Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

7 Қехс бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.

    7 ҚЕХС «Ақша қаражаттар қозғалысы»  туралы есептілік дүниежүзілік  банкпен дайындалған.

    ҚЕХС-ң 7 бөлімшесінің негізгі  мақсаты – операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттар қозғалысының өзгерісі туралы мәліметтерді беруді талап ету.Ақша  қаражаттар қозғалысы  туралы есептілік – қаржылық есептіліктің төртіншісі болып табылады. Есептіліктің мақсаты – компанияның белгілі бір мерзімдегі ақшаның түсімі мен төлемдері туралы ақпараттарды ұсыну болып табылады.Ақша  қаражаттар қозғалысының негізгі көрсеткіштері  болып – ‘ақша қаражаттары  және олардың эквиваленттері’ қолданылады.   

    Ақша  қаражаттар қозғалысы  туралы ақпарат – компанияның ақша қаражаттарын алу қабілетін және олардың эквивалентін және ақша ағымын болжауға көмектеседі.

Ақша  қаражаттары – компанияның атындағы және кассадағы ақшалары.

    Ақша  эквиваленті – қысқа мерзімді, тез өтімді салымдар (өтеу мерзімі 3 ай немесе оданда аз), тез айналысқа түсетін ақшалар.

2. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы.

Бухгалтерлік есеп шоттары жинақтамалы және талдамалы түрде көрсетуге арналған шоттар жинақтамалы шот деп атайды. Жинақтамалы шоттардың ерекшелігі ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорындардағы барлық материалдық құндылықтардың сомасын көрсетеді. Сонымен қатар жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Жинақтамалы шоттарды экономикалық жағынан топтастыруды дамыту үшін талдамалы шоттар ашылады. Қорлардың және оның жекелеген көздерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар талдамалы шот деп аталады.Талдамалы шоттарда есеп тек ақшалай өлшеуіштер мен сонымен қатар натуралды өлшеуіштер мен де жүргізіледі. Бұл шоттағы жазулар толық болады. Жинақтамалы және талдамалы шоттар арасында тығыз байланыс бар.

3.Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды. Резервтің немесе капиталдың әр түрі келесі баланстық теңдеу қағидасы бойынша құрылған: Осн + По – Ио = Оск ,

Мұндағы, Оск – есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;По – капиталдың көбеюі (есеп беру кезеңінде түскен);Ио – капиталдың кемуі (есеп беру кезеңінде жұмсалған);Оск - есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;

Құралдардың қалдығы туралы мәліметтер бухгалтерлік есепке алудың мәліметтерімен анықталады. Жалпы жағдайдағы кему мен көбеюдің жеке түрлері бойынша меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру мәліметтерін нақтылау қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендацияда көрсетілген. Көпшілігінде, капиталдың көбеюі (По көрсеткіші) заң орындарымен бекітілген жарияланған капиталдың, резервтік капиталдың есебінен және негізгі құралдарды, инвестицияларды және үлестірілмеген табысты (залалды) қайта бағалау есебінен пайда болады. Есеп беру жылындағы капиталдың шығындалуы (Ио көрсеткіші) сипаты кезінде төленбеген капитал есебінен болған төмендеуді және есеп беру кезеңіндегі залалдарды жеке-жеке қарастыру керек. Сонымен қатар, акция көлемінің төмендеуінен, акция номиналының азаюынан болған кемуді де жеке-жеке қарастыру керек. Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйым активтерінің ұйымның өз меншігін құрайтын бөлігін сипаттайды. Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебі, оның ұсынылуы және жіктелуі, осымен байланысты құжаттарға сілтеме белгілі бір негізгі мақсаттарға ие. Солардың аса маңыздылары: - ұйымға салынған капиталдың негізгі қайнар көздері арасындағы айырмашылықтарды көрсету және жіктеу; - толық немесе біртіндеп жою кезіндегі үлес құнына беретін әдістерді және акционерлер приоритеттеріне құқықты анықтау; - қандай да бір себептермен капиталдың үлестірілуі кездесетін заңнамалық шектеулерді анықтау; - есеп беру кезеңінің үлестірілмеген табысын үлестіру реті кездесетін қаржылық, әкімшілік, заңнамалық, келісімдік (құрылтайшылардың келісімдері) шектеулерді анықтау; - акционерлер құрамын қамти отырып, конвертирленетін құнды қағаздардың, акционерлік және басқа да келісімдердің шарты мен кепілдемесін ашу; Есеп беруді құрудың кез-келген әдістемесі сату көрсеткіштерінің, қаржылық нәтижелердің және қорытынды бухгалтерлік баланстардың қосымша байланыстарынан тұрады.

Түсіндірме жазба хат. Жылдық қаржылық бухгалтерлік есептемеге түсіндірме жазба – бұл негізгі аналитиалық құжат, оны кәсіпорындар жасайды. Ережеге сай, ол шаруашылық жүргізуші субъект жайлы, оның қаржылық жағдайы туралы, берілген мәліметтерінің есеп беру кезең мен алдыңғы кезеңдермен салыстырмалығы туралы ақпараттарды жинақтайды. Бірінші кезекте ол түсіндірме жазбаларда есеп беру кезеңдерінде субъект қызметтеріне оң және теріс әсер еткен негзгі себептерді ашу арқылы бизнес жоспардың барлық бөлімдері бойынша орындалуына қысқаша бағалау жүргізізіледі. Одан басқа, онда жылдық бухгалтерлік есептемеде көрсетілмеген мәліметтер келтірілуі керек, яғни өткізудің географиялық нарықтары және қызмет түрлері бойынша өнімді (жұмысты, қызметті) көлемдері туралы қосымша мәліметтерді қамтиды. Сонымен қатар, түсініктеме жазбаларында негізгі көрсеткіштерді сипаттайтын мәліметтер, нәтижеге әсер еткен факторларды, жылдық бухгалтерлік еептемені қарастырудың қорытындылары және субъектінің иелігінде қалатын кірістерді үлестіру жөніндегі шешімдер қамтылады. Басқаша айтқанда, түсініктеме жазбаларында келесі жылдағы жұмыстарды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары, мүліктік және қаржылық жағдайлар туралы объективті және неғұрлым толық шынайы ақпараттар көрініс табады. Түсіндірме жазба көптеген көрсеткіштердің және оардың қатынастарының бейнесі болып табылады көп жағдайда , бұл жылдық бухгалтерлік есептемені құрғаннан кейін пайда болған крістер, шығыстар және міндеттемелер туралы және кірістерді үлестіру туралы шешімдермен бірге қаржылық және мүліктік жағдайларды бағалауға әсер ететін ақпараттар. Сонымен бірге, маңызды салық түрлері бойынша бөлімшедегі салықтық төлемдер туралы мәліметтердің көрініс табуы маңызды.

_20_ емтихан билеті

1. Бухгалтерлік есеп шоттарының жабылуы. Қорытынды баланс. Кәсіпорындардың түпкі мақсаты – пайда табу болып табылады. Пайданың жалпы сомасын шығару үшін «Табыстар» мен «Шығыстар» айырымын есептеу қажет. Шоттарды жабу жұмыстары да осы пайданың көлемін белгілі бір мерзімге қарай есептеу үшін орындалады. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында қолданылып келе жатқан тәртіп бойынша шоттарды жабу үшін ең әуелі қосымша пайда «Жинақ шоты» ашылады. Бұл шотқа «Табыстар» мен «Шығыстар» шоттары бойынша жинақталған қалдықты көшіріп жазу керек. Мысалы, «Табыстар» шотындағы соңғы қалдық 20000 теңге болып, «Шығындар» шотындағы соңғы қалдық 13000 теңге болса, онда бұл мәліметтерді шотқа түсіреміз.

Дт Пайда Жинақ Кт

13000 20000

Мұның негізінде «Пайда-Жинақ» шотындағы пайда 7000 теңгені құрағандығын көруге болады. Бұл сома есепті жылға жататын сома. Сондықтан: «Пайда – Жинақ» шотының дебеті арқылы түскен пайданы «Бөлінбеген таза пайда» шотының кредитіне жазамыз. Мұның нәтижесінде уақытша қолданған «Пайда – Жинақ» шоты жабылады. Кәсіпорынның пайда жөніндегі қорытынды есебі төмендегідей тәртіппен жасалады.

А кәсіпорнының пайда жөніндегі есебі: Табыстар 20 000 Шығындар 13 000 Пайда 7 000 Осылайша пайда жөніндегі есептің (қорытынды) негізіне сүйене отырып, бухгалтерлік есептің жинақтаушы шоттары «Табыстар», «Шығыстар» және «Пайда – Жинақ» шотатры жабылады. Бұл шоттар уақытша ендірілген. Бұл шоттарды әрбір есепті жылдың басында ашып, жыл аяғына дейін жүргізуге болады. Активті қаражаттарға арналған шоттардағы бастапқы қалдық дебеттік, ал міндеттемелер мен капитал есебі және қозғалысын жүргізуге арналған шоттардағы бастапқы қалдық кредиттік болатынын есте сақтау қажет. Активті қаражаттар мен міндеттемелер және капитал есебіне арналған шоттардағы соңғы қалдық келесі көшіріліп отырады. Сонымен пайданы есептеуге арналған шоттар уақытша енгізілген, ал баланстық шоттар тұрақты шоттарға жатады. Көптеген кәсіпорындар өз пайдаларын дұрыс есептеу және жан-жақты таңдауға ыңғайлы болу үшін табыстар мен шығындар шоттарын жекелеген шығын баптарына жіктеп көрсетеді. Мысалы, еңбек ақы, негізгі құралдарды пайдалану, сақтандыру сияқты шығындарды. Кейбір жағдайларда табыстарды есептеу отыру үшін 2-3 номенклатуралық бап қажет болса, шығындар есебіне 10-ға жуық баптар енгізуге тура келеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]