Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

2. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 хқес).

Кез-келген нысандағы кәсіпорындар өнім өндіруді жүзеге асыру үшін қажеттіліктер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігі белгілі. Жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселеллерінің бірі.

Олай болса, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы еңбек етуге құқылы. Демек, республикамызда әрбір адамның өз ықыласына, қаблеттілігіне және арнайы дайындығына сәйкес жеке өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша еркін еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған. Қазақстан республикасының «Қазақстан республикасындағы еңбек туралы» заңына сәйкес еңбек деп-адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметін айтады.

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.Еңбек ақы төлеу, жәрдем ақы беру, сыйақы және басқалай төлемдер өтеу ақшалары банктен алынады. Сатылған өнімдерден қолма-қол алынған ақшалары бар ұйымдар банкпен келісу негізінде, ұйым кассасына түскен ақшаны еңбек ақы төлеуге жұмсауы мүмкін. Берілетін еңбек ақының ақшасы жарты айда бір рет берілуі, ал демалыс уақытының ақшасы демалысқа шығу уақытының алдында бір күн бұрын берілуі керек. Еңбеккерлер жұмыстан босатылған жағдайда, бұларға тиесілі ақша еңбеккердің жұмыстан босатылған күні беріледі.

Жоғарыда көрсетілгендей кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы сомасы 3350 - «Еңбек ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді борыштар» деп аталатын синтетикалық пассивті шотта есептеліп жүргізіледі. Аталмыш шоттың дебетінде еңбек ақы бойынша қарыздың азайғаны көрсетілсе, оның кредитіне есептелінген еңбек ақының сомасы, сыйақы, еңбек ету қабілетінен уакытша айырылғандығы үшін төленетін төлемдер сомасы жазылады.

3.Төленбеген капитал есебі.

Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5100-ші «Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады. 5110 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталы» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады. Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді. Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 511-ші «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары — 5020-ші «Жай акциялар», 5010-ші «Артықшылықты акциялар» (акционерлік қоғамдарда) және 5030-ші «Салымдар мен пайлар» (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]