- •1 Емтихан билеті
- •2. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 хқес).
- •3.Төленбеген капитал есебі.
- •2 Емтихан билеті
- •1.Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал, салымдар мен пайлар
- •2.Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
- •3.3.Ануитеттер, олардың түрлер
- •3 Емтихан билеті
- •2.Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері
- •3.Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 қехс)
- •1.Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар.
- •2. Негізгі құралдарды тану критерийлері және оларды бастапқы бағалау
- •5 Емтихан билет
- •2.Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы және есебі
- •3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі.
- •6_ Емтихан билеті
- •1.Қорлардың анықтамасы және жіктелуі
- •3.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •7_ Емтихан билеті
- •2. Материалды емес активтердің амортизациясы
- •3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері
- •8_ Емтихан билеті
- •1.Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •3.Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.
- •9_ Емтихан билеті
- •1.Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары
- •10_ Емтихан билеті
- •2.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •3.Тәуелді, қауымдасқан компаниялардың дебиторлық берешектерінің есебі.
- •11_ Емтихан билеті
- •1.Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
- •2.Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •12__ Емтихан билеті
- •2. Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 хқес)
- •13_ Емтихан билеті
- •1.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •14_ Емтихан билеті
- •1.Кезең шығындарының есебі
- •3.Касса операцияларының есебі.
- •15_ Емтихан билеті
- •1.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •2.Ағымдағы міндеттемелер және олардың есебі
- •3. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •16__ Емтихан билеті
- •1.Ақша қаражаттарына бақылау
- •3. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау
- •17_ Емтихан билет
- •1.Қаржылық есептілікті беру алдындағы түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
- •3.Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары
- •18_ Емтихан билеті
- •3. Материалдық емес активтерді мойындау және ақпараттарды ашу (қехс 38)
- •1.Қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы (7қехс)
- •7 Қехс бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.
- •2. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы.
- •3.Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат
- •2. Қаржылық есептіліктің мақсаты және пайдаланушылары (1 қехс)
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
- •3. Материалдық емес активтерді есепте мойындау және бағалау (38 қехс)
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •3.Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.
- •1.Бухгалтерлік құжаттар.
- •3. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері
- •Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.
- •Қаржылық есеп берудің нысандары.
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •1.Материалдық емес активтерді бағалу әдістері (38 қехс)
- •2.Ұзақ мерзімді активтер.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •1. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
- •2. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.
- •3. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.
- •1. Ағымдағы активтердің есебі.
- •2. Түгендеу.
- •3. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі (16 қехс)
- •1. Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі.
- •1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп-айырысудың есебі.
- •2. Негізгі құралдардың есебі.
- •1.Резервтік капитал есебі.
- •2. Банк несиелерінің есебі.
3. Материалдық емес активтерді есепте мойындау және бағалау (38 қехс)
Материалдық емес (сезілмейтін) активтер— нақты табиғи нысаны жоқ, бірақ «сезілмейтін қүндылыққа» ие, болғандықтан субъектіге үзақ уақыт немесе үнемі қосымша табыс әкелетін активтер. Соны-мен қатар материалдық емес активтер иеліктен шығару қабілетіне ие болуы тиіс. Материалдық емес активтерге тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері), тауарлардың тіркелген жасалу орындары, «Фирма бағасы» (гудвилл)1, «Ноу-Хау, патенттер және өнеркәсіптік үлгілер, лицензиялар, интелектуалдық (ақыл-ой) меншіктік ұйымдастыру шығындары, жер учаскелелері мен табын ресурстарды пайдалану құқықтары, өндірістік мәліметті пайдалану қүқықтары, ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б/
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық емес активтер төмендегідей тәртіпте бағаланады:
Тараптардың келісуі бойынша - құрылғалы жатқан кәсіпорынның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салған салымдары екі жақтың келісімі бойынша. Мұндай салымдар тәуелсіз аудитор арқылы расталуға тиісті:
объектілерді сатып алуға және оларды дайын қалпына келтіруге кеткен нақты шығындарды есептей отыра, басқа кәсіпорындардан, мекемелерден, азаматтардан ақысын төлеп алынған материалдық емес активтер;
басқа кәсіпорындардан, мекемелер мен азаматгардан тегін (сыйға) алынған материалдық емес активтердің бағасын анықтау сараптау арқылы немесе келісімді баға бойынша;
І.Фирманың іскерлік байланыстарының шартты құны, жинақталған материалдық емес активтердің «бағасы», сезілмейтін капиталдың ақшалай бағалануы- сауда белгісінің мәртебесі, іскерлік байланыстар-дың тәжірибесі, клиенттердің, сондай-ақ басқару, ұйымдастыру және техникалық ресурстардың түрақтылығы, қаржы әлеміндегі бедел,өткізу қызметін бақылау тетігін; сезілмейтін негізгі капитал, ак-тивтер, кәсіпорынның жалпы бағасы мен нақты негізгі капиталдың бағасы арасындағы айырмашылықты білдіреді. Сезілмейтін теріс актив (бедвилл) кәсіпорынның сатылу мен баланстық қүны арасындағы айырмашылықты білдіреді.
2.”Ноу-хау” ағылшын тілінен «қалай екенін білемін» деп аударылады. Халықаралық қатынастарда термин қүжаттау, өндіріс тәжірибесі, дағдылары және тауар белгісі арқылы көрінетін техникалық білімдерді анықтау үпгін қолданылады.
Материалдық емес активтердің бастапқы қүны бойыиша амор-тизацияны есептеп, оны өндіріс шығынына жатқызу немесе басқа көздердің шоттарына аудару арқылы жабылады.
Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғаларға сатылғанда, моралдық тозуға ұшырағанда заңды және жеке түлғаларға тегін берілгенде, табыстық сапасын жоғалтқандығына байланысты есептен шығарылганда, басқа субъектілердің жарғылық қорларына үлес ретінде салынғанда баланстан шыгарылады.
Төрт топқа бөлінетін материалдық емес активтердің әртүрлі түрін қарастырып көрелік.
І.Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер
Бұл топқа «Ноу-хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы, технологияны немесе өнімнің сыртқы бейнесін қолдану.өнеркәсіптік үлгілер, еервитуттар1. және тағы басқалар жатады.j«Hoy-Xay»-қүжаттама озық өндіріс тәжірибесі, және т.б. түрінде көрінетін тех-никалық білімдерді айқындау үшін халықаралық қатынастарда қол-данылаіын термин.
Кең мағынасында «Ноу-Хаү» техникалық қүжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін үйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибені қажет ететін техникалық.коммерциялық және басқа да білімдердің жиынтығы.Лицензиялық келісімдерде, техникалық ынтымақтастық туралы шартгарда, лизиште, «кілті қолма-қол» тапсырылатын қүры-лыс жүргізілгенде, қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық қүқықтар мен патенттік ақпаратгар сияқты коммерциялық практи-када субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын «Ноу-Хау» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табысты бақылай алған жағдайда ғана, ол материалдық емес активтін анықтамасына жауап бере алады.
Бұл активтің пайдалылығы «Ноу-Хау» бағасының көрсеткішімен оның пайдалылығының жалпылама көрсеткішімен анықталады.
І.Сервитут-белгілі бір шектерге дейін басқа біреудің мүлкін пайда-лану құқығы (көршілес жер учаскесін басып өту қүқы, жайылымдар мен жолдарды пайдалану қүқығы).
Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан лицензия бағасына уқсас. «Ноу-Хау» нәтижесінде сатып алушы түсірген қосымша та-быстың бір бөлігін беру арқылы қалыптасады және паушалды төлем түрінде (оның иесіне төленетін сыйақының нақты тағайындалған сомасы) немесе роялти түрінде («ноу--хауды» пай-далану құқығын сатып алушының келіскен бағасынан төленетін ағымдағы аударымдардан алынатын мерзімдік проценттік төленімдер) яғни «ноу-хауды» беру жөніндегі келіеімнің күші бар кезеңінде сатып алушыға төленеіін төлем түрінде болады. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден өзгешелігі «ноу-хау» әдетте субъектінің жарғылық капиталына қүрылтайшының қосқан материалдық үлесі есебінде салынады. «Ноу-хаудың» субъект балансына алынатын қүны қүрылтайшылар немесе қатысушылардың келісімімен, белгілі бір тәуелсіз аудитор-дың багалауы ескеріле отырып белгіленеді.
Өндірістік ақпаратіы пайдалану қүқықтарын есепке алу.
Бұл материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе оны субъектінің өзі жасап шығаруға кеткен шыгындар жатады.
Ұйымдастыру шыгындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды қүру кезеңінде пайда болган шығындары үйымдас-тыру шығындарына жатқызылады.
ЭЕМ багдарламасымен жабдықтау. ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау деп кәсіпорын алган және үзақ уақыт бойы пайда әкелу қабілеті бар бағдарламаларды пайдалануга қажетті бағдарламалық қүжаттармен мәліметтерді өңдеу жүйесітң жиынгығын айтады,!
Жер учаскелері мен табиги ресурстарды пайдалану упгін алынган қукықтар. Елдің ішіндегі немесе шетелдегі кәсіпорындарды қүруда болжамданған объектілерді салу үшін жер учаскелерін пайдалану қүқығын, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалану қүқығын (пайда-лы қазбаларды ендіру қүқы, орманды пайдалану, ішкі тогандарда балық аулау т.б. қүқықтары) алу қажеггігі туындайды; Шетелдерде алынатын осындай қүқықтардың қүнын төлеу шетелдік фирмалар немесе жекелеген азаматгардың есеп айырысуға қатысуымен олар-дың бірлесіп телеуі арқылы жүзеге асырылады.
2.Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады.
Тауар таңбалары мен қызмет көрсету танбалары. Тауар таңбасы және қызмет көрсету таңбасы (одан әрі --тауар таңбасы) деп басқа заңды және жеке түлғалардың біртектес тауарларынан, тауарлар мен қызметгерді (одан әрі~тауарлар) тиісінше айыра алатын қабілеіі бар таңбаларды айтамыз.
Тауардың шыққан жерінің атауы- тауарды таңбалауға пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа геогра-фиялық объектінің аты, оның ерекше де басты сапасы осы геогра-фиялық объектінің өзіндік табиғи жағдайлары немесе адам фактор-лармен қоса сипатгалады.
Тауарлық таңбаларды, қызмет көрсету таңбаларын тауардың шыгу орындарының атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған қүқықтық, экономикалық және үйымдастыру қарым-қатынастары 1993 жылғы қаңтардың 18-і күні Қазақстан Республи-касы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атауы ту-радьі» Қазақстан Республикасы Заңымен ретгеледі.
3. Қолдану (пайдалану) қуқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бүл топқа жаңалық ашу қүқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт(көшіру қүқығы), лицензиялар, франшиза1. және басқалар жатады.
Патенггер. Патент деп белгілі бір жаңалық ашудың техникалық шешімін мемлекеттің мойындағанын және оны бекітіп берілетін түлганың (патент иеленуші) оған осы ашылган жаңалыққа қүқығы бар екенін куәландыратын куәлік, грамота, қүжат. Патёнггің күші оны берген мемлекетгің аумағында ғана жүреді.^Патентгің қызмет мерзімі (15-20 жыл) үлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар патент деп белгілі бір кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шүғылдану қүқығын берегін қүжатты да айтады. Патент берілгенде патенттік алым (пошлина) үсталады. Патент иеленушіге ашылған жаңалықты қодануға айрықша (жеке дара) иелік ету қүқығы беріледі. Патентті иеленуші жаңалық қүқығын иеліктен шығаруғажәне басқа тұлғаларға патенттелген жаңалықты пайдалануға рұңсат (лицензия) бере алады.
Өнеркәсіптік улгілер. Өнеркәсіптік үлгілерді пайдалануға айрықша құқты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі. Өнеркәсіптік үлгілер көлемді (модельдер), тегісті (суреттер) немесе аралас болып келеді. ІЕгер үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан Республикасында нёкіесе шетелдерден, оның басымдылықты иелену мерзіміне дейін белгісіз болып келсе, онда ол жаңа енеркәсігггік үлгі деп мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік әдіспен бүйым ретінде жасалынып, шаруашылық айналымына түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсапте қолданылуга болатыны мойындалады. Өндірістік үлгілер авторы деп, оған шығармашылық еңбегі сіңген азамат мойындалады. Егер өнекәсігггік үлгісі бірнеше азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі болса, онда олардың бәрі өнеркәсіптік үлгілер авторы болып есептеледі. Өнекәсіптік үлгілерге патент Қазақстан Республикасы өнеркәсіпіік үлгілерінің Мемлекетгік тізіліміне тіркелген соң беріледі.
Лицензиялар («азаттық»,«қүқық» деген латын сөздерінен)-сыртқы сауда операцияларын (әкелуге, сыртқа шығаруға немесе транзитке рүхсат етілмегендер) және тағы басқаларды жүргізуге қүзырлы мемлеқеттік органдар беретін рүқсат. Лицензиялардың көмегімен тауарларды импорттау мен экспорттау және сонымен қатар валюталық қаржылардың жұмсалуына мемлекетгік баңылау жасау жүзеге асырылады. Нарықтық қарым-қатынастары жан-жақты дамыған елдерде лицензиялар берудің мақсаты -- бір ел-мен сауданы толығымен тоқтатып тастауға дейін шектеуді, сөйтіп үлттық өнеркәсәпті шетелдік бәсекеден қорғауды, валютаны жүмсауға бақылау жасауды, сондай-ақ тауарларды, жүмыстар мен қызметтерді экспортгау-импорттауға рүқсат беруден лицензиялық салым алу арқылы мемлекетгік бюджетгі толықтыруды көздейді.
Лицензиялардың мынадай түрлері бар.
Патентгік лйцензия—патент иесіне техникалық қүжаттарды не-месе патентгелген жаңалықтарды пайдалану қүқығын береді.
Жәй лицензия-патентгің иесі лицензиатқэ жаңалықты келісімде белгіленген шекте пайдалану құқығын бере отырып, бірақ сол аумақта оны пайдалану қүқығын өзі де сақтап қалады және лицензияны осы талаптармен басқа да сансыз түлғаларға бере алады. Лицензиаттың сублицензия беруге қүқығы жоқ.Айрықша лицензия-келісімде белгіленген шекте жаңалықты пайдалануға айрықша қүқық береді; лицензия иесі өздігінше пайдаланудан және басқа түлғаларға беруден бас тартады.
Толық лицензия жағдайында патент күшінің мерзімі біткенге дейінгі кезең ішінде, патентке байланысты барлық қүқықтарды пайдаланады.
Лицензияларды Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе оның уәкілетгі мемлекетгік органдары қазақстандық және шетелдік ша-руашылық жүргізуші субьектілерге көміртекчі шикізаттай пайдалы қазбаларды (мүнай, газ) және басқа да табиғи шикізаттарды өндіру қүқығын бере алады. Мұндай лицензияларды пайдалану ройялти-ды төлеумен тығыз байланысты.
Ройялти деп табиги ресурстарды өндірү қу^ығьш алу ушш төленетін төлвмдерді айтады
Жаңалықтарды, патенттерді «ноу--хау», кітап шығару, кинофильмдерді прокаіқа беру және басқа қүқықтарды пайдалануға оқтын-оқтын төленетін лицензиялық төлем де ройялти деп аталады. 4.Материалдық емес активтердің басқа да турлері. Материалдық емес активтердің бүл тобына фирма бағасы («гудвилл»), интелекту-алдық меншік және тағы басқалары кіреді.
«Фирма багасы» немесе «Гудвилл». Материалдық емес актавтердің бүл түрі бүтіндей жүмыс істеп түрған кәсіпорындардың немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Әдетте мүндай кәсіпорындардың (бөлімшелер) олар-дьщ баланстық қүнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынньщ болашақтагы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнім шығару рыногындағы беделіне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жагдайында заңды қүбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құнының оның активтерінің баланс бойынша сомасынан асып түсуі «Фирма бағасын» қүрайды.
Интеллектуалдық меншікті есепке алү. Интелектуалдық меншік--үстіміздегі ғасырдың 60- жылдары енген, заңгерлік үғымы.
«Интеллектуалдық меншік» үғымы авторлық қүқықтарды, орын-даушы-артистердің қызметіне, дыбыс жазуға, радио және телехабарларға байланысты қүқықтарды, жаңалық ашу және па-тентке қүқықтарды ғылыми жаңалық ашу қүқықтарды, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне, фирмалық атауға және коммерциялық белгілерге, арам пиғылды бәсекелестіктен қорғану қүқықтарын, со-ндай-ақ өндіріс, ғылым, әдебиет пен өнер салаларындағы интеллек-туалдьіқ меншік-қамтитын басқа да қүқықтарды білдіреді.
Интеллектуалдық меншікті бағалау-сараптау әдісімен жүзеге асы-рылады. Интеллектуалдық меншікті бағалап, оны балансқа қабыл-дау - оныңкапиталдану1 процесі болып табылады.
Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есеп-ке алу 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарына жазылады. Осы шоттардың дебеті бойынша-- материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындагы қалдықтары, олардың түсу операциялары көрсетіледі, кредит бойынша-- материалдық емес активтердің шығарылымы көрсетіледі. 2700 бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді:
2710 – “Гудвилл”, онда гудвиллдың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі. Гудвилл – жеке сәйкестендіруге және бөлек тануға болмайтын активтерден туындайтын алдағы экономикалық пайдалар;
2720 – “Гудвиллдың құнсыздануы”, онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан жүйелі жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдың құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;
2730 – “Өзге материалдық емес активтер”, онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданлу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы:
тауарлық белгілер;
титулдық және баспа құқықтары;
компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету;
лицензиялар және франшизалар;
өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа да құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар;
рецептілер , формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер;
әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер;
2740 – “Өзге материалдық активтердің амортизациясы және құнсыздануы”, онда материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын амортизация мен залалдар сомалары шоғырланады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, бірақ жыл сайын құнсздануға тест жүргізіледі.
Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісінде (ү. №МЕА-1) көрсетіледі. Актіде материалдық емес актавтер үлгілердің дәл аты оның кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы қүны, амортизация нормасы және басқа қажетгі мәліметгер көрсетіледі.
2700 «Материалдық емес активтер» бвлімшесінің шоттарына талдамалық есепке алу «Материалдық емес активтерді» есепке алудың мүліктік қарточкаларында» (ү. №МЕА-2) көрсетіледі.
Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алуда қолданылады. Материалдық емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады.
Өндірістік - шаруашылық қызметі процесінде материалдық емес активтер моралдық тозуға ұшырайды. Басты мақсат материалдық емес активтердің моралдық тозуына байланысты шығындарды жабу көздерін табу ғана емес, өндіріс немесе айналым шығындарына амортизацияны қосу арқылы олардың құнын өтеу көздерін жасау болып табылады.
Материалдық емес активтердің амортизациясы есепке алуға 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің шоты арналған.
Бұл шоттар пассивті, реттеуші контрактивті. 2740 - бөлімше шотының кредиті бойынша ай басындағы амортизацияның қалдығын, ағымдағы айға есептелінген амортизацияны және есеп берілетін айдың соныңдағы амортизацияның қалдығын көрсетеді, ал дебеті бойынша —материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есептен шығару (төмендету) көрсетіледі. Материалдық емес активтердің амортизациясы олардың бастапқы құнынан және тиімді пайдаланудың болжамды мерзіміне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелініп түрады.
Әрбір кәсіпорын материалдық емес активтердің барлық түрлерінің пайдалану мерзімін, негізделген (дәлелденген) есептер бойынша анықтауы тиіс. Оларда тиімді пайдалану мерзімін қол-дану негізді болуға тиіс:
а) пайдалану мерзімін анықтау мүмкіндігі бар материалдық емес активтер бойынша (патенттер, лицензиялар және басқалар) оларды пайдалану мерзімі арнайы нұсқаумен анықталып патентте, лицен- зияда көрсеііледі--1,5.10,15 жыл.
ә) пайдалану мерзімін көрсету мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша (ЭЕМ бағдарламалық жабдықтау, «Фирма бағасы» және басқалар), мүндай мерзім 10 жылдан аспайтын уақыт деп керсетіледі.
б) қызмет ету мерзімі жарғысында көрсетілген кәсіпорындар сатып алған материалдық емес активтер бойынша тиімді пайдалану мерзімі ретінде "а" және "ә" пунктерінде көрсетілген мерзімдер алынады, бірақ олар кәсіпорын қызметінщ мөлшерлі мерзімінен аспауға тиісті.
Материалдық емес активтер пайдалану мерзімінде кәсіпорынға белгілі бір мөлшерде табыс әкелуі тиіс. Кәсіпорын материалдық емес активтерден кіріс түсіріп отырғанда олар өз функциясын атқарады, ал керісінше болса балансты «бүлдірушіге» айналып, нақты емес, бұлдыр активтерді құрайды. Бұл аксиоманы өндірістік немесе айналымньщ шығындарына енгізілетін олардың амортизация сомаларын есептегенде ескерген жөн. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу оның баланстық құны толық өтелгенде тоқтатылады.
Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін дұрыс және дәлелді есептеуге олардың амортизациясын өндіріс пен айналым шығындарына жатқызудың негізділгі, яғни кәсіпорын қызметінің нақты қаржылық нәтижелері тәуелді.
№22_ емтихан билеті
1. Қосымша төленген және төленбеген капиатлдың есебі.
Төленбеген капиталдын есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5020 «Төленбеген капитал» шоты арналған. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
5020 – «Төленбеген капитал», онда ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу, салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу жөніндегі жеке тұлғалар мен ұйымдардың берешегі және салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі.
Қосымша төленген капиталдың есебі. Қосымша төленген капитал дегеніміз акционерлік қоғам өз акцияларын олардың тұрақты бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сома /эмиссиялық табыс/.
5100 «Эмиссиялық кіріс» бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
5110 – «Эмиссиялық кіріс», онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс ескеріледі.
5200 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» бөлімшесі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған және шоттардың мынадай тобын қамтиды:
5210 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» шоттарының тобын қамтиды, онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.
2. Ақпараттық есеп қағидаларының негізін құрушы: есептеу, үздіксіз әрекет Бұл қағидалар бухгалтерлік есеп жүргізу әдістерін түсіндіреді. Жалпы бухгалтерлік есептің ондаған қағидалары бар, есеп қағидалары ыңғайлы болуы үшін оларды базалық /әдістемелік/ және қаржылық есеп беру қағидалары деп бөледі. Бұл бөлімде бухгалтерлік есептің базалық қағидалары қарастырылады.
Бухгалтерлік есеп қағидалары ең алғаш АҚШ-та 1936 жылы қалыптасқан. Оның авторы Вильям Эндрю Патон /1889-1991/ болып табылады. Осыдан бастап АҚШ- та және басқа да елдерде /ағылшын тілдес/ бухгалтерлік есеп қағидаларын дамыту қарқынды жүруде.
Әрбір елде есепті жүргізу және оны реттеу, ұйымдарды ұйымдастыру, өндірістің әр түрлі ерекшеліктері болады. Қазіргі кезде әрбір автор бухгалтерлік есеп қағидаларын өз қалауларымен түсіндіреді. Қазіргі кезде батыс елдерінің ғалымдарының айтуынша, бухгалтерлік есеп қағидалары 50-ден астам. Әрине, олардың барлығы бухгалтерлік есепте қолданылады және қазақстандық бухгалтерлік есепте оларды қолдану пайдалы болып табылады.
Дегенмен де, республиканың бухгалтерлік есебі халықаралық есеп стандарты қағидаларының жалпықабылданған терминологиясы әлі де орындалмаған және оны қалыптастыру процесі даму стадиясында.
Бухгалтерлік есеп қағидаларының негізгі міндеті қаржылық есеп пен стандарт мазмұнын түсіну, сонымен қатар ұйым іс-әрекеттерінің нәтижесіне және есеп беруде көрсетілетін қаржылық шарттардың әсерін бағалау болып табылады.
Кез-келген ұйымның меншік түрлеріне байланыссыз бухгалтерлік есеп шоттары болады. Ол мәліметтерді әр түрлі құжаттық қайнар көздерден алуға болады. Мысалға А ұйымының басшысы өз ұйымынан 18 қаңтарда 20 мың теңге нақты ақша кассадан және 12 мың теңгеге қажеттіліктер үшін әр түрлі өнім алды. Бұл ұйымның толық иесі осы 32 мың теңгені алған тұлға болғанмен де ұйым үшін бұл шығын, ал жеке тұлға үшін табыс болып отыр. Қаржылық іс-әрекеттер туралы ақпараттар тек ұйым үшін есепке алынады. Сондықтан бухгалтерлік шоттарының ұйым мен оның иесі арасында бөліну қағидасы ұйымның автономдылық қағидасы деп аталады.
Қазіргі кезде көптеп кездесетін мәселе ұйымдардың бухгалтерлік процедураларды орындау барысында әр түрлі қателіктерге ұшыраулары болып табылады. Бухгалтерлік есептің автономдылық қағидасы ұйымның ұйымдастыру құқықтық түріне байланыссыз сақталып отырады. Ондағы бухгалтерлер ұйым басшыларының әр түрлі іс-әрекеттерінің бухгалтерия арқылы жүзеге асуын қадағалап отыруы қажет.
Халықарарлық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде ағымдағы жұмсалған шығындар мен ағымдағы түскен табысты немесе түскен табыс пен жұмсалған шығындарды салыстырып отыруы үшін есептеу әдісі қолданылады.
Есептеу әдісі – тауарлар мен көрсетілген қызмет және орындалған жұмыстар үшін түскен ақша немесе қойылған талап.
Үздіксіздік қағидасы. Кез-келген қызмет етуші ұйым өз қызметін жалғастырады және болашақта да белгісіз уақытқа дейін қызмет атқарады. Кез-келген ұйымның өзінің тұрақты өндірістік процесі болады, ол үздіксіз процесс болып табылады.
Бухгалтерлік есептің бұл қағидасы бухгалтерлерге өнім өндірісі бәсекелестіктеріне талдау жасау мәселелерін шешуге, шикізат пен материалдарды жеткізіп беру, өнімнің жаңа түрлерін қалыптастыру және өнім ассортиментінің өзгеруі, инвестициялар мәселесі және тағы басқаларды шешуге мүмкіндік береді.
Үздіксіздік қағидасының жалпы қызметі активтер мен ұйым міндеттемелерінің жалпы ережелерін анықтауға мүмкіндік береді. Активтер ұйымға келіп түсуі кезінде бастапқы құны бойынша есепке алынады. Активтерді есептен шығару кезінде /міндеттемелерді/ осы активтердің сату бағсы бойынша есепке алынады. Осы орайда активтердің келіп түсуі мен есептен шығу уақытындағы құнының айырмашылықтары анықталады. Мұндай салыстыру нәтижесінде қаржылық нәтижелер анықталады. /пайда немесе зиян/. 3.Сатуға арналған активтер және тоқтатылған қызметтер (5 ҚЕХС) ..5 IFRS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет
МАҚСАТЫ 1 Осы Стандарттың мақсаты сатуға арналған активтерді есепке алуды анықтау және тоқтатылған қызмет туралы ақпаратты ұсыну әрі ашып көрсету болып табылады. Атап айтқанда, осы Стандарт: (а) сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын активтердің ең аз баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнмен өлшенуін және бұл активтерге амортизация есептеудің тоқтатылуын; және (b) сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын активтерді баланстың өзінде бөлек ұсынуды және тоқтатылған қызмет нәтижелерін пайда және залал туралы есепте бөлек ұсынуды талап етеді. ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 2 Осы Стандартта көзделген деректерді жіктеуге және ұсынуға қойылатын талаптар барлық танылған ұзақ мерзімді активтерге және кәсіпорынныңшығаруға арналған топтарына қолданылады. Осы Стандартта көзделген өлшеуге қойылатын талаптар 5-параграфта аталған, бұдан былай да көрсетілген Стандартқа сәйкес өлшенуге тиісті активтерді қоспағанда, барлық танылған ұзақ мерзімді активтерге және кәсіпорынның шығаруға арналған топтарына (4-параграфта көрсетілген) қолданылады. 3 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартына сәйкес ұзақ мерзімді деп жіктелген активтер осы Стандартқа сәйкес сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлеріне сай келмейінше, қысқа мерзімді активтерге қайта жіктелмеуі тиіс. Кәсіпорын әдетте ұзақ мерзімді деп қарастыратын түрге жататын және кейінірек тек қана қайта сату мақсатында алынған активтер, егер олар осы Стандартқа сәйкес тек сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлеріне жауап бермесе, қысқа мерзімді деп жіктелмеуі тиіс. 4 Кейде кәсіпорын активтер тобын шығаруды кейбір тікелей байланысты жағдайлармен бірге мүмкін бір операциямен жүзеге асырады. Мұндай шығаруға арналған топ ақша қаражатын құрайтын бірліктер тобы, ақша қаражатын құрайтын жеке бірлік немесе оның бір бөлігі болуы мүмкін. Топқа қысқа мерзімді активтер және осы Стандарттың өлшеуге қоятын талаптарынан 5-параграфпен алынып тасталған кәсіпорынның кез келген активтері мен міндеттемелері кіруі мүмкін. Егер өлшемге қойылатын осы Стандарттың талаптары шеңберіндегі ұзақ мерзімді актив шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылса, онда осы Стандарттың өлшемге қоятын талаптары топқа, жалпы алғанда, топ баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азы бойынша өлшенетіндей болып қолданылады. Шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылатын жекелеген активтер мен міндеттемелерді өлшеу жөніндегі талаптар 18, 19 және 23-параграфтарда баяндалған. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІ (НЕМЕСЕ ШЫҒАРУҒА АРНАЛҒАН ТОПТАРДЫ) САТУҒА АРНАЛҒАН РЕТІНДЕ ЖІКТЕУ 6 Егер ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) баланстық құнының оны пайдалануды жалғастыра беру арқылы емес, негізінен сату есебінен толтырылса, кәсіпорын оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс. 7 Ол үшін актив (немесе шығаруға арналған топ) қазіргі күйінде және осындай активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) сатқанда қоса жүретін әдеттегі талаптармен дереу сатуда болуы тиіс, және де сату ықтималдығы жоғары болуы тиіс. 8 Сату ықтималдығы жоғары болу үшін, тиісті басшылық деңгейі активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөнінде жоспар қабылдауы тиіс және сатып алушыны іздеу әрі жоспарды орындау жөнінде қарқынды бағдарлама басталуға тиіс. Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның ағымдағы әділ құнымен салыстырғанда негізделген бағамен сату жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұған қоса, 9-параграфпен шешілген жағдайларды қоспағанда, сату жіктеу күнінен бастап бір жыл ішіндегі аяқталған сату деп тануға арналған талаптарды қанағаттандырады деп күтілуге тиіс және сату жөніндегі жоспарды орындау үшін талап етілетін іс-әрекеттер жоспарда маңызды өзгерістер болуының немесе жоспарды болдырмай тастаудың тіпті де мүмкін емес екендігін көрсетуге тиіс. 8А Еншілес ұйымды басқарудан айрылумен бірге жүретін сату жоспарына енгізілген кәсіпорын, кәсіпорын өзінің бұрынғы еншілес ұйымындағы басқарылмайтын пайызын сатылғаннан кейін сақтау-сақтамауына қарамастан, 6-8 тармақтарда баяндалған критерийлер орындалғанда, барлық активтерін және міндеттемелерінсатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс.
Кәсіпорын пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс, өйткені оның баланстық құны негізінен алғанда пайдалануды жалғастыру арқылы өтеледі. Алайда, егер пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс шығаруға арналған топ 32(а)-(с)-параграфта көрсетілген критерийлерге жауап берсе, онда кәсіпорын шығаруға арналған топтың ақша қаражатының нәтижелері мен ағындарын пайдалану тоқтатылған күні 33 және 34-параграфтарға сәйкес тоқтатылған қызмет ретінде көрсетуі тиіс. Пайдаланылуы тоқтатылатын ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) экономикалық қызметінің мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) және жабылатын, бірақ сатылмайтын ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) кіреді. Кәсіпорын пайдаланудан уақытша алынып тасталған активті (немесе шығаруға арналған топты) оның пайдаланылуы тоқтатылған ретінде есепке алмауға тиіс.
№23__ емтихан билеті
1. Бірлескен қызметке инвестиция (38 ҚЕХС)
Бірлескен бақылау – шартта айқындалған экономикалық қызметті бақылауды бөлу; бірлескен бақылау осы қызметке жататын стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер бақылауға ие тараптардың (бірлескен қызметке қатасушылар) ынтымақты келісімін талап еткен жағдайда ғана жұмыс істейді. Бірлескен қызмет – екі немесе одан да көп тарап бірлескен қызметке жататын экономикалық қызметті жүзеге асыратын шарттық келісім. Бірлескен ұйымдар бірлесіп бақыланатын активтердің, бірлесіп бақыланатын қызметтің немесе бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың нысанын қабылдауы мүмкін. Бірлескен қызметтің кейбір түрлерінің жұмыс істеуі корпорация, серіктестік немесе өзге де ұйым немесе бірлескен қызметтің өзінің қатысушыларынан бөлек қаржылық құрылым құру емес, бірлескен қызметке қатысушылардың активтері мен өзге де ресурстарын пайдалануды қамтиды. Бірлескен қызметке әрбір қатысушы өзінің меншікті негізгі құралдарын пайдаланады және өзінің меншікті қорлары болады. Ол сол сияқты өзінің меншікті шығыстары мен міндеттемелерін алады және оның меншікті міндеттемелерін білдіретін меншікті қаржылық ресурстарды қалыптастырады. Бірлескен қызметті бірлескен қызметке қатысушының қызметкерлері бірлескен қызметке қатысушының ұқсас қызметімен қатарлас жүзеге асыра алады. Бірлескен қызмет туралы келісім, әдетте, бірлескен өнімді сатудан кіріс пен бірлесіп жұмсалған кез келген шығыстар бірлескен қызметке қатысушылар арасында бөлінетін тәсілді көздейді. Бірлесіп бақылайтын операцияларға өзінің қатысу үлесіне қатысты бірлескен қызметке қатысушылар өзінің қаржылық есептілігінде мыналарды тануға тиіс: 1) олар бақылайтын активтер мен қолда бар міндеттемелер; және 2) жұмсалған шығыстар мен бірлескен қызмет тауарларын немесе қызметтерін сату нәтижесінде ол алатын кірістердегі өзінің үлесі. Бірлескен қызметтің кейбір түрлері бірлескен бақылауды және жиірек бірлескен қызмет мақсатында енгізілген немесе сатып алынған және бірлескен қызметтің мақсаттарына арналған бір немесе бірнеше активтерге бірлескен қызметке қатысушылардың бірлескен меншігін қамтиды. Бірлесіп бақыланатын активтердегі өзінің қатысу үлесіне қатысты бірлескен қызметке қатысушы өзінің қаржылық есептілігінде мыналарды тануға тиіс: 1) активтердің сипатына сәйкес сыныпталатын бірлесіп бақыланатын активтердегі өзінің үлесін; 2) олар қабылдаған міндеттемелерді; 3) бірлескен қызметке басқа да қатысушылармен бірлесіп бірлескен қызметке қатысты ұшыраған кез келген міндеттемелердің өзінің үлесін; 4) бірлескен қызметтен алынған өнімнің өзінің үлесін бірлескен қызметке ұшыраған шығыстардың өзінің үлесімен бірге сатудан немесе пайдаланудан түскен кірісті; және 5) ол бірлескен қызметке өзінің қатысу үлесіне қатысты жұмсаған шығыстарды. Бірлесіп бақыланатын кәсіпорын – бұл бірлескен қызметке қатысушының әрбір қатысушысында өзінің қатысу үлесі бар корпорация, серіктестік немесе өзге де ұйым құруды болжайтын бірлескен қызмет. Кәсіпорын қызметті бірлескен қызметке қатысушылар арасындағы шарттық келісім кәсіпорынның экономикалық қызметін бірлесіп бақылауды белгілейтінді қоспағанда, дәл басқа да ұйымдар сияқты жүргізеді.
