы мәлімет алуға қызығуда. Займдық құралдардағы болашақ қажеттіліктерді анықтау үшін қаржы құрылымы туралы (бухгалтерлік баланс) ақпарат пайдалы, сонымен қатар ұйымда үлесі бар қатысушыларарасында болашақ ақша қаражаттары мен кірістері үлестіру кезінде пайдалы. өткен кезеңмен салыстырғандағы нәтижелердің өзгерісі туралы ақпарат (кіріс пен шығыс туралы есеп) үлкен мәнге ие. Сондықтан да ақша қозғалыына қатысты, кіріс пен шығыс туралы, инвистициялар туралы, несие туралы және өзіндік капитал туралы ақпараттар тиімді шешім қабылдауға қаржылық есеп беру болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]