- •1 Емтихан билеті
- •2. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 хқес).
- •3.Төленбеген капитал есебі.
- •2 Емтихан билеті
- •1.Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал, салымдар мен пайлар
- •2.Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
- •3.3.Ануитеттер, олардың түрлер
- •3 Емтихан билеті
- •2.Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері
- •3.Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 қехс)
- •1.Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар.
- •2. Негізгі құралдарды тану критерийлері және оларды бастапқы бағалау
- •5 Емтихан билет
- •2.Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы және есебі
- •3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі.
- •6_ Емтихан билеті
- •1.Қорлардың анықтамасы және жіктелуі
- •3.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •7_ Емтихан билеті
- •2. Материалды емес активтердің амортизациясы
- •3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері
- •8_ Емтихан билеті
- •1.Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •3.Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.
- •9_ Емтихан билеті
- •1.Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары
- •10_ Емтихан билеті
- •2.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •3.Тәуелді, қауымдасқан компаниялардың дебиторлық берешектерінің есебі.
- •11_ Емтихан билеті
- •1.Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
- •2.Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •12__ Емтихан билеті
- •2. Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 хқес)
- •13_ Емтихан билеті
- •1.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •14_ Емтихан билеті
- •1.Кезең шығындарының есебі
- •3.Касса операцияларының есебі.
- •15_ Емтихан билеті
- •1.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •2.Ағымдағы міндеттемелер және олардың есебі
- •3. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •16__ Емтихан билеті
- •1.Ақша қаражаттарына бақылау
- •3. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау
- •17_ Емтихан билет
- •1.Қаржылық есептілікті беру алдындағы түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
- •3.Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары
- •18_ Емтихан билеті
- •3. Материалдық емес активтерді мойындау және ақпараттарды ашу (қехс 38)
- •1.Қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы (7қехс)
- •7 Қехс бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.
- •2. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы.
- •3.Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат
- •2. Қаржылық есептіліктің мақсаты және пайдаланушылары (1 қехс)
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
- •3. Материалдық емес активтерді есепте мойындау және бағалау (38 қехс)
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •3.Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.
- •1.Бухгалтерлік құжаттар.
- •3. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері
- •Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.
- •Қаржылық есеп берудің нысандары.
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •1.Материалдық емес активтерді бағалу әдістері (38 қехс)
- •2.Ұзақ мерзімді активтер.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •1. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
- •2. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.
- •3. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.
- •1. Ағымдағы активтердің есебі.
- •2. Түгендеу.
- •3. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі (16 қехс)
- •1. Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі.
- •1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп-айырысудың есебі.
- •2. Негізгі құралдардың есебі.
- •1.Резервтік капитал есебі.
- •2. Банк несиелерінің есебі.
2.Ағымдағы міндеттемелер және олардың есебі
Міндеттеме – қарыз немесе міндеттеме, бір нәрсені белгілі бір жолмен қызмет етуі немесе орындау. Ағымдық міндеттемелер субъектінің қызметіне әсер ете алады, ал ұзақ мерзімді әсер ете алмайды. Өйткені ағымдағы міндеттеме ағымдағы ресурсқа өз наразылығын көресете алады. Бұл наразылықтар ұзақ мерзімдіктен ерекшеленеді, өтеу уақыты бірнеше жылдарды құрауы мүмкін.Мынадай жағдайларда міндеттемелер қысқа мерзімдік болып жіктелуі керек: оны субъектінің операциялық цикылының қалыпты жағдайымен өтеу көзделеді; есепті күннен бастап 12 ай аралығында ол өтеу уақытына жатқызылады.Ағымдық міндеттемелерге келесілер кіреді:
Қысқа мерзімді және овердрафт;
Ұзақ мерзімдік несиенің ағымдық бөлігі, егер ол алынып тасталынбаса;
Кредиторлық қарыздар:
төленетін шоттар мен векселдер;
сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
салық бойынша берешек;
төленетін дивидент;
негізгі шаруашылық серіктестік пен еншілес серіктестігі арасындағы берешек;
АҚ қызметті тұлғаларға берешек;
Басқа да кредиторлық қарыздар.
Төленуге есептелген шығыстар;
Болашақ кезең кірістері;
Күтілмеген жағдайларға байланысты есептелген төлем.
3. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
Тікелей кскптен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды.Өйткені ол кірістер мен шығыстарды сәйкестілікке келтіре алмайды,яғни күмәнді борыштарды таурлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде (кезде) емес,оның кұдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады.Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады.Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі «Күмәнді қағаздар бойынша резервтер» штында жүргізіледі. Күмәнді қағаздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар дебиторлық борышқа түгендеу жүзінде нәтижесіне сүйене отырып жасалынады.Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) болып белгіленеді.Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалғпн резерв сомасының есебінен есептен шығарылады. Резервті бағалаудың нақты әдісі жағдайларға байланысты таңдап алынады. Біртекті міндеттемелердің көп санымен қалыптасатын резервті бағалау кезінде, әдетте, ең үздік бағалау күтілетін мән болып танылады. Күтілетін мән әдісі атап айтқанда тауарларға байланысты стандартты кепілдіктер бойынша міндеттемелердің мөлшерін бағалау үшін пайдаланылады. Осымен қатар жекелеген мәні бар міндеттемелерді бағалау кезінде көптеген жағдайларда басқа әдістерді пайдаланған орынды болады.Ұзақ мерзімді міндеттемелер болып табылатын резервтерді бағалау кезінде уақыт бойынша ақша құнының өзгеруін назарға алу керек, және, егер есептілікке арналған мұндай дисконттаудың әсері маңызды болып табылса, міндеттемені дисконттау керек
16__ Емтихан билеті
1.Ақша қаражаттарына бақылау
Ақша қаражаттарының ішкі бақылау жүйесінің жағдайы келесі тәсілдер көмегімен жүргізіледі. Басты тәсіл түгендеу болып табылады. Есепті жылда жүргізілген түгендеу актілерін сұрастырып көру қажет, көпшілігінде нақты тексеру жүргіліместен рәсімделе салғаны анықталуы мүмкін. Аудитор да түгендеу комиссиясы мүшесі ретінде қатыса алады. Комиссияның әрбір мүшесімен сөйлесе отырып, олардан түгендеу жүргізілген уақытты, түгендеу жүргізу рет тәртібін сұрастыруға болады.
Тағы бір ерекше бақылау процедурасы кенеттен түгендеу жасау болып табылады. Кенеттен түгендеудің жүргізілгендігін, қалай жүргізілгендігін, кассирге ескертілгендігін сұрастырып білуге болады.
Кассалық операциялар көлемінің көп болған кезінде кассирлердің ротациясы (орындарын алмастыру) тәсілі қолданылады. Мұндай жағдайда кассирлердің ротациясының тәртібі және кестесімен танысып, кассирлердің шын мәнінде орын алмастырғандықтарын тексереді.
Кассадағы ақша қаражаттарын түгендеу нәтижесінде тиісті мөлшерден артық немесе кем шығуы мүмкін. Есепті жыл бойында кассадағы ақша қаражаттарының артуы, немесе кем шығуы жөнінде фактілердің орын алмауы да қосымша тексеру жасауды талап етеді.
Бақылау процедураларының тағы бір түрі кассирге өзінің меншікті ақша қаражаттарын ұстауына тиым салу болып табылады. Осындай тиым салынғандығы жөнінде нұсқаудың бар екендігін анықтап, оған кассирдің танысқандығы жөнінде қолының қойылып расталуын тексереді.
2.Жеңілдіктер және тауарларды қайтару. Жеңілдіктер 1) жүктердi, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама пункттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдарының авариясын (бұзылуын) жоюға байланысты шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк; 2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн Қазақстан теңіз кемелерінің немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi; 3) ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылық болып табылатын банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар; 4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін басқа тауарлар; 5) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн (медициналық мақсаттар үшін арнайы жасалған жеңіл автомобильдерден басқа) тауарлар; 6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерін жасау үшін әкелетiн шикізат; 7) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналының жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алым салудан босатылатын тауарлар; 8) мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік ресіміне мәлімделген тауарлар; 9) мемлекеттердің, мемлекет үкіметтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған халықаралық ұйымдардың желісі арқылы берілген гранттардың қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар босатылады.
1.Ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргiзiлмесе тауарлардың меншiк иелерiне, ал меншiк иесi шетелдiк тұлға болып табылған не кеден органында тауарлардың меншiк иесi туралы мәлiметтер болмаған жағдайларда – осы бапта белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, ұстау кезiнде тауарлар иелiгiнде болған тұлғаларға қайтарылады. 2. Кеден одағының кедендiк аумағына әкелу кезiнде ұсталған, кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, бұл аумақтан тыс жерлерге қайта әкету үшiн кеден органына мұндай тауарларды қайтару үшiн бiрiншi болып жүгiнген, тұлғалардың кез келгенiне қайтарылады. 3. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге тыйым салынған және (немесе) шектеулер қойылған, кеден одағының кедендiк аумағынан әкету кезiнде ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында осы тауарларды иеленуге жол берiлсе, декларантқа немесе өзге де тұлғаларға кеден одағының кедендiк аумағында пайдалану үшiн қайтарылады.
