Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

3. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы оның кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар түрінің орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдарының сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

17_ Емтихан билет

1.Қаржылық есептілікті беру алдындағы түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржы - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау - есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, күнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болады. Есеп берудің мемлекеттік маңызды мәні бар. Оның деректерін салықтардың және басқа бюджеттік төлемдердің дер кезінде әрі толық төленуіне бақылау жасау үшін пайдаланады. Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызды ролі бар. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдердегі есептік тізімдерде жинақталған бастапқы құжаттардың деректері бойынша жасалуға тиіс. Есептік тізімдерде талдау деректері болуға тиісті екендігін есте ұстау керек, оларда есеп беру үшін қажетті жыл басындағы және аяғындағы ақпарат жинақталады.

2.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі Негізгі құралдардың есебі 2410 «Негізгі құралдар шотында жүргізіледі. Субъектідегі негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы «Негізгі құралдар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі негізгі құралдардың келіп түсуінің, көсіпорын ішінде орын ауыстыруының және шығуынын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұғымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есеп және калькуляция объектілері бойынша амортиация шығындарының есебін; негізгі қуралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудьщ жаңа әдісгерінің тиімділігін; негізгі қуралдарды жөңдеу бойынша шьнывдардың сенімді есебін; негізгі қуралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде және толық өткізуді және олардың нәтижесін есеггге көрсетуді; негізгі қуралдарды сату және олардың басқаша шыгу нәтижелерін есепте нақты көрсетуді қамтамасыз етуге тиісті. Негізгі құралдарды өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, қүрылғыларды салу; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу; ез күшімен құрал-саймандар дайындау; малдардың төлдерін негізгі табынға~ауыстыру; көп жылдық жас өсімдіктерді негізгі құрал-жабдықтарға қосу; басқа субъектілер мен жеке тұлгалардан ақысыз /тегін/ алынган негізгі құралдардың келіп түсуі; объектілерді үзақ мерзімге жалга алу /келісімді қүнын толық төлегеннен кейін/; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түседі. Негізгі қүрал-жабдықтардың түсуі мынадай қүжаттармен рәсімделеді: Негізгі құрал-жабдықтарды қабылдау-тапсыру /орнын ауысшру/ актісі /ү. № НҚ-1/ негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайдан басқаларда, оларды пайдалануға беру үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан /бөлімнен, учаскеден/ екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан /қордан/ пайдалануға тапсыруды рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа субъектіге тапсыру кезінде /жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды/ негізгі құралдар құрамынан шығару үшін қолданылады. Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілеггі адамдар бекітеді. Негізгі құралдардьщ кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех /бөлім/ қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылган бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге - тапсырушы цехқа беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]