- •1 Емтихан билеті
- •2. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 хқес).
- •3.Төленбеген капитал есебі.
- •2 Емтихан билеті
- •1.Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал, салымдар мен пайлар
- •2.Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
- •3.3.Ануитеттер, олардың түрлер
- •3 Емтихан билеті
- •2.Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері
- •3.Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 қехс)
- •1.Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар.
- •2. Негізгі құралдарды тану критерийлері және оларды бастапқы бағалау
- •5 Емтихан билет
- •2.Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы және есебі
- •3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі.
- •6_ Емтихан билеті
- •1.Қорлардың анықтамасы және жіктелуі
- •3.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •7_ Емтихан билеті
- •2. Материалды емес активтердің амортизациясы
- •3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері
- •8_ Емтихан билеті
- •1.Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •3.Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.
- •9_ Емтихан билеті
- •1.Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары
- •10_ Емтихан билеті
- •2.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •3.Тәуелді, қауымдасқан компаниялардың дебиторлық берешектерінің есебі.
- •11_ Емтихан билеті
- •1.Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
- •2.Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •12__ Емтихан билеті
- •2. Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 хқес)
- •13_ Емтихан билеті
- •1.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •14_ Емтихан билеті
- •1.Кезең шығындарының есебі
- •3.Касса операцияларының есебі.
- •15_ Емтихан билеті
- •1.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •2.Ағымдағы міндеттемелер және олардың есебі
- •3. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •16__ Емтихан билеті
- •1.Ақша қаражаттарына бақылау
- •3. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау
- •17_ Емтихан билет
- •1.Қаржылық есептілікті беру алдындағы түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
- •3.Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары
- •18_ Емтихан билеті
- •3. Материалдық емес активтерді мойындау және ақпараттарды ашу (қехс 38)
- •1.Қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы (7қехс)
- •7 Қехс бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.
- •2. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы.
- •3.Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат
- •2. Қаржылық есептіліктің мақсаты және пайдаланушылары (1 қехс)
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
- •3. Материалдық емес активтерді есепте мойындау және бағалау (38 қехс)
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •3.Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.
- •1.Бухгалтерлік құжаттар.
- •3. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері
- •Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.
- •Қаржылық есеп берудің нысандары.
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •1.Материалдық емес активтерді бағалу әдістері (38 қехс)
- •2.Ұзақ мерзімді активтер.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •1. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
- •2. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.
- •3. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.
- •1. Ағымдағы активтердің есебі.
- •2. Түгендеу.
- •3. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі (16 қехс)
- •1. Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі.
- •1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп-айырысудың есебі.
- •2. Негізгі құралдардың есебі.
- •1.Резервтік капитал есебі.
- •2. Банк несиелерінің есебі.
2. Қаржылық есептіліктің мақсаты және пайдаланушылары (1 қехс)
Бухгалтерлік есептің ақпаратының негізінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қаржылық есептілік құрылады. Ол: 1.инвестициялық шешімдер мен несие беру шешімін қабылдау;
2.шаруашылық субъектісінің болашақтағы ақша ағымын бағалау;
3.ресурстарын шаруашылық субъектісіне сеніп тапсырыуымен байланысты оның ресурстары мен міндеттемелерін бағалау;
4.басқару органдарының жұмысын бағалау мақсатында құрылады.
Қаржылық есептіолікті пайдаланушыларға қазіргі және тұрақты инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, қызметкерлер мен жұмысшылар, сонымен бірге, өкімет мекемелері, министрліктер, ведомствлар мен қоғамдық ұйымдар және де әр түрлі ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын басқа да қызығушылығы бар пайдаланушылар жатады. Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың барлығын ішкі және сыртқы деп екі топқа бөлуге болады. Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың әр түрлі топтарының болуы бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйе ретінде екі түрге бөлінуіне себеп болды: 1.Қаржылық есеп
2.Басқару есебі
Қаржылық есеп сыртқы және ішкі де пайдаланушыларға ұсынылатын бухгалтерлік есеп беруді құру және пайдаланумен айналысады. Басқару есебі негізінен ішкі пайдаланушыларға арналып құрылады. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараты экономикалық операцияларды басқару мен өнім өндіруді бақылау, бюджеттің орындалуы мен пайда алуына мониторинг жүргізу, сонымен біргекомпанияның болашақ жетістігін қамтамасыз ететін шешім қабылдау үшін қажет деп саналады. Қаржылық есептілік компанияның жалпы есептілігінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес құрылады Қаржылық есептіліктің халықаралық №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» стандартына сәйкес, қаржылық есептіліктің мақсаты компанияның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпарат ұсыну болып табылады. Қаржылық есептілік тұжырымдамалары мыналардан тұрады:
Қаржылық есептілікті құру мақсаты;
Қаржылық есептіліктіңұйғарымдары (қағидалары);
Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары;
Қаржылық есептіліктің элементтері;
Қаржылық ақпаратты тану және өлшеу өлшемдері;
Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру көптеген негізгі факторларға байланысты: бизнес типі, кәсіпорын көлемі, оның ұйымдастыру-басқару құрылымы және тағы басқалар. Қазақстан Республикасында заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес болып қалыптасуы мүмкін. Коммерциялық негіздегі кәсіпорындардың негізгі мақсаты – пайда табу болып табылса, коммерциялық емес негіздегі кәсіпорындардың негізгі мақсаты - әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады. Ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне байланыссыз бұл кәсіпорындардың барлығы бухгалтерлік есептерін жүргізеді. Ұйымдардың ұйымдастыру және өндірістік құрылымы және олардың ішкі шаруашылық қатынастары бухгалтерлік есепті құрастыру кезіндегі базис болып табылады. Бухгалтерлік есептің функцияларын орындау үшін ұйымдарда бухгалтерия аппараты құрылады, яғни онда әр түрлі қызмет атқаратын бухгалтерлер қызмет атқарады. Бухгалтерлік есеп жүргізу әрбір ұйым үшін міндетті болып табылады. Бухгалтерлік есепті жүргізу, шоттар жоспарымен жұмыс жасау, қаржылық есеп беру, салық төлеу және тағы басқалардың реті заңмен бекітілген ретпен жүзеге асырылады. Осылайша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру деп есеп жұмысын ұйымдастыруға байланысты іс-шаралардың жиынтығын айтамыз. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі принциптері тиімді шешім қабылдау үшін қолданушыларға бухгалтерлік ақпараттармен қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есеп ролінің жоғарылауы болып табылады. Бухгалтерлік есеп өңделген есеп саясатына сәйкес және ұйымдардың технологиялық ерекшеліктері мен оның көлеміне қарай ұйымдастырылады. Шаруашылық процесіндегі өнім өндіру, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау ерекшелігі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктеріне әсер етеді. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына тікелей жауапты кәсіпорын басшысы болып табылады. Бухгалтерлік есепке және аудитке әдістемелік жетекшілік ету ҚР-ның Қаржы министрлігімен жүзеге асырылады, яғни оған байланысты әр түрлі қажетті арнайы құжаттарды өңдейді және бекітеді. Барлық шаруашылық субъектілерінде біртекті Типтік шүоттар жоспары қолданылады. ҚР-ғы бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп берудің ұйымдастыру жүйесі ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңға сай және бухгалтерлік есеп стандартына сай жүргізеді. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру кезінде келесі принциптер қамтамасыз етілуі қажет: - бір есеп беру жылынан екінші жылға көшу кезінде және есеп беру кезінде бекітілген әдістеменің тиімділігі; - барлық шаруашылық операциялары, меншікті капитал, міндеттемелер, мүліктер есеп беру кезінде есепте толық көрсетілуі қажет/ай, тоқсан, жыл/. - ағымдағы шығындарды пайда болу орнына қарай және жауапкершілік орталығына қарай бөлу, сондай-ақ өндіріс шығындары мен ұзақ мерзімді салымдарды бөлу. - шығындар мен кірістерді, бөлінбеген пайданы /зиянды/ кезеңдер бойынша бөлу. Қазіргі заманғы шаруашылық субъектілерінің бас бухгалтерлері қаржылық және басқару есебіне тікелей қатынасы бар қаржылық жетекші болып табылады. Ол ұйымдағы есепті және аудитті ұйымдастырушы және жетекшілік ететін тұлға. Әрбір бухгалтер есепті жүргізудің негізгі ережелері мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуі қажет, ол жоғарғы аппаратқа әрбір бөлімше бойынша қаржылық есеп беруді беруі қажет. Нарық жағдайларына көшуге байланысты бухгалтерлерге қойылатын талаптар да жоғарылауда, яғни олар қазіргі заман талаптарына сай есеп техникасын меңгеру қажет, әр түрлі компьютерлік бағдарламаларды меңгеруі қажет, қаржыландыру және несиелендіру мәселелерін толық білуі керек, бизнес-жоспарды құру, өндіріс технологиясын ұйымдастыру негіздерін толық білуі керек.
№_21_ емтихан билеті
1. Табыстар мен шығыстар жөнінде есептеме. Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру – шаруашылық қызметтен түскен пайда мен зиянға қамтылуы тиіс есептік бағалаудағы өзгерістер. Сыртқы пайдаланушылар үшін кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қысқа формада жасалады. Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру есептеу жүйесінен шыға отырып жасалады, сондықтан ағымдағы қызметтің ақша құралдарына және олардың ликвидтілігіне әсер етуі есеп беруде көрсетіледі. Кірістер мен шығыстар ақша құралдарының кемуімен немесе көбеюімен ілесіп отырмайды. Ақша құралдары сомаларының кемуі немесе көбеюі активтердің бухгалтерлік шоттарының өзгеруіне әкеледі. Кірістерді мойындау өнімді (қызметті) өткізуден түскен кірістерді бухгалтерлік есепке алуды тіркеудегі тиянақтылықты анықтайтын есептеу қағидасына сәйкес іске асырылады. Мойындау, сонымен қатар, тауардың сатылған күні заң күші бар төлем міндеттемелерін сатып алушының жеткізушіге ұсынған кезде орын алады. Мойындау мүмкігдігі тауаоға немесе қызметке айырбастау кезінде алынған қаржылық емес активтердің сатушарттарына сәйкес белгілі бір ақшалай көлемге айналуы кезінде пайда болады. Кіріс алынған кезде көрініс табады, яғни келісім-шартқа сәйкес ұйым кіріс алуға құқық беретін жұмыс көлемін орындаған кезде көрініс табады. Сонымен, пайда – ұйымның капиталы мен пайдасының көбеюі негізін құрайтын қаржылық нәтиженің маңызды факторы. Қаржылық есеп беруді құру жөніндегі әдістемелік рекомендацияда кіріс деп сальдоланған қаржылық нәтиже мойындалады және кезеңнің жалпы кіріс және жалпы шығыстарының арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады. Кірістерді жіктеудің бірнеше түрі бар. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелері Департементінің анықтамасы бойынша, ұйымның кірістері негізі қызмет және негізгі емес қызмет нәтижелерінде пайда болуы мүмкін. Негізгі қызметтен түскен кіріс – дайын өнімдерді өткізуден қосымша құн салығын, акциздерді және басқа салық түрлерін, міндетті төлемдерді және қайтарылған тауарлар сомасын, сатудағы жеңілдіктер сомасын, бағадағы жеңілдіктер сомасын шегеріп тастағандағы ақша сомасы немесе құралдар.Негізгі емес қызметтен түскен кіріс – бұл айналымнан тыс активтерді өткізу, құнды қағаздарды асыра бағалау және т.б. Салық салуға дейінгі негзгі қызметін сальдоланған қаржылық нәтижесі көрсеткіштерді есептеу жолымен анықталады: негізгі қызметтен түскен кіріс (залал) және негізгі емес қызметтен кіріс (зиян). Салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен түскен кіріс табыс салығы мен негізг қызметтен түскен кіріс арасындағы айырмашылық түріндегі есептеу жолымен анықталады. Төтенше жағдайлардан түскен кіріс (залал) табыс салығын шегеріп тастағандағы төтенше жағдайлар нәтижесінің сальдолануымен анықталады. Төтенше өзгерістер деп мыналар саналады:
алдын ала болжанбаған жағдайлар (апатты жағдайлар, өрт, т.б.) салдарынан түскен түсімдер;
сақтындыру өтемақылары;
қалпына келтіруге жарамсыз материалдық құндылықтар бағасы және т.б.; Таза пайда - есеп беру кезеңіндегі заңды тұлғаның алатын сальдоланған нәтижесі. Қазақстанның әдістемелік рекомендацияға сәйкес, егер ағымдағы есеп беру кезеңінде қаржылық есеп беруді құру кезінде өткен кезеңнің қателері табылса, онда бұл қателерді түзеу ағымдағы кезеңнің таза пайдасы намасе зиянын анықтауға қамтылады; егер қателер өткен кезеңнің қаржылқ есеп берулеріне айтарлықтай әсер етсе және бұл кезеңдердің қаржылық есеп берулері щынайы емес болса, онда мұндай қателер маңызды деп саналады; маңызды қателерді түзету сомасы үлестірілмеген пайданың бастапқы сальдосын өзгерту жолмен есеп беруде көрінс табады және есеп беру кезеңінің таза пайдасы мен залалдарын анықтау кезінде қамтылады. Аталған есеп беру формасының негізгі статьяларын қосымша сипаттай кетсек.“Дайын өнімді өткізуден түскен кіріс” статьясы бойынша “Кірістер” бөлімінің шоттарында ескерілетін дайын өнімді өткізуден кірістер көрініс табады. Кірістің көлемі ұйым мен сатып алушы (тапсырыс беруші) немесе ұйым активтерін пайдаланушылар арасында жасалған келісіммен бекітілген бағадн шыға отырып анықталады. Бухгалтерлік баланс сияқты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қабылдаған “Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру” қаржылық есеп беруді ұсыну үшін аса маңызды. 2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі. Төленбеген капиталдын есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5020 «Төленбеген капитал» шоты арналған. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады. 5020 – «Төленбеген капитал», онда ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу, салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу жөніндегі жеке тұлғалар мен ұйымдардың берешегі және салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі. Қосымша төленген капиталдың есебі. Қосымша төленген капитал дегеніміз акционерлік қоғам өз акцияларын олардың тұрақты бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сома /эмиссиялық табыс/. 5100 «Эмиссиялық кіріс» бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды: 5110 – «Эмиссиялық кіріс», онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс ескеріледі. 5200 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» бөлімшесі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған және шоттардың мынадай тобын қамтиды: 5210 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» шоттарының тобын қамтиды, онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі. Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі шаруашылық жүргізуші серіктестіктің резервтік капиталы құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге тиісті. Осы құжаттарда есеп беріліп отырған жылда түскен табысты бөлу тәртібі белгіленеді.
ҚР Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заң күші бар Жарлығына сәйкес ААҚ жарғылық капиталдың 10% -нен кем емес мөлшерде өзінің резервтік капиталын құруға міндетті. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі жарғы мен белгіленеді. Өндіріс көлемінің өсуіне, құнсыздануға басқа да жағдайларға байланысты жарғылық капитал ұлғайған кезде резервтік капиталда соған сәйкес ұлғаюға тиісті.
Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударымдар жасау арқылы жасалады.
5300 «Резервтер» бөлімшесі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі, және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5310 – «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв», онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5330 – «Шетелдік валютаның қайта есептеуге арналған резерв», онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айрамлар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;
5340 – «Басқа да резервтер» онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.
