Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

14_ Емтихан билеті

1.Кезең шығындарының есебі

Кезең шығындары есепті кезең ішінде түгенделе қоймайтын шығындар. Кезеңдік шығындар немесе есепті кезең шығындары есепті кезең ішінде көрсетілген қызметтерді басқаруға жұмсалған шығындармен байланысты. Мұндай шығындар өнімнің өзіндік құнын анықтауға немесе есептеуге қосылмайды. Оған - әкімшілік шығыстары, өнімді (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығыстар, сый-ақылар бойынша шығыстар жатады. Әкімшілік шығыстарға кәсіпорынды басқарумен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты шығындар кіреді.Кәсіпорынның басқару аппараты персоналына есептелген еңбек ақы және еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; іс-сапар шығыстары; өкілдік шығыстар; офистік, типографиялық, почта-телеграфиалық және телефондық шығыстар;жалпы зауыттық (жалпы фирмалық) бағыттағы негізгі құралдарды ұстау және жөндеу шығындары, олардың амортизациясы; өндіріске зерттеу, тәжірибе жүргізу, жалпы зауыттық (жалпы фирмалық)мақсатта жүргізілген еңбекті қорғау шығындары; кадрлар дайындау; басқа да шаруашылық шығыстары; салықтар, алымдар және басқа да міндетті аударымдар және шығыстар; зауыт қоймаларындағы сақтаудағы материалдар және өнімдердің бүлінуінен болған шығындар; зауыт қоймасындағы материалдар мен өнімдердің жетіспеушілігі; басқа да жалпы және әкімшілік мақсаттағы шығыстар. Типтік шоттар жоспарында әкімшілік шығыстардың есебі 7210-«Әкімшілік шығыстар» активті шотында жүргізіледі. Салық кодексіне сәйкес, әкімшілік шығыстардағы кейбір шығыстар салық салынатын табыстарды анықтауда шегерімге жатпайды. Әкімшілік шығыстары есебімен өнімдердің (жұмыс, қызмет) жеке түрлерінің рентабельділігін анықтау кезінде, өнімдердің (жұмыс, қызмет) жеке түрлерінің арасында өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақы сомасына және жабдықтарды ұстау және эксплутациялау шығындарына пропорционалды түрде бөлінеді.

Сату бойынша шығыстарға тауарлы-материалдық босалқыларды сатумен байланысты шығыстар жатады:

  • сату бөлімі меншігіндегілерді сақтандыру бойынша шығыстар;

  • бөлім жұмысшыларының іс-сапар шығындары;

  • тауарларды сатуда пайдаланылатын негізгі құралдардыұстау бойынша шығыстар және олардың тозуы;

  • жүктерді қаладан тыс тұратын сатып алушыларға және қала ішіндегі сатып алушыларға жеткізу бойынша, сонымен қатар тиеу-түсіру жұмыстары бойынша шығындар;

  • дайын өнім қоймасындағы өнімдерді орауға және олардың ыдысына кеткен шығындар;

  • өткізу нарығын меңгерудегі жарнамаға, жәрменкелер мен көрмелерге қатысуға кеткен шығындар;

  • сатып алушыларға немесе делдал ұйымдарға қайтарусыз, тегін берілген, тауар үлгілерінің құны;

  • тауарларды (жұмыс, қызмет) сатумен байланысты басқа да шығыстар.

2.Материалдық емес активтердің келіп түсуінің есебі Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісінде (ү. №МЕА-1) көрсетіледі. Актіде материалдық емес актавтер үлгілердің дәл аты оның кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы қүны, амортизация нормасы және басқа қажетгі мәліметгер көрсетіледі. 2700 «Материалдық емес активтер» бвлімшесінің шоттарына талдамалық есепке алу «Материалдық емес активтерді» есепке алудың мүліктік қарточкаларында» (ү. №МЕА-2) көрсетіледі.Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алуда қолданылады. Материалдық емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады.Өндірістік - шаруашылық қызметі процесінде материалдық емес активтер моралдық тозуға ұшырайды. Басты мақсат материалдық емес активтердің моралдық тозуына байланысты шығындарды жабу көздерін табу ғана емес, өндіріс немесе айналым шығындарына амортизацияны қосу арқылы олардың құнын өтеу көздерін жасау болып табылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]